Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ызанақ дақылының жаңа сорттары мен будандарының морфологиялық ерекшеліктері




Көкөніс дақылдарының, солардың санатына қосылатын қызанақ өсімдіктерінің морфологиялық ерекшеліктері аса маңызды болып табылады. Себебі морфологиялық көрсеткіштер өсімдіктердің өсіп - өну жағдайына үлкен әсерін тигізеді. Өсімдіктің қоршаған ортаның ауа райына бейімделуі, зиянкестер мен ауруларға төзімді болуы, минералдық қоректену жағдайы, биомасса қалыптастыруы, өнімділік деңгейі мен сапалық көрсеткіштері морфологиялық ерекшеліктерге тығыз байланысты. Осыған байланысты біз өз зерттеулерімізде қызанақтың әртүрлі сорттары мен будандарының морфологиялық ерекшеліктеріне толық сипаттама жүргіздік. Қызанақ сортүлгілерінің морфологиялық көрсеткіштері туралы мәліметтер төмендегі кестеде келтірілді (8-кесте).

Өсімдік сабағының биіктігі бойынша сортүлгілер мынадай көрсеткіштерге ие болды: Лидер сорты – 55,0 см; Дар Завольжя сорты – 66,4 см; Заря Востока – 65,0 см; Классик буданы – 55,6 см. Негізгі өркеннің биіктігі бойынша зерттеліп отырған сортүлгілерінің айырмашылықтары үлкен болған жоқ. Барлығы детерминантты типтегі өсімдік және барлығы дерлік жартылай жайылмалы болып келеді.

Фотосинез процесінде өсімдіктің жапырақтарының, көлемі және пішіні аса маңызды рөл атқарады. Жапырақтардың морфологиясы бойынша тәжірибедегі қызанақ сортүлгілерінің мынадай ерекшеліктері болды:Лидер сорты - жапырағы арашықты, ірі, жасыл; Дар Заволжья сорты - жапырағы кәдімгі орташа көлемді, жасыл, орташа қыртысты; Заря Востока - жапырағы арашықты, ірі, жасыл; Классик буданы - ашық-жасыл түсті.

Гүлдерінің құрылымы бойынша зерттелген сортүлгілерде мынадай ерекшеліктер болды: Лидер сорты - гүлшоғыры аралық; Дар Заволжья сорты - гүлшоғыры аралықты; Заря востока сорты - гүлшоғыры аралық; Классик буданы - гүлшоғыры аралық.(6-кесте.)

 

Кесте 6

Қызанақ дақылының жаңа сорттары мен будандарының өсімдіктерінің морфологиялық белгілері

 

Қызанақ сорт-үлгілері Өсімдіктің типі Өсімдік сабағы-ның биіктігі Жабырақтың орташа көлемі, түсі, түрі Гүлдері Жемісі
Лидер (стандарт) детерминантты түрдегі өсімдік, жартылай жайылыңқы 50-60 см жапырағы арашықты, ірі, жасыл гүл шоғыры қарапайым және аралықты, құрылымы бос алхоры, жемісінің түсі қызыл
Дар Заволжья детерминантты түрдегі өнімдік, жартылай жиылыңқы 50-70 см жапырағы кәдімгі орташа көлемді, жасыл, орташа қыртысты гүлшоғыры аралықты жемістері домалақ және жалпақ домалақ, түп жағы аздап қырлы
Заря Востока детерминатты түрдегі өсімдік жартылай жайылыңқы 50-100 см жапырағы арашықты, ірі, жасыл гүлшоғыры аралық жемістері алхоры тәріздес
Классик буданы өсімдігі детерминантты типті 50-100 см ашық-жасыл түсті гүлшоғыры аралық шиепішінді-сопақша

 

Қызанақтың өнімдік мүшесі - оның жемісі. Селекциялық көшеттіктерде сыналған қызанақ сорттары мен будандары жемістерінің түр-түсі, пішіні, мөлшері бойынша бір-бірінен қатты ерекшеленді. Атап айтқанда, сортүлгілер мынадай жемістерді қалыптастырды.

Сонымен, біздің тәжірибелерімізде селекциялық көшеттіктерде сыналған қызанақтың жаңа сортүлгілері өздерінің әртүрлі морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді. Олардың бұл ерекшеліктерін селекциялық жұмыстарда және өндірісте өсіру барысында агротехнологиялық шараларды жүргізгенде ескеру қажет.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных