Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ




 

Зерттеулердің басты мақсаты - Қазақстанның оңтүстік-шығысының тау бөктерінің топырақ-климаты жағдайында қызанақтың аудандастырылған және болашағы зор отандық сортүлгілерін шаруашылық-құнды қасиеттері бойынша кешенді түрде бағалап, үздік көрсеткіштермен ерекшеленген сорттарды (будандарды) өндіріске ұсыну.

Дипломның зерттеу нысаны ретінде Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында сұрыпталған қызанақ дақылының жаңа, болашағы зор отандық сортүлгілері алынды. Атап айтқанда, классик буданы, Дар Завольжя, Заря Востока және оларды салыстыруға елімізде аудандастырылған Лидер сорты алынды.

Лидер сортының шығу тегі Қазақ картоп жәнекөкөніс шаруашылығы ғылыми- зерттеу иниституты. Сорт жыныстық будандастыру, ары қарай өнімділігі мен дәмділік сапасына сай таңдалу әдісімен аланған. Детерминатты түрдегі өсімдік жартылай жайылынқы, қатты жапырақтанған, басты сабақтың биіктігі 50-60см, жапырағы арашықты, ірі, жасыл, орташақыртысты. Гүлшоғыр 7-8 жапырақтың үстінен қалыптасады, қалғандары 1-2 жапырақ сайын. Жемістері алхоры тәріздес, қызыл (95-110г) сорт орташа піседі -115-120күн. Өнімділігі 62,5-70,5 т/га тауарлы жемістер шығымы - 95,5% жемістері жарылып кетуге төзімді, әмбебап қолданылады. құрғақ заттар мөлшері 6,0-7,5% Дегустациялық бағасы-4,3 балл. Тұтас жәшігімен консервілеуге және өңдеуге жарамды. Мемлекеттік сортсынақ нәтижесі бойынша жаңа сорт ретінде пайдалануға рұқсат етілген [30].

Дар Заволжья сорты ашық грунтта өсіруге арналған, 1993 жылдан бастап өсіріліп келеді. Ортадан ерте пісетін сорт, өнімнің пісуі өскіннің шығуынан 103-109 (101-110 күн) күн өткенде байқалады. Өсімдігі детерминантты, штамбтық емес, орташа бұтақты, орташа жапырақтанған биіктігі 50-70 см (50-100см) шамасында. Алғашқы гүлдеуі 6-7 жапырақтан кейін басталады. Жемісі домалақ, жылтыр, қызыл және қызғылттау болады, салмағы 75-105 грамм. Жемісінде ұя саны 3-6 болады, өнімділігі 1 шаршы метрден 3,7-4,7 кг.Өнімнің біркелкі пісуі, жемісінің тіл үйірер дәмі, түйнектердің мөлшерінің тұрақтылығы оның жақсы қасиеті болып табылады. Тасымалдауға жарамды. Балғын жемісі мен қызанақ шырыны қан төмендетеді, қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтады, сонымен қатар асқазан-ішек жолдары аурулары жағдайында ұсынылады. Жемісі калий тұзы, темір, магний, кобальт және мырыш сияқты құнды макро-микроэлементтерге бай. Негізгі өндіруші Гавриш агрофирмасы [31].

Заря Востока сортының өсіруге рұқсат етілген уақыты 2008 жыл. Салатқа пайдалануға өте жақсы дақыл болып табылады. Ерте мерзімде пісетін сорт болып табылады (85-95 күн). Өсімдігі детерминантты, бақшалық жағдайда өсіруге негізделген. Өсімдіктің биіктігі 50-100 см. Жапырағы ірі, қою жасыл түсті. Жемісінің формасы домалақша келген, өсімдікте орналасуы орташа тығыздықта. Толық піспеген жемісінің түсі ашық-жасыл, ал піскен жемісінің алқызыл түсті. Жемісі 4-6 камералы, 85 грамм, дәмі жақсы. Өнімділігі 1 шаршы метрден 3,5-4,0кг. Төбелік және тамыр шірігі ауруларына төзімді. Оригинаторы: МҰУ Дальневосточный ОҚКЗ АШҒЗИ [32].

Классик гибриді 2006 жылдан бастап аудандастырыла бастады. Топырақ өңдеу жүйесі және өнімді қолдану формасы әмбебап, жемісі айрықша дәмімен ерекшеленеді. Қызанақтың мөлшері орташа, қызыл түсті, дәмі қышқылтым-тәтті. Жемісінің пішіні ұзынша цилинр тәрізді, сыртқы көрінісі Новичок сортының жемісіне ұқсас. Өсімдік формасы ұзынша, биіктігі 50-100 см шамасында. Ерте мерзімде пісетін гибрид, өсімдіктің өнуінен жемісінің пісіп жетілуіне дейін 85-100 күн қажет. Сортты негізгі өндіруші “Элком ceмена” компаниясы [33].

 

Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша зерттеулер Қазақстанның оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 1025-1050 метр биіктікте Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі жазықтықта орналасқан Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе стационарында жүргізілді. Танаптық тәжірибелер ҚазККШҒЗИ-ның көкөніс-бақша дақылдары селекциясы бөлімінің қызанақ тобының стационарында жүргізілді.[34]

Егіс тәжірибелері және зертханалық зерттеулер келесі дәстүрлі классикалық әдістемелер бойынша жүргізілді:

- егіс тәжірибесі әдістемелігі (Доспехов, 1985) [47];

-көкөніс және бақша шаруашылығындағы тәжірибе жұмыстары әдістемелігі (Белик, 1992) [48];

- көкөніс және бақша шаруашылығындағы физиологиялық зерттеулер әдістемелігі (Белик, 1978) [49];

-алқа тұқымдас көкөністердің топтамасын зерттеу әдістемелігі(Л.,1987) [50];

- қызанақтың ауруларға қарсы кешенді төзімділігін зерттеу әдістері (Барткайте,1985);

- фитопатологиялық зерттеулердің негізгі әдістемелері (М., 1974);

- көкөніс дақылдарының сорттары және гетерозистік будандарын сурыптау әдістемелігі (Л., 1974);

- көкөніс дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы әдістемелік сілтемесі (М., 1976).

Фенологиялық бақылаулар кезінде қызанақтың келесі фенологиялық кезеңдері (фазалары) есепке алынды: көшеттік кезең, жаппай гүлдеу, өсімдіктердің жаппай жеміс байлауы. Мұнда Руденко әдісі қолданылды [51 ].

Биометриялық зерттеулер кезінде есепке алу фенологиялық бақылаулар жүргізілген кезеңдерде (фазаларда) жүргізілді.

Биометриялық зерттеулерді жүргізу үшін тәжірибе бөлекшелерінде қатарынан қоректену алаңы бірдей 10-25 өсімдіктен тұратын 5 нүкте айқындалды. Келесі көрсеткіштер есепке алынды: қызанақ өсімдіктерінің биіктігі, сабақ саны, жалпы салмағы, жапырақтар саны, жапырақтардың массасы және көлемі, бір түптегі жемістер саны және олардың массасы, 1 гектардан өнімділік.

Қызанақтың өнімділігін есептеу тәжірибенің әр қайталануында оның құрылымын анықтаумен бірге жаппай әдісімен жүргізілді.

Қызанақтың жемістерінің биохимиялық құрамы дақылдың сорттарының ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, қызанақтың сапалық көрсеткіштеріне төмендегі әдістермен анықталды:

- құрғақ зат - таразылау әдісімен (кептірумен);

- жалпы қант - Бертран бойынша;

- С дәрумені - Мурри бойынша;

- жемістердің қышқылдылығы - 0,1н NaOH титрлеу әдісімен;

- нитраттар - потенциометрлік (ионселективті электродтар қолдану).

Қызанақтың жаңа сорт үлгілерінің қайта өңдеуге жарамдылығын бағалау үшін ҚазККШҒЗИ эксперименталдық зертханасында жемістерді қайта өңдеу жүргізілді [52].

Тәжірибедегі қызанақ дақылының агротехникасы Қазақстанның оңтүстік - шығысындағы тау етегі аймағы үшін қолданылатын институттың (ҚазККШҒЗИ, 1986; 2004;2011) ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылды.Қызанақ дақылының көшеттерін отырғызу сұлбасы - 70 х 30см, көшеттерді отырғызу мерзімі - мамыр айының 1-2-онкүндігі.

Тәжірибелерді жүргізудің нәтижесінде алынған эксперименттік мәліметтерге дисперсиялық талдау әдісіқолданыла отырып, математикалық жолмен өңделді.

 

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных