ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ызанақтың агротехникасы.МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында Агроөнеркәсіптік кешеннің (бұдан кейін АӨК) алдына бір қатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды мақсат болып табылады. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестицияларды тартуды ұйымдастыру керек. Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық денгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан ары шаралар қолдану тапсырылды. Шикізат өндіруге айрықша назар аудару қажеттілігі атап өтілді [1]. Еліміздің экономикалық саясаты ретінде АӨК мен өсімдік шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру алдыңғы орындағы міндет болып табылады. Сонымен қатар «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде көкөніс өнімдерінің, оның ішінде қызанақтың ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 3 млн. тоннаны құрайды. Отандық өндірушілер ішкі сұраныстың 100%-на дейін қамтамасыз етеді деп болжам жасалып отыр. Консервіленген көкөністердің ішкі өндірісін 85 мың тоннаға дейін өсіру жоспарлануда. Бірақ бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы қолданыстағы технологиялар бұл мақсаттарды жүзегеге асыруға қауқарсыз болып отыр [2]. Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен еліміздің әл-ауқатын жақсартып, жоғарғы деңгейге жеткізудің бағдарламасы ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрінің өнімін көбейтіп, сапасын жақсарту шараларын белгілеп берді. Сонымен қатар үкіметтің ұзақ мерзімге ұсынған азық-түлік бағдарламасында АӨК-ні жан-жақты дамытып, көкөніс шаруашылығын индустрияландырудың негізінде еңбектің өнімділігін арттыруға баса назар аударылып отыр. Ф.Х.Бахтиевтің мәліметтері бойынша адамзат тағамына пайдаланылатын екпе өсімдіктердің жалпы түрі 190-ға жеткен. Осылардың ішінде жүзден астамы көкөніс дақылдары. Ал көкөніс дақылдарының ішінде балғын кезінде және қайта өңделген күйіндеде ең кең қолданыстағы дақыл қызанақ. Қызанақ көкөніс дақылдарының ішінде көп қолданылатыны және өнімі жоғары, сонымен қатар ең жоғары сұранысқа ие дақыл болып табылады.Еліміздің топырақ-климат жағдайларында сапалы және мол өнім алу үшін арнайы сорттар мен гибридтердің маңызы зор. Қызанақ еліміздің жылы аймақтарында кеңінен өсіріледі. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағында 28,3 мың гектар жерге қызанақ өсірілген, оның ішінде ОҚО-да 9,4 мың га, Алматы облысында 6,2 мың га және Жамбыл облысында 4,2 мың га.[3] Қызанақ дақылының биологиялық өнімділігі 75-90т/га құрайды. Алайда қазір республика бойынша орта есеппен алғанда 25-30 т/га өнім алынуда. Яғни дақылдың толық табиғи мүмкіндігінің үштен бірі ғана мүмкін болып отыр. Мұның негізгі себебі, бүгінгі таңда өндірісте қолданылып жүрген көптеген алыс және жақын шетелдік сорттар мен будандардың Қазақстанның топырақ-климат жағдайларына аса бейімделмеуі және көп тараған ауруларға төзімсіз болуы. Сонымен қатар, біздің ел аумағында аудандастырылған 30-дан аса қызанақтың сорттары мен будандары негізінен алғанда жоғары қарқынды технологияларды қажет етеді. Дипломдық жұмысқа қызанақтың Алматы облысы жағдайында өсірілуге рұқсат берілген арнайы сортүлгілері алынды. Зерттеу жұмыстарында стандартты сорт ретінде Лидер сортүлгісі, ал салыстыру мақсатында алынған сорттары ретінде Дар Заволжья, Заря Востока және Классик буданы қосылды. Дипломдық жұмыстың мақсатын орындау мақсатында алдымызға бірқатар міндеттер қойылды. Сол міндеттерді орындау үшін егіс алқабында зерттеу жұмыстарында негізгі көрсеткіштер ретінде сандық және сапалық нәтижелерге көңіл бөлінді. Алдымен қызанақ сортүлгілерінің өнімділігі, өнімнің сапасы, тауарлық өнімділіктің мөлшері, биохимиялық құрамы, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, жемістерінің салмақтық мөлшері мен пішіні, аурулар мен зиянкестерге және арамшөптерге қарсы тұру қабілетінің деңгейі сонымен қатар дақылдың экономикалық тиімділігі өсіруге ең тиімді сортүлгіні бағалау және ұсыну мақсатында анықталды. Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның Республикасы Алматы облысы жағдайында қызанақ дақылының аудандастырылған және болашағы зор сорттары мен гибридтерін шаруашылықтық құнды-қасиеттері бойынша бағалау және үздік сорттарды анықтап, өндіріске ұсыну. Міндеттері: - қызанақ сорттарына фенологиялық байқаулар және биометриялық зерттеулер жүргізу; - қызанақ дақылының селекциялық көшеттіктерінде болашағы зор сортүлгілерін шаруашылық-бағалы қасиеттері бойынша сынау; - жаңа қызанақ сорттарының өнімділігі мен биохимиялық құрамын анықтау; - қызанақтың жаңа аудандастырылған және болашағы зор сорттарының экономикалық тиімділігіне баға беру.
ДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 1.1 Қызанақтың дақылының жалпы сипаттамасы және халық шаруашылығындағы маңызы (морфологиясы мен биологиясы) Алқалар тұқымдасына 2300-дей түр, 85 туыс жатады. Көпшiлiгi жабайы өсетiн шөптесiн өсiмдiктер. Сиректеу жартылай бұталары да кездеседi. Алқалар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң сыртқы түрi алуан түрлi. Соған қарамастан, олардың барлығын бiрiктiретiн ортақ белгiлерi болады. Жапырақтары кезектесiп орналасады. Жай жапырақтар. Жапырақ тақталары тұтас немесе жиегi тiлiмделген болып келедi. Гүлдерi негiзiнен дұрыс гүл. Тек аздаған түрлерiнiң ғана гүлдерi бұрыс гүл болып табылады. Тостағаншасы 5 бiрiккен жапырақшадан тұрады, күлте саны 5, олар да бiрiккен болып келедi. Аталықтарының саны 5, олар бос орналасады, 2 аналығы бар. Гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: * ♂♀ Т(5)К(5)Ат.5 Ж(2) Қызанақ негізгі көкөністік дақыл болып табылады. Ғылыми түрдегі латынша атауы Lycopersicon esculentum Мill. Қызанақтың отаны Оңтүстік Америка құрлығы. Мексикандықтардың ата-тегі оны «томатель» деп атаған, осыдан қазіргі томат атауы пайда болған, ал итальялықтар «помидор», яғни «алтын алма» деп қошеметтеген. Қызанақ 1778 жылдан бастап көкөніс дақылы ретінде белгілі [4]. Жемісінде 4-7% құрғақ зат, 2-24% қант, 0,3-0,6% органикалық қышқылдар, 0,6% азотты заттар, 0,5% минералды тұздар бар. Дәрумен мөлшері бойынша ол апельсинмен лимоннан кейінгі орында. Онда 20-23 % С дәрумені, 0,6% каротин, сондай-ақ В1, В2, РР дәрумендері бар. Құрамындағы магний мен темірі бойынша қызанақ көкөніс дақылдарының ішінде алдыңғы қатарда. Қызанақтан 125-тен аса азық-түлік түрлері дайындалады. Қызанақтан қалдық қалмайды, қабығы мен тұқымы да пайдаланылады. Әртүрлі дәрумендер мен тұздардың болуы, олардың консервілерде және шырында жақсы сақталатындығының арқасында, қызанақ жоғары құнды ем-дәмдік қасиетке ие [4]. Қазіргі кезде көкөніс дақылдарының ішінде қызанақ маңызды жемістік көкөніс өсімдігі ретінде маңызды орын алады. ТМД елдерінде ол 370 мың гектар жерге аудандастырылған. Орташа өнімі – 150-170 ц/га, қорғаулы жерде – 8-10 кг/м2. Қазақстанда жыл сайын орташа есеппен қызанақ 25 мың гектардан артық жерге өсіріледі. 2014 жылы үй маңайындағы жерлерде, қызанақ бүкіл егістіктің 72,3% қамтыса, шаруа қожалықтары 25,2 %-ын қамтыды. Қызанақтың негізгі егістіктері Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында. Ең жоғары өнімділік Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында(294,4 ц/га). Қазақстанмен салыстырғанда Израильде қызанақтың орташа өнімі біршама жоғары(3000 ц/га). Қазақстанның солтүстігінде қызанақ 4 мың гектар жерге егіледі[5]. Тұқымдарымен егіліп өсірілгенде ашық алаңда кіндік тамырлары құнарлы, борпылдақ, жұмсақ топырақтарда 150 см-ге дейінбойлайды, ал көшеттерімен өсірілгенде 70-80 см-ден артық өспейді. Тұқымының пішіні жайпақ, үшбұрышты – бүйрек пішендес, қою түкті,мың тұқымның массасы 2,7-3,3 г. Қызанақтың морфологиясы. Сабақтары өсіп-дамуының алғашқы кезінде тік өседі, кейіншөптектес өсімдік болғандықтан, жемістерінің салмағымен жан-жағынажайылып жатаған болып қалады, жуан болғанымен морт сынғыш болады. Вегетациялық кезеңінде жапырақтары кезектесіп өседі, осы жапырақтардың қолтық қойнауынан жанама өркендері өсіп шығады, болашақта осы жанамаөркендерде жемістер пайда болып, өнімдерінің көбеюіне зор ықпалынтигізеді. Жапырақтары мен сабақтарында желімтек жұққыш бөлетін түктерболады, бұл түктер ылғалды артық мөлшерде буландырудан қорғайды.Гүлдері кішкене, сары түсті, шашақ гүл шоғырына жиналған. Гүлшоғыры – бұйра, шашақ, жемістері – шырынды, жеміс 2-4 жəне көпұялы. Бұлұялар əрбір сорттың айырмашылықтарына байланысты түстері, үлкенді-кішілі пішіндерімен əр сорттарына тəн ерекшеліктерімен белгілі болады.[5] Қызанақ дақылының өсіп-өну кезеңіндегі бұталарының түрлері: детерминанттты-бұтақсыз, бірінші негізгі сабағы 6-7 жапырақтан өсіпжетілгеннен кейін шоқ гүлімен тоқтайды, индетерминатты-бұтақсызорталық сабағының 8-11 жапырағы өсіп жетілген соң гүл шоғыры басталады,екі-үш жапырақтан кейін кезекті гүл шоғырларымен негізгі сабағы шексіз өсебереді. Сидам бұтақсыз (детерминатты), бұтақты (индетерминатты),қарапайым бұталы түрлерге бөлінеді.Негізгі сабақтарының биіктігі – аласа қарапайым бұталы (36 см-дентөмен), аласа (30-50 см), орташа (детерминатты), бұтақсыз сидам (51-90 см),өте биік (индетерминатты) (150 см-ден биік).Буынаралықтары – қысқа (5 см-ден қысқа); орташа (5-10 см); ұзынырақ(10 см-ден ұзын).Жапырақтарының түрлері – қарапайым, жапырақ аралық (тіксабақтыларға тəн), олар ерте пісетін сорттарда, картоп жапырағына ұқсасдөңес-ойыс болатын, кеш пісетін сорттарда болады. Жапырақтардың аумағы – кішкене (15 см), орташа (15-25 см), үлкен (25 см-ден үлкен).Жапырақтардың түсі – қою жасылдан жасыл көкке дейін.Жапырақтардың беттері – тегіс, орташа, қалың дөңес-ойыс,қыртыстанып қатпарланған.Жапырақтарының пішіні - үлкен (кең) жұмыртқа тəріздес, не болмасасопақша, үлкен қандауырлы, ланцеты, кішіне бөлек, бөлшекжапырақшаларда құралады (ланцетная – қандауырлы). Гүлдену түрлері (типі) - қарапайым, жай ғана (бұтақтанбайтын), (бірқайталап) – аралық бұтақтанатын, күрделі (көп бұтақтанып) гүлдейді. Гүл шоғының ұзындығы – қысқасы (12 см-ден кем), орташасы (12-15см), ұзынырағы (25 см –ден ұзын). Гүлдердің түрлері - жан-жаққа тармақталған, тығыз, жиі тармақталмаған. Бірінші гүл шоғырының орналасуы – биік емес – (6-7 жапырақтан),орташасы (8-9 жапырақтан кейін), жоғарлауы (9-11 жапырақтан кейін).Жемістердің сыртқы пішіні – тегіс, жазық, жалпақ жемістердің индексі дегеніміз – диаметрінің биіктігіне қатынасы, (индекс 0,5-0,6) жалпақ, домалақша (0,7-0,8), домалақ (0,9-1,1), эллипстəріздес (1,1-1,3), ұзынсопақша(1,2-2,3), алмұрт тəріздес (1,3-1,4), цилиндр тəріздес (1,4 биік). Жемістерінің салмағы - өте кішкене (20 граммнан аз), кішкене (21-50),орташасы (51-100), ірісі (101-200), өте ірісі (200 г-нан салмақты).Жемістерінің беттері – шырайлы қабықтары нəзік, жұқа, нəзік, нашар,орташа, қатты күшті қабыршақты.Піскен жемістердің түстері – лимон түстес – сары, қызыл сары;таңқурай түстес, ашық қызыл, қызыл, күлгін-қызыл, күлгін, қоңыр – күлгін.Жемістер ұяларының орналасуы – түзу, түзу емес.Жеміс ұяларының сандары – аз (2-3 ұя), орташа (4-5), көп (6-10), өтекөп (10-нан көбірек).Жемістердің ішіндегі тұқымдар саны – көп емес (50-ге дейін), орташа(50-125), көп (125 данададан да көбірек).Өсіп-өну кезеңнің ұзақтығына байланысты сорттардың бөлінулері: өтеерте пісетіндері тұқымдары егілгеннен кейін жаппай көктеуінен жемістеріпіскенге дейін 75-100 күн, ерте (100-110), орташа ерте (111-115), орташа кеш(116-120), кеш (120 күннен де ұзағырақ) [6]. Қызанақ өнімдерін жинауда көптеген қиындықтарға байланысты бірмерзімде пісіп жетілетін өнімдерді 85% дейін пісетін сорттарды жинапалатын болғандықтан, ол сорттарға қойылатын талаптардың ең бастысы жемістері комбайнмен жинағанда жарылмайтын, сабақтарынан тезжұлынатын, құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері көбірек болғаны, жеке– ұйым шаруашылықтарына өте ұтымды жəне тиімді сорттар шығарылсажəне олар шаруашылықтарға енгізіліп пайдалануға рұқсат етілгсе, өте жақсыболар еді – дейді көкөнісшілер[3]. Қызанақтың биологиясы. Қызанақ – жылу сүйгіш дақыл. Оның өсіп-өнуі үшін оңтайлы температура: күндіз +20+25°С, түнде +12+15°С. Температура +15°С-тан төмендесе қызанақ гүлдемейді. +10°Сөсуін тоқтатады, ал +1,5°С температурада опатболады. Соныменқатаролүшінөтежоғары температура да қауіпті болып табылады. Температура +33°С–қажеткенде, өсімдіктің өсуі баяулайды, ал +35°Сболғанда фотосинтез тоқталады; егер осы кездеауаныңсалыстырмалыылғалдылығытөмендесе, ондатүйінітүсебастайды. +25+30°Сжәнетопырақтыңорташаылғалдылығынаөскін 5-6 тәуліктепайдаболады. Топырақтыңтемпературасы +11°С -дан аспаса, ондатұқымдарыөнбейді. Бірақтермиялықөңдеуденөткентұқымдар +8°С, тіпті одан да төмен температурада біркелкіөскінбереалады.[4] Жарыққа қоятын талабы өте жоғары, көлеңкелі жерде нашар жемістенеді. Жылыжайда қыста әлсіз жарықта гүлдеуі өскін пайда болғаннан 80-85 тәулік өткен соң ғана басталады, ал көктемдік дақыл ретінде өсіргенде – 40-45 тәулікте гүлдейді. Ауаның ылғалдылығына жоғары болғанда өсімдік саңырауқұлақ ауруларына шалынғыш келеді. Одан басқа, тозаңқаптан тозаң шашылмайды, ендеше гүлдердің ұрықтануы да жүрмейді. Олар үшін ауаның оңтайлы ылғалдылығы – 50-60 %. Топырақ ылғалдылығына қызанақ өсу кезеңінде орташа (60-70 %), ал жемістену кезеңінде жоғары (80-90%) талап қояды [4]. Топыраққа және қоректік заттарға талабы. Қызанақты өсіру үшін топырақ белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс: жоғары бос топыраққа (65-75%), ылғал сыйымдылығы барынша аз 45-50%, ауа сыйымдылығы 20-25%, тығыздығы - 0,4-0,6 г/см3. Сондықтан топырақтың құрамында барынша бос және су өткізгішке ие құрамдауыштар енеді. Қызанақтың өнімділігі мен олардан алынатын өнім сапасына оңтайлы топырақ-климаттық жағдайларынан басқа өсімдіктің топырақтық қоректенуі де ерекше әсер етеді. Оңтайлы суару режимдерін қамтамасыз ету дақылдың өнімділігін 60-тан 100%-ға дейін, кейде одан да көпке арттырады. Қызанақ өз кезегінде органикалық, минералдық және микротыңайтқыштарға өте сезімтал келеді. Өнімнің шығымдылығына, сапасы мен олардың сақтауға төзімділігіне әсер ететін минералдық азықтың негізгі элементтері – азот, калий, фосфор, кальций, магний. Сол себептен тыңайтқыш енгізуде өте мұқият болу керек. Мысалы: азот тыңайтқышының артық болуы вегетациялық мүшелерінің күшті дамуына алып келіп, ол өз кезегінде өнім сапасы мен жеміс қалыптасуын тежейді. Фосфор тыңайтқышы жеміс қалыптасу процесін жеделдетіп, олардың қанттылығын арттырады. Калий тыңайтқышы жеміс бойындағы құрғақ зат мөлшері мен жеміс жетілуіне әсер етеді. Қызанақ 100 ц өніммен топырақтан 32 кг азот, 10 кг фосфор және 43 кг калий алып шығады.
ызанақтың агротехникасы. Қызанақты көшетпен өсіру. Егер алғы дақылдардың – орамжапырақтың және қиярдың – танабына органикалық тыңайтқыш енгізілген болса, онда сүдігер көтергенде тек 4-4,5 ц спуерфосфат және 1 ц хлорлы калий енгізіледі. Қызанақ 100 ц өніммен топырақтан 32 кг азот, 10 кг фосфор және 43 кг калий алып шығады. Егер өткен жылы көң енгізілмесе, онда құнары кемдеу топыраққа, күзде жыртқанда гектарына шіріген көңнің 20-30 тоннасы енгізілгені дұрыс болады. Шірімеген көң өсінді мүшелердің – сабақтардың және жапырақтардың тым өсіп кетуіне әсер етеді де, жемісінің өніміне зиян келтіреді. Ерте көктемде ылғал жабу үшін тырмалауды екі ізбен жүргізеді, сосын қопсытады. Бұл арамшөптердің өсуін жеделдетеді. Пайда болған арамшөптерді жою үшін екінші культивацияны және тырмалауды көшет отырғызар алдында, 10-12 см тереңдікке жүргізеді. Осы кезде гектарына 1-1,5 ц аммиак селирасын қоса енгізеді. Ертерек отырғызу – жоғары өнімнің кепілі. Көшеттерді танапқа 27 мамырда отырғызғанда гектарынан 332 ц өнім жиналған, ал 15 маусымнан кейін отырғызғанда гектарынан 228 ц өнім жиналған. Қызанақтың көшеттерін әдетте 140х20 см сұлбасымен отырғызады [6]. Отырғызуға құмырасыз өсірілген 40-45 тәуліктік көшеттерді пайдаланады. Бұл құмырада өсірілген ірі көшеттерді отырғызып өсірген қызанақтың гектарын өңдеуге кеткен шығынмен салыстырғанда біршама төменірек болады. Көшеттерді көшетотырғызғыш машиналармен отырғызады. Кішігірім алаңдарға, сондай-ақ бойлап өсіп кеткен көшеттерді әдетте қолмен отырғызады. Көшеттерді булыжайда және жылыжайда өскенмен салыстырғанда 4-5 см тереңірек, ал ірілеп көлбейтіп, сабақтың төменгі жағын, 2-3 буын аралықтарын ала, культивация кезінде олар топырақ бетіне шығып қалмас үшін қатар бойымен бағыттап отырғызады. Көлбеулетіп тереңірек отырғызу, өсімдіктің қоректенуін жақсартатын, қосалқы тамырлардың пайда болуына мүмкіндік жасайды. Жаңа ғана отырғызылған көшеттерді, әсіресе құмырасыздарды, суландыруға болмайды, себебі олар жапырылады (жапырақтары және сабақтың ұшы жерге иіледі), суландырғанда лай басады. Міне, сондықтан телімді дұрысы көшет отырғызу алдында суландыру. Өсімдік көндіккенде және көтерілгенде, 3-4 тәуліктен соң, отырғызғаннан кейінгі бірінші суландыруды қолданады да, ізінше түсіп қалған өсімдіктердің орнына жаңа көшет отырғызады. Осы мақсатқа булыжайда немесе 2-3 % құмырада және 5-7 % құмырасыз өсірілген көшеттер қалдырылады. Отырғызумен бірге лай басқан өсімдіктерді тазартып (босатып) алады және қатараралықтарды қопсытқыш табандармен 7-8 см өңдейді. Одан әрі, телімді арамшөптердің пайда болуына қарай 1-2 рет қолмен отайды. Барлығы өсінді кезеңде, әдетте суландырғаннан кейін телімге 4-5 рет культивация жасайды. Өсімдікті жеміс байлағанша 200-300 м3/га су беріп әрбір 7-10 тәулік сайын суарады. Жеміс байланғаннан бастап, топырақ 60-70 см тереңдікке дейін сулануы үшін суландыру суының мөлшерін 340-400 м3/га арттырады. Өсінді кезеңі бойы 7-8 рет суландырады. Өсімдіктерді екі рет үстеп қоректендіреді: бірініші рет – отырғызғаннан 12-16 тәулік өткен соң (1 га 1-1,5 ц суперфосфат және 1 ц аммиак селитрасы немесе 0,5 ц аммофос) және 2-рет – бірінші үстеп қоректендіруден 18-20 тәулік өткен соң, 2-3 шашақгүлінде түйнек пайда болғанда (1,2-2,0ц суперфосфат және 0,5 ц хлоры калий) жүргізеді. Екінші рет үстеп қоректендіргенде азотты тыңайтқыштарды, қажеттігі байқалғанда ғана енгізеді - өсімдіктің баяу өсуі, жапырақтардың сарғаюы және түсуі көрсетеді. Топырақта азот тым көп болса өркендердің жаппай өсуі және жемісінің нашар байлануы, әрі оның ұзақ пісуі байқалады. Тыңайтқыштарды өсімдік қоректендіргіш – культиваторлардың көмегімен, суландыру алдында енгізеді. Гүлдердің тозаңдануын және түйнектердің сақталуын жақсарту үшін тамырдан тыс бор қышқылымен (г/л) үстеп қоректендіреді. Өсімдіктерді гүлдеу алдында бүркеді [7]. Бірінші гүл шоғырында бүршіктердің жартысы ашылғанда бір рет бүркеді, үлкен аумақта бұл мақсат үшін арқаға асатын бау-бақ бүрккішін пайдалануға болады. Жемістердің пісуін жеделдету үшін «дестелеуді» қолданады. Тамыз айының басында екі қатардағы өсімдіктерді, кең қатараралығын жинаушылар өтетін жол ретінде қалдырып, тар қатараралығына дестелейді. Дестеге салғанда жемістерінің сабақтарының үстіне келуін қарастырады. Күн кзінде олар тез жетіледі және шірімейді. Жинау және сақтау. Сұрыпты дұрыс таңдап алғанда, толық піскен жемістерін 20-25 шілдеде жинай бастайды, ал жаппай пісуі тамыздың екінші онкүндігінде жүреді. Бозқырауға дейін жинауды әрбір 3-4 тәулікте, ал бозқырау түсерде, барлық құбалана, ағара бастағандарын және жасылдарының ірісін жинап алады. Еңбек өнімділігін арттыру үшін жинауға жинағыш платформаларды пайдаланады: Т-16М тракторына ілінетін, 10-15 адам қызмет жасайтын ПНСШ-12; 16 жұмыскер қызмет жасайтын ПОУ -2 тіркеме платформасы. Машинамен бір рет жинағанда машиналар кешені пайдаланылады: өзі жүретін СКТ-2 комбайыны; контейнерлі жүкті өз түсіретін ПТ-3,5 тіркемесі, КОН- 3,5 контейнер қотарғыш пен АВН -0,5 контейнер тиегіші және СПТ -15 сұрыптағыш нысаны. Нысанда 20 жұмыскер қызмет жасайды. 1 сағат таза жұмыстағы еңбек өнімділігі 12 т. Жемістерді көлемі мен пісу деңгейіне қарай сұрыптайды және пісіп – жетілуі үшін жылы құрғақ жайда сөрелерге 2-3 қабат етіп орналастырады немесе жәшіктерге салады. Жеміс жәшіктерін қолданғанда, желдетуді жақсарта түсуі үшін әр қабаттың астына жұқа тақтайшалар келтіреді. Пісіп-жетілдіру үшін булыжайды дайындауға болады. Оны топырақтан және қара шіріндіден тазалайды, ордың түбіне таза сабан төсейді де, оның үстіне жемістерді орналастырады. Бір кәсек астына 40-60 кг жеміс сияды. Булыжайды кәсекпен жауып, әйнегін іш жағынан әктейді. Пісіп – жетілу 23-25оС және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-85% болғанда тезірек жүреді. Мұндай жағдайда қызғылт қызанақ 2-3 тәулікте, ақшылы – 4-6, жасылы – 7-10 тәулікте қызарады. Температура төмендегенде пісіп-жетілу үдерісі күрт баяулайды және жемістің басым бөлігі шіриді. Жемістерді арнаулы камераларда жасанды түрде этиленмен өңдеп, пісіп-жетілдіруге болады. Этилен, әсіресе жасыл жемістерге белсенді ықпал жасайды (ақшылы қалыпты жағдайда да пісіп-жетіледі). Жемістердің жеміс сағағын алып тастайды, себебі газ жемістің ішіне сағақ бекіген жердің борпаң ұлпасы арқылы өтеді. Жеміс салынған жәшіктерді камерада шахмат ретімен орналастырады. Қызыл жемістерді әрбір 2-3 тәулікте алады да орнына жасылын салады. Камераның әрбір шаршы метріне 0,5 л этилен жібереді, температураны 20-22оС, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 85% деңгейінде ұстайды. Камераны күнде желдетеді және қайтадан этиленмен толтырады. Ақшыл және қызғылт жемістерді тоңазытқыштарда 1,5-2 ай сақтауға болады, сақтауға қояр алдында жәшіктер мен жемістерді формалиннің ерітіндісімен (1:300) зарарсыздандырады немесе 45-50о 4 сағат бойы қыздырады. Тоңазытқыштарда 1-2оС жылылықты және 90 % ауа ылғалдылығын қамтамасыз етеді [7]. Шаруашылық жағдайында, әдетте қызанақты жеміс сағағын үстіне келтіріп, кішірек кереге көз ағаш жәшіктерде 10-12оС сақтайды. Жәшіктің түбіне және жемістердің арасына ағаш үгіндісін салады. Қызанақты көшетсіз өсіру. Қызанақтың тұқымын топыраққа сеуіп өсіру өте тиімді. Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының (В. Р. Гюнтер, 1987) деректері бойынша оның гектарлық орташа өнімі 200-370 ц болған. Технологиядан көшетті өсіруді шығарып есептегенде, өнімнің өзіндік құны 1,5-1,9 есеге кеміген. Көшетсіз өсіргенде өсіп-даму кезеңі 12-15 тәулікке азаяды. Тұқымдардың шынығуы топырақта өтіп, өскіндері қысқа мерзімдік – 3оС суыққа шыдайды. Тұқымды топыраққа сепкенде өсімдік терең бойлайтын, қуатты тамыр жүйесін қалыптастырады, соның есебінен суландыруды азырақ талап етеді және ауруға азырақ шалдығады. Көшетсіз өсіруге ең тез пісетін сұрыптарды (Сибирский скороспелый, Доходный және т.б.) пайдалану керек. Жел өтінен қорғалған, топырағы жеңіл, жақсы жылынатын және арамшөптерден таза танапты таңдап алады. Алғы дақыл-гектарына суперфосфаттың 90 кг ә.ә.з енгізілген сүрі жер. Ол өнімділікті арттырады және жемістің пісіп – жетілуін жеделдетеді Тұқымды 10-15 мамырда себеді. Арашөптермен күресті қызанақ өскіні көрінбей-ақ тұрып жүргізу үшін, оның тұқымымен бірге шалғамның тұқымын себеді. Шалғамның тұқымы қызанақтікіне қарағанда көп ерте көктеп шығады. Шалғам тауарлық күйге жеткенде оны жинап алып, іске асырады. Бір гектарға 2,5-3,0 кг қызанақ тұқымын, және толықтырғыш ретінде қуырылған 3-4 кг тары қосылып (оларды мұқият араластырады) себіледі. Себу жұмыстарын СОН-2, 8А, СКОСШ-2,8 немесе СКОН-4,2 тұқым сепкіштерімен қатараралығынан 70 см қойып жүргізеді. Тұқымның сіңіру тереңдігі 3-4 см. Себуге дейін және себуден кейін топырақты тығыздағыштармен тығыздайды. Өскін пайда болғаннан 8-10 тәулік өткен соң, егістікті жеңіл тырмалармен себу қатарларына көлденең тырмалайды. Бұл кезде арамшөптермен қатар қызанақ өскіндерінің 20% жуығы жойылады. Егер қызанақ тұқымына шалғам қоса себілсе, онда егістікте тырмалау жүргізілмейді, қолмен отап, өсімдіктің гектардағы санын 40 мыңға жеткізеді. Ақтық қоректену алаңы 70х40 см болады. Өскіндер пайда болғаннан соң бірінші қопсыту жүргізіледі. Өскіндерді жарақаттап алмау үшін культиваторға ұстара-табан қояды. Сиреген жерлерге қолмен қосымша көшеттер отырызғады және суландырады. Одан кейінгі күтіп-баптау жұмыстары көшетпен отырғызған қызанаққа ұқсас. Грунттық қызанақтың жеміс салуы көшеттерден кешірек, бірақ қолайлы күзде өнімділігі көшеттік қызанақтікіндей, сонымен бірге пісіп-жетілген жемістерінің пайызы азырақ болады. Қызанақтың тұқым шаруашылығы. Басқа топырақ-климат аймақтардан әкелген тұқымдар жергілікті жағдайда, осы табиғи-климат жағдайда өсірілгенге қарағанда қашанда икемділігі баршама төмен болады. Сондықтан әр облыста қызанақтың тұқым шаруашылығын өзіне сай ұйымдастыру керек. Қызанақ өздігінен тозаңданатын өсімдік болғандықтан сұрыптардың оқшаулануы шамалы – 20 м. Тұқым телімінде сұрыптау белгілері байқалғанда, сұрыптық сұрыптау жүргізе отырып, тазалау жұмысын жүргізеді – басқа сұрыптардың барлық өсімдіктерін, негізгі сұрыптың типтес емес, ауру және жетілмеген нашар өсімдіктерін аластайды. Жемістер тұтынуға жарайтындай, піскен кезеңде егістікте мақұлдау (апробация) жүргізеді – тұқымдық егістіктің сұрыптық сапасын анықтайды. Тұқымға бірінші жиналған жемістерді таңдап алады, ең дұрысы бүйірлік өркендегі, екінші және үшінші шашақгүлдің жемістерін алу, себебі бұл жемістердің тұқымдары өнімдірек болады және тез пісетін ұрпақ береді. Дұрысы толық піскен жемістерді алу, әрине бозғылтын да (ондайларына толық пісуіне мүмкіндік беріп, содан кейін ғана олардан тұқым алу керек) алуға болады. Бозғылт жемістердің тұқымдары да жоғары өнгіштікке ие – тіпті жүз пайызға жетуі мүмкін. Тұқымды тұқым айырғыш (бөлгіш) ВСТ-1,5 машинасының көмегімен айрып алады да, ағаш ыдысқа салып, онда 3-4 тәулік өз шырынында ашытады (су құюға болмайды). Ашыту үдерісінде сүт қышқылы бөлінеді де тұқымды бактериялы ісіктен (рактан) зарарсыздандырады. Ашытылудың аяқталуын көбіктің пайда болуынан және шырынның мөлдірленуінен байқайды. Осыдан кейін тұқымды МОС-300-де немесе жуғышта жуады, олар біріне-бірі жабысып, кесек болып қалмас үшін жиі-жиі араластырып отырып кептіреді, үйкелейді және тұқым тазалағыш машиналарда тазалайды. Аз мөлшердегі тұқымды қолмен бөліп алады және шырышымен эмальды немесе шыны ыдысқа салады да, ашытады, сосын оларды елеуіш немесе дәке арқылы жуып, кептіреді [6]. Бір жемісте 250-300 тұқым болады. Тұқымы аз жемістердің бір тоннасынан 2-3 кг тұқым алынады, көп тұқымдыдан – 4,5 кг. Бір гектардан орташа есеппен 0,8-1,2 ц тұқым жиналады. Бірінші санаты үшін сұрыптық тазалық 99 %-дан, ал өнгіштігі – 85%-дан кем болмауы керек. Тұқымдар өнгіштігін 6-8 және одан да көп жыл бойы сақтайды. Оларды жылы және құрғақ жерде сақтайды. Қорғаулы грунтта ауа қозғалысының баяулығына және оның ылғалдылығының біршама жоғарылығына байланысты қызанақты тозаңдандыру қиынға түседі. Сондықтан қызанақты азыққа, сондай-ақ тұқымға өсіргенде тозаңдатуға ерекше көңіл бөлген жөн. Толығырақ тоңаздануына, жемісінің көлемі, оның сапасы және жемісіндегі тұқым саны, ең соңында өнімділігі бойынша жақсы нәтижені, гүлдерді тозаңдатуға электромагнитті дірілдеткішті, сондай-ақ тозаңдатқыштың ауа ағысын қолдану берген. Тозаңдатуды жақсарту үшін аспаларды автоматты түрде сілкіндірудің тиімділігі шамалы екені анықталды. Қызанақ өсімдігінің өсуіне, жеміс салуына, тұқымдық өнімділігіне және тұқымының сапасына температураның әсері өте зор. Жемістің байлануына оңтайлы температура күндіз – 22оС, түнде – 18оС. Қызанақты СО2-мен үстеп қоректендіру де тиімді. Жылыжай ауасында СО2 шоғырлануын 0,1-0,2 % көтеру жеміс өнімділігін 15-30 % арттырады. Тұқым шаруашылығында микроэлементтерді қолданудың маңызы өте зор, әсіресе олардың ішінде ерекше рөлді бор атқарады, себебі, ол өнім беретін мүшелердің қалыптасуына қатысады, тозаңдардың өнгіштігін жоғарлатуға, жемістердің пішінін жақсартуға (сүйкімдендіреді) және олардың тезірек пісуіне ықпал жасайды. Микротыңайтқыштарды қолданудың ең жақсы тәсілі – тұқымдарды кешенді ерітіндіге малып алу. Қорғаулы жерде тіршілік қуаты мол және қолайсыз жағдайларға төзімді, қуатты өсімдікті өсірудің маңызы өте зор. Мұндай өсімдіктер ірі тұқымдардан қалыптасады. Сондықтан тұқым шаруашылығы ірі тұқымдар алуға бағытталуы керек. Ал, ол өсімдіктің белгілі бір қоректік алаңымен және оны қалыптастырумен анықталады. Тұқымдық мақсатқа қызанақты азықтыққа қарағанда біршама жиірек отырғызады. Ірі тұқым алу үшін өсімдікті азырақ гүл шоғырымен қалыптастырады. Жылыжайда салмақтырақ тұқымды алғашқы гүл шоғырынан алады [4,5]. Зиянкестермен және аурулармен күрес. Қызанақ, әртүрлі зиянкестермен зақымданады және түрлі ауруларға шалдығады. Олар өнімді, оның дәмдік және тауарлық сапасын төмендетеді. Жиі кездесетін аурулары – шимай ауруы, жеміс шірігі, фитофтороз. Қорғаулы жерде олардан басқа көп зиянды оңтүстік фитофторозы, бурыл теңбіл, мозаика, жылыжай мен булы жайда – гүлзар (шабдалы) және алқа биті, аққанат келтіреді. Агротехникалық шаралармен бірге химиялық күрес шаралары қолданылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|