ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ызанақтың дақылдың сорттары мен будандарының негізгі ауруларына төзімділігіҚызанақ дақылының өсімдіктері нәзік, жемісі шырынды, өнімі хош иісті болғандықтан көптеген аурулармен және зиянкестермен залалдануға бейім болып келеді. Әрине бұл жерде аурулардың тигізетін зияны үлкен. Қызанақ өсімдігі әртүрлі саңырауқұлақ, бактериялық және вирус ауруларымен ауырады. Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында жиі кездесетін қызанақ дақылының бірқатар аурулары жайында мәліметтер беріліп отыр: Бактериялық қара дақ ауруымен ауырған қызанақ жапырақтарында ұсақ майлы дақтар пайда болады және олар біртіндеп үлкейіп, қарая түседі. Жапырақтары кеуіп, семе бастаған кезде қарсы күрес жүргізілмесе жемістерінің сыртқы бетінде қарауытқан дөңес, ылғалды, сақина тәріздес дақтар пайда болады. Піскен жемістерінде дақтың астындағы қабықтарына ұлпалары шіри бастайды. Қара дақ ауруын қоздыратын бактериялар зақымданған қызанақ сабақтарының қалдықтарында қыстайды [58]. Бактериялық обыр өте қауіпті аурулардың бірі болып табылады. Буыны қатқан дақылда ауру бір жағынан сему мен сызықшалар пайда болу, жапырақтың бетінде сабақшалар пайда болу, жапырақтың сабақшаларында және дақылдың сабақтарында кішкене шіріктер пайда болу түрінде білінеді. Қызанақ жемісінде сырттай қарағанда, аурудың белгілері байқалмауы мүмкін, бірақ жемісінің ішінде шірік дами береді. Инфекция тұқымда және дақылдың қалдықтарында сақталады [58,59]. Макроспориоз - қызанақ дақылының кең тараған, жиі кездесетін саңырауқұлақ ауруы. Қызанақ өсімдігінің барлық дерлік мүшелеріне залалын тигізеді. Жапырақтарда қоңыр түсті, дөңгелек, ойық-ойық дақтар пайда болады. Жемістерінде де ойыс қоңыр дақтар пайда болады, олардың астындағы ұлпаларды шытынап, жарылып кетеді. Ауру қоздырғыштары тұқымда мен дақылдың қалдықтарында қыстайды және сақталады [59]. Фитофтороз – алқа тұқымдас дақылдардың барлығын дерлік залалдайтын Қазақстанда кең тараған саңырауқұлақтық ауру. Фитофтороз қызанаққа ашық танапта да, жылыжайда да зиян келтіреді. Фитофтороз ауруы әсіресе күзгі мерзімге қарай, ылғалды ауа райына байланысты кең таралады. Фитофтороз негізінен қызанақтың жемістерін, жауын-шашын көп болған жағдайда жапырақтары мен сабақтарын да залалдайды. Қызанақ фитофторозбен картоп дақылы арқылы залалданатықтан ауыспалы егістікте қызанақты картоптан кейін орналастырмау керек. Стрик аурумен ауырған қызанақтың жапырақтарында бурыл түсті және қоңыр дақтар пайда болады. Өсімдіктің сабақтарында, сабақшаларында және жеміс сабақшаларында қонырқай қызғылтым жолақтар, сызықтар пайда болады. Қызанақ жемістерінде қонырқай сызықтар және бұрышты жылтырауық дақтар пайда болады. Ауру тұқыммен және ауру өсімдіктердің шырындары арқылы таралады [60]. Мозаика вирусты ауру болғандықтан вирустар арқылы тарайды. Ауырған қызанақ өсімдігінің жапырақтарының түстері мозаикалы (теңбілді) түстерінен анық көрінеді. Вирустар тұқымда және ауру өсімдіктердің шырындарында сақталады [61]. Жемістің төбе шірігі барлық жерлерде кездесетін ауру. Қызанақтың жемістерін пісе бастаған уақытта залалдайды. Жемістің төбе шірігі ауруы екі түрде кездеседі. Бірінші түрі физиологиялық ауру болып саналады. Жемістің төбесінде жайпақ немесе шұңғыл қоңырқай дақ пайда болады. Жеміс бастапқыда қатты болады, кейін жұмсарады, кейіннен дақты өңез басып кетеді. Физиологиялық аурудың пайда болу себебі ылғалдылықтың қатты құбылуына, азот тыңайтқышының көп мөлшерде берілуіне және топырақта кальцийдің жетіспеуіне байланысты. Жемістің төбе шірігінің екінші түрі бактериялық болып табылады. Қызанақ жемісінің төбесінде суланған, бастапқыда сұр-жасыл, кейін қоңырқай дақ пайда болады. Залалданған жеміс төбесі жұмсарып, шіріп кетеді. Бұл бактериялық ауру құрғақ, ыстық ауа райы болғанда дамиды. Столбур вирус ауруымен қызанақ дақылы ашық танапта ауырады. Ауаның қатты құрғақтығы және шектен тыс ыстықтығықызанақтың столбурмен ауыруына әкеліп соқтырады. Гүлшелері үлкейіп, қоныраулар тәрізді пішінге айналады, аналықтар мен аталықтарының формасы өзгереді. Жемістері біркелкі піспейді, қатайып тағамға пайдасыз, дәмсіз болып қалады. Столбурдың вирусы шырмауықты, сарықалумен, шашыратқы және басқа да арамшөптерді зақымдайды, солардан барып жәндіктер арқылы қызанақтарды зақымдайды [62,63]. Осы қамтылған аурулардан бөлек қызанақ дақылын басқа да көптеген саңырауқұлақтық, бактериялық және вирустық ауру түрлері зақымдайды. Олардың қатарына мыналар жатады: қызанақ жапырақтарының қола түстес болуы,қызанақтың жапырақтарының шиырылуы, қызанақ жапырақтарының жіптенуі (жіп тәрізді болуы), қызанақтың сұр шірігі, қызанақтың сабақ обыры, қызанақтың ақ дағы (септориоз), қызанақтың сұр дағы (фомоз), қызанақтың тамыр шірігі. Бұл ауруларға нақты тоқталып кетпеуіміздің себебі бұлар Алматы облысы жағдайында кездеспейді немесе өте сирек кездеседі. Сонымен қатар ондай аурулар тәжірибе стационарында кездеспеді және, сәйкесінше, біздің зерттеулеріміздің мәліметтеріне енгізілген жоқ [64]. Көкөніс дақылдарының зиянды ауруларымен күресуде сорттардың (будандардың) алар орны ерекше. Себебі ауруларға төзімді сорттар қолжетімді және экологиялық қауіпсіз шара болып табылады. Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты, біз дипломдық жұмыстың міндеттерінің бірі ретінде қызанақтың жаңа сортүлгілерінің дақылдың кең таралған зиянды ауруларына төзімділігін бағаладық. Зерттеу нәтижелері 7-кестеде берілді.
Кесте 7 Қызанақ сортүлгілерінің саңырауқұлақ, бактериялық және вирустық ауруларына төзімділігін бағалау нәтижелері
Тәжірибедегі қызанақ сортүлгілерінің егістіктеріне жүргізілген фитосанитарлық мониторинг нәтижелеріне сүйенсек, сыналған сорттар мен будандар дақылдың ауруларына салыстырмалы түрде алғанда төзімді болып келеді. Кестедегі мәліметтерге назар аударсақ, өсімдіктердің саңырауқұлақтық, бактериялық және вирустық аурулармен залалдану деңгейі төмен болганын аңғаруға болады. Қауіпті болып табылатын, химиялық дәрілер қолдану арқылы (фунгицидтер) емделмейтін вирустық аурулармен қызанақ сортүлгілерінің залалдануы төмен деңгейде болды. Атап айтқанда, тәжірибедегі сорттар мен будандардың барлық үш вирус ауруларымен (мозаика, столбур, стрик) залалдануы мынадай деңгейде байқалды (%): Лидер сорты – 0,3%;1,8%;0,2%. Дар Заволжья сорты – 0,4%;0,5%; ал стрик аурумен бұл сортта залалданған өсімдік болған жоқ. Заря Востока – мозаикамен бұл сорттың өсімдіктері ауырмады; 0,2%;0,2%. Классик буданы өсімдіктерінде мозаика және столбур аурулары байқалмады; 0,1%. Вирустық аурулармен салыстырмалы түрде көп залалданған сортүлгілердің қатарына Лидер сортының өсімдіктері жатады. Ал вирустық ауруларға ең төзімді қызанақ сортүлгісі ретінде Классик буданын ерекше атауға болады. Классик буданының өсімдіктері келтірілген вирустық ауралардың ішінде стрикпен ғана ауырды және аталған аурудың көрсеткіші небәрі 0,1% ды құрады. Тәжірибе алқаптарында вирус ауруларының ішінде столбур кеңірек кездесті. Бірақ, жалпы алғанда вирус аурулары аз болғанын (0,3-2,3%) атап өткен орынды. Саңырауқұлақ ауруларының ішінен негізгі екі түрі - макроспориоз және фитофтороз таралғаны анықталды. Селекциялық көшеттікте сыналған қызанақ сортүлгілерінің саңырауқұлақ ауруларымен залалдану пайызы мына шамаларда болды (%): макроспориоз ауруы бойынша Лидер сортында 5,4%; Дар Заволжья сортында 5,2%; Заря Востока сортында 3,5%; Классик буданында 2,8%. фитофтороз ауруы бойынша Лидер сортында 1,9%; Дар Завольжя сортында 2,8%; Заря Востока сортында 1,5%; Классик буданында 1,0%. Макроспориоз ауруымен Лидер және Дар Завольжя сортүлгілері салыстырмалы түрде жоғары дәрежеде залалданғаны анықталды. Сол сияқты фитофтороз ауруыменде Лидер және Дар Заволжья сортүлгілерінің залалдану деңгейі жоғары болды, бірақ фитофтороз аурумен залалданған өсімдіктер саны бойынша көшті Дар Завольжя сорты бастап тұрды. Вирустық аурулармен залалдану көрсеткіштерінде ең төменгі деңгейді көрсеткен Классик буданы саңырауқұлақ ауруларына да төзімділігімен көзге түсті. Әрине, бұл тек салыстырмалы түрде ғана екенін айтып өту керек. Жалпы алғанда, сыналған барлық будандар мен сорттардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар болған жоқ. Қызанақтық тәжірибедегі барлық отандық сорттарының - аудандастырылған жаңа сорттары мен жаңадан сұрыпталған, болашағы зор будандарының дақылдың зиянды саңырауқұлақ ауруларына (макроспориоз, фитофтороз) қарсы салыстырмалы түрде алғанда төзімді екені анықталды. [65] Физиологиялық ауруға жататын қызанақ жемісінің төбе шірігі дақылдың сортүлгілері бойынша төмен болды. Бұл аурумен залалдану дәрежесі тәжірибедегі сорттар мен будандарда 0,3-0,5% аралығында болды. Қорыта келгенде, фитосанитарлық мониторинг қызанақтың тәжірибедегі сыналған барлық жаңадан сұрыпталған отандық сорттары мен будандарының дақылдың Қазақстанның оңтүстік-шығысында кездесетін зиянды саңырауқұлақ, бактериялық және вирустық ауруларына қарсы салыстырмалы түрде төзімді екенін көрсетті. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|