Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЫЗАНАҚ ДАҚЫЛЫНЫҢ СОРТТАРЫ МЕН БУДАНДАРЫН ӨСІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ




 

Экономикалық тиімділік – күрделі экономиқалық теория. Ауыл шарашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі туралы мәселені қарағанда нәтиже мен тиімділік бір мәндегі ұғым емес екенін ескеру қажет. «Тиімділік» деген термин латынша «әсер, нәтиже» әлдебір процестің нәтижесін білдіреді.

Ал «Экономикалық тиімділік» деген өндіріс нәтижесінің шығынға қатынасы. Тиімділікті арттырудың аса маңызды проблемаларының арасында өнім сапасы ең шұғыл және өткір проблема болып табылады. Өнім сапасы дегеніміз – өнімнің мақсатына сәйкес белгілі бір қажеттерін қанағатандыруға жарамдалған талап ететін қасиеттерінің жиынтығы. Нарықтағы осындай өніммен салыстырғанда тұтыну қасиеті неғұрлым жоғары соның нәтижесінде сұранымда жоғары, бәсекелесу қабілеті бар өнім болып табылады.

Біздің зерттеу жұмыстарымызда қызанақтың сортүлгілерінің Алматы облысы, Қарасай ауданы "Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жағдайында пайдаланылатын технологиясының экономикалық тиімділігін есептеген кезде өнімділікті, бір гектарға шығындар және өнімнің өзіндік құнын есептеу қажет.

Осы мақсаттарды шешу үшін өнімділікті ақшалай және натуралды түрінде деңгейін, шығындарды қаражат және материалды күйінде,технологияға өнімнің өзіндік құнын және таза пайданы анықтадық.

Жұмыскерлердің еңбек ақысының шығынын анықтау. Адам сағатты еңбек шығынын (адам-күндегі) норма смена санын агрегатқа қызмет көрсететін жұмыскерлер санына көбейту арқылы табылады.

Жұмыскерлердің жалақы шығыны 1 га-ға 446327 теңгені құрады.

 

Жалпы табыс – жалпы өнім құнымен материалдық шығынның айырмасы.

Жтөқш; (1)

 

Таза табыс - жалпы өнім құнымен өндірістік шығынның айырмасы.

Ттөқш; (2)

 

Пайда – сатудан түскен түсіммен толық өзіндік құнның айырмасы.

П=Ст.төқ.(3)

 

Рентабелдік деңгейі – пайданың толық өзіндік құнға қатынасы.

Рд=П/Төзін.құн*100% (4)

 

Қызынақтық тұқымының 1 кг 9000 теңге, 1 га-ға 3,5 кг тұқым себілді. Тұқымдық материалдың 1 га-ға кеткен шығыны 31500 теңге болды.

Жанармай шығыны дизель отынында жасалатын операция түріне байланысты 4-тен 18 литрге дейін өзгерді. Ал бензиннің1 га – ға шығыны 28 литрді құрады. ЖЖМ шығыны:

Дизель отынының құны 65 теңге жалпы 1 га-ға 128 литр жұмсалды, жалпы алғанда 1 га-ға кеткен дизель отынының ақшалай шығыны 8320 теңгені құрады.

Бензиннің бағасы 75 теңге және 1га-ға 92,4 литр жұмсалды, бензинге ақшалай 6930 теңге шығындалды. Жалпы ЖЖМ шығыны 15250 теңгені құрады.Жоғарыда аталған шығындар және басқа негізгі шығындар тізімі 10,11-кетелерде келтірілген.

 

Кесте 10

Қызанақ дақылын көшетсіз өсірудің шығындары,1 га есебімен

 

Атауы Өлшем бірліктері Саны Бағасы теңге Жалпы құны
Тұқымдық материал(Өзіндік құнымен) Тұқым кг 3,50 9000,00 31500,00
Жалпы 31500,00
Улы химикаттар Мыс хлориды кг 6,00 2700,00 16200,00
  Конфидор л 0,50 4000,00 2000,00
Жалпы 18200,00
Тыңайтқыштар Аммиак селитрасы кг 200,00 50,00 10000,00
  Аммофос кг 300,00 50,00 15000,00
  Калий тұзы кг 100,00 60,00 6000,00
Жалпы 31000,00
ЖЖМ Бензин л 92,4 75,00 6930,00
  Дизель л 128,00 65,00 8320,00
Жалпы     15250,00
Материалдар Пленка метр 180,00 150,00 27000,00
  Шпагат дана 3,00 700,00 2100,00
  Жәшік дана 5,00 450,00 2250,00
  Шелек дана 5,00 230,00 1150,00
  Күрек дана 1,00 540,00 540,00
  Кетпен дана 3,00 550,00 1650,00
  Қолқап дана 10,00 50,00 500,00
  Халат дана 2,00 700,0 1400,00
Жалпы 36500,00
Суландыру куб м /га   0,30 1200,00
Барлық шығындар қосындсы 133650,00

 

 

Кесте 11

Қызанақ өсіруге кеткен жанар-жағар май шығыны, 1 га есебімен

 

Дизель отыны
Жұмыс атауы АШМ 1 га норма л Қайталану саны Бағасы теңге Жалпы литр Құны теңге
Сыдыра жырту МТЗ          
Орг.Тың. енгізу МТЗ          
Жырту МТЗ          
Екі ізді тығыздау МТЗ          
Екі жақты культивация МТЗ          
Мин.тың. енгізу МТЗ          
Мин.тың. араластыру МТЗ          
Малование МТЗ          
Борозда санын кесу МТЗ          
4 қайтара қатараралық өңдеу МТЗ          
4 қайтара пестицидтермен өңдеу МТЗ          
Жалпы    
Бензин
Жұмыс атауы АШМ 1 га норма л   Бағасы теңге Жалпы литр Құны теңге
Орг.тың. тасымалдау ГАЗ 53   0,3   8,4  
Мин.тың тасымалдау ГАЗ 53   0,3   8,4  
Шым тасымалдау ГАЗ 53   0,3   8,4  
Өнімді тасымалдау ГАЗ 53   2,4   67,2  
Жалпы 92,4  
 
Жалпы ЖЖМ шығыны  

 

Жоғарыда аталған шығындардан бөлек бірқатар шығындардың тізбесі келесідей:

Амортизацияға 5645 тг шығын болды.

Ағымдағы жөндеу 1 га – 16620 тг болды.

Сақтандыру төлемдері 442 теңге.

Салықтармен төлемдер 3045 теңге.

Тасымалдау қызметтері 8215 теңге.

Басқада шығындар 15952 теңге.

1 гектарға кеткен жалпы шығын 629896 тг. құрайды.

 

Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жаңадан сұрыпталып алынған селекциялық жетістіктер және әзірленген немесе жетілдірілген агротехнологиялар, басқа да ғылыми ұсыныстар өндіріске берілмей тұрып экономикалық бағалаудан өтуі міндетті. Экономикалық тұрғыдан тиімді болған жағдайда ғана жаңа әзірлемелерді өндіріске енгізуге болады. Егер жаңа ғылыми жетістіктер өндіріс үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болмаса, оларды ұсынудың қажеттігі жоқ.

 

Ең жоғарғы өнімділікті көрсеткен Классик гибридінің рентабельдігі басқа сортүлгілермен салыстырғанда біршама көп болды(12-кесте.).

 

Классик гибридінің рентабельділігі:

1106104:629896 х100 = 175,6%

 

Дар Заволжья сорт үлгісінің рентабельділігі:

892,604:629896 х100 =141,7%

 

Лидер (стандарт) сорт үлгісінің рентабельділігі:

766,604:629896 х100 =121,7%

 

Заря Востока сорт үлгісінің рентабельділігі:

756,104:629896 х100 =120,0%

 

Қазақстан Республикасында қолданысқа 2008 жылдан бері рұқсат етілген, яғни өндірісте 5 жылдан аса пайдаланылып жүрген қызанақтың Лидер сорты стандарт (бақылау) ретінде алынды. Басқа жаңадан сұрыпталған, енді аудандастырылған сорттар мен болашағы зор будандардың экономикалық тиімділігі осы стандартты Лидер сортымен салыстырылды. Кестеден көрініп тұрғандай, Лидер сортымен салыстырылған басқа 2 сорт пен 1 буданның ішінен тек екі сортүлгі жоғары өнім бергендіктен экономикалық тұрғыдан тиімді болды.

 

Кесте 12

Зерттеліп отырған қызанақ сорт үлгілерінің экономикалық тиімділіктің көрінісі

 

Дақыл, сортүлгі Тауарлы өнім, т/га Өнімнің жалпы құны, мың теңге/га Жалпы өндірістік шығындар, мың те ңге/га 1 кг өнімнің өзіндік құны, теңге Таза пайда (табыс), мың теңге/га Рентабельділік, %
Классик буданы 49,6 1736,000 629,896 12,6 1106,104 175,6
Дар Заволжья 43,5   629,896 12,6 892,604 141,7
Лидер (стандарт) 39,9   629,896 12,6 766,604 121,7
Заря Востока 39,6   629,896 12,6 756,104 120,0

 

Олар Да Заволжья сорты (жалпы өнім 45,7т/га және тауарлық өнім 43,5т/га) мен Классик буданы (жалпы өнім 50,0т/га және тауарлық өнім 49,6т/га). Ал соңғы сортүлгі, атап айтқанда Заря Востока (жалпы өнім 40,4т/га және тауарлық өнім 39,6т/га) сорты стандарт ретінде (бақылау) алынған қызанақтың Лидер сортынан төмен өнім қалыптастырғанымен тауарлық өнім деңгейі Лидер (жалпы өнім 42,5 т/га және 39,9 т/га) сортының таурлық өнімі мөлшерінен кем түспеді. Әрине бұл көрсеткіш жаман емес, және де айта кететін жай, Заря Востокасортының сатылымдағы көтерме бағасы (55-65теңге/кг) Лидер сортының көтерме бағасынан (35-55теңге/кг) біршама жоғары болғандықтан экономикалық жағынан тиімді деп айтуға болады.

Экономикалық тиімділіктің маңыздылығын ескере отырып, біз селекциялық көшеттіктерде зерттеліп, сыналған қызанақ дақылының жаңа сорттүлгілеріне бағалау жүргіздік. Анықталған нәтижелер төмендегі кестеде берілді (13-кесте).

 

Кесте 13

Қызанақ дақылының отандық жаңа сорттары және будандарының экономикалық тиімділігі

 

Қызанақ сорттары және будандары Қызанақ сортүлгі-лерінің тауарлы өнімділігі т/га Жаңа сортүлгі-лердің стандарт сортқа қосымша өнімі, т/га Қосымша өнімнің бағасы, теңге/га Қосымша өнімді жинауға, тасуға және сатуға кеткен шығын, теңге/га Жаңа сорттар және будандар-дан түскен таза табыс, тенге/га
Лидер (стандарт) 39,9 - - - -
Дар Завольжя 43,5 3,6      
Заря Востока 39,6   -0,3 - - -
Классик буданы 49,6 9,7      

 

Бұл жерде мынадай маңызды нәрсеге назар аудару қажет. Кестеде келтірілген экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері жемістердің тауарлы өнімін балғын күйінде жалпы жағдайда жинап, өткізгенде есептелген көрсеткіштер болып табылады. Мұндай жағдайда, жоғарыда айтылғандай, тек екі сортүлгі ғана тиімді болды. Ал енді ерте қалыптасқан және қымбат бағаға сатылған өнімдер мөлшерін есептесек, сондай-ақ одан басқа қайта өңдеуге жарамды сорттардың өңделіп, қымбат бағаға өткізілу мүмкіндігін есепке алсақ, онда басқа төрт сортүлгілердің де экономикалық тұрғыдан тиімді болуы әбден мүмкін болады.

 

 

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

Ауыл шаруашылығындағы еңбек қорғау жүйесі, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық, реабилитациялық және басқа да шаралар негізінде жүзеге асырылатын және өндіріс орындарында травматизм мен кенеттік жағдайлардың алдын алатын, қызметкерлердің қызмет ету барысындағы олардың денсаулық пен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларға бағытталған.

Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқығының құрамдас бөлігі. Бидай себу барысында механизатордың денсаулығына шу, вибрация, температураның толқымалы параметрлері, шаң-тозаң және трактор газдары сияқты теріс факторлар әсер етеді. Соның салдарынан, жұмыс күнінің аяқталуына таман оның есту қабілеті нашарлайтыны анық, ал бұл қызметті 10 жылдан бері иеленіп келе жатқан қызметкерлердің есту қабілеттеріне тіпті үлкен қауіп төнетіні сөзсіз.Механизатордың жұмысы жоғары дәрежелі зейінділікті талап етеді. Айналадағы шаң-тозаңды үнемі жұту салдарынан ағзадағы тозаң бронхиттерінің дамуына қолайлы жағдай туады. Жарақат жағынан қауіпті фактор болып, агрегаттың бүкіл қозғалмалы бөлшектері немесе агрегаттың өзі бола алады.

Жұмыс орнындағы өндіріс ісін бастамай тұрып, жұмысқа қайта қабылданған немесе бір қызмет бөлімшесінен екіншіге ауысқан қызметкерлерді, сондай-ақ уақытша және іссапардағы қызметкерлерге арнап бастапқы жұмыс инструктажы туралы ақпарат беріледі.

Содан кейін, тәлім алушылар 2-14 ауысым уақыты барысында (жұмыс бабы мен қызметкердің мамандануына байланысты) басшылар бекіткен арнайы тұлғалардың қадағалауымен, жұмыс өтілінен өтулері тиіс. Қызметкерлер тек жұмыс өтілін өткеннен, теориялық білімдері мен еңбек қауіпсіздігін толық меңгергеннен кейін ғана толық өзіндік жұмысқа жіберулеріне рұқсат беріледі.

Қайталамалы инструктажды бүкіл қызметкерлерге арнап, жарты жылда бір рет ұйымдастырады. Жоспардан тыс инструкажды келесі жағдайлар туғанда ғана іске асырады:

● Жаңа және қайта қаралған стандарттар, ережелер мен қоршаған ортаны қорғау әдістемелері қабылданғанда, сондай-ақ оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенде;

● Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялық үрдістің немесе шикізат, құралдар және басқа да факторлардың шамадан тыс ауытқулары пайда болғанда;

● Кейін аварияға, өртке немесе атқылауға әкелетін, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзғанда;

● Сыртқы бақылау органдарының талаптарына бойынша;

● Еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 60 тәуліктен, ал еңбек қауіпсіздігін жоғары дәрежеде болуын қажет ететін еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 30 тәуліктен асып кеткен жағдайда.

Қызметкерлерді жоспардан тыс инструктажбен, оны өткізу мұқтаждығын айқындайтын себептер мен жағдайларға байланысты көлемі анықталатын бір мамандық шеңберінде жекелеп немесе топтап алып таныстырады. Инструктаж беруші мен инструктаж алушының қолы арқылы жүзеге асатын бастапқы қайталамалы, жоспардан тыс инструктажбен танысқаны туралы, сондай-ақ жұмыс өтілі мен толық өзіндік жұмысты орындауға рұқсат етілгендігі туралы ақпаратты тәлім алушы міндетті түрде жұмыс орындағы инструктажды тіркеу журналында немесе жеке оқу үрдісінен өткенін растайтын карточкаға белгілейді. Мерзімдік жұмыстар мамандардың лауазымдық қызметтерінің есебі әдістемесіне сәйкес бейреттік инструктажды өткізуден басталады.

Егістіктерді зерттеу барысында қатаң қауіпсіздік шараларын сақтайды, яғни арнайы маманданған киім мен температура режимін сақтау, міндетті түрде арнайы құралдармен (скальпель, энтомологиялық инелер және т.б.) ғана жұмыс істеу. Өсімдік қорғаудағы мамандардың өзіндік қорғану құралдарына жұмыстың орындалу түріне байланысты ақ немесе қара халаттар, резеңке немесе мата қолғаптары, егістік жағдайында міндетті түрде бас орамал немесе тымақ болуы шарт. Арнайы маманданған киімдер құрамында хлоры бар арнайы ерітінділерде жуылады және өңделеді. Пестицидтермен технологиялық операцияларды орындауға тек өзіндік қорғану құралдары бар қызметкерлер ғана жіберіледі.

Барлық химиялық препараттар – биологиялық белсенді заттар болып табылады. Сондықтан олар тек қолдану объектілеріне ғана емес, сонымен бірге адам мен жануар және айналадағы бақа да тірі дүниеге айтарлықтай теріс әсер ететінін есімізде ұстауымыз хақ.

Пестицидтердің жұмыс ерітінділерін даярлау алаңдары міндетті түрде арнайы жабдықталған болуы тиіс. Ол алаңдардың көлемі жұмыс ерітінділерінің қалдықтарын жою мен зарарсыздандыру жұмыстарын қарастыратындай дәрежеде болуы шарт. Транспортты, ыдыстарды және өзіндік қорғану құралдарын өңдеу алаңдары бүкіл санитарлық нормаларға сәйкес келуі керек және оларды электр жүйелерінің астына орналастыруға қатаң тыйым салынады.

Пестицидтерді бүрку барысында монометр көрсеткішіне назар аударып, агрегаттың қозғалу жылдамдығын белгілейді. Пестицидтермен жұмыс істеп болған соң, механизмдерді арнайы алаңдарда удан тазалап, жуып шаяды. Пестицидтердің қолданылуы бар бүкіл жұмыстар арнайы журналдарда тіркеледі. Мұндай жұмыстарды орындау алаңдарында азық-түлікті, суды, фуражды және басқа да тұрмыстық заттарды сақтауға тыйым салынады. Сондай-ақ, пестицидтерді танапта немесе басқа жерлерде қараусыз қалдыруға болмайды.

ЖШС-ның әрбір ғимараты эвакуация жоспары мен жарамдылық мерзімі 5 жылдан аспайтын 1-2 ОХП-10 маркалы өртсөндіргіштермен жабдықталған. Сонымен бірге басқа да өртсөндіргіш құралдар қолданылады: қалақшалармен буып-түйілген құмы бар жәшіктер, ойғыштар, балталар, торларды кесуге арналған қайшылар және т.б. Шаруашылықтарда өндірістік травматизмнің болуы әзірше тіркелмеген. Себебі, бүкіл инструктаж түрлерімен таныстыру жұмыстары дер кезінде жүргізіліп, еңбек қорғау заңдары қатаң қадағаланып отырады.

Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігіне жүргізілген талдауларға сүйене отырып, келесі қорытындыны шығаруға болады:

● Шаруашылық азаматты жұмысқа немесе кәсіби-іс тәжірибеге қабылдаған кезде, инструктаждың барлық түрлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді;

● Шаруашылықта ЖШС-ның меншігіндегі асхана бар, бұл әлеуметтік-экономикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді;

● Гигиеналық шаралардың сақталуын қамтамасыз ететін жуғыш және зарарсыздандырғыш құралдар мен өзіндік қорғану құралдары бөлінеді;

● Шаруашылықтың барлық бөлімдері өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталған.

Қауiпсiз еңбек жағдайын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының үкiметiнiң тұрақты қамы болып табылады. Кемсiту, демалысқа, сонымен бiрге жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауға еңбектiң шарт құқығы, қауiпсiздiк және гигиенаның талаптарға тиiстiлерi, еңбек ақысын алуға қандай болмасын Қазақстан республикасының Конституциясына кепiлдiк берiледi. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Еңбек кодексiнен тұрады.

Жұмыс берушi Қазақстан республикасының Еңбек кодексiнiң 317-шi бабымен сәйкес мiндеттi профилактикалық шаралар жүргізу, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге, нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге, қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін жөндеуді қамтамасыз етуге, еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сəйкес оларды профилактикалық өңдеу, жуу жəне зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен жабдықтауға [55].

Еңбекті кодексіне сәйкес еңбек қауіпсіздігінің жағдайы дегеніміз – бұл жұмысшының еңбектегі міндеттерін атқарудағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына еңбек үдерісі мен өндірістік ортаның сәйкестігі.

Кодекстің 72 бабының 5-бөлімінде көрсетілгендей қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға өтiнiмнiң және хабарлау декларациясының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Еңбекті қорғау бұл еңбек процесіндегі заң актілері жүйесін әлеуметтік, экономикалық және емдеу, алдын алу шараларын ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық шаралар және адамның жұмыс істеу қабілеті мен денсаулығын сақтауды, қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын оқытатын пән.

Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибелердің жеткіліксіздігі нәтижесінде ауылшаруашылық азаймай отырғандығын есепке ала отырып, оның алдын-алу шаралары үшін болашақ агрономдарды сапалы даярлауда «Еңбекті қорғау» курсының атқаратын рөлінің маңызы зор.

Олардың «Еңбекті қорғау» саласындағы білімі алдын-алу шараларының стратегиясы мен тактикасына, яғни әлеуметтік экономиканың мәселелерді шешумен тығыз байланысты өндірістен жарақат алудың дәрежесіне әсер етеді. Сонымен бізге оқу шаруашылығына қажетті шығаратын техниканың қауіпсіздігі және беріктігін арттыру, тіршілікке зияндығын тигізетін гербицидтердің орнын алмастыратын, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіз өндірістік технологиясын табу керек. Организмге аз мөлшерде енген химиялық заттардың ірі өндірістік у қатарына жатқызылып, тіршілік әрекетінің қалыптылығының бұзылуына әкеледі. Оларды қате пайдалану немесе сауатсыз айналысу олармен жұмыс істеушілермен қатар, басқа адамдарға, қоршаған ортаға, жануарларға, топыраққа, суға, ауаға орасан залал келтіреді [53].

Периодтық қауіпсіздік ережелерін сақтау инструктажы. Ауыл шаруашылығында периодтық инструктаж көктемгі егін егу кезінде және егін жинау уақытында өткізіледі.

Шаруашылыққа жаңадан жұмысқа орналасқан жұмысшыларға техникалық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі нұсқаларын шаруашылықтың бас маманы жүргізіп, жұмыс ережесімен машина немесе басқа техникалармен жұмыс істеудегі қауіпсіздікті, өрт шыққан жағдайда атқарылатын шаралармен таныстырылады.

Ал негізгі жұмыс орнында шеберхана меңгерушісі механик пен бригадир қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырады. Бұл нұсқау жұмыс ауыстыратын жұмысшылармен де жүргізілуі тиіс. Алты айда бір рет шаруашылық мамандары мен жұмысшылары техникалық қауіпсіздік сақтау нұсқауын өтуі керек. Егіншілік саласында жұмыс істейтін жұмысшылар көктемгі және күзгі науқан алдында да техникалық қауіпсіздікті сақтау нұсқауын өтеді.

Техникалық қауіпсіздікті сақтау нұсқауын өткен мамандармен жұмысшылар арнаулы дәптерге тізімге алынады. Техникалық қауіпсіздікті сақтау нұсқауын өтпеген мамандар мен жұмысшылар арнаулы жұмыс атқаруға рұқсат алмайды. Шаруашылықта техникалық қауіпсіздік сақтау ережесі, арнаулы әдебиеттер мен нұсқаулары бар бөлме болуы тиіс. Шаруашылықта әр бригадасына техникалық қауіпсіздік сақтау бұрышы болуы тиіс.

Шаруашылықта еңбек қорғау шараларына жыл сайын қаржы бөлініп отырады. Егістік танапта егін егуге дайындау барысында жүргізілетін жұмыстарға қысқаша тоқталсақ, ең алдымен танаптан қалың шөп қалдықтарын, тастарды тазалап тегіс емес ойпаң жерлерді тегістейміз. Жұмыс барысында танаптағы техникалар жүретін бұрылыс жолдарды жөндеп, тегіс емес жерлерге бақылау жүйесін жүргіземіз. Танап бөлшектері мен жұмыс операциялары жүретін жерлерге қатынайтын жолдар ашық болуы керек. Сынаудан өткізіліп, техника қауіпсіздігі талаптарына сай болуы керек. Жүргізуші маман техника қауіпсіздік ережесі мен толық таныс болғанда жұмысқа жіберіледі.

Жүріп келе жатқан немесе қозғалыстағы агрегатқа жақындауға, жөндеуге, реттеуге және тиіс емес жерлерге тоқтауға тиым салынады. Танапта атқарылатын, жер жырту, қопсыту, тегістеу, арамшөптерден тазалау, тырмалау, топырақты тығыздау, тыңайтқышты енгізу, тұқымды себер алдындағы дайындық жұмыстарды жүргізу, себу, отырғызу, түптеу, суару жұмыстары – өсімдік шаруашылығы өнімдерін өсіріп өндірудегі техника қауіпсіздік ережесіне сай жүргізілуі тиіс, сондай-ақ тұқымды себер алдындағы дайындық, өңдеу жұмыстарында дәрімен өңдеген тұқымды себетін барлық жұмыскерлер техника қауіпсіздік ережесімен таныстырылады.

Ауылшаруашылығындағы, ауылшаруашылық машиналарының жағдайы, олардың қондырғыларын пайдалану тәртібі белгілері ережеге, яғни МЕСТ-12 2019-86; МЕСТ-12 200374; МЕСТ-12 2042-79 сәйкес болуы керек.

Тіркелінген тракторлар кележатқан арнайы сигналдар беріледі. Шөбі қалың жолдарымен жүруге болмайды. Сондай-ақ жұмыс процесі жүріп жатқанда тракторларға жақын емес агрегат астында тұруға болмайды. Ауылшаруашылық машиналары қозғалыс үстінде агрегат үстінде жүру қауіпті.

Трактор тар бұрылыстарда, тегіс емес, ел бар жерлерде өте төмен жылдамдықпен қозғалу қажет. Жұмыскерлерге арнайы демалу орындары бөлініп, олар танапқа жақын, жарық, таза, техникалық қауіпсіздік шараларына сай болуы қажет. Егіс алқабын тазарту өте ұқыптылықпен орындалуы қажет. Танапта ағаш кездесетін болса кесіп тастау керек.

Ол жерлерге электр қондырғыларын құру тәртібі қосылуы, жөндеу, сақтау тәртібі жөнінде ережелер енгізілген:

· жұмысқа жіберілген машина сынаудан толықө ткізіліп, арнайы ант құжатқа тіркеледі;

· агрегаттардың бөлшектерін ауыстыруды жөндеуді машина толық тоқтаған кезде жүргізу қажет;

· ауылшаруашлығы машиналарын тракторларға тіркегенде, шығарған заводтың арнайы талаптары мен тіркелуі қажет;

· ауылшаруашылығы машиналарында міндетті түрде медициналық аптека, термос, өрт сөндіргіш құралдары болуы тиіс;

· тыңайтқыш, дәрі-дәрмек пен жұмыс жасағанда, олардың машинаның бөліктерінен шашылып немесе түсіп кетпеуін қадағалап, қақпақтардың тығыз екендігіне сенсең де, қосымша тексеру қажет.

Мемелекеттің тұрақты қамқорлығы еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіздігін көтеру. Еңбек қауіпсіздік атауы және негізгі түсінік анықтамасы еңбек жағдайында. Одан өндірістік қауіпті және зиянды жағыдайлардың, жұмыс үстінде қауіпті әрекетінен қорғау танаптары. Өндірістік қауіпті жайт, өндіріс жетістіктерінің әрекеті жұмыс кезінде зақымдылыққа келтіреді. Өндіріс үрдісінде қауіпсіздікті белгіленген уақыт бөліп тиісті ағымда қорғауға қауіпсіз жағыдайын жұмысын қорғау құралдары қорғайды, өндірістік зиянды және қауіпті жағдайлардың әрекетін төмендету немесе жою үшін қолданылатын амал. Ұйымдастыру жүйесі және техникалық шаралары және құралдары қауіпсіздік техникасы жатады. Өндіріс санитариясын ұйымдастыру, тазалық және санитарлы-техникалық құралдар мен шаралары өндірістегі зиянды жағдайлар әрекеті болдырмайды.

Заң шығару акт жүйесін және оларға әлемдік экономикалық, техникалық, тазалық және ұйымдастыру шаралары еңбек үрдісіндегі жұмыс қабілеті адамдардың денсаулығын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуі еңбек қорғаушыға жатады. Өндірістегі қауіпті жағдайлардың жұмыс орындауға әсері өндірістік жазатайым оқиға жатады. Жұмыс орындаушыға еңбек жағыдайының қауіпті әрекетінен ауруға шалдығуын өндіріс жарақаты деп саналады. Өндірістік зақымдану жиынтығын сипатайтын құбылыс өндірістегі зақымдануға жатады. Кәсіби сырқаттардың жиынтығын сипаттайтын құбылысты кәсіби сырқат дейміз. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесіне мемлекеттік стандарттан енеді.

Ол өндірістегі зиянды жағдайлардың қауіпті әсерін төмендетуге бағытталып өндіріс жабдықтарын қауіпсіздендіру және жұмыс орындаушыларды өндіріс үрдісіне тиімді құралын жасау. Қауіпсіздендірудің жалпы танабы. МЕСТ 12740726-90 СОБЖ. Хабарлау түсі мен белгілері. Мемлекеттік стандартты қауіпсіздіктің басты танабы мәлімделеді. Тараулар стандарттарына өндірістің өзіне тән ерекшеліктеріне қарай ерекшеліктеріне қарай дайындалады. Оқ құралдар, диогромалық плакаттар, арнайы әдебиеттер мендио фильмдермен т.б құралдармен толықтырылады.

Ауыл шаруашылық машиналарда істейтіндер тек арнайы білімді және 18 жасқа толған адамдар 32 сағат көлемінде қауіпсіздендіру техникасымен бағдарлама оқиды. Олар қауіпсіздендіру техникасын арнайы нұсқау алып әрбір мезанизаторлар журналға қол қояды. Шаруашылықтың егіншілігі жоғары механикаландырылған журналға қол қояды. Шаруашылықтың егіншілігі жоғары механикаландырылған барлық агротехникалық және егістік жұмыстары механикаландырылған тәсілдермен орындалады.

Қондырмалардың басшысы ретінде жұмысшы қауіпсіздендіру техникасының қоятын танабын біліп, әрі орындауға міндетті. Әрі қондырмашы мүшелерінен соны талап етеді. Жұмышылар дұрыс жөндеген техникаларда жұмыс істейді, ақауы бар техникаға ешкімде жұмыс орындауға бұйрық бере алмайды. Қондырмаға жұмыс орындауға рұқсат берерде ауыл шаруашылық машиналары құрал саймандардың техникалық жағдайын тексеріп, кемістіктерін дұрыстайды. Мұндай машиналарды басқаруға 18 жасқа толған мамандығы дайындалған қауіпсіздендіру техника ережесі нұсқауларын меңгеруі тапсырылады, жас өспірімдер 16 дан 17 жасқа жеткендерді ауыл шаруашылық мамандары және құрал саймандарды күндіз 15–тен 16 жасқа дейін жетісіне 12 сағат, 16–дан 18 жасқа толғандар жетісіне 36 сағат жұмыс істейді. Курстық-зерттеу, жұмысқа жаңадан алғандарға кіріспесін жүргізеді. Шаруашылықта осы талаптардың тиісті жауаптары орындалып бақыланады. Трактор тар бұрылыстарда, тегіс емес, ел бар жерлерде өте төмен жылдамдықпен қозғалуы қажет. Жұмысерлерге арнайы демалу орындары бөлініп олар танапқа жақын, жарық, таза техникалық қауіпсіздік шараларына сай болуы қажет. Егіс алқабын тазарту өте ұқыптылықпен орындалуы тиіс. Танапта ағаш кездесетін болса кесіп тастау керек.

Ол жерде электр қондырғыларын құру тәртібі қосылуы, жөндеу сақтау тәртібі жөнінде ережелер енгізілген:

· жұмысқа жіберілген машина сынаудан толық өткізіліп, арнайы акт құжатқа тіркеледі;

· агрегаттардың бөлшектерін ауыстыруды, жөндеуді машина толық тоқтаған кезде жүргізу керек;

· ауыл шаруашылығындағы машиналарында тракторға тіркелгенде, шығарған заводтың арнайы талаптарымен тіркелуі қажет;

· ауыл шаруашылығындағы машиналарда міндетті түрде медициналық аптека, термос, өрт сөндіргіш құралдары болуы тиіс.

Тыңайтқыш дәрі- дәрмекпен жұмыс жасағанда, олардың машинаның бөліктерінен шашылып немесе түсіп кетпеуін қадағалап, қақпақтарының тығыз екендігіне сенсең де қосымша тексеру қажет.

Тырмалаудағы өндірістік қауіптер (тырма тістері, тіркеме құралы) зиянды өндіріс (шаң, шу).

Улы химикаттарды қолданудан өндірістік қауіптер (улы химикаттың) магистралды өтуін тығыздайтын төсеніш болуы керек (зиянды өндіріс, бу, газ, шу).

Минералды тыңайтқыштарды тасудағы өндірістік қауіптер (механизмнің айналуы) зиянды өндіріс (шаң шу).

Тұқым себудегі өндірістік қауіптер (беріліс механизмдері, сепкіш механизмдері), зиянды өндіріс (шаң, шу). Орын жинаудағы өндірістік қауіптер (механизмдердің айналысуы, кескіш аспап, комбайн, беріліс механизмдері) зиянды өндіріс (шаң, шу).

Барлық агротехникамыздағы шараларды орындағанда негізгі зияндылықтар: шаң, шу және метеорологиялық жағдайлар [53].

Өндірістегі санитарлық-гигиеналық жағдайлар. Өндірістік санитария – бұл жұмысшыларға өндірістік факторлардың әсерінің алдын алатын ұйымдық, гигиеналық, санитарлық-техникалық шаралар жүйесі. Өндірістік санитарияда басты назар өндірістік зиянды әсерлерден адамдарды қорға ауа арқылы берілетін қауіптерден қорғау шараларына аударылады.

Ауа арқылы берілетін қауіп-қатерлерге шаң, газ, бу, шу, ультрадыбыс, жұмыс орнының жеткіліксіз немесе шамадан тыс ашық жарықтануы, электромагниттік, инфроқызыл немесе ультра күлгін және т.б сәулелердің түсуі жатады.

Өндіріс орындары ережеге сәйкес, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлерге салынады. Өндіріс орындарын сумен қамтамасыз ету көздеріне жақын жерге, су алып кету қаупі бар жерлерге орналастыруға тиым салынады. Ауыл шаруашылығында көптеген жұмыстар ашық ауада жүргізілетіндіктен, жұмысшылардың денсаулығы және еңбегін қорғау метеорологиялық жағдайларға: ауа температурасының жоғары немесе төмен болуына, желдің, жауын-шашынның, қардың, күн радиациясының болуына байланысты. Түтін, улы, газ, шаң, шу көзі болатын өндіріс орындарын таза аймаққа жел бағытына қарсы орналастырады және осы санитарлық қорғау аймағынан бөледі.

Зиянды заттар мен шулы жұмыс орындары осы ғимаратта орналасқан басқа жұмыс орындарынан алшақ болуы тиіс. 200 м алыс емес жерде табиғи жарығы бар демалыс орнын орналастыру керек.

Өндірістік санитарияның мақсаты – өндіріс зиянының шекті концентрациясының енгізілуіне байланысты жұмыс күшіне сау және қауіпсіз жағдайлар жасау болып табылады. Сондай-ақ өндірістік санитарлық жағдайлардың бірі ауа ортасын таза ұстау болып табылады. Зиянды заттар жұмыс аймағының ауасын көптеген ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізгенде ластайды. Механизаторлардың жұмыс аймағының ауасында шаң, қозғалтқыштан шығатын жаман газ, мұнай өнімдерінің газы, улы химикаттар немесе тыңайтқыштардың бу және аэрозоль күйіндегі түрі болуы мүмкін. Олар белгілі қабалданған шекті мөлшерде болуы керек.

Сонымен қатар, өндіріс орындарында шаңның болуы және олардан қорғау, алдын-ала жұмыстары жүргізіледі. Ондай шаңдар әр түрлі дақылдарды комбайндармен жинағанда, тұқымдарды тазалағанда, топырақты өңдегенде, мал азықтық шөптерді дайындағанда пайда болады. Шаңның көп мөлшерде болатын аймақтарында шаңның шекті рұқсат мөлшерінен асып кетсе міндетті түрде жеке қорғану шараларын қолдану керек, яғни арнайы киім, көзілдірік және респиратор болуы тиіс. Өндірістік улы заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы, асқазан-ішек жолдары арқылы тіпті сау теріден сіңіріледі. Улы заттардың кішкене мөлшерінің ұзақ әсер етуі адамдарды сақталмалы улануға әкеп соқтырады.

Жұмыскерлерге әсер ету дәрежесі бойынша арнаулы тұрмыстық бөлмелер мен құралдардың саны мен құрамы өндірістегі санитарлық мінездемелердің негізінде төрт топқа бөлінеді:

1 – топқа қалыпты метеорологиялық жағдайлар мен зиянды ауа мен шаңдары жоқ өндірістік процестер жатады.

2 – топқа қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, сонымен бірге шаңның пайда болуы мен жұмыскерлердің физикалық күш түсетін өндірістік процестер жатады.

3 – топқа зиянды факторлардың шұғыл көрінетін процестері жатады.

4 – топқа ерекше режимді қажет ететін өнімнің мапалы болуын қамтамасыз ететін процестерді жатқызылады.

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері. Шаруашылық басына барған кезде, бір жер учаскесінен басқа жер участікке ауыстырған кезде немесе жұмыс істеу жағдайы ауысқан кезде, жұмысшы арнайы жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелерімен таныс болуы тиіс.

Қауіпсіздік ережелерін белгілеген жер учаскесінде участок жетекшілері өткізеді.

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері кіріспе қауіпсіздік ережелерінің жалғасы болып келеді және ол келесі бөлімдерден тұрады:

· белгіленген учаскінің техникалық процестерімен танысу;

· жұмыс орнының дұрыс ұйымдасуын талап ету;

· электрқұрылғылармен абай болу;

· улы химикаттармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау;

Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерімен танысқаннан кейін, арнайы «Қауіпсіздік ережелерімен танысқаны» туралы журналға қол қойылады. Бұл журнал белгіленген әрбір учаскенің жетекшісінде болады, онымен әр жұмысшы міндетті түрде танысуы керек.

Шудың, дірілдің болуы психологиялық шаршауды тездетеді және адамдардың қате әрекеттерге бару қаупін туғызады, ізінше жарақат алу немесе апаттық жағдайлар тууына әкеліп соғады. Сондықтан әкімшілік еңбек және демалыс режимдерін қатаң сақтау қажет. Қалыпты жұмыс аптасы 41 сағат, ал 15-16 жастағыларға – 24 сағат, 16-18 жастағыларға – 36 сағатқа қойылады.

Жұмыс істер алдында жұмыс орнында арнайы киім, қолғап, бас киім кию керек. Құрал-жабдықтарды қолдануда, пайдалануда микро климаттың ауытқуына байланысты, атмосфералық әрекеттердің әсерінен, микроорганизмдердің әсерінен қауіп төнбеуі қажет. Өндірістік құрал-жабдықтар өрт және жарылғыш қауіптеріне қауіпсіз болуы керек. Қолданылатын жадығаттар зиянсыз және қауіпсіз болуы қажет [54,55].

Өрт қауіпсіздігі. Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес, өрт қызметін тікелей басқару Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне жүктелген. Министрлік өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік өкілеттілігі бар, Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады. Оның ведомствалық қарасты органдары бар. Ол өрт саласында мемлекеттік бірыңғай саясатты және ведомстволық мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, сала аралақ үйлестіру жұмыстарын жүргізеді.

Шаруашылық жүргізуші нысандардың өрт қауіпсіздігі МЕСТ 12.1.004-91 Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар мемлекеттік стандартымен, сондай-ақ жекелеген нысандардағы өрт қауіпсіздігінің ережелерімен, құрылыстық нормалармен реттеледі.

Шаруашылық және тұрғын үй қорындағы нысандарда өрт шығуының алдын алу, олардан келетін материалдық шығындарды азайту, шаруашылықтың жаңа түрлерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі туралы 2001 жылғы 19 наурыздағы заңын орындау мақсатында бақылау және қадағалау қызметтерін іске асыруда, Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық бекітілді.

Өрт болдырмау мақсатында келесі шаралар қарастырылады:

а) жанған ортаның болдырмауын;

б) жанған ортада жану көздерін немесе олардың онда келтірілуін болдырмау;

в) жану бойынша ең үлкен шектен төмен жану ортасының қысымын және температурасын қолдау;

г) жану бойынша ең үлкен шектен төмен жану ортасының қысымын және температурасын азайту;

Өрт қорғаныс жүйелері келесі шараларды қарастырады:

· өндірістік процестерде жанбайтын немесе жануы қиын заттар мен материалдарды мүмкіндігінше мол пайдалану;

· жанғыш заттар санын шектеу және оларды лайықты түрде орналастыру;

· жанғыш ортаны оқшалау;

· жану ошағы шегінен өрттің таралуын болдырмау;

· өрт сөндіру құралдарын қолдану;

· өндірістік нысандарда құрылымдарды олардың отқа төзімділігі және жану шегіне сәйкес қолдану;

· өрт жағдайында адамдарды көшіру;

· оттан ұжымдық және дербес қорғаныс құралдарын қолдану;

· өрт туралы хабарлау және өрт сигналдары құралдарын қолдану;

· нысанның өрт күзетін ұйымдастыру.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық шаралар жұмысшылар мен қызметкерлерді өрт қауіпсіздік ережелерін оқыту, өрт қауіпті заттармен және материалдармен жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулар, өрт қауіпсіздігі туралы ережелер әзірлеу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көрнекі үгіт құралдарын қолдану болып табылады [56].

Қорыта келгенде адамдардың денсаулығын сақтау қазіргі кездегі негізгі мәселелердің бірі. Соңғы жылдары республика өндірісінде жыл сайын үш мыңнан астам жазатайым оқиғалар орын алады. Соның салдарынан 300-350 адам қаза табады, мындаған азамат әр түрлі аурулардан зардап шегеді.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Еліміздің кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен санитарлық-сауықтыру іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады. Өндірістік жарақаттану деңгейі төмендеп келеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных