Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зерттеу жұмысы болған институт жағдайы




Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазККШҒЗИ) негізі 1946 ж. құрылған.

ҚазККШҒЗИ республикадағы картоп, көкөніс және бақша дақылдарын зерттеу жұмыстарымен айналысатын республикалық ғылыми орталық және осы салалар бойынша еліміздегі 15 ғылыми мекеменің қызметін үйлестіріп отыр.

Институттың гендік қорында бүгінгі күні картоптың 35 елден алынған 1700 дана, көкөніс-бақша дақылдарының 97 елден алынған 10400 дана сорт үлгілері сақталуда. Селекциялық бағдарламада картоп, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, қызанақ, капуста, қияр, тәтті және ащы бұрыш, сәбіз, асханалық қызылша, қауын, қарбыз, аскөк, тағы да басқа дақылдар қамтылған.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізбесіне институт ғалымдары шығарған картоп және көкөніс дақылдарының 108 сорты мен буданы енген. Оның ішінде 33 картоп сорты: Астана, Ақсор, Ақкөл, Ауыл, Альянс, Бірлік, Бора Валлей, Жанайсан, Жуалы, Жолбарыс, Карасайский, Қоғалы, Кокшетауский ранний, Максим, Мирас, Нартау, Нұр-Әлем, Нәрлі, Орбита, Памяти Боброва, София, Тамаша, Тамыр, Тандем, Теңіз, Тоқтар, Текес, Тобол, Удовицкий, Ұлан, Ұшқоңыр, Шортан­динский, Шағалалы; 75 көкөніс-бақша сорты: 11 – басты пияз сорты: Августин, Арай, Игілік, Мереке, Октябрьский, Табыс, Сокол, Талисман, Дар Кайнара, Шенгельдинский, Акниет; 2 – шалот пиязы сорты: Кайнарский, Водолей; 3 – сарымсақ сорты: Арман, Заилийский, Ники; 10 – ашық танапта өсірілетін қызанақ сорты: Заря Востока, Лучезарный, Меруерт, Нарттай, Пламя, Рассвет, Самаладай, Сюрприз, Лидер, Уміт; 8 – жабық жайда өсірілетін қызанақ сорты: Алуа F1, Жалын, Диас, Нурай F1, Сәнді, Дәмді, Золотая бусинка, Солнечная жемчужина; 6 - қияр сорты: Азат,Крепыш F1, Медеу, Шілде, Өркен, Мейрам 20; 3 – асқабақ сорты: Мозолеевская 10, Карина, Афродита; 2 – кәді сорты: Геракл, Злато; 2 –сәбіз сорты: Алау, Дербес; 1 – асқаналық қызылша сорты: Қызылқоңыр; 3 – тәтті бұрыш сорты: Қаз-Тай, Баян-Сұлу, Қозы-Көрпеш; 2 – ащы бұрыш сорты: Пикант, Ерекше; 1 – қырыққабат сорты – Надюша; 8 – қарбыз сорты: Асар, Жетыген, Каргалинец, Красносемянник, Междуреченский, Медок Семипалатинский, Стоксик Семипалатинский, Семей; 9 – қауын сорты: Алена, Алтыночка, Илийская, Майская, Прима, Таисия, Шұғыла, Шекер, Чемпионка; 1 – аскөк сорты: Каскеленский; 1 – шалғам сорты: Дунганский 12/8, 1 - бұршақ сорты: Ассоль; 1 – маш сорты: Інжу; 1 - соя сорты; Жасыл Дән.

Институттың тұқымдық танаптарында жыл сайын барлық аудандастырылған картоп сорттарының 700-1000 т тұқымы, көкөніс және бақша дақылдары сорттарының 1700-2000 кг бастапқы, суперэлиталық және элиталық тұқымы өсіріледі.

Элиталық картоп өсірудің биотехнологиялық әдісі; картопты генеративік тұқымдармен көбейту әдісі; көкөніс-бақша дақылдарының бастапқы, элиталық және сорттық тұқымын өндіру технологиясы; картоп және көкөніс дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясы; топырақ өндеудің, тыңайтқыштарды енгізудің және өсімдік қорғаудың жетілдірілген технологиясы; дәстүрлі және қысқа ротациялы ауыспалы егістіктер; картоп өнімін контейнерлік әдіспен жинау, сақтау және өнімнің сақталуын биохимиялық көрсеткіштер негізінде болжау тәсілдері тағы басқа көптеген жетілдірілген технологиялар институт ғалымдарының көп жылдық ғылыми еңбектерінің нәтижелері болып табылады.

Институт шетелдік жетекші ғылыми мекемелермен және халықаралық орталықтармен тығыз байланыста. Олардың ішінде Ресей, Украина, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қытай мемлекеттерінің ғылыми мекемелерімен қатар Халықаралық ғылыми орталықтар бар – Халықаралық Картоп Орталығы (CIP), Дүниежүзілік Көкөніс Орталығы (AVRDC-WVC), Қуаң Аймақтардағы Ауылшаруашылық Зерттеулердің Халықаралық Орталығы (ICARDA), АҚШ-тың Университеттері және т. б. Қауымдасудың нәтижесінде институт ғалымдыры Халықаралық Картоп Орталығымен бірлесіп картоптың Альянс, Мирас және Ұшқоңыр сорттарын, Дүниежүзілік Көкөніс Орталығымен бірлесіп тәтті бұрыштың Қаз-Тай, Баян-Сұлу және Красное чудо сорттарын, ащы бұрыштың Пикант және Ерекше сорттарын, маштың Жасыл Дән сортын, сояның Іжу, райханның Балғын сортын шығарып өндіріске ұсынды.

Институттың 10 ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімдері мен зертханаларында 163 қызметкер жұмыс атқарады оның ішінде 6 ғылым докторы және 16 ғылым кандидаты бар.

Институт ғалымдарының ғылыми еңбектерінің нәтижелері 100-ден астам кітаптар мен ғылыми жинақтарда, 150-ден астам кітапшалар мен нұсқауларда жарық көрген. Мерзімді басылымдарда, әртүрлі халықаралық және республикалық симпозиумдар мен конференциялар жинақтары мен материалдарында институт ғалымдарының еңбектері басылған. Кітапхананың басылымдық қоры 72 мың дананы құрайды.

Институт қызметкерлері 300-ден артық авторлық куәлік пен патентке ие.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных