Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ызанақ сорттарының ерекшеліктері мен сапалық көрсеткіштері.




Сорт (француздың sorte сөзінен алынған) дегенімізөзі тектес басқа өсімдіктерден бірқатар сандық және сапалық қасиеттерімен ерекшеленетін белгілі ботаникалық таксондарды сұрыптауының нәтижесінде алынған өсімдіктер тобы. Гибрид (латынның hybrid сөзінен алынған) әр түрлі тіршілік формаларының генетикалық қасиеттерін будандастыру арқылы алынған ағза немесе жасуша.

Қызанақ әлемі жыл сайын сан түрлерімен толығып келеді. Алдыңғы қатарға ең жылдам пісетіндері, аурулармен зиянкестерге төзімді түрлері,нағыз десерттік дәмімен ерекшеленетін сорттары мен гибридтері шығуда. Оларға мысал ретінде мыналарды келтіруге болады:

Мечта(Г-206) гибридіҚазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Шығару әдістемесі - сорт жыныстық будандастыру әдісімен ары қарайғы жемістерінің өнімділігі, ірі жемістілігі, дәмдік сапасы, негізгі ауруларға төзімділігі бойынша іріктеу арқылы алынған. Өсімдігі детерминантты типте, жартылай жайылмалы, орташа жапырақтанған, негізгі өркенінің биіктігі 45-55 см. Жапырағы аралық, орташа мөлшерде, ашық-жасыл түсті, аздап кеңірдектенген. Гүлшоғыры қарапайым, құрылымы бос. Гүлшоғыры 5-6 жапырақтың үстінен, кейінгілері 1-2 жапырақтан кейін салынады. Жемістері дөңгелек, жалпақша-дөңгелек, салмағы орташа есеппен алғанда 140-160 г. Орташа мерзімде пісетін сорт, өскіннің шығуынан жемістің пісуіне дейін 114-118 күн қажет. Өнімділігі 56-63 т/га. Жемістері жарылуға төзімді, салатты бағытта өсіріледі. Құрғақ заттар мөлшері-5,8-6,6%, қанттар-2,88-3,02%. Дегустациялық бағасы - 4,4 балл. Мемлекеттік сортсынақта. Авторлары - Курганская Н.В., Брюзгина В.В., Нурбаева Э.А.

Янтарь (Г-555) гибридініңшығу тегіҚазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу иниституты. Сорт шетелдік селекция сорттарының табиғи шатыс мутантты түрлерін іріктеу арқылы алынған. Детерминантты түрдегі өсімдік, жартылай жайылыңқы орташа жапырақты, бас сабақтың биіктігі 45-55 см. Жапырағы кәдімгі орташа көлемді, жасыл, орташа қыртысты. Гүл шоғыры қарапайым және аралықты, құрлымы бос. Гүл шоғыры 6-7 жапырақ үстінен қалыптасады одан кейінгілері әр1-2 жапырақ сайын жемістері. Жемістері алхоры тәріздес немесе алхоры-алмұрт тәріздес. Жемісінің түсі-қызғылт, салмағы-105-115г. Орташа мерзімде пісетін сорт, 110-118 күн. Өнімділігі-56,2-60,1 т/га. Құрғақ заттар мөлшері -6,2-6,4% қанттар- 2,96-3,32%.Дегустациялық бағасы - 4,2 бал. Тұтас жемісімен консервілеуге және өңдеуге жарамды. Мемлекеттік сортсынақта [8].

Сюрприз сортыҚазақ картоп жәнекөкөніс шаруашылығы ғылыми- зерттеу иниститутында шығарылған. Жыныстық будандастыру, ары қарай өнімділігі ірі жемістілігі және жемістерінің дәмділік сапасы бойынша іріктеп алу әдісімен алынған сорт болып табылады. Өсімдігідетерминантты түрде, жартылай жиылыңқы, сабақтарының биіктігі 55-70см. Жапырағы кәдімгі орташа көлемді жабық жасыл, орташақыртысты. Гүлшоғыры аралықты, 8-9 жапырақ үстінен қалыптасады. Жемістері домалақ және жалпақ домалақ, түп жағы аздап қырлы болып келеді, салмағы орташа алғанда135-145г. Сорт орташадан кеш піседі, көктеуден жемісінің пісуіне дейін 116-125күн кетеді. Өнімділігі 55-60 т/га. Жемістері шытынауға төзімді, салат ретінде балғын кезінде жақсы пайдаланылады. Құрғақ заттар мөлшері 5,68-6,64%, қанттар -2,75-3,10%, Дегуетациялық бағасы 4,5балл. Тұтас жемісімен консервілеуге және қайта өңдеуге жарамды.

Лидер Қазақ картоп жәнекөкөніс шаруашылығы ғылыми- зерттеу иниститутында сорт жыныстық будандастыру, ары қарай өнімділігі мен дәмділік сапасына сай таңдалу әдісімен аланған сортболып табылады. Детерминатты түрдегі өсімдік жартылай жайылып өсетін өсімдік, қатты жапырақтанған, басты сабақтың биіктігі 50-60 см. Жапырағы ірі, жасыл, орташақыртысты. Гүлшоғыр 7-8 жапырақтың үстінен қалыптасады.Жемістерінің пішіні алхоры тәріздес, түсі қызыл, салмағы 95-115г. Сорт орташа мерзімде піседі (115-120 күн). Өнімділігі 62,5-70,5 т/га, 95,5% жемістері жарылып кетуге төзімді, әмбебап қолданылады құрғақ заттар мөлшері 5,8-7,2% қанттар 0,06- 3,06%. Дегустациялық бағасы-4,3 балл. Тұтас жәшігімен консервілеуге және өңдеуге жарамды. Мемлекеттік сортсынақ нәтижесі бойынша жаңа сорт ретінде пайдалануға рұқсат етілген.

Таншолпан (Г-250) гибридіортадан ерте піседі. Вегетациялық кезеңі 101-105 күнді құрайды. Өнімділігі - 45,-52,8т/га, тауарлы өнім - 44,1-51,5т/га, жемістерінің салмағы 80-85г, дегустациялық бағасы 4,4-4,5 балл. Жемістердегі құрғақ заттар мөлшері 6,2-6,5%, жалпы қанттар - 3,2-3,4%. Құрғақшылыққа төзімді, жоғары температураларда да жеміс сала береді. Қызанақтың ауруларына төзімді. Сорт жыныстық будандастыру, ары қарай өнімділігі, жемістерінің дәмділік сапасы және ерте пісушілігі бойынша іріктеп алу әдісімен шығарылған. Будан балғын күйінде пайдалануға және қайта өңдеуге арналған. Буданның авторлары: Курганская Н.В., Брюзгина В.В., Нурбаева Э.А., Айтбаев Т.Е.

Рассвет сортысорт жыныстық будандастыру әдісімен ары қарайғы өнімділік, сапа және ірі жемістілігі бойынша іріктеу арқылы Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында алынған. Өсімдігі детерминантты типте, жартылай жайылып өседі, өсімдіктің биіктігі 55-65 см. Жапырағы қарапайым, орташа мөлшерде, ашық-жасыл түсті. Гүлшоғыры 8-9 жапырақтың үстінен салынады. Жемістерінің пішіні шие тәрізді және шие тәрізді сопақша, салмағы 115-125 г.105-115 күнде орташа мерзімде пісетін сорт. Өнімділігі 60-65 т/га. Жемістері жарылуға төзімді, піскеннен кейін өсімдікте 14-15 күн бойы үзілмей тұра алады. Құрғақ заттар мөлшері 6,0-6,5%, қанттар-3,0-3,5%. Дегустациялық бағасы 4,4 балл. Тұтас күйінде консервілеуге, қайта өңдеуге және алыс жерлерге тасымалдауға жарамды.Пайдалануға рұқсат етілген мерзімі - 2008 жылдан бастап.Авторлары - Курганская Н.В., Романова Л.И., Брюзгина В.В., Нурбаева Э.А.

Венера (Г-224) буданысорт жыныстық будандастыру әдісімен ары қарайғы өнімділік, ерте піскіштігі және дәмдік сапасы бойынша іріктеу арқылыҚазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында алынған. Өсімдігі детерминантты типте, жартылай жайылып өседі, күшті жапырақты, негізгі өркенінің биіктігі 45-50 см. Жапырағы қарапайым, ірі, қою-жасыл түсті. Гүлшоғыры 6-7 жапырақтың үстінен салынады. Жемістерінің пішіні дөңгелек және жалпақ-дөңгелек, салмағы 120-130 г. Сорт 102-106 күнде ортадан ерте мерзімде піседі. Өнімділігі 47-58 т/га. Тауарлылығы 96-98%. Құрғақ заттар мөлшері-6,0-6,5%, қанттар-3,1-3,3%. Дегустациялық бағасы 4,3 балл. Мемлекеттік сортсынақта. Авторлары - Курганская Н.В., Брюзгина В.В., Нурбаева Э.А.

Розанна буданы негізінен ірі көлемді болады, көп жағдайда 200 граммнан жоғары салмақты алқызыл түсті ерте жетілетін және тез бұзылмайтын жеміс түзеді. Гибрид ашық грунтқа сонымен қатар қорғалған жерде өсіруге ұсынылады. Тұқым себілгеннен жеміс жинауға дейін 100 күн уақыт қажет. Жемісінің дәмі өте жақсы балғын кезінде қолдануға жарамды, Сонымен қатар Розаннаны маринадтауға және тұздауға болады. Розанна буданы темекі теңбілі вирусына, альтернариозды жапырақ теңбілінесонымен қатар фузариозға төзімді. Алыс қашықтыққа тасымалдауға, ұзақ мерзімді сақтауға шыдамды.

Золотая россыпь бұл гибрид емес сорт, сондықтан осы жылы жиналған тұқымды келер жылы себуге болады.Бұл сорт ерте мерзімде піседі, көктеуден өнім жинауға дейін 90 күннен шамалы көп уақыт кетеді.Өнімі жоғары негізінен жылыжайда өсіруге ұсынылады. Бұл сорттың өсімдігі индетерминантты, екі және оданда жоғары өрлеп өседі, сирек жапырақты болғандықтан жемістерінің бірқалыпты дамуына жақсы әсер етеді.Алғашқы гүлдеуі сегізінші жапырақтан каейін басталады.Бұл өсімдіктің сабағы күрделі және әрқайсысы 20-25грамм болатын 30 шақты түйнек түзеді. Қызанақтың дәмі жақсы, салат жасауға таптырмайтын түр.

ШоколадкаF1, бұлай аталуы жай емес, жемістері шын мәнінде өте дәмді, ал гибридтің өзі мол өнім береді. Өнуінен жемісінің пісуіне дейін 115-120 күндей уақыт қажет. Аталған гибрид ашық грунтта және поликарбонатты жылыжайларда жақсы өседі. Өсімдігі 2 метрге жететіндіктен қалыптау мен байлауды қажет етеді. Бұтақтары қарапайым және айтарлықтай ұзын, әр қайсысында 10-12 түйнек түзеді. Жемісінің салмағы 40 грамм шамасында болады. Өнімділігі 1шаршы метрден 6,5 кг-ға жуық болады. Гибрид температураның ауытқуы мен қызанақтың негізгі ауруларына төзімді.Жаңа піскен кезінде пайдалануға және консервілеуге жарамды.

Классик гибриді 2006 жылдан бастап аудандастырыла бастады.Топырақ өңдеу жүйесі және өнімді қолдану формасы әмбебап, жемісі айрықша дәмімен ерекшеленеді. Қызанақтың мөлшері орташа, қызыл түсті, дәмі қышқылтым-тәтті. Жемісінің пішіні ұзынша цилинр тәрізді, сыртқы көрінісі Новичок сортының жемісіне ұқсас. Өсімдік формасы ұзынша, биіктігі 50-100 см шамасында. Ерте мерзімде пісетін гибрид, өсімдіктің өнуінен жемісінің пісіп жетілуіне дейін 85-100 күн қажет. Сортты негізгі өндіруші “Элком ceмена” компаниясы (1- сурет.).


 

Сурет 1. Қызанақтың Классик гибридінің өнімі.

 

Самоцвет изумрудный ерте пісетін сорт, өнуінен жемісінің жетіліп пісуіне дейін 95-105 күн қажет.Өсімдігінің биіктігі 2 метрден сәл жоғары индетерминантты типті.Бұтағында 15 шақты жеміс түзіледі, әр жемісінің салмағы 35-40граммдай болады.Жемісінің дәмі жақсы, гибрид әр түрлі ауруларға төзімді, тіптен ауаның жоғары ылғалдылығы жағдайында да жақсы жеміс байлайды.

Брикси жаңа піскен күйінде тағамға пайдалануға және томат пастасы үшін ашық топырақтарда горизонтальді түрде өсірілетін детерминантты сорт. Аудандастыруға 2004 жылы рұқсат берілді.Өте мықты өсімдігі домалақ пішінді, жылтыр, 2-3 камералы,жасыл дағы жоқ жеміс түзеді.Жемісінің орташа салмағы 80 грамм.Средний вес плода - 80г. Әр түрлі ауруларға төзімді.Жемісінде құрғақ зат мөлшері көп.

Заря Востока сортының өсіруге рұқсат етілген уақыты 2008 жыл. Салатқа пайдалануға өте жақсы дақыл болып табылады. Ерте мерзімде пісетін сорт болып табылады (85-95 күн). Өсімдігі детерминантты, бақшалық жағдайда өсіруге негізделген. Өсімдіктің биіктігі 50-100 см. Жапырағы ірі, қою жасыл түсті. Жемісінің формасы домалақша келген, өсімдікте орналасуы орташа тығыздықта. Толық піспеген жемісінің түсі ашық-жасыл, ал піскен жемісінің алқызыл түсті. Жемісі 4-6 камералы, 85 грамм, дәмі жақсы. Өнімділігі 1 шаршы метрден 3,5-4,0кг. Төбелік және тамыр шірігі ауруларына төзімді. Оригинаторы: МҰУ Дальневосточный ОҚКЗ АШҒЗИ.

Дар Заволжья сорты ашық грунтта өсіруге арналған, 1993 жылдан бастап өсіріліп келеді. Ортадан ерте пісетін сорт, өнімнің пісуі өскіннің шығуынан 103-109(101-110 күн) күн өткенде байқалады. Өсімдігі детерминантты, штамбтық емес, орташа бұтақты, орташа жапырақтанған биіктігі 50-70 см(50-100см) шамасында. Алғашқы гүлдеуі 6-7 жапырақтан кейін басталады. Жемісі домалақ, жылтыр, қызыл және қызғылттау болады, салмағы 75-105 грамм. Жемісінде ұя саны 3-6 болады, өнімділігі 1 шаршы метрден 3,7-4,7 кг.Өнімнің біркелкі пісуі, жемісінің тіл үйірер дәмі, түйнектердің мөлшерінің тұрақтылығы оның жақсы қасиеті болып табылады. Тасымалдауға жарамды. Балғын жемісі мен қызанақ шырыны қан төмендетеді, қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтады, сонымен қатар асқазан-ішек жолдары аурулары жағдайында ұсынылады. Жемісі калий тұзы, темір, магний, кобальт және мырыш сияқты құнды макро-микроэлементтерге бай. Негізгі өндіруші Гавриш агрофирмасы (2- сурет.).

Багира F1 детерминантты гибриді ашық грунтта өсіруге негізделген. 2011 жылдан бастап өсіруге рұқсат берілген. Өте мықты, өте ерте мерзімде пісетін (65 күн) гибрид, негізгі ерекшелігі дәмді әрі сапалы жемісі, өнімділігі жоғары жемістері тығыз. Жемісі ірі,жасыл дақсыз, домалақ пішінді, орташа салмағы 200-220г. Ұзақ мерзімді сақтауға болады. Дұрыс және тұрақты суаруда жақсы жеміс береді.Украинаның орталық және оңтүстік белдеулерінде жоғары нәтиже көрсеткен. Салқын жағдайдың өзінде өнімін төмендетпейді. Вертиллиозды және фузариозды ауруларға төзімді (3- сурет.)[9].


Сурет 2. Дар Заволжья сортүлгісінің жемісі.

 

 


Сурет 3. Багира гибридінің жемісі.

(Биология ғылымдарының кандидаты Н.В. Хромов бойынша)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных