Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп пәні. Курс тақырыбы: «Негізгі құралдар мен материалды емес активтер есебі»




Курс тақырыбы: «Негізгі құралдар мен материалды емес активтер есебі»

Сабақ тақырыбы: «Негізгі құралдарды түгендеу, қайта бағалау, құжаттау»

Жоспар:

1. Негізгі құралдарды түгендеу

2. Негзгі құралдарды қайта бағалау

3. Негізгі құралдардың құжатталауының есебі

1. Негізгі құралдардың накты бар-жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшьшыкка ала отырып окдын-оқгын негізгі құраддарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.

Бухгалтерлік есептің 24 "Бухгалтерлік қызметтің жұмысын үйымдастыру" деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгелдеу жүмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық каржылык есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жүмысқа пайдаланатын малды токсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдеу жүргізіледі.

Мүліктік түгелдеу тізімдерін жасамастан бүрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгелдеу бар-жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық паспорттар мен басқа техникалық құжатгардың бар-жоғын және оларда қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі қүралдардың қүжатгарын тексеру қажет. Егер де қүжаттары жоқ болса, оларды алдыртуды және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжатгардың бір-бірімен сәйкестігін тексереді.

Негізгі кұралдарды мүліктік түгелдеу кезінде комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгелдеу тізімін, ретін және негізгі техникалык және пайдалану көрсеткіштерін мүліктік тізімдеріне енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгелдеу кезінде, көрсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді.

Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дүрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгелдеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы объектілер женіндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс.

Есепке алынбаган объектілерді мүліктік түгелдеу кезінде багалау әрекет етіп тұрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс.

Есепке алынбаган объектілердің қашан салынганын немесе алынганын, жасалган шығыңцардың қаржыландырылған көзін мүліктіктүгелдеу комиссиясы белгілеп, оны хаттамада керсетуі керек.

Негізгі құралдар өзінің негізгі мақсатына сай мүліктік түгелдеу тізімдеріне тіркеледі. Егер объект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе, кеңейтілсе немесе қайта жарақтандырылып, ез қолдану мақсатын өзгертсе, онда ол жаңадан белгіленген мақсатына сай тізімге тіркеледі.

Өнім беретін ірі малдар мен жұмыс көліктері мүліктік түгелдеу тізімдеріне тіркелгеңце, олардың: малдың немірі; мадцың аты, туган жылы, түіфімы, қоңцылығы, тірідей салмағы және алғашқы құны көрсегіледі. Мал тұқымьш сапасы туралы маліметгеріне қарап аныктайды. Ірі қара мал, жұмыс көлігі, шошқа және асыл тұқымды қой мен баскд мал түрлері тізімге бөлек жазылады. Негізгі табывдағы мал тошық ретімен есепке алынып, тізімге жасы мен жынысына кэрай бөлініп, әр топ бойынша тірідей салмағы мен мал басы көрсетіліп тіркеледі.

Егер де комиссия күрделі сипаттағы жұмыстар немесе ішінара құрылыстар мен құрылымдардың жойылуы бухгалтерлік есепте көрсетілмегенш байқаса, онда оларды арнайы құжаттар арқылы объектінің баланстық құнының өсу немесе кему сомасын анықгап, тізімге өзгерістерді енгізуі тиіс. Сонымен қатар, комиссия кейбір объектілердің күрделі өзгертілгенін аныкгап, олардың себептері мен кінәлі тұлғаларын тауып және бухгалтерлік есептің регистрлеріңце көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

Машиналар, құрал-жабдықгар мен көлік құраддары мүліктік түгелдеу тізімінде заводтардың, дайындаушы кәсіпорындардың мүліктік нөмірі, шығарьшған мерзімі, арналымы, қуаты және т.б. көрсеткіштері жеке көрсетіледі.

Бір тектес шаруашылық затгарының, саймаңдардың, станоктардың кұңдары бірдей болса, бір цехқа немесе кәсіпорынның кұрьшымдықбөліміне бір уақытта түссе, мүліктік түгелдеу тізімдеріне осы затгардың атауы мен саны бойынша көрсетіледі.

Пайдалануға жарамайтын және жөндеуге келмейтін негізгі қүрал-жабдықтар мүліктік түгелдеу тізімдеріне енгізілмейді. Мүліктік түгелдеу комиссиясы бұл объектілердің пайдалануға қосылған мерзімі мен мардымсыз болып кдлуының себептерін көрсетіп, арнайы тізім жасайды.

Өз меншігіндегі негізгі кұралдарды мүліктік түгелдеу кезінде жалға немесе жауапты сақтауға алынған негізгі құралдар да тексеріледі. Бүл объектілердің жалға немесе жауапты сақтауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Ол тізімдерде расталған мәліметгерден басқа кәсіпорынның аты; жалдау немесе сақгау мерзімдері көрсетіледі. Мүліктік тізімнің бір данасы кәсіпорындарға жіберіледі. Мүліктік түгелдеу кезінде есепке алынбаған объектілердің бағасы сараптау жолымен анықталады. Бұл объектілердің тозуын нақты техникалық жағдайына қарап белгілейді.

Кем немесе артық шыққандардың кінәлілері және себептері туралы мәліметтері жан-жақты келтірілген, сондай-ақ болашақта жағымсыз құбылыстардың алдын алу және кінәлілерге қатысты қолданатын шаралар бойынша көрсетілген мүліктік түгелдеу комиссиясының жасаған хаттамасы — ең басты кұжат болып табылады.

2. 6 БЕС сәйкес, негізгі күралдың бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған багасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. Әрекет етіп тұрған нормативтік актілерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілер заңмен ұштастырылған негізгі қүралдардың индексациялауының ережесі мен тәртібі туралы дербес шешім қабылдай алады. Қайта бағалаудың барысында негізгі кұралдардың нақты бары және күрылымы, олардың нақты ағымдағы (нарықтық) қүны мен тозу дәрежесі туралы дәл және толык. мәлімет алынады. Негізгі қүралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік кұнын, рентабельділі гін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды роль атқарады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялықресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды қайта бағалау техникалық прогресстің дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, кдзіргі заман талабына сай үдайы өндірісті жетілдіруге қажетті жағдайларды жасап, негізгі кұралдарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.

Негізгі құралды қайта бағалауды жүргізу үшін түгелдеу комиссиясы сияқты комиссия құрады және кәсіптенген бағалаушыларды шақырады, ал олар сол бағалау күніне сәйкес келетін бағасын шығарады. Қайта бағаламастан бұрын, сол негізгі құралдардың белгіленген тәртіпте түгелдеуін жүргізеді. Негізгі құралдарды қайта бағалау үшін, олардың бастапқы құны, қызмет ету мерзімі, техникалық жағдайы қайта бағалаудың ең негізгі мәліметі болып табылады, яғни қайта бағалау кезінде оларды негізге алады.

3. Негізгі қүралдарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі қүралдар қүрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекшетәртіппен рәсімделугетиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі қүралдардың қүрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі қүрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың калыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралықжәне басқа кәсіпорындарға, қоғамдық үйымдарға бергенде, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

Объектілер толық немесе ішінара жойылады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апаттардың нәтижесінде езінің ендірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, қүрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.

Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті күжаттарды дайындау үшін басшының бұйрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі кұрал-жабдыктардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. Айталық, инженер-механиктер, инженер-энергетиктер, инженер-гидрологтар, инженер-жылу техниктер, инженер-технологтар, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және т.б. мамандар.

 

 


Код по ОКПО Типовая междуведомственная форма № ОС-1

________________________ УТВЕРЖДАЮ:

Предприятие, организация

АКТ № _______ Руководитель предприятия






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных