Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп пәні. Курс тақырыбы: «Негізгі құралдар мен материалды емес активтер есебі»




Курс тақырыбы: «Негізгі құралдар мен материалды емес активтер есебі»

Сабақ тақырыбы: «Материалдық емес активтер есебінің мақсаты»

Жоспар:

1. Материалдық емес активтер сипаттамасы

2. Материалдық емес активтердің құрамы

 

Материалдық емес активтер — бүл өндірісте ұзак мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды, сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.

Келешек экономикалық олжа, осы материалдык, емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса: болашақэкономикалықолжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалык және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.

Материалдық емес активтер — нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін қүндылыкка ие болғанымен материалдык, активтердің де, материалдық емес активтердің де қүрамында кездесуі мүмкін.

Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін - дискетте, фильм-лентасында, занды құжаттау - қағазда болады, бірак дискет те, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.

Бұған қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердің де есебінде кептеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, елшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.

Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін, мысалға, патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдык емес активтердің құны баска да фирманың активтерімен тығыз байланыста шығарылуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді.

Субъекті кей жағдайларда тиесілі заңды қүжатгардың күқын рәсімдемей-ақ осы экономикалык олжамен басқа кәсіпорындардың шұғылдануына тиым сала алады. Егер де шығарылатын өнімнің технологиясы патенттелген болса, онда ол басқа субъектінің айналысуына тиым салады.

Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құкықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жүмыстар және т.б.

Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде 4-топқа белінеді.

Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа "ноу-хау", ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, үйымдаетыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнін, сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады. "Ноу-хау" — құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде керсетілген нысан және т.б. түрінде көрінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда колданылатын термин.

Кең мағынасында "ноу-хау " техникалык қүжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патентгелмеген, белгілі бір ендірістің түрін ұйымдастыруға қажетті ендірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын керсететін білім жиынтығы. Лицензиялык келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, "кілті қолма-қол" тапсырылатын құрылыста және т.б. қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қодцанылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық қүқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын "ноу-хаудың" құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.

"Ноу-хау" езінің бағасы мен басты керсеткіштерімен қүнды. Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. "Ноу-хау" сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен кдлыптасады және ол оның иесіне төленетін сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден "ноу-хаудың" өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылықкапиталына күрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. "Ноу-хаудың" субъект балансына алынатын қүны күрылтайшылар немесе қатысушылардың келісім-шарттарының көмегімен анықталады.

Өндірістік ақпаратты пайдалану қщықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер катарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы; шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағысы тағылар туралы мәліметтер жатады.

Үйымдастыру шыгындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бүл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңіндегі шығындар мен кәсіпорынның әрбір катысушысының ұйымдастыру шығындары кірмеуге тиіс. Мүндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.

ЭЕМ багдарламасымен жабдықтау - кәсіпорын иенденген, үзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға қажетгі мәліметгерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.

Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.

Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы занды немесе жеке түлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы қүкықтық зандармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық қүқығы бар, баска тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің кұқтарына қол сұғу болып есептелінеді.

Таңбалар сөз түрінде, көркемсуреттүрінде, келеңці немесе бәрінін комбинациясы түрінде болуы мүмкін: олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.

Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай-ак мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары, халықаралық және үкіметаралык үйымдардың эмблемалары, толық немесе кысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін белгілері, мерлер, марапаттау белгілері және баска да айырым белгілерінен немесе соларға өте үқсас, аралас деңгейіндегі белгілерден түратын тауар таңбалары рщсат етілмейді. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар, қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.

Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.

Тауардың шыққан жерінің атауы - тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің атын қоса және басқа да ерекшеліктері арқылы сипатталады.

Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық объектінің тарихи атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауырдың шыкқан жерінің атауын пайдалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, банкілерде және басқа да тауарды шаруашылық айналымына енгізуге байланысты баска да күжатгарды пайдаланғанды санайды.

Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерінін атауы бәсекелестіктің әрекет етуші қүралы болып табылады. Сонымен қатар, шетелге өнім шығарушы кәсіпорындар тауар таңбаларымен тауарлардың шығу орындарының атын қорғауды да кдмқорлыкқа алғаны жен, себебі, мүндай қорғаудың болмауы үқсас немесе дәл сондай шетелдік тауар таңбаларын пайдалану, арам пиғылды бәсекелестіктің де нәтижесі болып табылатын, кездейсоқ қайшылықтарға үрындыруы мүмкін. Ал енді географиялық белгілеулерге келсек, олардың арасынан тауарлардың жасанды таңбалары өте жиі кездеседі, ейткені ол кәсіпорынның танымал болуына септігін тигізеді және ол тауарлардың сату мүмкіндігін кеңейтеді, сатып алушылардың санын өсіреді.

Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат түратын активі болып табылады, себебі компания оны сата алады немесе жарғылык капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалану күқығын береді. Бірақ ол үшін тауар таңбасының күнын білу керек. Есеп тәжірибесінде кәсіпорынның тауар таңбасын бағалаудың бірнеше әдісі бар: өзіндік қүн, сатып алу құны, нарыкдық құны бойынша бағалау. Алайда, меншікті тауар таңбаларын өзіндік қүны арқылы есепке алган дүрыс болса, сатып алынған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық күнымен есепке алған жөн. Тауар таңбасының нарықтық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек.

Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары, тауардың шығу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған қүқықтық, экономикалық жөне ұйымдастыру қарым-қатынастары 1993 жылғы кдңтардың 18-і күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі кабылдаған "Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі.

Қолдану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты колдану құқықтары, көшіру құқығы лицензиялар және басқалар жатады.

Патенттер. Патент оның ұстаушысының патент қамтыған нәрсесін, процесін немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа түлғаның жүзеге асыруына тиым салатын, бакылайтын, сататын, өндіретін және пайдаланатын құқық болып табылады. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі (15-20 жыл) ұлттық зандармен белгіленеді. Сонымен қатар, патент деп белгілі кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылданатын түлғаларға берілген құжат саналады. Патент берілгенде патенттік алым үсталынады. Патентті алуға көптеген ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, патент сатып алуға да, патенттелінген жаңалықтарды өңціріске енгізуге де қаржысы болуы керек.

Өнеркәсіптік улгілер. Өнеркәсіптік үлгілерді пайдалануға айрықша қүқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңцарға сәйкес беріледі. Өнеркәсіптік үлгілері: модельдерімен, суреттерімен немесе екеуінің қосындысымен берілуі мүмкін. Егер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында немесе шетелдерде, белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгі болып табылады. Егер енеркәсіптік үлгі өнеркөсіптік әдіспен бұйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның енеркәсіпте қолданылуға болатындығы мойындалады. Өндірістік үлгілер авторлардың шығармашылық еңбегі ретінде мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі бірнеше азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың бәрі өнеркәсіптік үлгілердің авторы болып есептелінеді. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.

Лицензиялық келісім бойынша патент иесі өнеркәсіптік үлгіні пайдалану кұкығын басқа тұлғаларға да бере алады, ал соңғысы лицензиарға төлемдер беріп түруға және келісімде қарастырылған басқа да іс-әрекеттерді орындауға міндетгі. Өнеркәсіптік үлгілердің құқықтык, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасы зандарымен ретгеледі.

Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерінен алынған) —қандай да бір операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттік органдарының берген рұқсаты. Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді: Субъект бойынша:

- Қазақстан Республикасының занды және жеке тұлғаларына берілетіндер;

- шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, халықаралық ұйымдарға берілетіндер.

Қызмет ету көлемі бойынша:

- негізгі – мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егер де олардың қызметі бір тұтас технологиялық кешенге кіретін болса, онда бас лицензия кызметтің бірнеше түрімен шұғылданатындарға даберіледі;

- бір жолғы — белгілі бір шаруашылык, операциясын жасау үшін рүқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын алуға беріледі;

- операциондық — валюта заңдылығымен анықталған, валюталық қүндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын жасау үшін беріледі.

Мерзімдік әрекеті бойынша:

- түрақты — берілген мерзімі шектелмеген;

- уақытша — белгілі бір мерзімге берілген.

Аймақтық әрекет ету сферасы бойынша:

- түтастай Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етеді;

- Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағында ғана әрекет етеді;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де таратылады.

Материалдық емес активтердің басқа да түрлері. Материалдық емес активтердің бұл тобына "Фирма бағасы" ("гудвилл"), интеллектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді ("гудвилл" қүрамына кіретін материалдық емес активтер сызбада көрсетілген).

Гудвилл. Гудвиллды бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда, ол компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып алынған бағасын және оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегі баланстық қалдық құнының (міндеттемелерін қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетеді.

Гудвилл материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып келеді. Әдетте, мүндай кәсіпорындардың (бөлімшелердің) баланстық күнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнімді шығару нарығындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайында пайда болатын заңды кұбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құны оның балансындағы активтерінен асып түсуі "Фирма бағасын" қүрайды. Қүқығы

Демек, кәсіпорын өзінің баланстық күнынан артық бағаға сатылуы, оның біршама үстемдігі бар болғандығынан.

Олардың ішіндегі ең айрықшасы: ерекше тиімді жарнама саясаты, бұрындары белгісіз болған табиғи ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік рейтингі, қызметтерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылығы, жабдықтаушылармен тиімді және тұрақты байланысының болуы, т.б. Гудвилл кәсіпорынның бүкіл қызметінің барысында жоғарыда келтірілген факторларға сәйкес түрақты түрде қатысып отырғандығын, бірақ ол есеп беруде тек кәсіпорынды сатқанда ғана керініс табатындығын кереміз.

Дегенмен де, гудвиллдің сандық мөлшерін белгілеу, кәсіпорынның өз табысын бағалауымен тікелей байланысты болып келеді.

Егер де компанияның мүлкін сатып алынған күніндегі бағасы бойынша есептесек, оның нәтижесінде ондағы активтердің кұны кем шықса, онда біз оны келеңсіз гудвилл ретінде танимыз да, оны кейінге қалдырылған болашақ кезеңнің табысы ретінде 611 шотта есепке аламыз.

Қазақстан Республикасында материалдық емес активтерді есептен шығару мерзімі он жыл, бірақ ол субъектінің қызмет ету мерзімінен асып кетпеуі керек.

"Интеллектуалдык, меншік" ұғымына: авторлық кұқықтары, орындаушы-артистердің қызметіне катысты құқықтары, ойлап табушылық патент құқықтары, ғылыми жаңалық ашу құқықтары, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, т.б. интеллектуалдық меншік түрлері жатады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных