Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп пәні




Курс тақырыбы: «Тауарлы-материалдық қорлар есебі»

Сабақ тақырыбы: «Материадық қорларға қабылдау және оларды өндіріске босатуын құжаттау»

Жоспар:

3. Тауарлы-материалдық запастардың түсуін құжатпен рәсімдеу

4. Тауарлы-материалдық қорды босатқанда рәсімделетін құжаттар

 

  1. Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті үйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы-материалдык запастардың (ТМҚ) тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады.

Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері — номенклатуралық нөмірі (коды) беріледі, содан соң барлык құжаттарда ТМҚ-дың бары мен қозғалысы бойынша берілген немірі қойылады. Номенклатуралық нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы керсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі анықтама ретінде пайдаланады.

ТМҚ-ды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы ез қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты түлғалары арқылы жүзеге асырады.

Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады.

Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу аркылы береді

Жабдықтаушылар (жіберушілер) ТМҚ босатқан кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш данада накладной жазып, онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. Оның біріншісі ТМҚ алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде Қалады, оны ол алдағы кезеңде жіберілетін ТМҚ-ды бакылау жасау үшін пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. ТМҚ босатып біткен соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. ТМҚ-ды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды:

- сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса, жөнделген немесе өшірілген болса;

- керсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;

- сенімхаттың мерзімі біткен болса;

- субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;

- сенімхат берген субъекті өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық езгерістер жасаса).

ТМҚ-ды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

- шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен ТМҚ- ты сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік немірі, әкелінген ТМҚ атаулары мен саны, кұны, акцизделетін ТМҚ сомасы т.б.;

- тауарлы-транспортгық накладной;

- тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен кұжаттары, атап айтқанда:

Кіріс ордері. Жабдықтауышлардан немесе өндеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты түлғадан материалдар коймаға келіп түскен кезде толтырылады. Кіріс ордері төменде келтірілді.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды кдбылдау кезінде қолданады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды кабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материаддық жауапты тұлганың, жіберуші (жабдыктаушы) өкілінің немесе мүдцелі емес мекеме өкілінің катысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Құндылыктар қабылданғаннан кейін кұжаттармен қоса (тауарлық-көліктікжөнелтпе кағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі — жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау беліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.

Материалдық қүндшықтардың өндірісте дайындалган және сақталган кезіндегі жетіспеушілігі мен жогалуы туралы актісі. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін колданады. Қорлардын сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз бола алады.

Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі АКТ-ге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі — бөлімшеде қалады.

Табиги шыгын нормаларына сәйкес магпериалдардың жогалуы туралы актісі. Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе еңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы акты жасалады.

Материалдардың (тауарлардың) бүлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорында бүлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды (тауарларды) есептен шығару үшін пайдаланылады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың жоғалуына себепші болған материалды жауапты тұлғаларға есептен шығаруға негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде қалады.

2. Кәсіпорынның қоймасынан материалдар енімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдаланылады.

ТМҚ цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады. Материалдардың шығысы мынадай күжаттар бойынша рәсімделеді:

лимиттік-жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға (косымша босатуға) арналған талап-актісі; материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы.

Лимиттік-жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын күндылықтарды босату, сондай-ак өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдык қорларды бақылауға және оларды есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік-жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың (номенклатуралық нөмірлердің) бір түріне (атауына) 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа (учаскеге) — корды пайдаланушыға, 2-шісі — қоймаға немесе цехтың (учаскенің) коймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік-жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мелшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылады.

Материалды айырбастауга (қосымша босатуга) арналган талап-актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай-ақ коймадан корларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: бірі алушыға (цехқа, учаскіге), екіншісі — қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған корлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады.

Материалдарды босатуга (ішкі орын ауыстыруга) арналган талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдаланылады. Ол екі данада дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда 1 данасын алушыға (цехқа, учаскеге) береді, екіншісін — коймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізеді. Бір данасы коймаға, ал екіншісі цехқа кұндылыктарды кіріске алуға негіз бола алады.

 

шот-фактура

тауарлы-транспортгық накладной

Материалдық қүндшықтардың өндірісте дайындалган және сақталган кезіндегі жетіспеушілігі мен жогалуы туралы актісі
Материалдардың (тауарлардың) бүлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі
Табиги шыгын нормаларына сәйкес магпериалдардың жогалуы туралы актісі
Материалдарды қабылдау туралы акті
Кіріс ордері

Материалды айырбастауга (қосымша босатуга) арналган талап-актісі
Материалдарды босатуга (ішкі орын ауыстыруга) арналган талап накладнойы
Лимиттік-жинақтама картасы

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных