Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп пәні. Курс тақырыбы: «Тауарлы-материалдық қорлар есебі»




Курс тақырыбы: «Тауарлы-материалдық қорлар есебі»

Сабақ тақырыбы: «Материадық құндылықтарды түгендеу және қайта бағалау»

Жоспар:

1. Материадық құндылықтарды түгендеу

2. Материадық құндылықтардықайта бағалау

 

1. Тауарлы-материалдык қүндылықтарды түгелдеу — меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне жөне жүмыстың режимділігіне қарамастан барлык ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізеді. Түгелдеу комиссиясы тауарлы-материалдық қүндылықтардың түгелдеу тізімін жасайды. Түгелдеу тізімі тауарлы-материалдық қүндылықтардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады. Түгелдеу тізімін комиссия материалдық құндылықтарды әрбір тұрған орны мен материалдық жағынан жауапты түлғалары бойынша жүргізіледі. Түгелдеу басталғаннан бұрын әрбір материалдық жағынан жауапты адамнан қолхат алынады, ол үлгінің бас жақ бөлігінде көрсетілген. Тауарлы-материалдық қүндылықтар түгелдеу тізіміне әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық нөмірі, түрі, тобы, артикулы, сорты және саны көрсетіледі. Түгелдеу кезінде анықталған жарамсыз немесе бүлінген материалдар мен дайын енімдерге тиісті актілер жасалады. Нысанның соңғы бетінде комиссия терағасының қолын қояр алдында тауарды-материалдық құндылықтарды түгелдеу кезінде қозғалысқа түскен жағдайда құжаттардың соңғы нөмірлерін жазу үшін екі бос жол қалдырылады.

Егер кем шыққан материалдар түгелдеу барысында табылса, онда оны тізімге енгізеді.

Белгіленген тәртіппен рәсімделгеннен кейін түгелдеу тізімін салыстыру тізімімен салыстыру үшін бухгалтерияға беріледі.

Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгелдеу, әдетте, белгілі бір қоймада, үй-жайында түрса ғана жүргізіледі. Түгелдеу кезінде тауарлы-материалдық құндылықтың бір түрінен екінші түріне ретсіз ауысуға жол берілмейді. Тауарлы-материалдық кұндылықтар бір материалдық жауапты адамда әртүрлі оқшауланған үй-жайда сақталған кезде түгендеуді сақтау орны бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Құндылықгар тексеріліп болған соң, үй-жайға кіруге пломба қойылып, комиссия жұмыс істеу үшін келесі үй-жайға ауысады.

Түгелдеу жұмыс комиссиясының төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия мүшелері койма меңгерушісінің (қоймашының) және басқа да материалдық жауапты адамдардың көзінше тауарлы-материалдық құндылықтардың нақты бар-жоғын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу арқылы тексереді. Тізімдерге материалдық жауапты адамдардың сезінен немесе олардың нақты бар-жоғын тексерместен есепке алу деректері бойынша деректер енгізуге жол берілмейді.

Түгелдеу кезінде түскен тауарлы-материалдық қүндылықтарды материалдық жауапты адамдар түгелдеу комиссиясы мүшелерінің көзінше қабылдап алады және түгелдеу аяқталғаннан кейін түскенін тізімге енгізіп, кіріске алады.

Осы түгендеу тізімінде аталған барлык кұндылыктарды № біріншіден бастап № бесіншіге дейін комиссия (біздін) көзімізше заттай тексеріп, тізімге кіргізді, осыған байланысты түгендеу комиссиясына ешкандай қоятын талабы жоқ. Түгендеу тізімінде аталған қүндылықгар менің (біздің) жауапкершілігімізде сақталып тұр.

Бұл материалдық кұндылықтар "Түгелдеу кезінде келіп түскен тауарлы-материалдық күндылықтар" деген атауы бар жеке тізімге жазылады. Тізімде: олар кашан, кімнен түскені, кіріс күжаттарьшың күні мен нөмірі, атауы, саны, бағасы мен сомасы керсетіледі. Сонымен бір мезгілде кіріске алу күжатында түгендеу комиссиясының терағасы қол қойып, "Түгелдеуден кейін" деген белгі кояды, онда осы құндылықтар жазылған түгеңдеу тізімінің жасалған күні көрсетіледі.

Түгелдеу ұзақ уақыт бойы жүргізілген кезде, ерекше жағдайларда және кәсіпорын басшысы мен бухгалтердің жазбаша рүқсатымен ғана түгендеу процесінде тауарлы-материалдық күндылықтарды материалды жауапты түлға түгендеу комиссиясының мүшелерінің көзінше босата алады. Бүл қүндылықтар "Түгелдеу кезінде босатьшған тауарлы-материалдық құндылықтар" деген атпен жеке түгелдеу тізіміне енгізіледі. Түгелдеу тізімі түгелдеу кезінде түскен тауарлы-материалдық қүндылықтарға арналған қүжаттарға үксас рәсімделеді. Шығыс қүжаттарында түгелдеу комиссиясы төрағасының қолы қойылып, белгі соғылады.

Басқа кәсіпорындарға тиесілі, бірак, жауапты сақталуда тұрған тауарлы-материалдық қүндылықтарды да өз меншігіндегі тауарлы-материалдық қүндылықтар сияқты түгендеуден еткізеді. Жауапты сақтауға қабылданған (өткізілген) тауарлы-материалдық қүндылықтарға арнап түгендеу тізімдемесін қүрастырады да, бүндай кұндылыктардың жауапты сақталуына алынғандығын растайтын тиісті кұжаттарға сілтеме жасалынады. Жолда келе жатқан, тиелген, сатып алушылар мерзімінде ақы төлемеген, баскд кәсіпорындардың коймаларывда жатқан тауарлы- материалдық кұндылықтарды түгелдеу тиісті шоттардағы сомалардың негізділігін егжей-тегжейлі тексеру арқылы жүргізіледі. Бүл шоттарда тауарлы-материалдық күндылықтардың (жолдағы, тиелген тауарлар және баскаларының), тиісті түрде рәсімделген құжаттармен расталған калдықтары болуы мүмкін; жолда келе жатқандары тиісті шоттармен, өнімді берушілердің төлем талаптарымен немесе оларды алмастыратын қүжаттармен; тиелгендері — сатып алушыларға ұсынылған шот-фактурасымен, ақы төлеу мерзімі өткізілгендерді — банк мекемесінің міндетті растауымен; басқа ұйымдардың қоймаларында жаткандары — түгелдеу күніне жакын күндердің аралығында қайта сақтау туралы рәсімделген қолхаттарымен; бір қалада орналасқан өнім берушілердің қоймаларында жатқандары — түгелдеу күніне кайта рәсімделген сактау қолхаттарымен расталады.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер үшін тиелген тауарлар, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін ұзақ уақыт бойы ақы төлеуді кешіктіргенде мұндай кешіктірудің себебі анықталады, ол түгелдеу комиссиясының хаттамасында жазылады. Келіп түскен тауарлы-материалдық құндылықтардың кіріске тіркелмеу фактілері анықталған кезде, оларды алған адамдардын түсініктемелері талап етілуге тиіс.

Жол үстіндегі тауарлы-материалдық кұндылықтарды түгелдеудің нәтижелері "Жол үстіндегі материалдар мен тауарларды түгендеу актісімен" рәсімделеді.

Жол үстіндегі тауарлы-материалдык қүндылыктарды түгелдеу актісінде әрбір жеке жөнелту бойынша мынадай деректер келтіріледі: атауы (құжатқа сәйкес), саны мен кұны, тиеу күні, сондай-ақ осы күндылықтардың тиісті шоттарда есепке алынуына негіз болған құжаттардың тізбесі мен нөмірлері. Бүл ретте белгіленген мерзімде келмеген және есепте жолда келе жатқан материалдар мен тауарлар ретінде есепте тұрған жүктер бойынша оларды іздестіру үшін қандай шаралар жүргізіліп жатқандығын тексеру керек.

Тиелген және сатып алушылар мерзімінде ақы төлемеген тауарлы-материалдық қүндылықтарға арналған түгелдеу тізімдерінде әрбір жеке тиеу бойынша сатып алушының аты, тауарлы-материалдык күндылықтардың атауы, тиеу күні, шот-фактурасының жазылған күні, немірі және шот-фактура бойынша сомасы жүргізіледі.

Басқа кәсіпорындардың қоймаларында сақталатын тауарлы-материалдык Қүндылықтар осы құндылықтардын сақтауға өткізілгендігін растайтын құжаттардың негізінде Түгелдеу тізіміне енгізіледі. Осы қүндылықтарға түгелдеу тізімдерінде олардың атауы, саны, сорты, нақты күны, жүкті сақтауға қабылданған күні, сақтау орны, құжаттардың немірлері мен күні көрсетіледі. Жауапты сактауында осы қүндылықтар түрған кәсіпорындардан түгелдеу тізімдерінің көшірмелері алынған кезде түгелдеу тізімдерінің кешірмелерін комиссия нақты бар күндылыктарды құжаттары бойынша белгіленген санымен салыстырады.

Басқа кәсіпорындарда кайта өңдеуде тұрған тауарлы-материалдық күндылықтарға арналған тізімдерде өндеуші кәсіпорынның атауы, күндылыктардың атауы, саны, есепке алынған деректері бойынша нақты құны, құндылықтардың қайта өндеуге берілген күні, құжаттардың нөмірлері мен күні көрсетіледі.

Ыдыстар тізімдемеге түрі, мақсаты мен сапасы бойынша енгізіледі. Тексеру алдында бос ыдыстар түрлері бойынша реттелуі тиіс: ағаштан жасалған ыдыс, картон мен қағаздан жасалған ыдыс, шыны ыдысы, матадан және мата емес материалдардан жасалған ыдыс. Жарамсыз болып қалған ыдысты түгелдеу нәтижесінде жүмыс комиссиясы бүліну себептерін және ыдыс үшін жауапты адамдарды көрсете отырып акт жасайды.

Түгелдеу нәтижелерін аныісгау үшін бухгалтерия түгелдеу тізімдерінің негізінде тауарлы-материалдық құндылықтарды түгелдеу нәтижелерін салыстыру ведомостарын жасайды. Оларға тек ауытқушылығы бар құндылықтар ғана енгізіледі.

Ведомостарда тауарлы-материалдық қүндылықтардың атауы мен олардың сипаттамасы, түгелдеу нәтижелері, есепке алуды нақтылаудың есебінен түзетілуі, қайта сұрыпталуы, түпкілікті қалдықтарының кіріске тіркелуі, түпкілікті жетіспеушілікті есептен шыгаруы көрсетіледі. Тізімге бухгалтер қол қояды; материалдық жауапты адам да түгелдеу нәтижелерімен келісетіндігін растау үшін қолын қояды.

Түгелдеу нәтижелерін бухгалтерияда мынадай тәртіппен реттейді:

- артық қалдықтар мен жетіспеушіліктің өзара есебі (зачеты) "Материалдар"
бөлімі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бейнелейді;

- артық болып шыққан қүндылықтар кірістелуі тиіс және олардың пайда болу себептері мен кінәлі тұлғалары ашылады; артылып калған күндылыктардың сомасына "Материадцар" бөлімшесінің шоттары (201-208) дебеттеліп, "Негізгі емес қызметтен алынатын баска табыстар", яғни 5610-шот кредиттеледі. Қүндылықтардың жетіспеушілігі, зияны мен бүліну сомасына 1260"Басқа дебиторлық қарыздар" шотының, "Құндылықтардың бүлінуінен болған жетіспеушіліктер мен зиян" деген аралық шот дебеттеліп, 13-шы "Материалдар" ішкі бөлімінің шоттары (201-208) кредиттеледі;

- табиғи кемуінің салдарынан нормалардың шегінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігін өндіріс қалдықтарына есептен шығарады: 1260"Баска дебиторлық қарыздар" шотының "Қүндылықтардың бүлінуінен болған жетіспеушіліктер мен зиян" деген аралық шоты кредиттеледі және 1340 "Аяқталмаған құрылыс",7210 "Жалпы және әкімшілік шығыстар", 8318 "Баска шығыстар" шоттары және басқалары дебеттеледі;

- кему нормаларынан тыс жетіспеушілік құндылықтардың бүлінуінен болуы мүмкін зияндар сондай-ақ қүндылықтардың үрлануынан болуы мүмкін және соған себепті болған түлғалар табылмауы мүмкін, сондықтан оған жауапты адамға қойылған талап негізсіз болған жағдайда 1260 "Басқа дебиторлык қарыз" шотының "Қүндьшықтардың бүлінуінен болған жетіспеушіліктер мен зиян" аралық шотының кредитінен, 7210 "Жалпы және әкімшілік шығыстар" шотының дебетіне есептен шығарылады.

Материалдық құндылықтарды ұрлау, олардың жетіспеушілігі, касақана жою немесе материалдарды бүлдіру кезінде шеккен зиян белгіленген тәртіп бойынша айкындалады.

 

2.Республикадағы нарықтық қатынастардың терендеуіне байланысты шаруашылық жүргізуші субъекттер тек жоғары сапалы өнімді шығару ғана емес, сондай-ақ оны қайтадан өңцеп, әрі қарай, ақырғы өнім ретінде нарықта қымбатырақ бағаға сатуға экономикалық жағынан мүдцелі болып отыр.

Бухгалтерлік есеп шотгарының Бас жоспарыңца кайта ендеу бойынша жүргізілетін шаруашылық операцияларын есепке алу үшін келесі шотгар арналган.

Дайын өнімді, шикізатты және материалдарды қайта өңдеуге тапсырған кәсіпорын үшін: қайта өқцеуге берілген құндыльщтарды есепке алу процесі 207-ші "Қайта өңдеуге берілген материалдар" шотында жүреді. Мұнда, әрбір қайта өндеуге берілген қүндылықтардың түрлері, саны, сапасы, кұны, мерзімі есепке алынады: шоттың дебеті бойынша құндылықтардың кайта өңделуі мен тасымалдануына байланысты шығындарын көрсетсе, ал кредиті бойынша ендеуден алынған өнімнің саны мен қүны жинақталады.

Дайын енімді, шикізатты және материалдарды өңдеуге қабылдап алған кәсіпорындарда:

003-ші "Өндеуге қабылданған материалдар" баланстан тыс есеп шотында кәсіпорынның өңдеуге алған (алыс-беріс шикізаты мен материалдар) құндылықтары есепке алынады. Оның аналитикалық (талдамалық) есебі арнайы журналда жүргізіледі.

Өндеу бойынша шығындар 8110-ші "Негізгі өндіріс" немесе 8310-шы "Кемекші өндіріс" шоттарында есепке алынады.

Дайын енімді, шикізатты және материалдарды өндеу операциялары бойынша келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады.

Келтірілген шаруашылық операциялардан кейін 1317 "Қайта өндеуге берілген материалдар" шоты жабылады. Біздің мысадда қайта өнделген өнімнің барлығы 1330 "Сатып алынған тауарлар" шотына кіріске алынған. Іс жүзінде қайта өңцелген материалдар басқа да шоттарға кіріске алынуы мүмкін.

Шикізаты мен материалдарын қайта ендеуге тапсырған әрбір кәсіпорынға сол қайта ендеу аяқталғаннан кейін теменде келтірілген нысан бойынша есеп беріледі.

Өңдеуші кәсіпорын ендеуге қабылданған шикізат пен материалдардың есебін баланстан тыс (қосымша, оперативті) шоттарында ұйымдастыруы тиіс. Қайта өндеуге қабылданған материалдардың баланстан тыс есебі 003 "Қайта өндеуге қабылданған материалдар" шотында жүргізіледі. Бұл мақсаттар үшін 003 "Қайта еңдеуге қабылданған материалдар" шоты бойынша "Аналитикалык есеп журналын" пайдалануды үсынады. Журналда үсынылған баланстан тыс есебін жүргізу материалды жауапты тұлғаның қайта өңдеуге қабылданған материалдық қүндылықтарға деген жауапкершілігін, алыс-беріс шикізаттың қайта еңцелуі бойынша атқарылған жүмыс үшін тапсырыс берушілермен есеп айырысуын, өндірісте олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Баланстан тыс есебіне үсынылған журналда алыс-беріс шикізатынын, қайта енделуі бойынша орындалған жүмысы үшін тапсырыс берушілермен есеп айырысуы, олардың ендірісте сақталуын бақылануы, материалды жауапты түлғаға өндеуге қабылданған, материалдық құндылықтарды бекітілуін қамтамасыз етілуі жүреді.

Бүгінде өңдеу шығындарының жылдан жылға қарқындап өсіп келе жатқандығын байқау қиын емес. Әрине, бұл оң құбылыс емес, өйткені өндеу шығындарымен бірге енімнің бағасы да еседі. Өнімнің ендеу технологиясы

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных