Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп» пәні. Курс тақырыбы: «Еңбек және оның төлемақысының есебі»




Курс тақырыбы: « Еңбек және оның төлемақысының есебі »

Сабақ тақырыбы: « Кәсіпорындағы еңбек және оның төлемақысының мақсаты »

Жоспар:

1. Кәсіпорындағы еңбекақының маңызы және жеке еңбек келісім – шарты

2. Жаңадан қабылданған қызметкерлерге рәсімделетін құжаттар

3. Орынын ауыстыру туралы құжаттар

4. Жұмыстан шағарылғаны туралы құжаттар

5. Жұмыс уақытының есеп табелі

1. Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызмткерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді.

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім – шарттарын жасайды.

Жеке еңбек келісім-шарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түрдегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.

Жеке еңбек келісім – шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден еңбек кітапшасын, жеке түлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім – шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы.

Жеке еңбек келісім – шартында мыналар қарастырылады:

ü Белгісіз мерзімге

ü Белгілі мерзімге

ü Белгілі бір жұмыс орнына

ü Еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға

2. Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұрықпен» құжаттайды; кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған бұрықтың жобасы қажетті жағдайларда келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық бөлімшелерге жіберетін рұқсат қағаз болып табылады. Кадр бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұрықтың негізінде жеке карточкасын толтырады, жұмысқа қабылдағаны туралы еңбек кітапшасына белгі соғады, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.

Жұмысқа қабылдануы, басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан босатылуы туралы бұрықтың негізінде еңбек кітапшасына енгізілетін әрбір жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып, карточканың тиісті жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті.

Жеке еңбек келісім – шартына және демалыстар кестесіне сәйкес қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалыстарды құжаттау үшін «Демалыс беру туралы бұрық» қолданылады. Екі дана етіп толтырылады, бірі кадр бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылым бөлімшесінің бастығы мен кәсіпорын басшысы қол қояды. Демалыс беру туралы бұрықтың негізінде кадр бөлімі қызметкерлердің жеке карточкасына белгі соғады, ал бухгалтерия демалыс үшін тиесілі жалақысын есептейді.

3. Қызметкерлерді бір цехтан екіншісіне ауыстырғанда «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұрық» жазылады. Оны кадр бөлімінің қызметкерлері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс кәсіпорын басшысы қол қояды. Басқа жұмысқа ауытыру бұрықтың негізінде кадр бөлімі жеке карточкаға, еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгілерін соғады.

4. Қызметкерлерді жұмыстан шағарғанда «Еңбек шартының тоқталуы туралы бұрық» қолданылады. Оны кадр бөлңмімінің қызметкерлері барлық қызметкерлерге екі дана етіп толтырады. Бірі кадр бөлімінде қалдырылады, екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы немесе кәсіпорын басшысы қол қояды. Бұрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы қызметкерлермен есеп айырысады.

5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректерді алу, сондай – ақ еңбек төлемі бойынша есеп айрысу үшін «Жұмыс уақыты есепбінің табелінде» жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есепбін жүргізеді. Табельді өкілеттігі бар бір Адам бір дана етіп жасайды, олар тиесінше құжатталған бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар негізінде ғана табельге белгі қойылады.

Жұмыс істеген немесе жұмыс істемеген уақытын белгілеу үшін мынадай шартты белгілер қолданылады:

Шартты белгілер Код
Әріптік Сандық
       
1. Жұмыс сағаттары (күндері) Я  
2. Түнгі жұмыс сағаттары Н  
3. Кешкі жұмыс сағаттары ВЧ  
4. Мерзімнен тыс жұмыс сағаттары    
  - келісімді қызметкер үшін С  
  - мерзімді қызметкер үшін СП  
5. Келісімді қызметкерлердің толық сменалық мерзімді жұмысы Ц  
6. Қызмет бабындағы іссапарлары К  
7. Жыл сайынғы демалыстар ОТ  
8. Жұмысқа уақытша жарамсыздығы Б  
9. Екіқабат болуға және бала табуға баланысты берілетін демалытар Р  
10. Қызметкерлердің кінәсінан болған толық сменалық кідірістер П  
11. Қызметкерлердің кінәсінан болған толық сменадағы кідірістер В  

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных