Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Орташа жалақыны есептеу тәртібі. Жұмыс берушінің есебінен теленетін жәрдем ақы. Демалыс ақысын төлеу




Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысын сақтау кезделген (ақшалай нысаныдағы телемі), олардың заңмен арнайы есептеу тәртібі белгіленген (зейнетакыны, азаматтардың еміріне және денсаулығына келтірілген зиянды есептеу кезінде және олардың еңбек міндеттемесін орындау кезінде) кезде:

- ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бүзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қыскарған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;

- үш күннің ішінде үсынган құжат бойынша еңбеккерлерді армияға шақырғанда;

- пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын есептеу үшін;

- қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;

- шарасыз (яғни, еңбеккерлердің кінәсінен емес) уакытына төлем жасау кезінде;

- басқа да әлеуметгік теле.мдер жасау үшін.

Орташа жалақы - бұл белгілі бір уақыт кезеңіне еңбеккерлердің жалақысынан алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға). Оны есептеу үшін он екі календарлық айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бүл кезенді есептік кезеңнің ұзақгығы деп те атайды.

Орташа жалақы белгілі бір қүбылыстармен байланысты жағдайларды есептеу үшін кажет, мысалға: үйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға компенсация есептеу үшін, екіқабат және бала табуына байланысты жәрдемақыны есептеу үшін, жүмысқа уақытша жарамсыздығы үшін және т.б.

Барлық жағдайда есептік кезеңнен Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мереке күндері, есептеу кезінде есепке алынбайды:

Мемлекетгік мерекелер:

- 1-2 қаңтар Жаңа жыл

- 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

- 22 наурыз Наурыз мейрамы

- 1 мамыр Қазақстанның Халықтарының бірлестік күні

- 9 мамыр Жеңіс күні

- 30 тамыз Қазақстан Республикасының Ата заңының күні

- 25 қазан Республика күні

- 16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні

Бүл күндер демалыс күңдерімен сәйкес келген жағдайда келесі күн жұмыс күні болып саналады.

Еңбеккерлердің орташа жалақысын есептеу үшін орташа күндік, не орташа сағатгык, жалақысы алынады. Орташа еңбек ақыны есептеу барысында төлем жүйесінде қарастырылган әрі түрақты сипатқа ие сыйлыкты, үстемені, қосымшаны және басқа да марапатгау төлем түрлерін ескереді.

Орташа жалақы есептік кезендегі накты істеген уақытынан да анықгалуы мүмкін. Демек, орташа жалакыны аныкіаудың екі жолы бар, оның біріншісіңце өткен кезеңдегі он екі айдағы еңбек ақы алынса, ал екіншісінде сол өткен кезендегі накты істеген күні үшін есептелген жалақысы алынады.

Егер де еңбеккерлер бір жылдан аз жүмыс істесе, онда ррташа жалақысы нақты істеген уақытынан анықталады.

Егер де еңбеккерлердің ұзақ уақыт бойына жалақысы болмаса (жиырма төрт айдан көп), онда орташа жалақы минималды есептік көрсеткіштен алынады, бүл жағдай еңбеккерлердің екіқабат және бала табуына, сондай-ақ балаға қарауына және баска да орынды себептермен байланысты болуы мүмкін.

Орташа жалақыны есептеген кезде мына төлемдер есепке алынбайды:

— жыл сайынғы еңбек демалысы үшін берілген компенсация;

— еңбекке уақытша жарамсыздығына, екіқабат және бала табуына, бала асырап алуына байланысты берілген жәрдем ақылар;

— денсаулықды жаксартатын шараларға берілген жәрдем ақылар;

— кызмет бабы бойынша іс сапарға берілген компенсациялар және оларға қосылып берілетін үстемелер мен қосымшатөлемдер;

— дала жұмыстарымен шүғылданатын еңбеккерлердің алатын үлестері;

— басқа жерлерге қызмет бабы бойынша ауысқан кезде алатьш компенсация;

— тараптардың келісімі бойынша, ендірістік максат үшін жеке транспорт пайдаланған кезде төленетін компенсация;

арнайы берілген киімдер, аяқ киімдер, алғашқы медициналық кемектер, сабын, сүт т.б. құндылықтардың қүны;

— материалдық кемектер;

— бір жолғы берілетін мақтау (көтермелеу) сыйлығы;

— жалақыны кешіктіріп төлегені үшін жұмыс берушінің еңбеккерлерге төлеген өсімі;

— еңбеккерлердің мамандығын көтеру үшін оқумен байланысты шығыстары;

— конкурста және басқа да жарыстарда жүлделі орындарды алғаны үшін төленетін ақшалай наградалар.

Сыйлықты және басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдерді есептеген кезде нақты уакыты бойынша алынған жалақысы емес, тоқсандык, жарты жылдық, жылдық табыстары алынады, сондай-ақ материалдық мақтау (кетермелеу) кезінде де 1/3, 1/6, 1/12 мөлшері бойынша есептелінеді, ал айлық сыйлықтар — сол айлық деңгейінде беріледі.

Егер де сыйлық және басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдерді есептеген кезде еңбеккерлердің жалақысы толық болмаса, онда оның деңгейі толық болған тоқсандарына пропорциональды алынады.

Орташа күндік жалақы барлык, жағдайда, тек пайдаланбаған демалысы үшін төленетін компенсация мен демалыс ақыдан басқа есептік кезеңде есептелген жалакының сомасынан заңмен белгіленген аптаның алты күндік немесе бес күндік календарлық жұмыс күні бойынша анықталады.

Орташа сағаттық жалақы да, орташа күндік жалақы сияқты анықталады.

Уақытша енбекке жарамсыз кұндеріне теленетін телем. Жүмыс беруші №731 11 маусым 1999 жылы Республика үкіметінің қаулысымен бекітілген "Жұмыс берушінің есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем акыны төлеу мен тағайындау туралы" нұсқау талаптарымен сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз күндері бойынша әлеуметтік жәрдем ақыны еңбеккерлерге төлеуге міндетті.

Ал олардың қатарына:

— жалпы ауруы (сыркаты) бойынша;

— жүмыста мертігуі және кәсіби сыркаты үшін;

— тұрмыстық (күнделікті) зақым (жарақат);

— екіқабат және босану.

Уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне еңбеккерлердің сырқатымен (ауру ымен), протез қоюымен, жанұяның бірі ауырып қалған жағдайда оларға қараумен және басқа да жағдайлармен байланысты жәрдемақы тағайындалып, содан соңтөленеді.

Еңбекке уақытша жарамсыз парағы белгіленген тәртіпте беріледі, ал ол әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны төлеудің негізі болып табылады, ал егер де парақты жоғалтып алса, онда оның көшірмесі (дубликаты) беріледі. Еңбекке уакытша жарамсыз парағы бойынша теленетін жәрдем ақы бірінші күнінен толық жазылып кеткенге дейін немесе медициналық-әлеуметтік экспертгік комиссияның (МӘЭК) мүгедектік белгілеуіне дейін төленеді.

Еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша берілетін жәрдем ақысы мына жағдайларда төленбейді:

— қылмыс жасау кезінде алған зақымына;

— сот шешімі бойынша анықталған, мәжбүрлік түрде емделген уақытына;

— алкагольдің, есірткінің, улы заттардың салдарынан алған зақымдарына.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных