Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жалақынын жинагы және оны тарату




Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 "Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу" шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.

Еңбек ақыны есептегенде 681 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

• "Аяқталмаған құрылыс" күрделі қүрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек телемінің сомаларына;

• "Тауарларды (жүмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар" өнім өткізумен, жүмыстар мен қызмет керсетулерді жүзеге асырумен шүғыдданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

• "Жалпы және әкімшілік шығындар" жалпы шаруашылық және әкімшілік-басқармашылық қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

• "Өндірістегі жүмысшылардың еңбек акысы" негізгі ендірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

• "Қызметкерлердің еңбек акысы" қосалқы өндірістердің қызметкерлеріне есептелген еңбектөлемінің сомаларына;

• "Қызметкерлердің еңбек ақысы" цехтағы (жалпы ендірістегі) қызметкерлерге есептелген төлемінің сомаларына;

Басшылықтагы тұлғалармен есеп аймрысудың есебі. Басшылықтағы тұлғалармен есеп айырысу үшін 7210 "Басшылықтағы түлғалардың карызы" шоты арналған, онда мынадай тұлғалармен есептеседі (баскарма мүшесі мен төрағасы, бақылау кеңесінің (советінің) мүшесі және ревизиондық комиссияның мүшесі және т.б.)- Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемінің сомаларына 7212-шоты

дебеттеледі де, 3350-шоты кредиттеледі, ал оны төлеген кезде 3350 шоты дебеттеліп,1010 шоты кредитгеледі.

Демалыс акысыи төлеуге курылған резервтер. Қызметкерлердің демалыс ақысы бойынша есеп айырысу есебі 3350 "Еңбеккерлерге демалыс бойынша карыздарын есептеу" шотында жүреді (демалыс ақысын төлеудің резервтері). Бұндай резервтерді құру оларды өндіріс шығындарына жатқызудың бірқалыптылығын және дұрыстығын қамтамасыз етудің жолы болып табылады. Резервке аударудың пайызы (проценті) демалыс төлемдерінің орташа ұзақтылығына байланысты болып келеді.

Жылдық түгелдеу кезінде демалысқа теленетін резервтердің пайдалануын және оның дұрыс құрылуын тексеру керек. Түгелдеу барысында зандарда ескерілген кезекті (жыл сайынғы) және косымша демалыстары үшін қызметкерлерге берілетін алдағы уақыттағы телемге деген резерв қалдығы пайдаланылмаған (немесе пайдаланбаған) демалыс күндерінің саны-күндік сомасынан (орташа жалақыны есептеудің белгіленген әдісін ескере отырып) және әлеуметтік, зейнеткерлік қорға міндетті түрде бөлінетін сомалардан қүралады, сондықтан резерв сомасы осы белгіленген төлемнің мелшеріне сай анықталуы тиіс.

Нақты есептелінген резерв есеп беріп отырған жылғы желтоқсандағы есепті түгелдеу арқылы расталған сомадан асып кеткен жағдайда өндіріс шығындарының шоттары бойынша қысқарту жазбалары

жазылады, ал жетпей қалған жағдайда өндіріс шығындарына есептелетін қосымша қаражат қосу жөнінде толықтыру жазбалары жасалады.

Кеп жылғы сіңірген еңбегі үшін және бір жылғы жұмыс корытындысы бойынша жыл сайын берілетін сыйақыларды телеуге арналған резервтердің қалдықтары қызметкерлердің демалыстарының алдағы уакыттағы төлемдеріне арналған резервтер сияқты түгелденеді. Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін жыл сайын берілетін сыйақылар есепті жыл еткеннен кейін төленсе, онда бұл ақыларды төлеуге арналған резерв туралы деректер есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалған баланста болмауы да мүмкін.

Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша есептелген жәрдемақылардың және әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен берілетін басқа да телемдердің сомасы "Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу" шоттың дебеті және 3350 "Қызметкерлермен еңбек бойынша есеп айырысу", 3352 "Басшылардың еңбек ақысы" шоттарының кредиті бойынша көріністабады.

Жеке тұлғалардан ұсталынған табыс салығына 3350 және 3352 шоттары дебеттеліп, 3140 "Бюджетпен басқа да есеп айырысулар" шоты кредиттеледі.

Еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар мен шегерімдер 681-ші және 682-ші шоттардың дебеті бойынша кәрініс табады және мына шотгардың кредитіне жазылады:

1250 "Жүмыскерлер мен баска да тұлғалардың қарызы" шотында — есеп беруге тиісті түлғалардан ұсталынған сомалар; жетіспеушіліктер; ысыраптар мен ұрлық-қарлықтар; несиеге алынған тауарлар т.б. көрсетіледі.

Қызметкерлерге аванс ретінде және өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретінде төленген еңбек телемінің сомалары 1010 және 1030 шоттарының кредитінен 3350 және 3352 шоттарыныңдебетіне көшіріледі.

Өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретіндегі және казіргі ай үшін берілетін аванс ретіндегі еңбек төлемі төлеу тізімдемелер бойынша телейді, ол тізімдемеде төленуге тиісті сома, берілуге тиісті (3 күндік) мерзімі көрсетіледі. Оған басшы мен бас бухгалтер рұқсат етемін деп оның бұрыштамасына кол қойып бекітеді. Бекітілгеннен кейін тізімдеме төлем жасау үшін кассаға беріледі. Үш күндік мерзімде берілмеген жалақы депоненттеледі (кәсіпорын оны сақтауға қабылдап алады).

Берілмеген жалақы сомаларын кассир тізімге жазады да, оны өзінің есебімен бірге бухгалтерияға өткізеді.

Жүмысшылар мен қызметшілердің қолдарында есеп айырысу кітапшасы болу керек, ол кітапшаларға жұмыс істеп жүрген адам туралы мәліметтерден басқа, ай сайын есептелген еңбек ақысының телемдері (яғни төленгендері), ұсталымдары, шегерімдері, алуға тиесілі сомалар көрсетіледі, сондай-ақ оларды кәсіпорын қызметкерлеріне кайтару уақыты кәсіподақ үйымының келісімі бойынша шарттары бейнеленеді

Еңбек туралы күші бар заңдарға сәйкес еңбек төлемін ұжымдык шартпен бекітілген мерзімдерде, айына екі рет береді. Онда айдың бірінші жартысы үшін еңбек телемі бойынша аванстықжәне аванссыз тәртіптер белгіленуі мүмкін. Есеп айырысудың аванстықтәртібінде жұмысшылар мен қызметшілерге жоспарлы аванс береді; түпкілікті есеп айырысу кезінде, айдың екінші жартысында еңбек ақы төлемін жасайды. Аванс мөлшерін үжымдык шарт жасаскан кезде әкімшілік пен кәсіподақ үйымы анықтайды, алайда аванс жұмысшының жүмыс уакыты есебінің табелінен алынған нақты жүмыс істеген уакыты үшін тарифтік төлем мөлшері бойынша койылған еңбектөлемінен кем болмауы тиіс. Есеп айырысудың аванссыз түрінде жоспарлы аванстың орнына айдың бірінші жартысы үшін нақты өндірілген өнім (орындалған жұмыс) бойынша немесе нақты істелінген жүмыс уақыты бойынша еңбек төлемі есептелінеді. Есеп айырысудың бірінші түрінің жүмысы аздау, сондықтан оны кәсіпорындарда жиі қолданады.

Ағымдағы айдың еңбек төлемі бойынша есеп айырысу үшін және жүмыс істеп жүрген адамның өткен кезеңцердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін бухгалтерия әрбір қызметкерлерге "Дербес шот" немесе "Бет есеп" толтырады. Дербес шот немесе бет есебі өткен кезендердегі еңбек телемі туралы мәліметтер, өндірімдер мен орындалған жұмыстардың және төлемнін, әр алуан түрлеріне арналған кұжатгардың негізінде калыптасады. Толтырылған дербес шоты теменде келтірілген.

Қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының толемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректердің жиынтығы. Әрбір кәсіпорында ай сайын бірнеше есеп айырысу-төлем тізімдемелері (цехтар, бөлімдер және кәсіпорынның көрсететін қызметтері бойынша) жасалады, оларды жинақтап түйістіру керек. Бұл үшін "Қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының телемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректерінің жиынтығы" деп аталатын әзірлік кестесін пайдаланады. Онда кызметкерлермен есеп айырысу бойынша ай бойындағы калдықтары; есептелген, берілген, қайта есептелінген, есепке алынған және ұсталынған сомалары, сондай-ақ айдың аяғындағы берешегі, (кәсіпорынның, қызметкерлердің) калдықтары көрсетіледі. 3350 және 3352 шоттары бойынша Бас кітапқа жазылатын қалдықтарын алу; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру т.б. қаражаттар есебінен берілетін төлемдердің сомаларын жинақтау (бұл сомаларға 681-шоттын, кредиті және 3150 "Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен камсыздандыру бойынша есеп айырысу" шотының дебеті бойынша корреспонденттелген шоттардың негізінде жасалады); еңбек телемінен алынатын үсталымдар бойынша корытынды деректерді

алу; депоненттелген жалакыны дер кезінде, әрі толықбақылау; телем көзінен ұсталатын, жеке табыс салығы бойынша есеп беруді жасау; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру органдарына және зейнетақы қорына токсан сайын беріліп отыратын әлеуметтік сақтандыру мен камсыздандыруға бөлінетін қаражат бойынша есеп беру; әлеуметтік салығы бойынша декларациясын алу үшін жинақ есебі пайдаланады

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных