Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп пәні. Курс тақырыбы « Тауарлы – материалды қорлар есебі»




 

Курс тақырыбы «Тауарлы – материалды қорлар есебі»

Сабақ тақырыбы «Материалдық қорлар, олардың жіктелуі және есебінің мақсаты»

 

Жоспар:

1. ТМҚ ұғымы

2. ТМҚ жіктелуі

3. ТМҚ есепке алынатын шоттар және олардың экономикалық мінездемесі

1. Өндіріс процесіне еңбек құраддарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Тауарлы-материаддық босалқылар келесідей активтер түрінде болады:

· өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар;

· материалдар;

· сатып алынған жартылай шикізаттар және кұрастырушы бұйымдар;

· отын;

· ыдыс және ыдыстық материалдар;

· қосалқы бөлшектер және басқа материалдар;

· аяқталмаған өндіріс;

· субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім;

· тауарлар.

Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады:

· босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу;

· сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау;

· босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау;

· көліктік-дайындау шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік кұнын уақытында және толық анықтау;

· КДШ-ны өңцірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау;

· ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату;

· сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

 

2. Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгілер — дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса;

көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік кұнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға косымша пайдаланылады.

Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп белу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық сипатына және баска да көптеген факторларына тәуелді болып келеді.

3. Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 13 "Материалдар" бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді:

1310 "Шикізат және материалдар";

1311 "Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бүйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар";

1312 "Отын";

1313 "Ыдыс және ыдыстық материаддар";

1314 "Қосалқы бөлшектер";

1315 "Басқа материалдар";

1316 "Қайта өндеуге берілген материалдар";

1317 "Құрылыс материалдары".

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных