Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп пәні. Курс тақырыбы: «Тауарлы-материалдық қорлар есебі»




Курс тақырыбы: «Тауарлы-материалдық қорлар есебі»

Сабақ тақырыбы: «Өндіріске босатылған құндылықтарды бағалау әдістері»

Жоспар:

1. Материадық құндылықтарды есебін ұйымдастыру

2. Материадық құндылықтарды өнімнің өзіндік құнына қосу

3. Материалдық құндылықтарды бағалау әдістері

 

1. Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дүрыс бағалау болып табылады.

Тауарлы-материалдық запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік қүнымен, не таза күнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толыктай ескіруі немесе олардың багасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік кұнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату бағасы пайдалануы мүмкін

Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа босалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік қүнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте-тұрақты есеп бағасымен көрсетіледі

2. Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған шығындарды аныктаған кезде шегеріледі. Тауарлы-материалдык запастардың таза сату құнын шығару үшін олардың жай шаруашылық қызметінің барысында сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға тең. Өзіндік құн мынадай себептер бойынша калпына келтірілмеуі мүмкін, онда тауарлы-материалдық запастардың таза сату күны пайдаланады:

- осы тауарлы-материалдық запастар біршама бүлінген;

- олар тұтастай немесе ішінара ескірген;

- олардың сату құны төмендеген.

Әдетте, өнеркәсіп өндірістерінде материалдың запастары өзінің өзіндік қүнынан темен есептен шыгарылмайды, егер де шығарылатын дайын өнімнің бағасы оның өзіндік құнына тең немесе жоғары бағаға сатылады деп күтілетін болса.

3. Сатылатын таза құнын да, өнімнің өзіндік құннан да темен бағасы бойынша анықтау үшін ТМҚ-ға мына төмендегідей әдістерді қолдануы мүмкін:

- баптық әдісі — әрбір ТМҚ турлерінің баланстык. жөне сатылатын таза қүнының ең кіші мәні алынады;

- негізгі материалдар тобының әдісі — ТМҚ топтарының баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;

- жалпы запастар деңгейінің әдісі — барлык ТМҚ-дың баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады.

 

Есептен шығарылған материалдардың кұны және ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.

Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны — ай басындағы қалдық кұнына ай бойында келіп түскен қүндылықтарын косып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.

"ФИФО" әдісі — босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген — бірінші кетеді. Сонымен, соңғы калдыққұны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді.

"ЛИФО" әдісі — запастарды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынган қорлардың өзіңдік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын аныктау үшін қолданылады, ал ай соңыңдағы қорлардың өзіндік кұны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.

Арнайы идентификациялау (бірыңғайлау) әдісі. Бүл әдіс запастардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Жогарыда келтірілген кестеден көріп отырганымыздай, ТМЗ бағалаудың дұрыс әдісін тандау кәсіпорынның таза табысына да, тұтас табысына да, қаржылык, жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды тандағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған жен. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да сақгау керек:

- шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатына езгерістерді енгізу;

- бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;

- дер кезінде ТМЗ қалдықтарына да және өткен жылдардың таратылмаған табысына да түзетулерді енгізу.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных