Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпорын өнімдері. Өнімді өткізу және кәсіпорын табысы.




Кәсіпорын әр түрлі өнім шығарады. Нақты пайдалы қазба өндіретін кәсіпорындар да әр алуан сапалық көрсеткіштері бар өнімдер шығарады. Өнім –тұтыну құнымен, белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен – оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады. Өнім өндіру жұмсалған абстрактілі қоғамдық еңбектің өлшемі – ақшалай өлшем бірлігі болып саналады. Сонымен, ақшалай бағалау – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесінің, сандық бағалауының жалғыз жиі әдісі.

Өнім өткізу дегеніміз – шаруашылық құрал-жабдығы айналымының аяқталған кезеңі, соның нәтижесінде кәсіпорын өндірілген өнімді белгіленген ақыға басқа кәсіпорынға, тұтынушыға өткізеді.

Өткізілген өнім үшін алынған қаражатты – өткізуден түскен түсім дейді. Ол кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығынды өтеуіне (материалдардың, отынның, энергияның құнын, өтелім жарнасын, т.б.), жұмысақы төлеуіне, бюджетпен есеп айырысуына, ақшалай қорланымды қалыптастыруына көмектеседі. Табыс – кәсіпорынның белгілі бір уақыт кезеңінде қандай да бір қызметінің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты. Кәсіпорынның кірісі мен шығысы, балансындағы бюджеттің кіріс бөлігіндегі қаражат түсімінің көлемі мен көздерін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Ол негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынатын табыстарға бөлінеді де, олардың қосындысы – жиынтық табыс деп аталады.

Таза табыс – жалпы табыс пен төленген салықтарды қосқанда, өндіріске жұмсалған шығындар арасындағы айырма.

 

Тау-кен кәсіпорнының белгілі күнтізбелік кезеңдегі жалпы өнім құнының құрамына мыналар кіреді:

• кәсіпорынның белгілі кезеңдегі негізгі, қосалқы және басқа учаскелер мен цехтарды белгіленген техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім құны;

• сыртқа шығаруға арналған шала фабрикаттар, жартылай дайын өнімдер;

• өнеркәсіптік жұмыстар мен қызметтердің құны;

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных