Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Баға және оның түрлері. Салық салу, олардың түрлері.




Баға – нарықтық экономикалық тұрғыдан, сатушы тауар бірлігін сатуға келіскен, ал сатып алушы сатып алуға, ақысын төлеуге дайын тұрған ақша мөлшерін көрсететін экономикалық санат.

Бағаны белгілеу (құру) дегеніміз – бағаның деңгейлерін, ара салмағы мен құрлымын қалыптастыру және өзгерту процесі. Еңбектің қоғамдық қажетті шығындары, тауардың құны, бағалардың объективтік негізі болып табылады, олар ақшалай нысан арқылы бағада көрініс табады

Тауар өндіруші банкрот болып, қарызға батпау үшін өзі тауарының бағасын дұрыс белгілеуі қажет. Баға оған өндіріске және тауар өткізуге жұмсалған шығындардың орнын толтырып, пайда әкеліп, бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз етуі қажет.

Мақсатты таңдау. Кәсіпорынның баға саясатының үш негізгі мақсаттары бар: өткізуді қамтамасыз ету; пайданы барынша көбейту; рынокты ұстау. Егер баға бойынша тұтынушылардың сұранысы кеміп, ал төмен бағалар бәсекешілерді сескендіретін (қорқытатын) болса, онда кәсіпкерге (іскер) рынокқа кіруге (енуге) төмен бағаны пайдаланып, өткізу көлемі мен өз үлесін рынокта ұлғайтып алуға мүмкіншілік береді. Егер компанияның жағдайы рынокта тұрақты болса, онда ол пайданың жоғары деңгейіне ұмтылуға тырысады.

Сұранысты бағалау. Тауарға сұранысты анықтамай, бағаны белгілеуге болмайды. Сұраныс мөлшеріне әр түрлі факторлар: олардың арасында тауардың қажеттілігі, тауарды басқа ұқсас тауармен алмастыру, потенциалды сатып алушылардың төлем қабілеті, олардың мінез-құлқы мен психологиялық ерекшеліктері әсер етеді.

Шығындарды талдау. Жалпы шығындар – тауардың ең төмен деңгейін айқындайды. Бағаның төмендеуін ескерген жөн, әйтпесе тауарларды шығындардан төмен бағамен сату мүмкіншілігі тууы ықтимал.

Бәсекешілер бағасы. Бәсекешілер бағасын талдау қажет. Үлкен сұраныс – тауардың жоғарғы деңгейін көрсетеді, ал ең төмен баға – жалпы шығындармен анықталады. Баға белгілеу әдісін таңдау. Сұраным графигін, есептелген шығындар сомасын, бәсекешілер бағаларын біле тұра, фирма өз тауарының бағасын таңдауға дайын болады. Ақырғы баға белгілеу. Баға белгілеу әдістемесін таңдап, бағаның ең жоғарғы, ең төмен аралығын біле отырып, фирма түпкілікті бағаны белгілеуге кіріседі.

Баға түрлері. Сауда-саттық барысында белгіленетін биржалық баға; хабарлар етілген және тәуелсіз тараптар арасында белгіленген әділ баға; келісімді және шартты тіркелген шарттық, өзара шарттық баға; лицензия бағасы; көтерме сауда бағасы; босату бағасы; сатып алу бағасы; бөлшек сауда бағасы; еркін баға.

Салық – жеке адамдар мен заңды ұйымдардың заң жолымен белгіленген салық мөлшерлемесіне (ставкасына) сәйкес мемлекеттік (жергілікті) өкімет органдарының бюджетіне төлейтін тіркелген аударым жарналары. Ол мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көздерін құрайды.

Салықтардың теориялық негізін оның элементтері құрастырады, олардың бастылары мыналар:

1. салық төлеуші – салық төлеуге тапсырған міндеттемелерді орындайтын жеке және заңды тұлғалар;

2. салық салу объектісі – белгілі бір салық өндіріп алынатын мүлік, мәміле немесе мүліктік құқық;

3. салық салу өлшемі – салық базасын сандық тұрғыдан көрсетуге пайдаланылатын салық алу ауқымының өлшемі. Мысала, алаң – жер салығының ауқымы болып табылады;

4. салықтың мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді, пайыз немесе абсолютті сомамен белгіленеді.

Салықтың мөлшерлемелерінің түрлері мынадай: 1. Тұрақты – салық салатын бірлігіне абсолюттік сомамен белгіленеді (мысалы, бензинге акциздік мөлшерлемесі 500 теңге/т); 2. Пропорционалды – салық салу объектісі біркелкі пайыздық қатынаспен әрекет жасайды (мысалы, корпорациялық табыс салығы, қосылған құн салығы); 3. Прогрессивтік – табыс өскен сайын, мөлшерлеме шамасы артуды болжайды (мысалы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы).

Салықтар былай топтастырылады:

1. Салық төлеу нысанына қарай:

а) жеке тұлғалардың төлейтін салықтары;

ә) заңды тұлғалардың төлейтін салықтары;

2. Салық салу нысанына қарай:

а) мүлік салығы;

ә) жер салығы;

в) капиталға салынатын салық;

3. Тұрпатына қарай:

а) тікелей – табыс пен мүлікке тікелей белгіленеді;

ә) жанама – тауар бағасын көбейтетін және тұтынушылар төлейтін акциздер, қосылған құн салығы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных