Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кредит қызметінің түсінігі, формалары мен түрлері.Ссуда ұғымы.




Кредит туралы теорияда оның атқаратын қызметінің саны мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі (қайта бөлумен айналымның кредиттік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер – төрт (капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар кредиттің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т.б. деп түсіндіреді.

Кредиттің бақылау қызметі дегенде: ол – ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шындығында бақылауды кредит емес, банк жүзеге асырады.

Кредит өндірістік қорлар айналымының құралы деп қарасақ, онда оның бұл қызметі ақшаларға да, бюджетке де, қаржыға да тән – бұл біріншіден, екіншіден – кредит қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.

Экономиканы ретке келтіру жайлы айтатын болсақ, ол кредиттің көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық категориялары арқылы да жүзеге асырылады.

Кредит формасы – бұл кредит қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол кредит қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Кредит қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз, әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Кредит қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.

Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай кредиттің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады:

– қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық кредит;

– кредит мәмілесінің объектісіне қарай – ақшалай және тауарлық кредит;

– кредит қатынасының субъектісіне қарай – банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық кредиттер.

Ссудалық пайыз кредит сияқты – ссудаға уақытша берілген құнның бағасын білдіретін объективті экономикалық категория. Ссудалық пайыздың мәні мыналарды білдіреді:

а) ссудаға берілген құнды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

ә) кредитке қосылатын үстеме;

б) кредит берушінің шығындарының орнын толтыру әдістері.

Ссудалық пайыздың көзіне – қарыз алушының кредитті өнімді пайдаланудың нәтижесінде алған пайдасы жатады. Сол себепті де ссудалық құнды ұсынушы кредит пен оны пайдаланатын қарыз алушының арасындағы экономикалық мүдделердің қайшылығы ұдайы болып тұрады. Бұл қайшылықты шешу процесінде кредитті пайдаланудан түскен пайданы ссудалық пайызға және пайдаға бөлу жүзеге асырылады.

Ссудалық пайызды төлеу қажеттілігі қарыз алушыны ссудалық құнды барынша тиімді пайдалануға, салым капиталында пайданы арттыруға мәжбүр етеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных