Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Банктік емес кредиттік ұйымдар.Сақтандыру компаниялары, Инфестициялық қорлар, мемлекеттік емес зейнеткерлік қорлар.




Банктік емес кредиттік ұйымдар

Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елднрмен салыстырғанда тез, әрі өседі. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан, экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор.

Белгілі қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай қаражатты пайдалануды мемлекет тарапынан, қайтадан таратудың бірі бюджеттен тыс қордың қордың формасы болып саналады.

Бұл қорлар қаржы нарығының қатысушы ретінде және инвесторы болып шыға алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үйлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа немесе бөгде қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады:

• Зейнетақы қоры;

• Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры;

• Әлеуметтік сақтандыру қоры;

• Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).

Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, соның жәрдемімен жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.

Сақтандырудың түрлері. Сақтандыру мынадай болып бөлінеді:

– міндетті дәрежелері бойынша: – сақтандыру объектісі бойынша:

а) ерікті, а) жеке;

ә) міндетті; ә) мүліктік.

Міндетті сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру. (өз денсаулығын сақтандыру азаматқа жүктелмеуі керек).

Ерікті түрдегі сақтандыру – екі жақтанда ерікті түрде жүзеге асырылатын сақтандыру.

Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы – жеке басын сақтандыруға жатады.

Сақтандырушы тиісті сақтандыру түрлерін іске асыруға құқылы лицензиясы бар, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған – коммерциялық ұйым.

7 шілде 2004 жылы ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» №576-11 заңына сәйкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры (ИҚ) құрылған болатын.

Қазақстан Республикасында инвестициялық қордың екі түрі бар:

1. акционерлік инвестициялық қор (АИҚ);

2. үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ); олар келесі формада болуы мүмкін: ашық, аралық және жабық.

Ашық ҮЖИҚ ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» заңында белгіленген тәртіп пен шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иесіне үлестік жарнасын сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады. Осы инвестициялық қордың (ИҚ) ережесіне сай екі аптада бір рет, ал ҮЖИҚ аралығында ұзартпай жылына бір рет сатып алу ұсынылады. Жабық ҮЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне осы қордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысының қатысу құқығын табыс етеді. Сонымен қатар қордың қарастырылған ережесімен үлес жарнасы бойынша және шарт тәртібінде дивиденттерді алуды ұсынады.

ИҚ-ның инвестициялық қызметі лицензиясының бар кезінде дербес АИҚ инвестицияларының немесе осы арадағы жарналық үлесті иеленушілердің немесе басқарушы компания қоры акционерлерінің табыс алу мақсатының жинақталуымен анықталады.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары – бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы шығындарды азайтатын, қаржы нарығында тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға «арзан ақшаны» тартатын әлеуметтік-экономикалык институт.

Мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЕЗҚ) халықтың зейнетақы жарналарын шоғырландыру арқылы қалыптасатын коммерциялық емес ұйым (еңбек ақысын – 10%) және келісімшартқа сәйкес зейнетақы төлеуді атқарады. Жиналған қаржыны көбейту үшін, қор зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі арнайы компанияға тапсырады (ЗАБК).

Қор кастодиандық қызметке лицензия алғаннан соң, кастодиан –банкісінен ғана банкілік шотын ашуға құқылы болады. Кастодиан ақша қаржысын құнды қағаздарымен есебін алу мен оны сақтау бойынша кәсіби қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қор зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниямен және қызмет көрсететін банк-кастодианмен тұрақты түрде ақпараттарды салыстырып тексеріп отырулары керек.

13)Банк және банк операциялары. Қазақстандағы банк жүйесі. Қазақстан Ұлттық банкі. Коммерциялық банктер

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады. Коммерциялық Банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік (коммандиттік) операцияларды да жасайды. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай — орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті филиалдары), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемл., акцион., корпоративтік, аралас, мемлекетаралық Банктер болып бөлінеді.

Казақстанда Банк жүйесі екі деңгейлі. Ұлттық банк мемлекеттің Орталық банкі болып табылады және Банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша шығарады, оның міндеті — ұлттық валютаның — теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банкілердің қызметін қадағалап, бақылау. ұлттық банкінің міндеттері, қызметі, қағидаты, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Заңында (1995) белгіленген. Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады. Олардың міндеттері — клиенттерге (кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық, депозиттік, т. б. операциялар жасау).[1] Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных