Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстандағы кен байлықтардың экономикаға қатысы.




Кен байлықтар – өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ. Минералды ресурстарды пайдаланудың алғашқы сатысынан (барлау жұмыстарынан) бастап, белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Осылай бағалаулардың нәтижесінде сол ресурстарды пайдалануға болатын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологиясын анықтаймыз. Бағалаудың түпкі мақсаты – минералды ресурстардың саны мен сапасы жағынан зерделеп, оның экономикалық, әлеуметтік қажеттілігін анықтау.

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр, өйткені көп жылдар бойы жер қойнауындағы пайдалы қазба байлықты тегін пайдалану ұстанымы үстемдік етті. Тегін жатқан минералды ресурстарды экономикалық бағалаудың қажеттігі болмаса да, олардың қорларын есептеу, оңтайлы болжамдар жасау, жобалау, жоспарлау керек болды.

Кен байлықтарды экономикалық бағалау не үшін қажет деген сұраққа, төмендегі негізгі бағыттарды атауға болады: ұлттық байлықты есептеу; табиғи байлықты игерудің оптимальды мерзімін және қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау; ренталық табыстар (пайданы) мен төлемдерді анықтау; өндіру салалары өнімдерінің өзіндік құнын, бағасын дұрыс есептеу; табиғи байлықты пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп мүмкіндіктерін есептеу және т.б.

Кәсіпорындар пайдалы қазба-байлықты пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Кейбір кәсіпорындар барлау жұмыстарын жүргізеді, пайдалы қазбаның санын, сапасын зерделейді. Екінші тобы – минералды ресурстарды пайдаланады, қазып алады, басқалары оларды байытып, қорытып, дайын өнім шығарады.

Кен байлықтардың экономикалық бағалаудың екі негізгі: шығындық және ренталдық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша, табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне – оны игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар алынады, ал ренталдық қағида – дифференциалдық (шегерме арқылы) рента түріндегі кен байлықтарды халық шаруашылығына тиімділігін есептеуге құрылған.

Шығындық қағиданың кемшілігі – пайдалы кен байлықтарының жер астындағы орналасу тереңдігін және оның құрамындағы металл мөлшерін, яғни өнім сапасын дұрыс есепке алмайды. Пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса оны өндіруге аз шығын жұмсалады, ал кеннің сапасы бірдей болғанның өзінде де, оны арзан бағалауымыз керек. Қазақстан пайдалы қазбаларға, оның ішінде түсті металдарға өте бай. Әсіресе, мыс пен полиметалл ресурстары көп. Мыс рудасы кенорындарының ішіндегі ең ірілері: Жезқазған, Орталық Қазақстандағы – Саяқ пен Қоңырат, Солтүстік Қазақстандағы – Бозшакөл, Шығыс Қазақстанда – Орлов пен Николаев, Оңтүстік Қазақстанда – Шатыркөл, Батыс Қазақстанда – Юбилейлік, Приорск. Мыстың өндірістік қорлары 74 кенорындарында барланған, оның 31-і таза мыс кенорны, ал қалғандары кешенді кенорнына жатады.

Полиметалды немесе қорғасын-мырышты рудалар негізінен Шығыс Қазақстанда, Алтай тауларында шоғырланған. Осы рудаларға бай болғандықтан да, Кенді Алтай аталуы да тегін емес. Мұнда жүздеген полиметалды және мыс рудаларының кенорны бар, олардың ішіндегі ең ірілері – Зырьяновск, Лениногорск, Белоусовск, Сокольная және Тишинск кенорындары. Алтайдың полиметалды рудасының құрамы өте көп компонентті болып келеді. Құрамында негізгі металдардан басқа алтын, күміс, кадмий, мышьяк, талий, индий, галий, күкірт – барлығы 30-ға жуық сирек кездесетін және шашыраған элементтер бар.

Орталық Қазақстанда полиметал рудасының ірі кенорындары – Қарағайлы, Ақжал және Ақсаран, ал республикамыздың оңтүстігінде – Ащысай, Байжансай, Мырғалымсай, Шалқия және Текелі кенорындары. Қорлардың балансы бойынша полиметалды рудалардың 58 кенорны тіркелген, оның 29% пайдаланылады.

Қазақстанда асыл металдардан: алтын мен күміс өндіріледі. Бұлардың едәуір бөлігі полиметал рудасында қоспа түрінде болады, ал алтын тіпті «өзіндік» кенорны түрінде де кездеседі. Қазіргі уақытта Қазақстан территориясында баланс қоры бойынша 195 кенорны тіркелген, оның ішінде 146-сы тек қана алтын рудалы.

ТМД бойынша темір руданың баланстық қорының шамамен 17 % Қазақстанға тиесілі. Республикамыздағы ең ірі рудалы негіз, Қостанай темір рудалы бассейні болып есептеледі. Онда Соколов-Сарыбай және Качарск магнетитті кенорындары мен Аят және Лисаковск қоңыр шөккен темір рудасы кенорындарын ерекше айтуға болады. Қостанай бассейнінен басқа, Солтүстік Қазақстанда Атансор кенорны мен Павлодар облысындағы Лощинск кенорнын атауға болады.

Металлургияның дамуы үшін, әсіресе қара металлургия үшін рудалы емес шикізат өте қажет. Бұларға қождама әктас, доломиттер, пішіндеуші материалдар, отқа төзімді саз, кварциттер, флюорит, т.б. жатады. Осы аталған пайдалы қазбалар біздің республикамызда жеткілікті мөлшерде кездеседі. Олар әдетте жер қабатында кеңінен таралғандықтан, оларды барлау оңай. Негізінен олардың кенорындары республикамыздың қара және түсті металлургияның басты кенорындары орналасқан аудандарда барланған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных