Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстандағы кредит жайлы не білесіз




«Функция» («қызмет») деген сөз латынның «functio» - дегені – ол «атқару» деген мағынаны білдіреді. Кредиттің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет кредиттің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметтің атқаруындағы қарым-қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің кредит мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында кредит барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет – қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Кредит мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытуы да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет кредиттік қатынасқа бүтіндей қатысты. Кредиттің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы ғалымдардың біркелкі пікірлері жоқ. Кейбірі оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В.М.Тарасов кредитті ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады.

Айырбас фазасында бөлу қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, кредиттік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан кредит бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі кредиттің қызметіне тән екендігін көрсетеді.

Кредит туралы теорияда оның атқаратын қызметінің саны мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі (қайта бөлумен айналымның кредиттік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер – төрт (капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар кредиттің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т.б. деп түсіндіреді.

Кредиттің бақылау қызметі дегенде: ол – ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шындығында бақылауды кредит емес, банк жүзеге асырады.

Кредит өндірістік қорлар айналымының құралы деп қарасақ, онда оның бұл қызметі ақшаларға да, бюджетке де, қаржыға да тән – бұл біріншіден, екіншіден – кредит қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.

Экономиканы ретке келтіру жайлы айтатын болсақ, ол кредиттің көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық категориялары арқылы да жүзеге асырылады.

Кредит формасы – бұл кредит қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол кредит қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Кредит қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз, әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Кредит қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.

Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай кредиттің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады:

– қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық кредит;

– кредит мәмілесінің объектісіне қарай – ақшалай және тауарлық кредит;

– кредит қатынасының субъектісіне қарай – банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық кредиттер.

Кредиттің тауарлық формасы осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық кредит фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде астықты жиғаннан кейін қайтарып отырады.

Кредиттің тауарлы формасының негізінде ақшалай кредит формасы пайда болып, дамиды. Ол осы заманғы нарықтық астықты жинағаннан шаруашылықта артықшылықтарға ие типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Кредиттің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады.

Кредит формаларының көптеген түрлері де болады. Кредит түрлері – бұл оның кредиттерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни кредиттің іс-тәжірибедегі нақты қосымшасы.

Қазақстанда кредит түрлері былайша жіктеледі:

1. кредиттеу объектінің экономикалық белгілері бойынша:

– айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін кредит;

– негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін кредит;

– төлем кредиттер т.б.

2. кредиттің қамтамасыз етілуі бойынша:

– жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен;

– ішінара қамтамасыз етілген.

3. қайтарылу мерзімі бойынша:

– қысқа мерзімді:

– орта мерзімді;

– ұзақ мерзімді.

4. өтелу тәртібі бойынша:

– бөліп төлеу;

– бір жолғы төлеу;

– кезең сайын өтеу.

5. Тәуекелді деңгейі бойынша; 7. Салалық бағыты бойынша

6. Ақылылығы бойынша; 8. Ашылатын шот түрлері.

Кредит желісінің ашылуы кредит беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа тығыз ынтымақтастығын білдіреді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных