Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандары Қазақстандығы тауар өндірісі .




Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық -құқықтық нысандары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны- кәсіпорын серіктестерінің ішкі қатынастары мен мемлекеттік органдар және басқа да кәсіпорындармен болатын қатынастарынан тұратын белгілі бір нормалар жүйесі. Кәсіпкерліктің ұйымдық құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады: жеке капиталдың немесе оны тарту мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы және т.б.

Кәсіпкерліктің мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары болады:

1. Серіктестік: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

2. Акционерлік қоғам (ашық және жабық типі);

3. Мемлекеттік кәсіпорын.

Шаруашылық серіктестіктері жарғылық қоры құрылтайшылардың салымдарына бөлінген заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіне ақша, мүліктік құқық немесе ақшалай бағасы бар басқа да құндылықтар салынады.

Толық серіктестік. Қатысушылары (толық серіктестер) кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серіктестік толық серіктестік болып табылады.

Толық серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады және әрекет етеді. Толық серіктестік қызметі барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны оның қатысушылары арасында жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.

Сенім серіктестігі.Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі болып табылады. Қосқан үлесінің мөлшерінде жауап беретін қатысушылар командистер деп аталады. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және ол өкілеттік қызмет атқарады. Фирманың ішкі өзара қызметін командистер келісім арқылы жүзеге асырады. Әдетте мұндай келісім құқын ірі командитті компаниялар шеңберінде командистерден тұратын кеңеске беріп отырады. Қоғам сыртқы қатысушылардың қосқан үлес сомасына акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды - акционерлік командистер, ал қоғамды акционерлік командит деп атайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікБір немесе бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеуі серіктестік деп танылады. Оның мүшелері (жеке және заңды тұлғалар) қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шартын жасау керек, онда фирманың аты, мекен жайы, кәсіпорынның қызмет түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық заттар нысанында заттық үлестері де болуы мүмкін (автомобиль, жер учаскелері, лицензия т. б.).

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктіңқатысушылары серіктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен, ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар арасында салымдарына қарай бөлінеді.

Акционерлік қоғам — бұл өз қызметін жүзеге асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жеке адам және заңды ұйымдар акционерлер бола алады. Акционерлік қоғамды құру үшін серіктестік келісім шартын жасау керек, оны қоғамның жарғысы деп атайды, оны нотариус куәландыруы керек. Акционерлік коғамды ұйымдастырушыларға шек койылмайды. Ұйымдастырушы бір адам болуы да мүмкін. Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды.

Акционерлік қоғамдардың екі түрі болады: ашық және жабық. Ашық акционерлік қоғамға барлық азаматтар қатысады. Олар қоғамның басқа мүшелерінің рұқсатынсыз өз акцияларын сата алады. Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек қана құрылтайшыларына немесе жарғыда көрсетілген басқа да тұлғаларға сатылады.

Акция дегеніміз– оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталына өз үлесін қосқандығын дәлелдейтін және оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құжат. Сонымен бірге акция акционерлік қоғамның ісін басқаруға құқық береді, алайда бұл жерде бір акция - бір дауыс деген қағида басшылыққа алынады. Акционердің акциясы неғұрлым көп болса, акционерлік кәсіпорынның істеріне соғұрлым көп әсер ете алады. Мұндай жағдайда акционерлік кәсіпорынды басқаруда акциялардың бақылау пакетін иеленген акционер шешуші рөл атқарады.

Мемлекеттік кәсіпорындар үш топқа бөлінеді: бюджеттік кәсіпорындар, мемлекеттік корпорациялар, аралас акционерлік қоғамдар.

Бюджеттік кәсіпорындарға заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар жатады. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді, құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бюджеттік кәсіпорындар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды, мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорын басшыларын мемлекеттік органдар тағайындайды.

Мемлекеттік корпорациялар мемлекеттік кәсіпорындардың кеңінен тараған түрі. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Әдетте олар шаруашылық жұмыстарымен бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам нысанында да құрылуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің экономикалық негізін мемлекеттік қорлар есебінен құралатын өзіндік капитал, акционерлік капитал және пайда құрайды. Сонымен қатар облигация нысанында заем капиталын, банк несиелерін, басқа да қаржы көздерін пайдаланады.

Аралас компаниялар акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады. Акционерлік қоғамдар туралы заңға сай аралас компаниялар заңды иегер, коммерциялық жеке фирмалармен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады.

Аралас фирмалардың өзіндік капиталы акционерлік капиталдан, капиталданған пайдадан, акциялары қор биржасында сатылатын болса, эмиссиялық табыстан құралады. Мемлекет пен жеке акционерлер өз қызметтерінің нәтижесінде дивиденд нысанында табыс алып отырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных