Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






азақстанның ұлттық валютасы туралы.




Қазақстан 1992 жылдан әлемдік валюта қорының (ӘМҚ) мүшесі болып табылады. Сондықтан өзінің валюталық жүйесін Ямайкалық әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық принциптерін ескере отырып құрады. 1993 жылдың қарашасынан бері ұлттық валюта жүйеміздің негізі – теңге ендірілді.

1996 жылдың 24 желтоқсанында ҚР-ның «Валютаны реттеу туралы» Заңы қабылданды. Содан бері оған 9 рет өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Қазақстанның валюта Заңының негізгі элементтері төмендегідей.

– валюта заңының басты-басты түсініктерін нақты анықтау;

– валютаны реттеу мен валютаға бақылау жасаудың тәртібі;

– валюталық операциялар, оларды өткізудің рұқсат етілу тәртіптері;

– шетел валюталары, құнды қағаздарды әкелу мен сыртқа шығарудың тәртібі;

– халықаралық төлемдер мен жіберудің тәртібі.

Осы Заң бойынша конвертирленудің бір бөлік (ішкі) ережесі бекітіліп, валюта жүзуінің біркелкі бағыты ендірілді.

Валюталық құндылықтар – шетел валютасы, құнды қағаздар, шетелдік валютамен жүргізілетін төлем құжаттары, аффинацияланған сом алтын.

ҚР аумағында резиденттер (Қазақстан азаматтары) мен резидент еместер (шетелдіктер) жүргізілетін валюталық операциялар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өкілетті банктер мен өкілетті ұйымдар арқылы атқарылады.

Резиденттер арасындағы барлық төлемдер мен ақша жіберу операциялары ҚР-ның ұлттық валютасымен ғана жүргізілуге тиіс.

Валюталық операциялар капитал қозғалысына байланысты күнделікті операцияларға бөлінеді.

Күнделікті операциялар мыналар:

– төлем мерзімін кейінге қалдыруды қарастыратын экспорт-импорт келісімдерінің есебін жүзеге асыруға арналған ақша жіберулер, немесе 180 күннен аспайтын мерзімге тауарлар үшін берілетін авансалық төлем;

– салымдар, инвестициялар, заем мен басқа да операциялар бойынша ақша жіберу, үлес пайдасын алу, сыйлықтар мен түрліше табыстар;

– гранттарды, мұрагерлік сомаларды қоса есептегендегі саудалық сипаты жоқ ақша жіберулер.

Капиталдың қозғалысына байланысты операциялар:

– инвестицияларды жүзеге асыру;

– ақыл-ой мүддесінің объектісіне толық құқықтарды беруді қарастыратын келісімдер бойынша есептеулерді жүзеге асыратын ақша жіберілуі;

– 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру мен оларды алу;

– құнды қағаздарға ие болатын – портфель инвестициялары т.б.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных