Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Еуропа елдеріне экономикалық географиялық сипаттама.




ДӘРІС

Мақсаты: Еуропа еліне экономикалық – географиялық тұрғыдан сипаттама бере отыра, оның саяси картасы мен мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстарын, экологиялық жағдайы мен табиғатты қорғау, ынтамақтастығын түсіндіріп түйінді мәселелерін шешу қарастырылады.

1.Еуропаның саяси картасы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

2. Экономикалық-географиялық жағдайы.

3. Саяси картасы мен мемлекеттік құрылымы.

4. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

5. Экологиялық жағдайы және табиғатты қорғау.

6. Экономикалық ынтымақтастығы.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: табиғат жағдайлары мен ресурстар, экономикалық-географиялық жағдай, мемлекеттік құрылымы.

.

Еуропа − Азиямен бірге Еуразия материгін құрайтын Жер шарындағы ең кіші дүние бөлігі. Еуразия материгінің батысында орналасып, оның бестен бір бөлігін қамтиды. Жалпы ауданы (маңындағы аралдарымен бірге) − 10 млн км² шамасында. Еуропаға кіретін аралдардың ірілері − Ұлыбритания (Британ аралдары), Исландия, Ирландия, Жаңа Жер, Сицилия аралдары мен Шпицберген топаралы және т.б. Солтүстігіндегі арктика мен субарктика ендіктердегі аралдардан, оңтүстігіндегі субтропиктік белдеудегі аралдарға дейінгі арақашықтығы 5000 км-ге жетеді. Батысындағы Атлант мұхиты жағалауындағы Пиреней түбегінен шығысындағы Қара теңіз жағалауындағы ТМД елдеріне дейінгі қашықтығы 3100 км.

Еуропа жағалауын Атлант мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхит сулары шайып жатыр. Жағалаулары Норвег, Солтүстік, Балтық, Жерорта теңіздерімен және Бискай шығанағымен күшті тілімденген. Теңіздерге Скандинавия, Пиреней, Апеннин және Балқан, Кола т.б. түбектер сұғына орналасқан. Түбектер мен аралдар аймақ жерінің үштен бір бөлігін алып жатыр.

Экономикалық-географиялық жағдайы:

Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы. Аймақ елдерінің басым көпшілігі Дүниежүзілік мұхит пен оның теңіздеріне шыға алатын жағалауларда орналасқан. Аймақтың солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларындағы порттар арқылы халықаралық маңызы бар теңіз саудасы қауырт жүретін, әлемдік теңіз жолдары өтеді. Батысындағы Атлант мұхиты Америка елдеріне жол ашады. Оңтүстігіндегі Жерорта теңізі арқылы Оңтүстік-Батыс Азия және Солтүстік Африка елдерімен ерте уақыттан бері тығыз байланыста болды. Бұл көршілес аймақтардан минералды шикізаттарды алып, дайын өнімдерді сыртқа шығаруына, экономикалық байланыстарды ұлғайтуға қолайлы жағдай жасайды.

Саяси картасы мен мемлекеттік құрылымы. Еуропаның саяси картасының негізі Орта ғасырдың соңында қалана бастады. Бүкіл XX ғасыр бойы ─ бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстарда, 90-жылдардағы өткен тарихи, саяси кезеңдерде (екі Герман елінің бірігуі, социалистік жүйедегі Кеңес Одағы мен Югославияның ыдырауы және Чехословакияның бөлінуі), тіпті соңғы жылдардағы Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық құрылыстың өзгеруінен − аймақтың саяси картасы ірі өзгерістерге ұшырады.

 

ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым

 

 

Еуропаның қазіргі саяси картасында 40-тан астам мемлекет бар. Көпшілігі экономикасы жоғары дамыған елдер. Оның ішінде Ұлыбритания, Германия, Франция және Италия «Үлкен жетілік» елдері және Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері бар.

Еуропа жерінде жалғыз аумақтық иелік бар, ол Испанияның оңтүстік жағалауындағы Ұлыбританияның иелігіндегі − Гибралтар.

Мемлекеттік басқару формасына қарай Еуропа елдерінің көпшілігі − республикалар болса, оның басым бөлігі унитарлы елдер. Әкімшілік құрылымына қарай 5 ел федерациялық мемлекеттер қатарына кіреді: Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Германия Федерациялы Республикасы, Ресей Федерациясы және Швейцария Конфедерациясы.

Мемлекеттік құрылымына байланысты 12 ел монархиялар болып табылады. Италияның астанасы Рим қаласының батыс бөлігінде орналасқан қала-мемлекет Ватикан − теократиялық монархия, қалған 11 мемлекетте констиуциялық монархия құрылымы сақталған. Ол − корольдік мемлекеттер: Норвегия, Швеция, Дания, Ұлыбритания, Нидерланд, Бельгия, Испания; княздік мемлекеттер − Андорра, Монако, Лихтенштейн және Ұлы Герцогтік ел − Люксембург.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Жер қыртысыныңгеологиялық тарихының қалыптасуы күрделілігімен ерекшеленеді. Еуропаның жер бедерінің негізі соңғы 25 млн. жыл бұрын қалыптасты.

Ежелгі платформалар жер қыртысының жас бөліктерімен қатар біртұтас аймақты құрайды. Соған сәйкес әртүрлі биіктіктегі тау жүйелері мен қыраттар, ойпаттармен кезектесе орналасқан. Еуропаның ең биік тау құрылымы аймақтың оңтүстігіне қарай орналасқан, онда Альпі-Гималай геосинклинальды аймақтың таулы белдеуі жатыр. Мұнда ойпаттар аз ғана аумақты алып жатыр. Балтық қалқанының кристалдық жазығы орналасқан. Аймақтың орталық өңірінің жер бедері негізінен қыраттардан, жазықтар және ойпаттардан тұрады. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 300 м. Ең ірі жазығы шығысындағы Шығыс Еуропа (Орыс) қыратты жазығы. Балтық және Солтүстік теңіздер мен Бискай шығанағының жағалаулары тегіс жазықтан, Нидерланд жерінің ⅓ бөлігі «теңізден жаулап алған» ойпатты жер. Ең төмен жері – Каспий маңы ойпаты (− 28 м). Ең биік жері − Альпі тауы (Монблан шыңы, 4807 м). Биіктігі жағынан кейінгі тау − Пиреней таулары (орташа биіктігі 2500 − 3000 м). Шығысында Карпат таулары (1000 – 2000 м), оңтүстігінде Апеннин (2000 м-ге дейін) және Балқан таулары (2000 м-ге дейін), солтүстігінде орташа биіктіктегі Скандинавия таулары орналасқан. Еуропа − табиғат ресурстары мен пайдалы қазбаларға бай аймақ. Жанатын қазбалардан алғашқы пайдалана бастағаны – көмір болатын. Жоғары сапалы таскөмірдің басты кен орындарына: Рур алабы (Германия) және Жоғарғы Силезия (Польшаның оңтүстігі) алаптары жатады. Одан басқа Ұлыбританияның Пеннин қыратында, Францияның солтүстігі мен Бельгияда кездеседі. Еуропа аумағында Саар (Германия), Уэльс, Йоркшир (Ұлыбритания), Донбасс (Украина), Төменгі Силезия (Польша) шағын таскөмір алаптары да кездеседі. Карпат тауішілік қазаншұңқырындағы Румыния, Венгрия және Польша мен Германия жерлері аралығында қоңыр көмір алаптары шоғырланған. Мұнай мен газдың мол қорлары Солтүстік және Каспий теңіздерінің қайраңында, тауалды ойыстар мен Карпаттың тауаралық қазаншұңқырларында таралған.

Скандинавия түбегінің солтүстігінде каледон қатпарлығындағы магнетиттер (Солтүстік Швеция мен Солтүстік Норвегия) және Юра кезеңінде пайда болған Лотарингияда (Франция) темірдің мол кен орны бар. Францияның солтүстік-батысы мен Батыс Англияда, Шығыс Еуропада КМА (Курск магнит аномалиясы, Ресейде), Кривой Рог (Украина) кен орындарында темір кендері шоғырланған.

Бокситтер – алюминий кендері негізінен альпі қатпарлығы зонасында таралған. Ең ірі кен орындары Венгрияның батысында, Францияның оңтүстік-шығысында, Босния мен Герцоговинада (Динар тауында) шоғырланған.

Экологиялық жағдайы және табиғатты қорғау. Еуропаның экологиялық жағдайы халықтың тығыз шоғырлануы, урбандалудың жоғарылығы, индустрияландырудың өркендеуімен тікелей байланысты. Ауа, су, топырақтың ластануынан адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қатер төнуде.

Өнеркәсіптік өндірістер мен көліктерден бөлінетін зиянды газдар: күкірт қос және азот тотықтары қышқыл жаңбырларға айналып, ауа құрамын өзгертіп жерге сіңуде. Қышқыл жаңбырлардың пайда болуына индустриялы елдер − Ұлыбритания мен Германияның үлесі жоғары. Көмірқышқыл газының атмосферада шамадан тыс көбейіп кетуінен климаттың ғаламдық өзгерісі табиғатқа, адамдар денсаулығына, аймақтың экономикасына нұқсан келтіруде. Өзен, көлдер, теңіз, мұхит жағалауларында өндіріс қалдықтары, ауыр металлдар, улы заттармен ластануда. Солтүстік теңіздің қайраңынан өндірілетін мұнай және Жерорта теңізінде мұнай тасымалдаушы танкерлерден мыңдаған тонна мұнай мен мұнай өнімдері суға төгіліп, үлкен экологиялық апаттар алып келуде. Дүниежүзілік ластанудың 20 %-ы Еуропаның үлесіне тиеді.

XX-ғасырдың 70-жылдарынан бастап Еуропада антропогендік әрекеттерден қоршаған ортаны қорғау үшін ағаштар отырғызып орман ауқымын кеңейту қолға алынды. Ауыл шаруашылық жерлерінде топырақты өңдеуде улы химиялық қосылыстарды барынша азайтуда. Жекеменшік автокөліктерден бас тартып, қоғамдық көліктерді (автобус, трамвай, троллейбус, метро) пайдалану ұсынылуда. Индустриялы елдердегі ірі қалаларда жыл ішінде бір күнді көшедегі машина санын азайту үшін автомобильмен жүруге тыйым салынып, жаяу немесе велосипедтермен жүруге кеңес беруде. Кейбір елдерде табиғатты қорғауға айырықша көңіл бөлініп, қоршаған ортаны қорғау жөнінде ұйымдар құрылған. Мысалы, Норвегияда табиғатты қорғау жөнінде мемлекеттік тұрғыда бағдарламалар жасалса, Германияда экологиялық таза технологиялар мен жаңа техникалар шығарылуда.

Еуропа аумағында табиғатты сақтап қалу, экологиялық жағдайды жақсарту үшін ұлттық саябақтар, қорықтар, қорықшалар көптеп ұйымдастырылған. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау жөніндегі Бүкіләлемдік мұра тізіміне аймақтың 100-ге тарта нысандары енсе, ұлттық саябақтарының саны 100-ден асады.

Еуропа халқы.

Еуропа халқының саны шамамен 738 млн. адам (2009). Батыс Еуропа елдерінің халқы 400 млн. адам, Шығыс Еуропада 135 млн. адам тұрса, ТМД-ның еуропалық Еуропаның халық саны ең көп елдеріне: Германия (82 млн), Франция (64 млн),бөлігінде (Ресей, Украина, Беларусь, Молдовада 190 млн. адам өмір сүреді. Ұлыбритания (61 млн) және Италия (58 млн) жатады.Еуропалықтардың орташа өмір сүру жасы 76 жас. Табиғи өсу көрсеткіші төмендеп, орташа өмір сүру жасы ұлғаюынан Еуропа елдерінің көпшілігінде «ұлттың қартаюы» байқалады.

 

 

Аймақта туу көрсеткіші төмен болғандықтан халықтың жалпы санында жас балалардың үлес салмағы (16 – 17 %) азайып, егде адамдардың үлесі (20 – 23 %) артуда.

Еуропа қазіргі уақытта әлемдегі иммиграцияның басты ауданы болып саналады. Әсіресе Орта және Солтүстік Еуропаға иммиграция, Оңтүстік және Шығыс Еуропаға эмиграция тән. Германияда түріктердің, Ұлыбританияда үнділердің, Францияда арабтардың үлес салмағы артуда.

Ұлттық және тілдік құрамы. Аймақ халқының басым көпшілігі үнді-еуропалық тіл семьясына жатады. Солтүстік және Орталық Еуропада герман тіл тобына жататын халықтарға: немістер, ағылшындар, голландықтар (Нидерланд), фламандықтар (Бельгия), роман тіл тобына − Батыс, Оңтүстік-батыс және Оңтүстік Еуропаны мекендейтін халықтар: француздар, италиялықтар, испандар, португалдар, каталондар (Испания), румындар т.б. жатады. Шығыс, Оңтүстік-шығыс Еуропада қоныстанған славян тіл тобына: орыстар, белорустар, украиндар, поляктар, чехтар, словактар т.б. кіреді. Балтық

тіл тобына латыштар мен литвалықтар, кельт тіл тобына: ирланд, уэльс, гэл, бретон

тілдері жатады. Солтүстік Еуропада орал тіл семьясының фин-угор тобына фин, венгр,

эстон, саам, ненец, удмурт, карел т.б. шағын тілдер кіреді. Алтай тіл семьясына Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік Еуропаны мекендейтін түркі тілдес тобына: түріктер, татарлар, башқұрттар, гагауздар т.б. жатады. Афразия тіл семьясының семит тіл тобына: араб, мальталықтар (Мальта) кіреді. Еуропадағы оқшауланған тілдер қатарына Пиреней түбегіндегі баск тілі − көпшілігі Испанияда, аздаған бөлігі Францияда және юкагир, кет тілдері т.б. жатады. Аймақтағы бірұлтты елдер қатарына: Дания мен Швеция, екіұлтты елге Бельгия, көпұлтты елдерге: Швейцария, Испания, Ұлыбритания жатады.

Халықтың діни құрамы. Еуропа елдерінің барлығында дерлік христиан діні үстемдік етеді. Хрисиан дінінің тармақтары – католицизм, православие, протестантизм. Католиктер

аймақтың орталығы мен оңтүстігінде (Ватикан, Испания, Португалия, Италия, Франция, Ирландия, Бельгия, Аустрия және ұсақ мемлекеттерде таралған. Протестанттар Еуропаның солтүстігі мен батысында: Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия, Ұлыбританияда мекендейді. Протестанттар Еуропаның солтүстігі мен батысында: Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия, Ұлыбританияда мекендейді.

Протестанттар Еуропаның солтүстігі мен батысында: Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия, Ұлыбританияда мекендейді. Православие тармағын аймақтың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы елдер − Грекия, Румыния, Болгария, Ресей, Беларусь, Украина, Молдова ұстанады. Иудаизм – еврейлердің ұлттық діні ретінде еуропалық еврейлер арасында таралған. Ислам дінін Балқан түбегіндегі елдерге XIV – XV ғасырларда Осман империясының жаулап алушылары енгізген. Мұсылмандар Албания, Босния мен Герцоговина, Македония, Болгарияда тұрады және ислам дінін Қырым түбегіндегі қырым татарлары ұстанады.

Халықтың орналасуы мен тығыздығы. Еуропа халықтың тығыз қоныстануымен және біркелкі таралуымен ерекшеленеді. Халықтың орташа тығыздығы 1км ² жерге 100 адамнан келеді. Ең төменгі тығыздық Исландияға келеді, мұнда 1км ² жерге 3 адамнан келсе, халықтың ең тығыз орналасқан елдеріне − 1км ² жерге 400 адамнан келетін Нидерланд пен Бельгия жатады.

Еуропа – дүниежүзіндегі ең урбандалған аймақтың бірі. Урбандалудың орташа деңгейі 75 %. Қала халқының ең жоғарғы көрсеткіші – Бельгияда

97%, Исландияда 92% және Германия, Ұлыбритания, Франция т.б. елдерінде.

 

Аймақта 40 шақты агломерация бар. Мысалы, Лондон мен Мәскеу агломерацияларында 12 млн. адам, Париж бен Рейн-Рур агломерацияларында 10 млн. адам тұрады. Көршілес агломерациялардың біртұтас болып кірісіп кетуінен алып агломерациялар – мегаполистер қалыптасты. Батыс Еуропадағы ең ірі мегаполистерге Англиялық (Лондон, Бирмингем, Манчестер, Ливерпуль) және Рейн (Рейн-Рур, Рейн-Майн (Германия) мегаполистері жатады. XX-ғасырдың 70-жылдарынан бастап ірі мегаполистердегі экологиялық жағдайларға байланысты қала тұрғындары қалаға іргелес елде мекендерге жаппай көшіп, субурбандалу құбылысы сипат алды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных