Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Контекстік мәзір командаларының құрамы




Контекстік мәзір. Контекстік мәзір тышқанның оң батырмасын басу арқылы экранға шақырылады және ол курсор қиылысының қасынан көрінеді. AutoCAD 2008 жүйесінде бұл мәзірге кіретін командалар құрамы бірнеше параметрлерге байланысты, соның ішінде: Д. Д. Абилдабекова 16 • мәзірді шақыру кезінде орындалып жатқан команданың түрі, • курсордың экрандағы орны, • пернесін мәзірді шақыру кезінде басып тұру. Контекстік мәзірдің мысалы 1.2-суретте көрсетілген.

7. Нүктелерді енгізу тәсілдері.

Жұмыс барысында нүктелерді экранда тышқанның көмегімен шерту арқылы енгізуге болады. Одан басқа AutoCAD жүйесінде нүктелерді енгізудің бірнеше тәсілдері бар.

1.7.1. Нүктелерді координаталары арқылы енгізуЕкінші тәсіл – командалық жолда пернетақтаның көмегімен нүктенің координаталарын енгізу, мысалы: 85,717.15 Бұл мысалда нүкте екі координатасымен берілген: Х= 85 мм, Y= 717,15 мм. Пернетақтадан координаталарды енгізген кезде абсцисса мен ордината арасына үтір қойылады, ал санның бүтін мен бөлшек бөлігінің арасына нүкте қойылады. Абсолюттік координаталарды енгізген кезде координаталары 0,0 болатын нүктені сызбаның қай жерінде орналасқанын ескеру керек. Үшінші тәсіл – командалық жолда пернетақтаның көмегімен салыстырмалы декарттық координаталарды енгізу, мысалы: @80,35. Бұл жазудағы @ символы нүкте алдыңғы енгізілген нүктеге қатысты орналасатынын анықтайды. Бұл жазудағы 80 саны нүктенің алдыңғы нүктеге қатысты Х осі бойымен 80 мм оңға ығысатынын, ал 35 саны – Y осі бойымен 35 мм жоғары ығысатынын білдіреді. Төртінші тәсіл – командалық жолда пернетақтаның көмегімен салыстырмалы полярлық координаталарды енгізу, мысалы: @43.5<» символы бар. Бұл мысалда жаңа нүкте бұрынғы нүктеге қатысты Компьютерлік графика 25 43,5 мм қашықтықта орналасады, ал ескі нүктеден жаңа нүктеге жүргізілген векторының абсцисса осінің оң бағытымен жасайтын бұрыш 60 градусқа тең. Бұл жерде арақашықтық оң мәнді болу керек, ал бұрыштың мәні оң немесе теріс бола береді.

1.7.2. Динамикалық енгізу AutoCAD жүйесінде командалық жолды Скрытькоманднуюстроку (Commandlinehide) командасының көмегімен жасырып қоюға болады. Бұдан кейін графикалық экранда тек динамикалық енгізу ғана қолжетімді болады. Командалық жолды қайтадан көрінетін ету үшін Команднаястрока (Commandlinе) командасы қолданылады. Бұдан бөлек командалық жолды басқару үшін Сервис панелінен Командная строка пунктін таңдауға болады немесе + пернелерінің комбинациясын қолдануға болады. Көбіне курсор командалық жолда емес, графикалық экран алаңында орналасатындығынан деректерді динамикалық енгізуді қолдануға тура келеді. 1.11-сурет Бұл жағдайда Отрезок (Line) командасы орындалғанда бірінші нүктенің координаталары абсолюттік болады. Мәзірдің қасындағы бірінші төртбұрышты терезеде санды енгізген соң, үтір пернесін басқан кезде бұл терезе жабылады да, екінші терезе ашылады (1.11-сурет). Ол терезеге нүктенің екінші координатасын енгізу керек. Екінші координатаны енгізген кезде бірінші координата терезесінде жабық құлыптың белгісі тұрады. Координаталар терезелерінен бір-біріне пернесінің көмегімен ауысуға Д. Д. Абилдабекова 26 болады. Егер енгізуді қате жасаса, жүйе енгізуге тыйым салады, бұл кезде қате координатаны қызыл төртбұрышпен қоршайды. Екінші және келесі нүктелерді енгізу кезінде жүйе енгізуді бірінші нүктеге қатысты салыстырмалы координаталарда енгізуді ұсынады. Бұл кезде меңзердің қасында деректерді енгізудің екі терезесін көреміз: қашықтық терезесі және бұрыш терезесі (1.12-сурет). 1.12-сурет Бастапқыда қашықтық терезесі екпінді болады. Бұл терезелерде де бір-біріне өту үшін пернесін қолдану керек. Графикалық экранда пернетақтадан деректерді енгізген кезде, координаталардың типін өзгерту үшін бірінші координатаның алдында келесі символдарды қолдану керек: • # — абсолюттік координаталарға өту; • @ — салыстырмалы координаталарға өту. Динамикалық енгізуден бас тарту үшін ДИН (DYN) режимін өшіріп қою керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных