Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Абаттарды қорғаудың қандай шаралары бар?




12. Кесіндіні салу жолдары.

Кесінді – AutoCAD жүйесіндегі ең қарапайым объект. Ол жалғыз болуы мүмкін немесе шеткі нүктелері қосылып сынық сызық құрауы мүмкін. Бұл сынық сызықтың әр кесіндісі өз бетінше бөлек объект болып табылады. Кесінділер Отрезок (Line) командасының көмегімен салынады. Команданы шақырудың 3 түрлі әдісі бар. - РИСОВАНИЕ (DRAW) мәзірі – Отрезок (line); - РИСОВАНИЕ (DRAW) аспаптар тақтасы – пиктограммасы; - Командалар жолы – Отрезок (Line). Кесінді командасын шақырғанда командалық жолда келесі жазу пайда болады: Command: _line Specify first point: Бұл компьютер кесіндінің бастапқы нүктесін сұрап тұрғанын білдіреді. Бұл нүктені командалар жолында координаттарын енгізу арқылы беруге болады. Немесе курсордың көмегімен графикалық алаңда тышқанның сол батырмасын шерту арқылы беруге болады. Одан соң, командалық келесі сұрау пайда болады: Specify next point or [Undo]: (Келесі нүкте немесе [Отменить]:), яғни компьютер кесіндінің екінші нүктесін сұрап отыр, оны да екі тәсілмен беруге болады: координаталарын беру арқылы немесе курсордың көмегімен. [Undo] опциясы алдында берілген нүктені жояды. Бұл команданың орысша баламасы Отменить компьютермен орындалатын командалардың қатарына кіреді, сондықтан оны өзгеріссіз қалдырып отырмыз. LINE командасы бұнымен аяқталмайды, ол келесі сұрауды жасайды: Specify next point or [Undo]: (Келесі нүкте немесе [Отменить]:) Бұл команда экранда бірнеше кесінділерден тұратын сынық сызық салуға болатынын көрсетеді. Егер курсорды графикалық алаңның ішіне қойып, тышқанның оң батырмасын басса, экранда контекстік мәзір пайда болады: Завершить (Enter) – аяқтау Прервать (Cancel) – тоқтату Замкнуть (Close) – тұйықтау Отменить (Undo) – қайтару Панорамирование (Pan) – панорамалау Зуммирование (Zoom) – үлкейтіп, кішірейту Бұл мәзірде Завершить (Enter) пункті команданы аяқтайды, Прервать (Cancel) пункті команданың жұмысын тоқтатады, Замкнуть (Close) пункті соңғы кесіндінің соңғы нүктесі мен бірінші кесіндінің басын қосатын тағы да бір кесінді сызып, тұйықтайды, Отменить (Undo) пункті ендірілген командаларды қайтарып жояды. Панорамирование (Pan), Зуммирование (Zoom) пункттері келесі тақырыптарда қарастырылады. Егер ұзындығы 100 мм кесіндіні 60° бұрыш көлбеулікпен салу керек болса, онда бірінші нүкте берілгеннен кейін командалық жолда екінші сұрауға мынадай жауап жазылады: @ 100 < 60.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных