Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тіктөртбұрышты, көпбұрышты салу




2.1.3. Тік төртбұрыш (Прямоугольник – Rectang) Тік төртбұрыш сызбаларда көптеп кездесетін геометриялық фигура. Сондықтан AutoCAD графикалық жүйесінде арнайы Прямоугольник (Rectang) командасы бар. Бұл команданы шақыру үшін төмендегі тәсілдердің бірін қолдануға болады: 1. Рисование (Draw) бөлімінен Прямоугольник (Rectang) командасы шақырылады. 2. Рисование (Draw) аспаптар панелінде пиктограммасын курсормен таңдау арқылы шақырылады. 3. Командалық жолда Прямоугольник (Rectang) командасы жазылады. 2.7-сурет AutoCAD графикалық жүйесінде тік төртбұрышты екі түрлі тәсілмен сызуға болады: тік төртбұрыштың диагоналінің шеткі нүктелерін көрсету арқылы және бір нүкте мен тік төртбұрыштың қабырғаларының өлшемдерін енгізу арқылы. Бірінші тәсіл бойынша төмендегідей жолмен салынады. Command: _rectang Specify first corner point or [Chamfer/Elevation/Fillet/Thickness/Width]: Компьютер тік төртбұрыштың бірінші бұрышының нүктесін сұрап тұр. Оны сіз графикалық алаңның кез келген жерінде қалауыңызша таңдай аласыз. Содан соң келесі сұрау болады: Specify other corner point or [Dimensions]: Бұл жерде тік төртбұрыштың төбесі болатын және бірінші нүктеден жүргізілген диагональдың бойындағы нүктені көрсету керек. Нүктенің координатасын әртүрлі жолмен енгізуге болады, оның ішінде объектілік байлауды да қолдануға болады. Егер екінші нүктені сұраған кезде Specify other corner point or [Dimensions]: [Размер Dimensions] опциясын таңдап алса, AutoCAD жүйесі тік төртбұрыштың қабырғаларының өлшемін сұрайды: алдымен оның ұзындығын, яғни Х осы бойынша өлшемін, содан соң енін, яғни Y осі бойынша өлшемін. Содан кейін үшінші нүктені көрсету керек деген сұрау болады. Бұл нүктені тік төртбұрышты алғашқы нүктеге қатысты қай жағына орналастыру керек болса, сол жақты көрсету керек: жоғары және солға қарай, жоғары және оңға қарай, төмен және солға қарай, төмен және оңға қарай. 2.1.4. Көпбұрыш (Многоугольник – Polygon) Дұрыс көпбұрыштарды сызу үшін Многоугольник (polygon) командасы қолданылады. AutoCAD графикалық жүйесінде көпбұрыш деп геометриялық дұрыс көпбұрыштарды, яғни ішкі бұрыштары тең және қабырғаларының ұзындықтары тең геометриялық дөңес тұйық фигураларды айтады. AutoCAD жүйесінде көпбұрыштардың қабырғалары 3-тен 1024-ке дейін қабылдауға болады. Команданы шақыру тәсілдері: 1. Многоугольник (Polygon) пиктограммасын басу арқылы, бұл пиктограмма аспаптар панелінің Рисование (Draw) бөлімінде орналасқан. 2. Құлама мәзірдегі Рисование (Draw) бөліміндегі Многоугольник (Polygon) командасын таңдау арқылы. 3. Командалық жолға Polygon сөзін жазу арқылы. Команданы шақырғаннан кейін жүйе көпбұрыштың қабырғалар санын сұрайды: Enter number of sides: Компьютердің өзі команданы осының алдында соңғы рет шақырған кездегі енгізілген қабырғалар санын ұсынады. Егер сол санмен келісетін болсаңыз, тышқанның оң батырмасын шертіп қалу жеткілікті. Егер басқа сан керек болса, пернетақтада жаңа мәнді теруге болады. Содан соң жүйе көпбұрыштың центрін сұрайды: Specify center of polygon or [Edge]: Көпбұрыштың центрі болатын нүктені көрсеткен соң, келесі опциялардың бірін таңдау керек: Enter an option [Inscribed in circle/Circumscribed about circle]: – шеңберге іштей (Inscribed) немесе сырттай (Circumscribed) көпбұрыш сызу. Көпбұрыштарды сызу мысалы 2.8 және 2.9-суреттерде көрсетілген. Әрі қарай шеңбердің радиусын енгізу керек: Specify radius of circle: Радиусты командалық жолда енгізуге болады немесе экранда нүктені таңдау арқылы енгізеді. Егер Кромка [Edge] опциясын таңдаса, AutoCAD көпбұрыштың қабырғасының ұзындығына тең және сол қабырғамен беттесіп жататын шартты кесіндінің бастапқы және соңғы нүктелерінің координаттарын сұрайды. Шеңбер салу үшін Круг (Circle) командасы қолданылады. Шеңберді салудың 5 түрлі тәсіі бар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных