Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шеңберді салу тәсілдері.




Команданы шақыру тәсілдері: 1. Круг (Circle) пиктограммасын басу арқылы, бұл пиктограмма аспаптар панелінің Рисование (Draw) бөлімінде орналасқан. 2. Құлама мәзірдегі Рисование (Draw) бөліміндегі Круг командасын таңдау арқылы. 3. Командалық жолға Круг (Circle) сөзін жазу арқылы. Графикалық жүйе шеңберді салудың бірнеше жолын ұсынады: 1. Шеңбердің центрі мен радиусы арқылы; 2. Шеңбердің центрі мен диаметрі арқылы; 3. Берілген екі нүкте арқылы; 4. Берілген үш нүкте арқылы; 5. Берілген радиуспен шеңберді екі объектіге жанама етіп салу; 6. Берілген үш объектіге жанама шеңберді салу. Бірінші тәсілді қарастырайық. Круг (Circle) командасын шақырғанда жүйе келесі сұрауды жасайды: Specify center point for circle or [3P\2P\TTR (tan tan radius)] (Центр круга или [3Т\2Т ККР (кас кас радиус)]:) Шеңбер центрін координаталарымен немесе курсордың көмегімен беруге болады. Содан соң командалық жолда келесі сұрау пайда болады. Specify radius of circle or [Diameter]: (Шеңбер радиусы немесе [Диаметр]:) Осы кезде шеңбердің радиусының шамасына тең санды жазуға болады. Радиусты нүкте арқылы да беруге болады (компьютер шеңбер центрінен (1) жаңа нүктеге (2) дейінгі қашықтықты өлшеп, оны радиус ретінде қабылдайды. Содан соң экранда шеңбер пайда болады (2.10- сурет). Егер Д (D) символын жазса, бұл сіздің Диаметр (Diameter) опциясын таңдағаныңызды білдіреді.Бұл шеңберді салудың екінші тәсілі болады. Немесе тышқанның оң батырмасын басып, контекстік мәзірді шақырамыз. Оның ішінде Диаметр опциясын таңдаймыз. Сол кезде диаметр шамасын ендіріңіз деген сұрау келеді: Specify diameter of circle: (Шеңбердің диаметрі) Диаметр санмен жазылады немесе нүктемен көрсетіледі. Диаметрді нүкте арқылы да беруге болады (компьютер шеңбер центрінен (1) жаңа нүктеге (2) дейінгі қашықтықты өлшеп, оны диаметр ретінде қабылдайды. (2.11-сурет). Шеңбер салудың үшінші тәсілі: Егер шеңбер центрінің орнына 3Р (3Т) опциясын таңдасақ, онда жүйе шеңберді үш нүкте арқылы сызады. Ол үшін әр нүктенің берілуін сұрайтын сұраулар кезек-кезек шығады. Осы үш нүктені бергеннен кейін экранда шеңбер пайда болады (2.12- сурет). Шеңбер салудың төртінші тәсілі: Егер 2Р (2Т) опциясы таңдалса, онда компьютер 2 нүкте сұрайды және бұл екі нүкте болашақ шеңбердің диаметрінде жатады деп есептеледі (олардың арасындағы қашықтық диаметрге тең болады). Осы жерде компьютер келесі сұрауларды қояды: Specify first end point of circle s diameter: (Шеңбер диаметрінің бірінші шеткі нүктесі); Specify first end point of circle s diameter:(Шеңбер диаметрінің екінші шеткі нүктесі); Осы нүктелерді бергеннен кейін экранда шеңбер пайда болады (2.13-сурет). Шеңбер салудың бесінші тәсілі: TТR (KKP) опциясы берілген радиуспен және екі объектіге жанама болатын шеңбер салады (2.14-сурет). Бұл жерде мынадай бірінші сұрау болады: Specify point on object for first tangent of circle: (Объектіде бірінші жанаманы анықтайтын нүктені көрсетіңіз:) Үшінші сұрау: Specify radius of circle: (Шеңбер радиусы:) Радиусты санмен жазып немесе екі нүктені көрсету арқылы беруге болады. Екі нүктені көрсеткенде, олардың арасындағы қашықтық радиус болады. Егер берілген параметрлер бойынша шеңбер салу мүмкін болмаса, онда жүйе соған сәйкес хабар береді. Көбінесе радиус тым кішкентай немесе шамадан тыс үлкен болса. Шеңберді берілген 3 объектіге (түзу, доға немесе шеңбер) жанама салуға болады. Ол үшін Рисование құлама мәзірінен Круг командасын, оның ішінде 3 точки касания опциясын таңдаймыз. Командалық жолдағы сұрауларға берілген үш объектіні кезегімен көрсетеміз. Сонда ізделінді шеңберіміз берілген үш объектіге жанама болады. 2.15-суретте берілген үш шеңберге жанама сызылған шеңбер көрсетілген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных