Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Объектілердің қасиеттері.




Әрбір объектінің өзіне тән қасиеттері болады. Оның ішінде кейбір қасиеттер барлық графикалық объектілерде болады: түсі, сызықтың түрі, сызықтың қалыңдығы. Бұл қасиеттер жалпықасиеттер деп аталады. AutoCAD жүйесінде бұл қасиеттерде бір қабатта орналасқан объектілер тобына немесе әр объектіге жеке-жеке тағайындауға болады. Әрине, қасиеттермен қабаттарда жұмыс істеген ыңғайлы, алайда кейде объектілерге жекелеп өзіне тән қасиеттерді тағайындау қажет болып қалады. Түс. Объектіге түс тағайындау үшін құлама мәзірдің Формат (Format) бөлімінен Цвет (Color) командасын шақыртады. Экранда Выбор цвета (Select color) диалогтық терезесі пайда болады (1.16-сурет) Бұл терезеде түсті 3 түрлі бөлімнен таңдауға болады: Номер цвета (Index Color), Вся палитра (True Color) және Альбомы цветов (Color Books). Таңдалған түстің аты қай бөлімнен таңдалғанына байланысты: · негізгі түстің ағылшынша немесе орысша аты (мысалы, Красный (Red)); · Номер цвета (Index Color) бөлімінде 8-ден 255-ке дейінгі түстің нөмірі; · RGB схемасына сәйкес сандардың үштігі (мысалы, 54,132,190); · Түстер альбомындағы аты (мысалы, DIC 336). AutoCAD жүйесінде нөмірі 1-ден 7-ге дейінгі түстер негізгі болып табылады: 1. қызыл — Красный (Red); 2. сары — Желтый (Yellow); 3. жасыл — Зеленый (Green); 4. көгілдір — Голубой (Cyan); 5. көк — Синий (Blue); 6. күлгін — Фиолетовый (Magenta); 7. ақ — Белый (White), шын мәнінде графикалық экранның фонына байланысты ақ немес қара болуы мүмкін. Бұл түстердің жетеуі де Цвета (Color Control) тізімінде болады. Сонымен қатар, қажетті түсті тағайындау үшін Свойства объектов (Object properties) аспаптар панелін қолдануға болады (1.17-сурет). 1.17-сурет Сызықтың түрі. Әрбір объектіге немесе сурет қабатына сәйкес сызықтар түрі болады. Жүйеде бастапқы орнатылған сызық түрі Continuous (тұтас үздіксіз) болады. Сызықтың басқа түрін тағайындау үшін құлама мәзірдің Формат (Format) бөлімінен Тип линии (Linetype) командасын немесе Свойства объектов (Object properties) аспаптар панеліндегі тізімнен Другое (Other) пунктін (1.18-сурет) таңдау керек. Экранда Диспетчер типов линий (Lineype manager) диалогтық терезесі ашылады. Загрузить (Load) батырмасын бассаңыз, Загрузка или Перезагрузка типов линий (Load or reload linetype) диалогтық терезесі ашылады (1.20-сурет). Осы диалогтық терезеден қажетті сызықтың түрін таңдап, барлық терезелерде ОК батырмасын басып шығу керек. Сызылып қойған объектінің сызық түрін өзгертуді екі түрлі жолмен орындауға болады: - Объектіні белгілеңіз. Свойства объектов (Object properties) аспаптар панеліндегі Тип линии (Linetype) тізімін ашып, қажетті сызықтың түріне тышқанның сол батырмасын шерту керек. - егер объектінің сызығының түрімен бірге басқа да қасиеттерін өзгерту керек болса, онда объектіні белгілеп, стандарттық панельден Свойства (Рroperties) пиктограммасын басыңыз. Одан бөлек Свойства (properties) диалогтық терезесін кез келген объектінің контекстік мәзірінен шақырып алуға болады. Объектіні белгілеген соң тышқанның оң батырмасын басып, контекстік мәзірді шақырасыз. Контекстік мәзірдегі тізімнің ең соңында Свойства (properties) пункті болады. Осыдан кейін ашылған диалогтық терезеде объектіге сызықтың жүйеде орнатылған кез келген түрін тағайындай аласыз. Сызықтың қалыңдығы. Әрбір объектіге немесе сызба қабатына сызықтың белгілі бір қалыңдығы (AutoCAD жүйесінде оны сызықтың салмағы деп атайды) сәйкес келеді. Объектіге қажетті сызықтың қалыңдығын тағайындау үшін құлама мәзірдің Формат (Format) бөлімінде Вес линии (Lineweight) командасын таңдау керек немесе Свойства объектов (Object properties) аспаптар панелін (1.22-сурет) қолдану керек. 1.22-сурет Вес линии (Lineweight) командасын таңдағанда экранда Настройки веса линии (Lineweight Settings) диалогтық. терезесі шығады (1.23-сурет). Бұл диалогтық терезеде сызықтың бір қалыңдығын ағымдық етуге болады. Сонымен қатар сызықтың экрандағы кескінінің масштабын өзгертуге болады (Масштаб экранного отображения (Adjust Display Scale)). Сызылып қойған объектінің сызық түрін өзгертуді екі түрлі жолмен орындауға болады: - Объектіні белгілеңіз. Свойства объектов (Object properties) аспаптар панеліндегі Вес линии (Lineweight) тізімін ашып, қажетті сызықтың түріне тышқанның сол батырмасын шерту керек; - егер объектінің сызығының қалыңдығымен бірге басқа да қасиеттерін өзгерту керек болса, онда объектіні белгілеп, стандарттық панельден Свойства (Properties) пиктограммасын басыңыз. Одан бөлек Свойства (properties) диалогтық терезесін кез келген объектінің контекстік мәзірінен шақырып алуға болады. Объектіні белгілеген соң тышқанның оң батырмасын басып, контекстік мәзірді шақырасыз. Контекстік мәзірдегі тізімнің ең соңында Свойства (properties) пункті болады. Осыдан кейін ашылған диалогтық терезеде объектіге сызықтың жүйеде орнатылған кез келген қалыңдығын тағайындай аласыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных