Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Деби өңдеу және түзету ұстанымдары мен қағидалары.




Әдеби редакциялаудан ең алғашқы дәрісті 1952 жылы Мәскеу

мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде профессор К. И.

Былинский оқыған. Бұл дәрісте курстың жалпы концепциясы қалыптасып,

бағдарламаның негізгі бөлімдері анықталған. Әдеби редакциялау ұғымы

баспасөз тарихына К. И. Былинскийдің «Әдеби редакциялау мен газет

материалдарына түзету енгізудің негіздері» кітабы жарық көргеннен

кейін, яғни 1940-шы жылдардың аяғында енді. Жаңа терминнің шығуы екі

жағдаймен түсіндірілген: газет жұмысы жағдайында материалдардың

редакциялық дайындығының спецификасын айқындау мен әдеби өңдеу –

тіл мен стиль қателерін түзету деген ұғымды кеңейту болды. Газет

материалдарын редакциялаудың ерекшеліктері айқын: редактор

публикация характерін, оның ақпараттылығын, автор позициясын,

автордың оқиға мен оқырманға жақындығын, ақпараттың жылдамдығы

мен редакцияның жұмыс жағдайын есепке алуы тиіс.

Көп жылдар бойы әдеби редакциялауға деген көзқарас практикалық

ойларға негізделді. Жаңа әдебиетке көптеген авторлар келе бастағанда,

олардың қолжазбаларын баспаға жіберу үшін қарапайым қателерді түзеу

керек болған. Әдеби редакциялауға байланысты жазылған алғашқы

еңбектер редакторларды осы жағдайларға ғана үйретті. Әрбір

практикалық пән норма мәселелерімен қақтығысады. Практикалық

талаптар мен ғылыми білім деңгейі әрқашан тығыз байланыста болады.

Әдеби редакциялау да қолданбалы гуманитарлық пәндермен бірге өсіп,

қалыптасу процесі әлеуметтік контекспен айқындалды. Өзінің дамуы

жағынан ол редакциялаудың теориясы мен практикасы сияқты пәндермен

қатар жүрді.

«Әдеби редакциялау» курсы бойынша журналист-студенттерге

теориялық біліммен қатар практика жүзінде де білімін бекіту үшін

лабораториялық сабақтар үстінде әртүрлі бақылау жұмыстарын жазғызып

отыру тиімді. Әдеби редакциялау ұғымы өте күрделі. Латын тілінен

аударғанда «redactus» – «тәртіпке келтірілген» деген мағынаны білдіреді.

Баспасөз,баспа, радио, теледидарда әдеби редакциялау қоғамдық-әдеби іс,

жариялау немесе көпшілікке көрсету үшін материал дайындау дегенді

білдіреді. Көп жағдайда редакциялаудың міндетін айқындауда оның

мәтінді түзету деген бір жағы ғана қарастырылады. Түзету редактор іс-

әрекетіндегі маңызды құбылыс. Оның басты міндеті мазмұн мен шығармаформасына сараптама жасау болып табылады. Әдеби редакциялаудың

міндеті – шығарманың қоғамдық бағалануының алғы шарттары екенін

студент-журналистерге түсіндірудің маңызы зор.

Теледидардардағы редакциялау пәні түрлі жанрдағы мәтіннен бастап

видеоқатардың иллюстрациялары мен саяси және қоғамдық мәні бар

аспектілері де кіреді. Редакциялау арқылы кез келген шығармадағы

қателер түзетіледі. Редактордың міндеті - өзі түзеген материалдың сауатты

және түсінікті болуын қамтамасыз ету. Редактор эфирге шығатын сюжет

пен баспасөздегі публикацияға толығымен жауапты. Ал сыншы-рецензент

болса жарыққа шыққан материалдың кемшілігі мен құндылығын

анықтайды, көрермен мен оқырманға оны дұрыс бағалауға көмектесіп,

авторға қажетті кеңес беруі тиіс. Өзінің ақпараттық қызметін орындау

барысында БАҚ материалдары жан-жақты, түсінікті баяндалуы тиіс.

Редактордың шығармашылық мүмкіндігі мен шеберлігінен материалдың

сапасы айқындалады. Редактор қызметінде сыншы мен тіл маманы,

стилист пен педагог, ұйымдастырушы мен суретші мамандығы ұштасады.

Редактор өз білімін әрдайым жетілдіріп отыруы қажет және логикалық

ойлауы мен әдеби тілдің нормаларын жетік білген жағдайда ғана редактор

діттеген мақсатына жетеді. Шығармаға нақты мақсат тұрғысынан қарау,

автор еңбегінің шындыққа қатысын айқындау редакторлық бағалауға

жатады.

Редактор кітап, радио немесе телебағдарлама дайындаудың барлық

өндірістік-технологиялық процесін білуі шарт. Полиграфия негіздері мен

техникалық мүмкіндіктерді білуімен қоса шығарманың әсерін күшейтуге

көмектесу үшін студент-журналистерге өндірістік тәжірбиеден өткен

кезеңдерде БАҚ процесіндегі жаңалықтар мен жетістіктерді толық

меңгеру міндеттелуі тиіс. Редакциялау – шығармашылық процесс

болғандықтан оны редактордың жеке дара ерекшеліктері айқындап

қоймайды, студент-журналистер әдеби редакциялаудың қыр-сырын

меңгеруі үшін төмендегі кезеңдерді білуі тиіс деп ойлаймыз.

Дайындық кезеңі. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңі

болып табылады. Оны ұйымдастырушылар – шығармашылық кезең деп те

атайды. Оған басылым, баспа, радио немесе теледидар ұстанымына сәйкес

тақырыптық бағытты айқындау, айдарлар мен жобалар, авторды таңдау

процестері жатады.

Мәтінмен жұмыс істеу - өте күрделі процесс. Автор жаңа, құнды,

дәлелді деректер тапқан кезде керек сөздер ойға өздері келеді. Бұл - өте

кең тараған көзқарас. «Жақсы жазу үшін жақсы ойлау керек» деген

тұжырым бірінші орында болуы заңды. Баспа теоретиктері өз

құрылымдарында филологиядан гөрі әлеуметтану көп екендігін

мойындайды. Бүгінгі таңда әдеби редакциялауды филологиялық пән

ретінде қарастыра келе, жинаған бақылауларымызды бір жүйеге келтіріп,

оны студент-журналистердің терең ұғынуына мүмкіндік жасау қажет.

Әдеби редакциялау құрылымы жағынан комплексті пән

болғандықтан, ол бірнеше гуманитарлық пәндерді, соның ішінде логика,психология, әлеуметтану, тарих пәндерін қамтиды. Ал, теориялық

құрылымы жағынан әдеби редакциялау лингвистика мен әдебиеттануға

сүйенеді. Осыған байланысты біз практикалық міндеттерді шешу кезінде

библиография, текстология, информатика сияқты пәндерге де жүгінуге

тура келеді.

Мәтінді түзету процесі ең алдымен оны терең ұғынып, оқып алуды

қажет етеді. Көркем әдебиет редакторларының тәжірибесіне негізделеген

редакциялаудың дәстүрлі әдісі осылай жасауды қажет етеді. Ғылыми және

техникалық әдебиетті баспаға дайындау кезінде ұсынылған

редакциялаудың динамикалық әдісі редакторға материалды терең зерттеп,

оқығаннан кейін түзетулер енгізгені жөн, басуға ұсынылар алдында тағы

бір қараған жағдайда ғана мәтін мазмұны ойдағыдай шығады.

Редакциялаудың теориясы мен практикасына байланысты әдебиетте

редакторлық сараптама мәселелерін екінші орынға ығыстырып шығарды.

Редакторлық - өте күрделі жұмыс және де кез-келген мәтінге қолданыла

беретін түзету түрі болмайды. Түзету әдісін редактор өзі таңдайды. Бірақ

оның бұл таңдауы нақты, әрі негізделген болуы қажет. Түзетулер мен

өзгертулердің саны ол жұмыстың сапасын айқындамайды. Бүгінгі күні де

газет редакцияларында, баспаларда кейбір қызметкерлер автор

шығармасын қайтадан жазып шығуды өз міндеті деп санайды. Мұндай

өңдеуден кейін көп жағдайда мәтін өз өңін жоғалтады.

Редакциялау әдісінде түзетудің төрт түрі белгілі: түзету-қайта оқу,

түзету-қысқарту, түзету-өңдеу, түзету-қайта жазу.

Түзету-оқып шығу – мәтінді түпнұсқасымен салыстырып оқу,

ондағы - әріп қателерін түзету. Ресми материалдарды, қайта басылып

шығатын кітаптарды редакциялау барысында түзетудің осы түрі

қолданылады.

Түзету-қысқарту – мәтіннің мазмұнын, логикалық жүйесін сақтай

отырып, оны белгіленген көлемге, яғни таңбаға, жолға, бетке түсіріп

ықшамдау. Шығарманы шұбалаңқылықтан, нанымсыз дәлелдерден,

біртекті дәлелдеулер мен қайталаулардан арылту үшін де түзетудің осы

түрі қолданылады.

Түзету-өңдеу – авторлық мәтінді сақтай отырып, шығарманың

композициялық құрылысындағы олқылықты жою, деректік және

логикалық қателерін түзетіп, тілі мен стиліндегі кемшіліктерін жөндеу.

Түзету-қайта жазу - әдеби тілді нашар меңгерген авторлардың

қолжазбаларын әзірлеу кезінде қолданылады. Мұнда әдеби өңдеуші

автордың негізгі ойын, өзіндік стиль ерекшелігін сақтай отырып,

шығарманы қайта жазып шығады.

Телебағдарламалар жасайтын шығармашылық топта редактордың

алатын орны ерекше. Ол материалдың мазмұны мен көркемдік сапасына

жауап береді. Бүгінгі таңда кейбір арналардың штаттық кестелерінде

редакторды әрқалай атайды. Негізінен, бас редактордың қызметін

продюсер атқарады. Ол бағдарманың идеялық-көркемдік деңгейін бақылап

қана қоймай, сонымен қатар өндірістік, ұйымдық және қаржылықмәселелерге де араласады. Теледидардағы редактор жұмысы өте кең

көлемді қамтиды. Оның іс-әрекеті әдеби жұмыспен ғана шектеліп

қоймайды. Бұқаралық ақпарат құралы ретінде телевидение редактордан

теледидар өндірісінің ерекшелігімен байланысты білімінің болуын талап

етеді. Редактордың, сондай-ақ, документалистикадағы (құжаттану) алатын

орны да ерекше.

Редактордың шығармашылық мамандығы теледидардың

құрылуымен бір мезгілде пайда болып, уақыт өте келе, оның мазмұны

толығып, көптеген міндеттері кейіннен белгіленген.

Бүгінгі таңда редактор жұмысы мәтінді тексеру мен түзетуден

тұрады десек жаңсақ пікір болар еді, ол сондай-ақ, цензорлық жұмыс,

телебағдарламаларды жасаудағы шығармашылық процестің лидері болып

табылады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных