Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тілдік норма, тілдік нормадан жіберілетін қателіктер туралы.




Тілдік норма- тілдік бірліктердің бірізділігі, жүйелілігі, дұрыстығы.

 

Тілдік норманың өзі «дұрыс» деп бағалануы үшін ол тілдің

құрылымдық заңдылықтарына сай келуі керек. Мысалы, бұл

күндерде қазақ тілі сөздігі тәлімгер, айтыскер, жүлдегер,

иегер, саясаткер сияқты ондаған жаңа тұлғалармен толығуда

және олар нормативтік элементтер ретінде әдеби тілден берік

орын тебуде. Бұл неологизмдер сөзжасам жүйесінде бар

нормаға сай келіп тұр: -гер – адамның кәсібін, мамандығын, бір

нәрсеге қабілеттілігін білдіретін жұрнақ: саудагер, жұмыскер,

қызметкер т.тӘдетте «норма» сөзін терминдік мағынада емес, қалыпты

бейтарап сөз мәнінде жұмсасақ, белгілі бір «тәртіп, жүйелілік,

дұрыстық» деп ұғынамыз. Ал тілге келгендегі бұл сөздің

ұғымы «жалпы тәртіптілік» дегенмен қоса, терминдік мәнге ие

болатындығы мәлім.

Норма – тілдің «туа біткен» қасиеттерінің бірі іспетті.

Ол белгілі бір реттілік, жүйелілік құбылыс ретінде ауызекі

сөйлеу тіліне де («халықтық тілге» де), әдеби тілдің ауызша

қолданысына да, жазба тілге де тән.

Тілдік норманың табиғаты екі түрлі: бірі – тілдің өзінде

қалыптасқан нормалар және ереже бойынша ұсынылған нор-

малар. Соңғыларды «ереже бойынша» деп атауымыз шартты.

Бұл жердегі «ереже» дегеніміз – грамматика оқулықтары мен

әр алуан сөздіктер, анықтағыштар т.т. Мысалы, қазақ тілін-

дегі септеу, жіктеу парадигмалары, сын есім шырайлары,

етістіктің етіс тұлғалары, шақтық мағыналары, жұрнақтар

арқылы жаңа сөздің жасалуы сияқтылар «туа біткен» – яғни

өте ертеден тілдің өзінде қалыптасқан, әбден орныққан, тілдің

өз табиғатына тән жүйеге айналған заңдылықтар. Ал мен

(пен, бен) шылауын қосымша ретінде танытып, 7-көмектес

септіктің көрсеткіші деп ұсыну, оны септік парадигмасының

өзге жалғаулары сияқты сөзге қосып жазу нормасы – «қолдан

жасалған», яғни ережемен реттелген норма.

Тілдік норма дегеніміз – көпшіліктің қатынас құралы ретін-

дегі тілдің қолданысында оның әлдеқайда орныққан, дәстүрлі

құралдары, амал-тәсілдері, тәртіптері; норма – тіл-тілдің қай-

қайсысының да даму (қызмет ету) кезеңдерінің баршасына тән

құбылыс.

Норма деп тану үшін «әлеуметтік бағалау», яғни сол тіл-

де сөйлейтін қалың жұртшылықтың «дұрыс не дұрыс емес,

жағымды, әсем не жағымсыз, орынды не орынсыз» деген таны-

мы, бағасы болуы керек. Нормалылық танымына тұрақтылық

(стабильность), дәстүрлілік,көпшілікке біршама ортақтық бел-

гілер де кіреді. Бұлар – тілдегі нормалылықтың әлеуметтік ка-

тегория ретіндегі белгісі.

Тілдік қателіктер мектеп бағдарламаларында стилистикалық қателіктер деп айтылып жүр, «сөз қателіктері»деген термин әлі тұрақталған жоқ., шынында да тілдік бірліктердің әдеби нормадан ауытқу себептерін анықтау үшін тілдік қателіктер немесе стилистикалық қателіктер деген әржақты білімді бір жүйеге келтіру керек.Тілдік норманың қалыптануы, тілдік нормаға қатысты еңбектерде әдеби тілдік нормативтік базаларын анықтау, бұзылу себептерін түсіндіруге тілдік қателер жан-жақты қарастырылуда.Тілдік қателіктер сөз мәдениетіне зиян келтіретін, оның нормалық базасын тұрақтандыруға кедергі сала.Сондықтан тілдік қателер – сөз мәдениеті қарастыратын күрделі сала. Р.Сыздық бұл туралы былай дейді: «Тіл қолданысындағы қателерді көрсету үшін олардың дұрыс болуға тиісті базасын тану қажет, тілдік жүйені, ол жүйеге сай қалыптасқан нормаларды айқындап алу шарт». Сондықтан тілдік қателіктер сөз мәдениетінің де, стилистиканың да қарастыратын маңызды компоненттерінің бастылары болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных