Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тілдік және стилистикалық қателіктер, олардың алдын алу жолдары.




Стилистикалық қателерге сипаттама

 

2. Стилистикалық емес қателер: а) лексикалық қателер, ә) фразеологизмдерді қолдануда кететін қателер, б) морфологиялық қателер, в)синтаксистік қателер

 

3. Стилистикалық қателер: а) Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің садарынан болатын қателер, ә) тілдің стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер, б) функционалды стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер

 

1) Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Тілді жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нлрмадан тыс ауытқулар болып жатады. Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді өзінің негізгі мағынасына сәйкес өз орнымен қолданбаудан болатын қателіктер т.б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. Тілдік талғам – тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында – тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің болмаын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының қатарына жатады. Стилистикалық қателердің алдын алып, олармен үнемі күрес жүргізіп отыру жалпы халықтың сөйлеу мәдениеті мен стилистикалық сауаттылығын көтереді. Халықтың тілді қолдана білу мәдениеті күллі қоғамның рухани сауаттылығының көрінісі әрі өлшемі болып табылады. Тілде неғұрлым жиі ұшырасатын нормадан тыс ауытқулардың алдын алу үшін стлистикалық және стилистикалық емес қате түрлерін ажыратып алу қажет.

 

2) Стилистикалық емес қателер: а) лексикалық қателер:

 

- сөздің мағынасын білмей тіркестіру: «Кеше ғана университет есігін аттағанда»;

 

- сөздің мағынасының нақты қолданылмауы, күңгірт болуы: «Жігіт жігерлене жұтынды», «... ұйқылы көзбен сабақққа келіп, аузын ашып сабақ айтады, айтпаса ол да жоқ»;

 

- Паронимдердің (дыбысталуы жақын, бір түбірлес, жалпы грамматикалық белгілері ортақ, қолданылуында мағыналық ерекшеліктері бар сөздер) қолданысы: «Төсек жаңартты» (жаңғыртты).

 

ә) фразеологизмдерді қолдануда кететін қателер:

 

- тұрақты тіркес мағынасының контекске сай келмеуі: «Қысылтаяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендей ерге, елге медет болып, адамның ақиқат пен шындыққа, ақылдылық пен қайраттылыққа меңзеп отырады.

 

б) морфологиялық қателер:

 

-зат есімдерге септік жалғауының дұрыс жалағанбауы: «ХХІ ғасырдың мақсаты осы, өмірде сау сәбиді өмірге келтіру, ішімдік пен есірткіден аулақ болу»;

 

-сын есімнің шырайларын орынсыз қолдану: «Мен оны өте қатты сыйлаймын».

 

в)синтаксистік қателер

 

- сөз тіркестірудің нормаларының сақталмауы, бағыныңқы мен басыңқы сыңарлардың араларының тым алшақ болуынан мағына байланысының нақтылығының болмауы;

 

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталмауы: «Көшеде бір қарапайым өзімен-өзі кетіп бара жатқанда адамды бір полиция қызметкерлері көріп қалады»;

 

-есімдіктерді орынсыз қолданудың себебінен сөйлемнің мағынасының күңгірттенуі: «Қазіргі кезде қылмысты жасайтын адамдар олар негізінен жас балалар», «Халық жоқтықта өмір сүрсе, ол өзіне керек затты алу үшін әр түрлі әрекеттерге барады, кейде адам өлтіруге дейін де барады»;

 

- бастауыштың қайталанып, үстемеленіп жұмсалуы: «Менің Ы.Алтынсарин шығармаларынан алған жерім, яғни Ы.Алтынсариннің бізге қалдырған өнеге-өсиеті бізге үлкен бір ғанибет»

 

- құрмалас сөйлем компоненттерінің арасында логикалық-грамматикалық байланыстың болмауы;

 

-құрмалас сөйлем компоненттерінің тым шұбалаңқы болуы;

 

-дәйек сөздерді қолдана алмаудың салдарынан болатын қателер: «... сол үшін ата-бабамыз айтпақшы, «Болар бала боғынан» демекші, бала жастайынын әке-

 

шешесіне сыйластықты, ар-намысты, отанға деген сүйіспеншілікті, сабырлықты, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген түсіністікпен тәрбие алып өсуі керек»;

 

- мәтін ішіндегі сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық-грамматикалық байланыстың болмауы, соның салдарынан ойдың күңгірттенуі: «Қазақ табиғатында ақын, шешен халық. Оның осы бір ерекшелігі тілінде айқын көрініс тапқан. Ендеше, осындай қасиеті ерте заманнан бері жетіліп, дамып, жылдан-жылға өркендеуде. Бұл – тіл табиғатындағы заңды құбылыс». Осындағы «ендеше» сөзінің орынсыз қолданысы сөйлемдердің тұтас логикасын бұзып тұр.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных