Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Стилистика және әдеби өңдеу саласының оқытудың мақсаты мен міндеті.




Стилистика — тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы әріден басталғанмен, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғары оқу орындарында өз алдына жеке пән ретінде оқылатын болды. Казақ тілі стилистикасынық мәселелері арнайы зерттеу объектісі бола алмай келді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен оқу кұралдарында және көркем шығарма тілі жайында жазылған макала-ларда тіліміздің кейбір стильдік құбылыстары.жайында жазылған азын-аулақ пікірлерді кездестіруге болады.Орыс тіл білімінде стил-истика мәселелерінің зерттелуі көптен бері қолға алынып, бұл сала—дан біраз еңбектер де жарияланды. Солардың ішінен А.М.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. В. Винокур, А. Н. Гвоздев, А. И. Ефимов, В. П. Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін ‘ атауға болады. Стилистиканың бірқатар проблемалық мәселелері 1954 жылы “Вопросы языкознания” журналы ұйымдастырған дискуссия материалдарында да қамтылған)Журналда көтерілген негізгі мәселелер: стилистиканың мақсаты мен міндеті, тілдік құбылыстардың стилистикаға қатысы, функ-циональды стильдер, тіл білімінде стилистиканың алатын орны т. б. Ондағы сөз болған мәселелерді қорыту ретінде академик В. В. Виноградовтың мақаласы жарияланды1. Осы дискуссияцан кейін стилистика мәселелерін зерттеу жұмысы жандана бастады, көп кешікпей стилистика жөнінде еңбектер жарық көрді.

Әдеби редакциялаудан ең алғашқы дәрісті 1952 жылы Мәскеу

мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде профессор К. И.

Былинский оқыған. Бұл дәрісте курстың жалпы концепциясы қалыптасып,

бағдарламаның негізгі бөлімдері анықталған. Әдеби редакциялау ұғымы

баспасөз тарихына К. И. Былинскийдің «Әдеби редакциялау мен газет

материалдарына түзету енгізудің негіздері» кітабы жарық көргеннен

кейін, яғни 1940-шы жылдардың аяғында енді. Жаңа терминнің шығуы екі

жағдаймен түсіндірілген: газет жұмысы жағдайында материалдардың

редакциялық дайындығының спецификасын айқындау мен әдеби өңдеу –

тіл мен стиль қателерін түзету деген ұғымды кеңейту болды. Газет

материалдарын редакциялаудың ерекшеліктері айқын: редактор

публикация характерін, оның ақпараттылығын, автор позициясын,

автордың оқиға мен оқырманға жақындығын, ақпараттың жылдамдығы

мен редакцияның жұмыс жағдайын есепке алуы тиіс.

Көп жылдар бойы әдеби редакциялауға деген көзқарас практикалық

ойларға негізделді. Жаңа әдебиетке көптеген авторлар келе бастағанда,

олардың қолжазбаларын баспаға жіберу үшін қарапайым қателерді түзеу

керек болған. Әдеби редакциялауға байланысты жазылған алғашқы

еңбектер редакторларды осы жағдайларға ғана үйретті. Әрбір

практикалық пән норма мәселелерімен қақтығысады. Практикалық

талаптар мен ғылыми білім деңгейі әрқашан тығыз байланыста болады.

Әдеби редакциялау да қолданбалы гуманитарлық пәндермен бірге өсіп,

қалыптасу процесі әлеуметтік контекспен айқындалды. Өзінің дамуы

жағынан ол редакциялаудың теориясы мен практикасы сияқты пәндермен

қатар жүрді.

«Әдеби редакциялау» курсы бойынша журналист-студенттерге

теориялық біліммен қатар практика жүзінде де білімін бекіту үшін

лабораториялық сабақтар үстінде әртүрлі бақылау жұмыстарын жазғызып

отыру тиімді. Әдеби редакциялау ұғымы өте күрделі. Латын тілінен

аударғанда «redactus» – «тәртіпке келтірілген» деген мағынаны білдіреді.

Баспасөз,баспа, радио, теледидарда әдеби редакциялау қоғамдық-әдеби іс,

жариялау немесе көпшілікке көрсету үшін материал дайындау дегенді

білдіреді. Көп жағдайда редакциялаудың міндетін айқындауда оның

мәтінді түзету деген бір жағы ғана қарастырылады. Түзету редактор іс-

әрекетіндегі маңызды құбылыс.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных