Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лексикалық қателіктер.




 

. Адамдардың тілінде ең көп кездесетін қателердің бірі – лексикалық қате. Оның мына сияқты түрлері кездеседі. а) Бір сөзді қайталап қолдана беру. Мысалы, Динара ерте тұрды. Динара дене қимылдарын жасап, беті-қолын жуды. Динара тамақтанып, мектепке кетті. Мұндай қателерді адам мына себептерден жіберетіндігі байқалады: біріншіден, оның ой-өрісі тар, екіншіден, сөздік қоры тапшы, сол қолданылатын сөзді синонимімен немесе басқа сөздермен ауыстырып қоладануға дағдылыланбаған. ә) Сөздің беретін мағынасын түсінбегендіктен орынды қолданбайды. Мысалы, Махамбеттің Исатай мықты жолдасы болды. Бұл сөйлемдегі «мықты» деген сөзді ауыс мағынада қолданғысы келгенмен, бұл сөйлемде ойды тиімді де көркем беруде септігін тигізіп тұрған жоқ. б) Фразалық тіркестердің мәнін білмей қолдану. Мысалы, Абылай хан жас кезінде Төле бидің баласы болды. Бұл сөйлемде жазушы «қол бала» деген фразалық тіркестің «жәрдемші» ескермей, оны «жалшы» деген мағынада қолданған. в) Кейбір сөздерді қолдануда кісілер сол сөздің экспрессивті-эмоциональды мәні мен стильдік реңін білмейтіндігі байқалады. Мысалы, Біржан Сараны күшті ақын екендігінен жеңген жоқ. Мұндай қателерді сөздердің ауыспалы мағынасы мен стильдік реңін жете түсінбегендіктен жібереді. г) Кейде адамдар тілінде жергілікті диалект сөздер қолданады. Мысалы, Ер Төстік сосын жер астына түсіп кетті. Азанда ауқатын ішіп, мектепке кетті. ғ) Ойға қатыссыз артық немесе даяр «штамп» сөздерді пайдалану. Мысалы: 1. Бала атасымен жолға шықты. 2. Содан соң бала сынған тағаны көрді. 3. Сөйтіп оны алмады. Кейбір адамдар ауызекі сөздерін де ғана емес, жазба жұмыстарында да басқа тілден енген сөздерді қалай болса, солай қолданатындығы байқалады. Әсіресе, орыс тілінен енген сөздердің аудармасы бола тұра, орынсыз, бей-береке қорлдана береді. Мысалы, дежурный болдым, остановкада тұр, светті жақ т.б.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных