Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Стилистикалық қателіктер




а) Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің салдарынан болатын қателер:

 

-Сөздік қорының жетіспеуі: «Осы жерден басталып екеуіміздіңтт аныстығымыз басталды», «Біз бұл өмірде баққыты болу үшін туылдық, сол себептен біз өзімізді бақытты қылуымыз керек;

 

- плеоназм (мағынасы жақын сөздердің тіркесін білдіретін стилистикалық термин. Мысалы, қара-күйе, құр-бекер) мен тавтологиялық сөз қолданыстарының (қайталақтау мыс. Мұнар да мұнар, мұнар тау) салдарынан сөйлеу тілінің көріксіз, кедей болуы. «Мысалы, оған біреудің мүлкіне қол сұқса, ұрласа, тонаса, біреудің өміріне нұқсан келтіру жатады немесе қылмысқа әрекетсіздік жатады. Мысалы, дәрігер науқас адамға жәрдем етіп көмектеспесе, соның нәтижесінде науқас қаза болса»;

 

-қыстырма сөздерді орынсыз қолдану: «Ауыр қылмыс негізінен үлкен жауапты құқықбұзушылық болғанда, яғни ауыр қылмысқа жаза пайдаланылады.

 

Негізінде жеңіл қылмыс немесе құқық бұзушылық үшін де негізінде елімізде адамның белгілі бір құқығынан айырады»;

 

- тілдің көріктеу құралдарын керекті жерінде пайдаланбау: «Әрине, әр елдің біртуар, қайта келмес даналары болады. Бұл адамзаттар елі үшін күрескен,

 

сонымен қатар бізге туындыларын қалдырып кеткен данышпандар болмақ».

 

ә) тілдің стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:

 

- бояма сөздерге құмар болу: «Осы өлеңді оқысымен жүрегім дүр сілкінді», «Мақал-мәтелді оқығанымда сөздің құдіретін терең меңгеріп қана қоймай, санамызда мәңгілікке жатталады»;

 

-сындық мәні бар сөздерді дұрыс таңдай алмау: «Осы жолмен жүріп келе жатқан әрбір елдің достығы биік шыңда», «Ол болашақта өз мүдделері және күллі азамат мүдделері үшін тиімді еңбек етеріне шынайы үміттенміз». -әдемілік үшін ойланбай қолданылған сәтсіз метафоралар мен теңеулердің, бейнелі сөздердің болуы: «Кеудесін керіп, төсін төңкере жайылған кең жазық бетінде де көз тірер бір нүкте болсашы»; -түрлі стильдердің лексикасын пайдалану: «Бас хатшының баяндамасы проблеманың барынша тереңдігін және байыптылығын алғаш көрген БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің ерен әсерін туғызғанын атап өткен ләзім».

 

 

14.

Функционалды стильдер жүйесі

 

1. Қазіргі қазақ әдеби тілінің фунционалды стильдері. Оларға жалпы сипаттама

 

2. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі мен жазба тіл стилінің өзіндік ерекшеліктері. Әр стильдің өзіне тән айырым белгілері

 

3. Ауызекі сөйлеу стилі, оның фонетика-интонациялық, лексика-грамматикалық ерекшеліктері. Ауызекі сөйлеу стилінің кркем шығармадағы кейіпкер тілімен арақатынасы.

 

1) Әдеби тілдің, әсіресе, оның жазба түрінің жетілген шағында қоғамдық қызметі артып, жұмсалу аясы кеңейе түседі. Ол өзі қызмет етіп отырған қоғамның ресми тіліне айналады. Соның негізінде ол мемлекет тарапынан жүргізілетін барлық ресми іс қағаздарының, әр түрлі әдебиеттің, баспасөздің, оқу-ағарту жұмысының, ғылым-білімнің тілі болып қалыптасады. Әдеби тілдің қоғамдық қызметінің артуына байланысты оның стильдер жүйесі қалыптасып, дами түседі, саралана түседі. Демек, функционалды стиль – қолдануда ӛзіндік ерекшеліктері, айырым белгілері бар тілдік элементтер жүйесі. Олай болса, қазақ тіл білімінде де жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасқан стильдер жүйесі бар. Стильдік жүйенің екі түрі бар: ауызекі сөйлеу тілінің стилі және жазба стиьдер. Жалпы әдеби тілдің жазбаша және ауызша формада қызмет ететіні белгілі. Жазба стилбдердің өзі мынадай тармақтарға бөлінеді: ресми іс қағаздар стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі. 2) Ауызекі сөйлеу стилі тікелей ауызша тілдік-қарым-қатынас жасауда көрінеді. Әңгімелесу, тілдесу емін-еркін бейресми жағдайда өтеді. Сондықтан әдеби тілдің нормасы қатаң сақталынбайды, ой жүйелі берілмейді, нормадан тыс тілдік элементтер қолданыла береді. Ал жазба стильдер қатынастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан, тілдік құралдар екшеліп, сұрыпталып қолданылады. Ортақ белгілері: логикалық жүйелілік сақталады, жалпыхалықтық тілдің қолданысы әдеби нормаға сай болуы керек, ой нақты, дәл, түсінікті берілуі қажет. Әр функционалды стильдің түрлері, ең бастысы, бір-бірінен таза лингвистикалық белгілерімен ерекшеленеді. Бұл жерде әр функционалды стильге тән белгілерді анықтауда оларға қатысты тілдік нормалармен бірде байланыстыра, бірде ажырата қарау керек сияқты. Мысалы, біріншіден, екіншіден, әрине, сонымен, біздіңше, пәленшенің айтуынша, ал сияқты қыстырма сөздер басқа стильдерге қарағанда ғылыми стильде, публицистикада жиі қолданылатыны – осы стильдерге тән белгілер. Бірақ, өзге стильдерде қолданылмайды деуге болмайды, әсіресе, көркем әдебиет стилінде көрсетілген қыстырмалар орын алуы мүмкін. Немесе заң, сот материалдарында, ресми құжаттар тілінде сөздер негізінен тура мағынасында жұмсалады, бұл үлгілерде сөздердің көріктеуші, сипаттаушы қатарлары қолданылмауға тиіс. Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданылатындығы, сөйлемдердің анық, түсінікті болуы ғылыми жазбалардың стильдік белгілері болса әрі нормалары болып келеді. Ал көркем әдебиет стилі нормадан тыс бірқатар лексикалық, грамматикалық, тұлға-бірліктерді қолдана алады. Мәселен, дилектизмдер, архаизмдер, қарапайым сөздер, жаргондарды, сирек қолданыстағы элементтерді, өзге стильдің элементтерін еркін жұмсай алады, өйткені көркем әдебиет тек коммуникативтік емес, эстетикалық функцияларды да атқаратындықтан, өзге стильдерден оқшау тұрады. Осы ерекшеліктерінен болар, кейбір зерттеушілер көркем әдебиетті функционалды стильдер қатарына қоспай келді. Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен айырым-белгілері көрсетіліп келеді. Ол белгілерді қазақ тілін зерттеушілер орыс тіл білімінің танымынан шығарып айтатынын мойындаймыз. Бұған, біріншіден, тіл-тілдегі функционалды стильдер табиғатының, қызметінің ұқсас, ортақ құбылыс екендігі негіз болса, екіншіден, ресми іс қағаздарының, ресми ақпарат материалдарының, ғылыми әдебиеттің, көптеген мектеп оқулықтарының күні кешеге дейін көбіне орыс тілінен аударылып ұсынылып келгені себепкер болды. Кеңсе іс қағаздарының стильдік белгілері өзгелерден мүлдем ажыратылып көрінеді, мұнда трафареттік құрылымдар орын алады, лексикалық норма қатаң сақталады, сөздердің көріктеу тәсілдерінің жұмсалуына, сөздердің ауыс мағынасында келуіне жол берілмейді. Әсіресе, заң, қаулы, ереже сияқты құжаттардың тілдік белгілері берік әрі тұрақты болуы шарт. Әрине, бұл айтылғандардың барлығы – функционалды стильдердің әрқайсысының тілдік сырттай белгілері және соларға орай нормалары туралы қысқаша түсінік. Ал әрбір стиьдің өз ішінен мазмұндық-жанрлық бөліністеріне қарай және функционалдығына (мақсатына) орай бөлшектеп, әрбіреуіне тән шағын белгілерді көрсету – алдағы ғылыми ізденістердің объектіс болмақ.

 

3) Ауызекі сөйлеу стилі – функционалды стильдің бір түрі. Ол ауызша түрде тікелей қарым-қатынастың барлық саласында (тұрмыста, өндірісте т.б.) қолданылады. Негізгі қолданылу аясы – диалог, монолог. Стильдік ерекшелігі:

 

1. Қолданылу аясы – адамдармен, әсіресе, таныс ортада еркін әңгімелесу барысында жүзеге асады.

 

2. Тілдік құралдары:

 

- эмоционалды сөздер, диалектизмдер, қарапайым сөздер, сөйлеу тілінің фразеологизмдері, көріктеу тәсілдері (метонимия, синекдоха, табу, эвфемизмдер) қолданылады;

 

- Ой автоматты түрде, дайындықсыз беріледі;

 

- Сөйлеу еркіндігі басым болады;

 

- Дауыс ырғағына орай сөйлеуші қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздерді қолданады;

 

- Сөздердің орын тәртібі еркін болады.

 

Осы айтылған сипаттамаға кеңірек тоқталатын болсақ, мына жайттарға назар аударған жөн. Бұл стильдің басқа стильдерден біршама өзгешеліктері бар (жоғарыда қысқаша тоқталдық). Мұнда екеу немесе үшеуара сөйлесу барысында тілдің мәдениеті тұрғысынан талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан, ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері – варваризмдер, кәсіби сөздер, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілі стилінің заңдылығын бұзу деп есептелінбейді. Ауызекі сөйлеу тілінің тағы бір ерекшелігі - әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы. Мысалы, екі адам ауа-райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін. Тілдегі экспрессивтік, эмоционалдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі сөйлеуде байқалады. Ауызекі сөйлеу стилінде лингвистикалық факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы осы стиьдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қимыл-қозғалыстары, дауыс ырғағының (интонацияның) құбылуы т.б.), бұл – фонетикалық ерекшеліктері, өздерге әр түрлі екпін түсіру арқылы да ойға түрлі экспрессивтік реңк, бояу беріп айтылуы жатады. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі, яғни әдеби формасы функционалды стильдердің барлығында кездеседі. Мұны публицистикалық стильдің ауызша түрі деп қараған жөн. Мысалы, радио-теледеидер хабарлары, ондағы сөйленетін сөздер, сахнада көркем шығарманың оқылуы, лекция, баяндамалардың жасалуы, мұғалімнің сабақ түсіндіруі т.б. Ауызекі сөйлеуде ойдың қысқа, тұжырымды болуы, грамматикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты) толымсыз, жалаң сөйлемдер, эмоциялы жай-күйді жеткізуде лепті, сұраулы сөйлемдер қолданылады. Сол сияқты сөз қайталау тәсілі бар, кейбір морфологиялық тұлғалар ықшамдалынып беріледі: келгесін, кеп, барғасын, боп т.б. Ойды әсерлі жұмсалуының да шарттары ауызекі тілде жүзеге асады: эмоционалды-экспрессивті реңдегі сөздер, сөйлеу сипатындағы фразеологизмдер, қарапайым сөздер де жұмсалады. Ауызек сөйлеу стилінің элементтері басқа стиль түрлерінде мақсатқа сай қолданыла береді. Әсіресе, көркем әдебиет стилінде кейіпкер тілінде, шығарманың жанрлық мақсатына орай авторлық баяндауда да қолданыла береді.Мысалы Қ.Ысқақов «Ақсу – жер жаннаты» деген романында кейіпкерлердің аузына шорту сияқты одағай іспеттес ауызекі элементтерден бастап бет-мордасы (бет-әлпеті дегеннің орнына) түйекөтен (помидор), қотқа жүрмейді, асслау деген әдеби нормадан тыс элементтерді салады. Бұл сөздер тұлғасын өзгертіп, кекесінмен, мысқылмен қолданылған, өйткені шығарма юмормен жазылған дүние, сондықтан стильдік мақсатта жұмсалған тілдік ерекшеліктер болып саналады. Тілімізде ауызекі сөйлеу стилі, оның лексикалық, синтаксистік ерекшеліктерін арнайы ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдар қатарына Р.Әміровтың «Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері» А. 1971, М.Серғалиев, Ш.Нұрғожинаның «Қазақтың сөйлеу тілінің эмоционалды-экспрессивті лексикасы». А. 1995 еңбектерін атауға болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных