ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы – Thallobionta 1 страницаСІМДІКТЕР СИСТЕМАТИКАСЫ
IV-тарау
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесі тамыр, сабақ және жапыраққа бөлінбеген, дифференцияланған ұлпалары жоқ талломды немесе қабаттамалы болып келеді. Олар: біржасушалы, қауымды, көпжасушалы, жасушасыз да болады. Жынысты көбею мүшесі (огониилер және антеридилер) біржасушалар. Төменгі сатыдағы автотрофтылар – Thallobionta eucaryota.
24-сурет
Балдырлар – Alqae. Сабақтың мақсаты: Көк-жасыл балдырлардың түрлері мен көбею ерекшеліктерімен танысу. Қажетті материалдар: суда өсірілген балдырлары бар және топырақ тұнбасы бар стакан.
Жалпы түсінік
Көк-жасыл балдырлар біржасушалы, қауымды, көпжасушалы, жіп тәрізді ағзалар, олардың 1500-2000 дей түрлері бар. Басқа балдырлардан жасуша құрылысының ерекшеліктері арқылы айырылады. Жасуша қабықшасының құрамында оңай кілегейленетін пектин, тек кейбіреулерінде ғана целлюлоза болады. Жасушасы органоидтарға бөлінбеген. Жасушаларда мынадай қабаттар болады: шеткі боялған қабаты – хромотоплазма, ортаңғы түссіз – орталық плазма қабаттары. Хромотоплазма қабатының құрамында жасыл хлорофилл, көк – фикоциан, қызыл – фико-эритрин, қызғылт-сары – каротин пигменттері болады, осыған байланысты олардың түсі көк-жасылдан сарғыш, күлгін, қызғылт, көгілдір, кейде тіпті қара түсті де болады. Орталық плазма бөлімінің атқаратын қызмтеі жағынан жасуша ядросына жақындайды. Бұл қабатта ядроның құрамына кіретін ДНК элементі бар, ядрода болатын хромотин жіпшелері болады. Жасуша шырыны бар вакуольдері есейген жасушаларда ғана пайда болады. Оның паййда болуы жасуша тіршілігін жоюға әкеп соғады. Оның есесіне көк-жасыл балдырлардың жасушаларында азотпен толы газ ваколі болады. Қор заты ретінде гликопротеид, волютин және анабенин жиналады. Көк-жасыл балдырлар фотосинтездің нәтижесінде авторофты және қоршаған ортасынан органикалық заттарды сіңіру арқылы гетеротрофты қоректенеді. Көк-жасыл балдырлар қозғалғыш талшықты кезеңі және жынысты көбеюі болмайды. Көбеюі бір жасушалы түрлерінде жасушаның тең екіге, қауымдыларында қауымның ыдырауы, жіп тәрізді түрлерінде жіптің үзілуі не гормогонияға (протопластарының жинақталып үзілуі) бөлінуі арқылы болады. Эндо- және экзоспоралар арқылы жыныссыз да көбейеді. Арнаулы қозғалыс мүшесі болағынмен, бұларда қозғалыс байқалады, ол сыртқы мембрана қабатының толқын тәрізді жиырылуы мен кілегейдің бөлінуіне байланысты болуы мүммкін. Көк-жасыл балдырлар екі класқа бөлінеді: хрооккалылар, гормогониялар. Хрооккалылар – Chroococcaphyceae класы. Кластың өкілдері қауымды, сирек бір жасушалы, бос жататын, кей жағдайда субстратқа бекініп тіршілік ететін ағзалар жатады. Қауымы кілегейлі, көпшілік жағдайда қауымды құрайтын жасушалар ретсіз орналасады, кейде жіптесінді болып келеді. Қауымдары көлемді не пластинка пішінді. Қауым жасушаларын байланыстырып тұратын цитоплазмалар болмайды. Эндоспора, экзоспора және гетероцистері жоқ. Хроококкалық – Chroococcales қатары. Бұл қатарға бір жасушалы, қауымды ағзалар жатады. Қауымдағы жасушалар көпшілік уақытта ретсіз орналасады. Жасушаның жай екіге бөлінуі және аналық жасушалардың ұсақ жасушаларға бөлінуі арқылы көбейеді. Хроококк – Chroococcus қатарының өкілі – хрооккок – бір жасушалы, дөңгелек пішінді ағза. (56 сурет). Кейде жасушалар бөлінгеннен кейін ажырасып кетпей; кілегеймен қоршалып қауым түрінде қалып қояды. Бұлар ылғалды топырақты жерлерде, тұщы ақпайтын суларда кездеседі. Гормогониялар – Hormogonophyceae класы. Бұл класқа табиғатта кең тараған жіптесінді жасушалары бір-бірімен плазмадесмалар арқылы байланысып жатады да трихомалар түзеді. Трихомалары жалаңаш немесе кілегейлі қынаппен қапталған. Гетерецисталары біреулерінде болса, екінші біреулерінде болмайды. Гормогония сирек споралар арқылы көбейеді. Осцилляториялық – Oscillatoris қатарының өкілі – осциллятория – оscillatoriа, бұл көп жасушалы тармақталмаған жіпшесінді балдыр. (56 сурет А). Жіпшесі бір қатар орналасқан қысқа цилиндр пішінді жасушалардан тұрады да, жіптері жіңішке келеді. Әрбір жіпшесі ядросыз ұсақ біртекті жасушалардан және хромотофордан тұрады. Ішкі ақшыл бөлігі – орталық плазмасы нуклеин қышқылдарынан, ал сыртқы күңгірт қабаты – пигментті (хромотоплазмасы), цитоплазманың сыртқы қабатында гликогеннің ұсақ түйірлері болады. Носток – Nostoc әртүрлі және көлемді қауым.Қауым кілегейлі шар пішінді жасушалардың моншақ тәрізді тізбектеліп келуінен құралады. (56 сурет В, Д). Біркелкі вегатативтік жасушалардың арасында ірі жасуша – гетероцисталар болады. Гетероциста маңындағы тізбектер жеке бөліктерге – гормогониилерге айрылып кетеді, яғни носток осылай вегатативті көбейеді. Носток табиғатта көп тараған. Бұл батпаққа айналып келе жатқан көлдерде, ақпайтын суларда, шөлді далаларда, қыналардың арасында әртүрлі пішінді кілегейлі қауым түрінде жиі кездеседі. 56-сурет. Көк-жасыл балдырлар: А – осциллятория; Б – лингбия; В-Д – носток; В – свртқв түрі; Г – кіші объективпен көрінгендегі көрінісі, Д – жіпшенің үлкен объективпен көрінгендегі көрінісі, Е – анабена, Ж – глеокапса, З – ривулярия, И – хроококк, 1 – гетероциста.
Көк-жасыл балдырлардың анабена – Anabaenas, спирулина – Sperulina, ривулярия – Rivularia, глеокапса – Gleocapsa т.б. өкілдері бар. (56 сурет Б, Е, Ж, З).
Тапсырма
1. Топырақ тұнбасы бар стакандағы судан уақытша препарат дайындап, осцилятория балдырын тауып, оның жасушаларын қарап, қозғалысын бақылап, суретін салу. 2. Балдырлары бар судан препарат дайындап, носток балдырын іздестіріп, көрінген носток балдырынан гетероциста жасушасын көру, суретін салу. 3. Гүл өсіп тұрған құмыралардың қабырғаларындағы жасыл қабыршақтардан препарат дайындап, хроококк балдырының қауымдылығын бақылау, хроококк балдырының суретін салу. 4. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
Қайталау сұрақтары
1. Көк-жасыл балдырлардың қандай тіршілік түрлері бар? 2. Көк-жасыл балдырлар денесінде қандай пигменттер кезеседі? 3. Көк-жасыл балдырларда қандай қор заттары жиналады? 4. Көк-жасыл балдырлардың басқа балдырлардан қандай айырмашылығы бар? 5. Гетероцист пен споралар қандай қызмет атқарады және негізгі ерекшелігі неде? 6. Көк-жасыл балдырлардың көбею ерекшеліктері неде? 7. Фотосинтез құбылысы қалай жүреді, тіршілік ерекшеліктерін қалай түсіндіруге болады? 8. Хроокококк, осциллятория, носток балдырларының қандай ұқсастықтары және айырмашылықтары бар?
25-жұмыс
Тақырыбы: Сарғыш-жасыл балдырлар – Xanthophyta. Сабақтың мақсаты: Сарғыш-жасыл балдырлардың өкілдерінің құрылымдық және көбею ерекшеліктерімен танысу. Қажетті материалдар: ботридий және вошерия балдырларының тұрақты препараттары, балдырлары бар стакан.
Жалпы түсінік
Сарғыш-жасыл балдырларға бір жасушалы, қауымды, көп жасушалы және жасушалы құрылысы жоқ ағзалар жатады. Бұлар тұщы және теңіз су қоймаларындағы планктон мен бентостың негізгі компоненттері түрінде, сонымен қатар топырақта, тастардың үстінде т.б. жерлерде кездеседі. Жасушасында бір ядросы, сифонды түрлерінде бірнеше ядролар болады. Хромопластарында хлорофилл пигментінен басқа каратиноидтар да болады, бұл балдырға сары түс беріп тұрады. Кейбір түрлерінде ғана пиреноидтары (қор жиналатын орын) болады. Қор заты ретінде май тамшылары, лейкозин және волютиндер жиналады, крахмалы болмайды. Монада құрылысты өкілдерінде қызыл көзшесі бір не екі жиырылғыш вакуолі болады. Жасушаның бөлінуі, қауымның ыдырауы, жіптердің үзілуі арқылы вегатативтік, зооспоралар не автоспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Бұлардың басқа балдырлардан айырмашылығы зооспора талшықтарының ұзындығының әркелкі болуы. Екі талшығының бірі ұзын, ол алға қарай бағытталған және қауырсын құрылысты келеді. Екіншісі қысқа, артқа қарай бағытталған қарапайым құрылысты. Жынысты көбеюі изогамды, сирек оогамды. Ботридий – Botridium сифонды құрылысты, субстратқа бекініп тіршілік ететін балдыр. Бұл балдырды жаз айларында бөгеттредің жиектерінде, кеуіп бара жатқан лас сулардан ккездестіруге болады. Балдырдың денесі субстратқа еніп жататын тарамдалған ризоидтан және алмұртқа ұқсаған көпіршік тәрізді жер бетіндегі негізгі денесінен тұрады. Жасушасында көптеген дөңгелек хлоропластары, ұсақ ядролары және май тамшылары болады. Жыныссыз көбейеді, зооспорасының жоғарыда көрсетілгендей екі талшығы болады. (57 сурет А).
57-сурет. Сарғыш-жасыл балдырлар: А – ботридий, Б – трибонема; 1 – жасушасыз талломы, 2 – көпжасушалы талломы, 3 – ризоидтары, 4 – зооспорасы.
Вошерия – Vaucheria талломы жуан, ұзындығы бірнеше сантиметрге дейін баратын тарамдалған жіпшеден тұрады. Талломы сифон құрылысты, жасуша перделері болмайды. Субстратқа бекініп тіршілік етеді. Бұл көп ядролы. Хлорофилл пигменті жасыл түсті, түйіршіктері талломның ішінде бытырап жатады, пиреноидтары болмайды. Жасушаның ортаңғы бөлімінде жасуша шырынына толы вакуолі болады. Қор заты ретінде май тамшылары жиналады. Көбеюі жыныссыз, көп талшықты зооспоралар арқылы көбейеді. Зооспоралары таллом ұшында пайда болатын зооспорангилерде дамып жетіледі. Зооспоралар суда белгілі бір уақыт жүзіп жүргесін тоқтап, талшықтарын түсіргесін жас вошерия балдыры өсіп шығады. (58-сурет).
58-сурет. Вошерия: 1 – жасушасыз талломы, 2 – ризоидтары, 3 – зооспорангийі, 4 – зооспорасы, 5 – оогонийі, 6 – антеридийі.
Жынысты көбеюі оогамды. Талломдарында шар пішінді төмпешіктер пайда болады, ол талломнан пердемен бөлініп ооганийдің қызметін атқара бастайды, яғни әрбір оогонийден бір-бір жұмыртқа жасушасы дамиды. Осы талломның жақын жерінен басқа төмпешік пайда болып, ол оогонийге қарай мүйіз тәрізденіп өсе бастайды, бұл да пердемен бөлініп антерийдиге айналады. Антерийден әртүрлі талшықты бірнеше аталық жасуша – сперматозоидтар дамып жетіледі. Осы сперматозоидтар оогонийдегі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырып, нәтижесінде зиготаооспора түзіледі. Зигота тыныштық кезеңін өткізгеннен кейін өсе бастайды да вошерия балдыры өсіп шығады. (58 сурет). Вошерия балдырын тез ағатын тұщы сулардан, бөгеттерден, су жиектеріндегі топырақтан кездестіруге болады. Трибонема – Tribonema туысы көп жасушалы, тарамдалмаған жіптесінді балдыр. Трибонема бір ядролы, күпшек пішінді бір қатар жасушалардан құралған жіптесінді балдыр. Жасуша қабықшасы пектинді, шеттері арқылы бір-бірімен жабысып келетін екі жартыдан тұрады. Трибонема әр жасушада 1-ден не 2-ден түзілетін зооспора және апланоспора арқылы жыныссыз көбейеді. Зооспора шыққан уақытта да жасуша қабықшасы Н тәрізді бейнеге ажырайды. (57 сурет Б). Трибонема басқа жіптесінді балдырлармен бірге тұщы суларда жүзіп, не бекініп тіршілік етеді.
Тапсырма
1. Ботридий балдырының тұрақты препаратынан сыртқы құрылысын қарау. 2. Препараттан ботридий балдырының зооспорасының құрылысындағы ерекшеліктерді бақылау. 3. Тұрақты препараттан вошерия балдырының жыныссыз және жынысты көбею мүшелерін анықтау. 4. Балдырлары бар сулы ортадан препарат дайындап, ботридий, вошерия және трибонема балдырларын іздеп, тауып, қандай мүшелерінің көрініп тұратындығын зерттеу. 5. Ботридий, вошерия, трибонема балдырларының сыртқы құрылыстарының, көбею мүшелерінің суреттерін салу. 6. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
Қайталау сұрақтары
1. Сарғыш-жасыл балдырлардың тіршілік формалары қандай және қай жерлерде кездеседі? 2. Жасушалары қандай құрамды бөліктерден тұрады? 3. Зооспоралары қандай құрылысты? 4. Сарғыш-жасыл балдырлардың түсі қандай пигменттердің болуына байланысты? 5. Қандай қор заттары жиналады? 6. Сарғыш-жасыл балдырлар қалай көбейеді? 7. Ботридий, вошерия, трибонема балдырларының сыртқы құрылысында, көбеюінде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? 8. Вошерияны қандай белгілеріне байланысты әртүрлі талшықтыларға жатқызады.
26-жұмыс
Тақырыбы: Диатомды балдырлар –Diatomophyta. Сабақтың мақсаты: Диатомды балдырлардың құрылыстарындағы және көбею ерекшеліктерімен танысу. Қажетті материалдар: топырақ тұнбасы бар стакан.
Жалпы түсінік
Диатомды балдырларға таяқша пішінді бар жасушалы және қауымды, микроскопты, күрделі құрылысты ағзалар жатады. Жасушаның іш жағынан пектинді қабық, ал оның сыртынан кремнеземнен құралған екі жақтаулы (тека) берік сауыт қаптап жатады. Жақтаудың сыртқы – үлкенін эпитека, ішкі – кішісін гипотека деп атайды. Бұл балдырлардың жасушалары бір ядролы, хромотофоры бірден бірнешеуге дейін барады. Хромотофорында хлорофилл пигментінен басқа қоңыр диатамин, сары-каротин пигменттерінің болуына байланысты диатомды балдырлар көбінесе сарғыш-қоңыр түсті келеді. Жасушаларының цитоплазмасы қабықшасына жақын, кейбіреулерінде жасушаның ортасына, ядроның маңына орналасды. Қалған жасуша ішіндегі бос орынды жасуша шырынына толы вакуоль алып жатады. Жасушада бір, кейде бірнеше пиреноидтары болады. Жасушаның пішіні оның орналасу жағдайына байланысты. Жасуша жақтау жағынан бір түрлі көрінсе, белдеу жағынан екінші бір көрініс көрсетеді. Диатомды балдырлар жыныссыз көбейгенде жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы вегатативті көбейеді. Жынысты көбеюі көпшілігінде коньюгация сияқты изогамия, кейбіреулерінде оогамия арқылы болады. Планктонды түрде тіршілік ететін диатомды балдырларда ұсақ 8-ден 16-ға дейін түзілетін микроспоралар талшықсыз болады. Бұл споралардың түзілу табиғаты толық зерттелген жоқ. Гаплоидты болып жыныс мүшелері ғана есептеледі. Бұл бөлімге 10000-дай түр жатады. Сыртқы кремнеземді қабықтарының құрылысына қарай оларды екі класқа бөледі. Пеннатталылар – Pennatophyceae класы. Бұл класқа жасуша құрылысының екі жақты симметриялы болып келуімен сипатталады. Жасуша құрылысына қарай тігістілер және тігіссіздер болып екі қатарға бөлінеді. Тігістілер - Rephinales қатары. Бұл қатар жақтауларында канал не саңылау сияқты тігістерінің болуымен сипатталады. Тігістерінің болуына байланысты қозғалғыш келеді. Пиннулярия – Pinnularia туысы бір жасушалы қозғалғыш, эллипс пішіндес созылған, екі жақтаулы, шеті дөңгелектеніп келетін балдыр. (59 сурет). Егер оны 900 бұрыш жасап бұрсақ, онда оның көрінісі ұзын тік төртбұрыш сияқты болады. Бірінші жағдайда пиннулярияны жақтау жағынан, қарағанда орталық сызықтық бойынан үш төмпешікті көреміз, оның біреуі ортасында, қалған екеуі жақтаудың ұштарына тақау орналасады, бұл ішкі қабықтың қалыңдауынан пайда болған төмпешіктер, оны түйін деп атайды. Түйіннің бір ұшынан екінші ұшына қарай, жақтаудың ортасынан тігісі өтеді. Пиннулярияны белдеу жағынан қараса, онда оның екі жақтауы айқын көрінеді. Ішкі кіші жақтау – гипотека, оны жауып тұратын сыртқы үлкен жақтауы – эпитека деп аталады. Сауыттың ішінде жатқан жасушаның орта бліміндегі көлденең цитоплазмалық көпіршеде ядро жатады. Жақтаудың бүйір жағына қарай ірі пластинкалы екі хромотофор орналасады, көпіршенің екі жағындағы бос қуысты жасуша шырынына толы вакуоль алып жатады. Онда қор заты май тамшылары түрінде жиналады.
59-сурет. Пиннулярия: А – белдеу жағындағы көрінісі; Б – қақпақ жағындағы көрінісі; В – ұзыннан кесіндісі; Г – көлденең кесіндісі; Д – вегатативті көбеюі; 1 – эпитека; 2 – гипотека; 3 – тігіс; 4 – түйін; 5 – хлоропласт; 6 – пиреноид; 7 – цитоплазма; 8 – ядро; 9 – вакуоль.
Жыныссыз көбеюі ядро мен протопластарының митоздық бөлінуі арқылы вегатативті жолмен жүзеге асады, бұдан жақтаулары ажырасады, пайда болған протопластар жетпеген жақтауларын қалыптастырып, екі жас пиннулярия балдыры пайда болады. (59 сурет). Бірнеше рет жыныссыз бөлінгеннен кейін, ұсақталған пиннулярияның жынысты көбеюі басталады. Жынысты көбею кезінде екі пиннулярия бір-біріне жақындасады да, жақтауларын тастайды дп өздері кіілегейге оралады, бұдан кейінядросы мен протопластары редукциялық жолмен бөлініп, төрт моноплоидты жасуша-тетрада пайда болады, нәтижесінеде әртүрлі тетрадаға жататын екі жасуша қосылады да, екеуі тіршілігін жояды. Екі жасушаның қосылуынан диплоидты зигота – ауксоспора пайда болады. Ауксоспорадан жаңа жақтаулары бар пиннулярия балдыры дамып жетіледі. Пиннулярияның тіршілік кезеңі диплоидты жағдайда өтеді. Пиннулярия басқа диатомды балдырлармен бірге көп мөлшерде бөгеттердің түбінде, аквариумда, лас суларда, топырақта кездеседі. Навикула – Navicula (60 сурет 9) туысы бір жасушалы, қозғалғыш, пиннулярияға ұқсас келеді, одан жасушаның екі жақ ұшының қайық сияқты сүйірленіп келуі арқылы айырылады. Екі хлоропластысы юбүйір жағына қарай орналасқан. Жақтау жағынан қайық пішіндес келеді. Ақпайтын тұщы және теңіз суларында кең тараған, судың түбінде тіршілік етеді. Нитцшия – Nitzschia (60 сурет 2) бір жасушалы таяқша, ұзынша не эллипс пішіндес, екі жақ ұшы аздап жіңішкерген ағза. Пластинкалы хромотофоры қиғаш орналасқан. Тұщы және ащы суларда кең тараған. Плеуросигма – Pleurosigma (60 сурет 2) бір жасушалы, S әрпі тәрізді, екі жақ ұшы сүйірленіп, екі жаққа қарай бағытталып келетін ағза. Бентосты түрде тұщы сирек ащы суларда тіршілік етеді. Сурирелла – Surirella (60 сурет 10) бір жасушалы, күрделі құрылысты сауыты бар ағза. Жақтау жағынан көрінісі жұмыртқа не эллипс пішінді сопақтау келеді, бүйір жағынан сына тәрізді. Әрбір жақтауды жағалай канал тәрізді тігісі бар екі қыр өтеді. Сонымен мұнда жасушаның төрт тігісі болады. Бентос түрінде тұщы және ащы суларда кезедеседі. Цимбелла – Cymbella (60 сурет 8) туысы бір жасушалы, кейде түтік тәріізді кілегейлі қауым құрайтын ағза. Кілегейдің ішінде қозғала алады. Жасушасы – жарты ай пішінді, жақтаулары құрсақ жағынан тегіс немесе ойыс, арқа жағынан дөңес келеді. Тігістері құрсақ жақ шетіне қарай, жалғыз хромотофоры бүйір жағына қарай орналасады. Тұщы судың түбінде бос жатады, не басқа су астындағы заттарға бекініп, оны қаптай өседі.
60-сурет. Тігісті пеннатталар: 1 – Плевросигма, жақтау жағынан көрінісі, 2 – Нитцшия жақтау жағынан көрінісі, 3 – көлденең кесіндісі, 4 – Гомфонема, жақтау (4), белдеу (5) және кілегейлі сүйеніште отырған қауымы (6), 7 – кладофора жасушасындағы кокконеис, 8 – цумбелланың жақтау жағынан көрінісі, 9 – Навикула жақтау жағынан, 10 – Сурирелла жақтау және белдеу (11) жағынан көріністері, 12 – ауксаспораның құралуы. Гомфонема – Gompnonema (60 сурет 4, 6) туысы бір жасушалы, сирек қауымды, ассиметриялы, жасушаның бір жақ шеті екінші жағынан айырылып тұрады. Жақтау жағынан жасушаның бас жағы түйреуіштің басы сияқты кертпейлеу келеді, ал бүйір жағынан сына тәрізді болып келеді. Екі хромотофоры бар. Тігісі жасушаның ортаңғы бөлімінен өтеді. Қатты ағып жататын суларда балдырларға не басқа заттарға бекініп тіршілік етеді. Кейде кілегейлі қауым құрайды. Кокконеис – Cocconeia (61 сурет 7) туысының жасушалары эллипс пішіндес дөңгелектеу келеді. Тігісі бар төменгі жалпақ жақтау жағы арқылы субстратқа бекініп тіршілік етеді. Жоғарғы жақтауында тігісі болмайды. Жалғыз пластинкалы, хромотофоры таға тәрізді иіліп, жоғарғы жағында орналасады.
61-сурет. Тігіссіз пенатталар: 1- табеллярия қауымының белдеу (а) және жеке жасушаның жақтау жағынан көрінісі (б), 2 – фрагелярия қауымы (а) және жеке жасушаның жақтау жағынан көрінісі (б), 3 – астерионелланың жұлдызды қауымы (а) және жеке жасушаның жақтау жағынан көрінісі (б), 4 – синедра, а – белдеуғ б – жақтау жағы, 5 – диатоманың белдеу (а) және жақтау (б) жағынан көріністері.
Тігіссіздер – Araphinales қатары. Тігістері болмағандықтан вегатативтік уақытында қозғалмайды, бұлар бәр жасушалы, қауымды, тұщы және теңіз суларында бос жататын не бекініп тіршілік ететін ағзалар. Синедра – Cynedra (61 сурет 4) туысы бір жасушалы, жіңішке таяқша пішінді немесе желпеуіш тәрізді, не жұлдыз сияқты қауым құратын ағза. Екі хлоропластасы жақтау жағында орналасады. Синедра субстратқа бекініп тіршілік етеді не суда бос жатады. Бүйір жағынан қарағанда тік бұрышты, ал жақтау жағынан жасуша ұштары жіңішкеріп келеді және көлденең нәзік сызықтарыы болады. Фрагилярия – Fragilaria (61 сурет 2) туысы синедраға ұқсас, белдеу жағынан таяқша пішінді, бірақ жақтаулары арқылы байланысып, ұзын лента тәрізді қауым құрайды. Судың жиектерінде сирек планктон түрінде тұщы және ащы суларда таралған. Табеллярия – Tabellaria (61сурет 1) туысының жасушалары қысқа, тік бұрышты, бір шеттері арқылы бір-бірімен байланысып, сиректелген қауым құрайтын ағза. Қауымның әрбір жасушасы тақта пішінді жалпақ келеді. Бөгеттер мен ағып жататын тұщы суларда көп тараған. Датома – Diatoma (61сурет 5) жасушалары лента немесе иректелген тізбек құрайтын ағза. Сыртқы пішіні жағынан қауым табеллярияға ұқсас. Одан бүйір жағынан ұзын, тік бұрышты жасушалардан, ал жақтау жағынан сопақ пішінді және көлденең жолақтарының болуы арқылы ацырылады. Астерионелла – Asterionella (61 сурет 3) туысының жасушасы таяқша тәрізді екі жақ шеттері кеңейіп дөңгеленген, бір жақ ұштары арқылы байланысып жұлдыз тәрізді қауым құрайды. Көптеген уақ хромотофорлары болады. Көпшілік уақытта теңізде, тұщы суда планктонды түрде кездесетін ағза. Центрикалықтар – Centrophyceae класы. Бұл класқа бір жасушалы, қауымды, радикальды құрылысты, диска, линза, цилиндр пішінді ағзалар жатады. Олар тұщы және теңіз суларында, топырақта таралған. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|