Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жоғары сатдағы өсімдіктер систематикасы – Cormobionta 5 страница




Мысал ретінде жұмсақ бидайды алып қарастыратын болсақ (100 сурет), бұл астық тұқымдастардың ішінде ең көп тараған түр. Масағы әртүрлі пішінді (цилиндрлі, түйреуіш тәрізді т.б.), кесіндісінде дөңгелек, тікбұрышты. Масақ сабағы қатты. Масағында 3-5 гүлдері болады. Дәнегі қысқа, жуан. Бидайлардың ішіндегі полиморфты түрі, түпкі солтүстік аудандарда да өсіріледі.

Аталық саны түрлеріне байланысты бір, екі, алтау болып өзгеріп отырады. Үстіңгі жатын, бір ғана тұқым бүрі болады.

Гүл формуласы: ↑Р(2)+2 А3G (2)

 

Тапсырма

 

1. Астық тұқымдас өсімдіктердің тірі немесе кеппешөп даналарынан қынапты жапырақтарын, тілшелерін тауып көрсету.

2. Өсімдік сабақтарынан буын, буынаралық тарды тауып, ішкі құрылыстарындағы ерекшеліктерді анықтау.

3. Тамырларының қандай тамырлар жүйесі екендігін анықтау.

4. Гүлшоғырының түрлерін анықтап, гүлінен лодикулдарын тауып, аталықтарын санап, аналық аузының ерекшеліктерін анықтау.

5. Жұмсақ бидайдың күрделі масағының, аналық және лодикуласының,

100-сурет. Жұмсақ бидай: А – гүлшоғыр-күрделі масақ, 2 – масақша, 3 – аналық және лодикул, 4 – жеміс-дәнек, 5 – жапырақ (а – тілше, б – құлақша).

 

 

6. дәнегінің, жапырағының және тілшесінің суреттерін салу.

7. Бидай дәнінің рельефті кестесінен ұрықтың, эндоспермнің орналасуын байқап суретін салу.

8. Өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

9. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне салдау жасау.

 

Қайталау сұрақтары

 

1. Астық тұқымдас өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

2. Астық тұқымдас өсімдіктердің жапырақтары, тамыры қандай болып келеді?

3. Сабағында қандай ерекшеліктер бар?

4. Қынаптың, тілшенің қандай маңызы бар?

5. Қыстырма бой конусы дегеніміз не?

6. Қандай гүл шоғырлары болады?

7. Гүл бөлімдеріне қандай ерекшеліктер бар?

8. Жұмсақ бидайға сипаттама беріңдер.

9. Жергілікті жерде қандай астық тұқымдас өсімдіктер өседі?

47-жұмыс

 

Тақырыбы: Қияқ гүлділер тұқымдасы – Cyperaceae.

Сабақтың мақсаты: Қияқ тұқымдас өсімдіктердің вегатативтік және генеративтік мүшелеріндегі ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті материалдар: тірі өсімдіктер және кеппешөп даналары, анықтағыш кітап.

 

Жалпы түсінік

 

Қияқгүлділер – көпжылдық шөптесін, сирек ұзын немесе қысқа тамырсабақты біржылдық өсімдіктер. Сабағы үш қырлы, сирек-цилиндрлі, іші паренхималы ұлпаға толы болады, буын және буынаралықтары нашар жетілген. Жапырақтары сабағының үш жағында да өседі, пішіні жіңішке ланцет тәрізді болып, шеттері төмен қарай иілген болып келеді. Тілшесі болмайды, кейбір түрлерінде қабыршақ түрінде кездеседі. Бұтақтануы бүйірлі-түптенеді. Бүйірлі горизонталь өркендерінен тамырсабақтары қалыптасады.

Гүлшоғыры – жай масақ немесе күрделі, көптеген гүлдерден тұрады, сирек, масағында бір гүлі болады. Жай және күрделі масақтары сыпыртқы, шатырша, жұмыргүл гүл шоғырына топтанады.

Гүлдері ұсақ, түссіз. Гүл серігі болмайды, олардың орнына үлпектері немесе түктері болады. Андроцейі бір шеңберлі, үш аталықтан тұрады. Гинецейі екі немесе үш жеміс жапырақшасынан тұрады. Үстіңгі жатын, бір ұялы, бір тұқым бүрі болады. Аналық мойнында екі немесе үш жіп тәрізді ұзын аналық мойны болады.

Гүлдері қос жынысты немесе дара жынысты болып келеді. Дара жынысты түрлерінде (қияқкөлеңде) көбіне бір үйлі болады да, сирек екі үйлі болады. Бір үйлі түрлерінде гүл шоғырлары қос жынысты себебі гүл шоғырының бір бөлігінде аналық гүлдер, екінші бөлігінде аналық гүлдер өседі. Қияқкөлеңнің аналық гүлдерінде гүл қабыршақтарынан басқа гүл қапшықтары болады, олар екі гүлжапырақтарының бірігіп өсуінен түзіледі. Бұлардың жемістері осы қапшықтың ішінде болады. Қияқгүлділер тұқымдас өсімдіктердің жемісі – үшбұрышты, шар тәрізді немесе қабысқан жаңғақ. Тұқымы эндоспермді, ұрықты қоршап жатады.

Мысал ретінде қынапты ұлпабасты – Eriophorum vaginatum (пушица влагалищная) алып қарастырамыз. (101 сурет). Көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 30-100 см, көп, тік, аз ұшқырлы, түбінде қынапты қоңыр түсті жіңішке жапырақтары өсіп тұрады. Сабақ жапырақтары екі-үш, олар редукцияланған ұлпа түрінде болады.

Гүлшоғыры – масақ, жеміс пайда болғанда шар пішінді болады. Гүлдері ақ ұлпа түрінде өседі. Аталығы үшеу, ұзын тозаңқабы болады. Аналығы біреу, бір ұялы, үстіңгі жатын, аналығының мойыны ұзын, аналық аузы жіп тәрізді келеді. Гүл формуласы: *ЗрарА3G (3)

Жемісі – үшбұрышты жаңғақ.

 

101-сурет. Қынапты ұлпабас: А – жалпы көрінісі; Б – гүл шоғыры; И – гүлі; Г – жапырақ қолтығындағы қабыршақ; Д – айдаршалы жемісі.

 

Тапсырма

 

1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөптерден қияқ тұқымдастардың тамырын, сабағын, жапырақтарын қарап ерекшеліктерін анықтау.

2. Өсімдіктерден бір немесе екі үйлі өсімдіктерін анықтау.

3. Гүл шоғырларының түрлерін анықтап, гүлдеріндегі аталық, аналық гүлдерді табу.

4. Жемістеріндегі ерекшеліктерді бақылау.

5. Кітаптан немесе кестеден қынапты ұлпабастың жалпы көрінісінің, гүлінің, жемісінің суреттерін салу.

6. Қияқгүлділер тұқымдас өсімдіктерді түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

7. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне салдау жасау.

Қайталау сұрақтары

 

1. Қияқгүлділер тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады?

2. Қияқгүлділер тұқымдас өсімдіктерінің вегатативтік мүшелерінде қандай ерекшеліктер бар?

3. Гүлдерінде гүл бөлімдері қандай құрылысты?

4. Аталық, аналықтарында қандай ерекшеліктер бар?

5. Жемістері қандай болып келеді?

6. Қынапты ұлпабастың вегатативтік және генеративті мүшелерінде қандай ерекшеліктер бар?

7. Қияқгүлділер тұқымдас өсімдіктердің қандай маңызы бар?

 

Оқу құралын жазуға пайдаланылған және

оқуға ұсынылатын негізгі әдебиеттер

 

Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары. Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1994.

Агелеуов Е.А., Агитова К.А., Дөненбаева К.Д. Ботаника. (Клетка, Тканьдер). Алматы, 1991.

Ахметжанова А.Г. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегатативті мүшелерінің морфологиясы мен анатомиясы. Қарағанды, 1994.

Жуковский П.М., Ботаника., Москва., Колос., 1982.

Мухитдинов Н., Бегенов Ә., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1993.

Мухитдинов Н., Бегенов., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.

Мұсақұлов Т. Ботаника. Алматы, 1975.

Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Практикум по курсу общей ботаники. Москва.Агропромиздат, 1983.

Хржановский В.Г., Курс общей ботаники. Москва. «Высшая школа», 1976.

Учебное пособие для педагогоческих институтов. Ботаника морфологияи анатомия растений. Москва. Просвещение, 1988.

Тілемесов Х., Рамазанов. Ауыл шаруашылық сөздігі. Алматы. Қайнар, 1992.

Қалиев Б., Өсімдік атаулары. Орысша-қазақша сөздік. Алматы. Ана тілі, 1993.

 

Қосымша әдебиеттер

 

Гуриков Д.Е. Іле Алатауы. Алматы. Қайнар, 1985.

Қаженбаев С., Махмутов С. Табиғат қорғау. Алматы. Ана тілі, 1992.

Лұқпанов Ж., Әлімқұлова Р., Тәртенова М. Өсімдік-өмір өзегі. Алматы. Қайнар, 1991.

Мамбетказиев Е., Сыбанбеков К. Табиғат қорғау. Алматы, 1991.

Петров В.В. Растительный мир нашей Родины. Москва. Просвещение, 1991.

Петров В.В. Мир лесных растений. Москва. Наука, 1978.

Оспанова М., Лұқпанов Ж., Өсімдік-жанға шипа, дертке дауа. Алматы. Қайнар, 1992.

Сыбанбеков Қ. Жасыл әлем сырлары. Алматы. Рауан, 1990.

Сыбанбеков Қ. Биология ғажаптары. Алматы. 1993.

Сағындықов Ж. Биология және сәулет өнері. Алматы, 1993.

Сафина Л.К., Петров Е.П. Жасыл аптека. Алматы. Қайнар, 1992.

 

Мазмұны

 

Алғы сөз.............................................................................................................3

Бірінші бөлім. МИКРО ЖӘНЕ МАКРОМОРФОЛОГИЯ

І тарау. Цитология.

І жұмыс. Микроскоп құрылысы, жұмыс істеу тәртібі.

Уақытша препарат дайындау.................................................4

2 жұмыс. Өсімдіктер жасушасының құрылыс мен түрлері.

Жасушада жүретін плазмолиз, деплозмолиз

құбылыстары..........................................................................11

3 жұмыс. Пластидтер..............................................................................15

4 жұмыс. Жасушадағы қор заттары......................................................19

5 жұмыс. Жасуша қабықшасы.................................................................22

ІІ тарау. Гистология.

6 жұмыс. Түзуші ұлпалар.........................................................................26

7 жұмыс. Жабындық ұлпалар...................................................................30

8 жұмыс. Арқаулық ұлпалар.....................................................................36

9 жұмыс. Өткізгіш ұлпалар.......................................................................39

10 жұмыс. Өткізгіш шоқтар......................................................................46

ІІІ тарау.. Вегатативтік және генеративтік мүшелер.

11 жұмыс. Қос- және даражарнақтылар тұқымдары мен

өскіндерінің құрылысы.............................................................51

12 жұмыс. Тамыр және тамырлар жүйесі.................................................57

13 жұмыс. Тамыр анатомиясы..................................................................62

14 жұмыс. Өркен және бүршік..................................................................66

15 жұмыс. Сабақ морфологиясы және қосжарнақты,

даражарнақты шөптесін өсімдіктердің

сабақтарының анатомиялық

құрылыстар...............................................................................74

16 жұмыс. Қосжарнақты ағаштар мен жалаңаш -

тұқымды қылқан жапырақты

өсімдіктер сабақтарының анатомиялық

соңғы құрылыстары..................................................................82

17 жұмыс. Жапырақтар морфологиясы.....................................................88

18 жұмыс. Жапырақтар анатомиясы..........................................................95

19 жұмыс. Гүлдер морфологиясы.............................................................102

20 жұмыс. Аталықтың құрылысы мен қызметі.......................................107

21 жұмыс. Аналықтың құрылысы мен қызметі.......................................111

22 жұмыс. Гүл диаграммасы, формуласы

Және гүл шоғырлары..............................................................116

23 жұмыс. Жемістер...................................................................................121

Екінші бөлім. ӨСІМДІКТЕР СИСТЕМАТИКАСЫ.

IV тарау. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы.

24 жұмыс. Көк-жасыл балдырлар.............................................................125

25 жұмыс. Сарғыш-жасыл балдырлар......................................................129

26 жұмыс. Диатомды балдырлар...............................................................133

27 жұмыс. Жасыл балдырлар.....................................................................140

28 жұмыс. Тіркеспелі немесе коньюгатты және

хара балдырлары......................................................................146

29 жұмыс. Қыналар.....................................................................................150

30 жұмыс. Саңырауқұлақтар. Төменгі сатыдағы

гетеротрофтылар......................................................................153

31 жұмыс. Аскомицеттер немесе қалталы

саңырауқұлақтар класы...........................................................158

32 жұмыс. Базидиомицеттер класы..........................................................166

V тарау. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы.

33 жұмыс. Мүктер......................................................................................177

34 жұмыс. Плаундар..................................................................................182

35 жұмыс. Жылбұрындар..........................................................................187

36 жұмыс. Шаңжапырақ тәрізділер..........................................................190

37 жұмыс. Жалаңаш тұқымдылар.............................................................196

38 жұмыс. Жабықтұқымды өсімдіктер.....................................................200

39 жұмыс. Сарғалдақ тұқымдасы..............................................................203

40 жұмыс. Раушан гүлділер тұқымдасы...................................................206

41 жұмыс. Бұршақ тұқымдасы..................................................................210

42 жұмыс. Алабота тұқымдасы.................................................................213

43 жұмыс. Алқа тұқымдасы.......................................................................217

44 жұмыс. Күрделі гүлділер тұқымдасы..................................................219

45 жұмыс. Лалагүл тұқымдасы.................................................................223

46 жұмыс. Қияқгүлділер тұқымдасы........................................................226

47 жұмыс. Астық тұқымдастар.................................................................228






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных