Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жоғары сатдағы өсімдіктер систематикасы – Cormobionta 3 страница




 

Тапсырма

 

1. Өсімдіктердің бөлмеде өсіп тұрған және кеппешөп даналарынан дара және қос жарнақтылар класына жататындарын іріктендір.

2. Қандай белгілеріне қарап қосжарнақтылар класының өсімдіктерін даражарнақтылар класының өсімдіктерінен ажыратуға болатынын анықтау.

3. Кітаптан немесе кестеден жабық тұқымды өсімдіктердің даму кезеңінің суретін салу.

4. Дара және қосжарнақтылардың айырым белгілерін көрсететін кесте құрастыру.

5. Анықтағыш кітапты пайдала отырып, өсімдіктердің кеппешөп даналарынан немесе бөлме өсімдіктерінен тұқымдасын, туысын, түрін анықтауды үйрену.

6. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

 

Қайталау сұрақтары

 

1. Жабық тұқымды өсімдіктердің қандай ерекшеліктері бар?

2. Жабық тұқымды өсімдіктерді қандай белгілеріне байланысты классификациялайды?

3. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық, аналық гаметофиттерінің құрылыстары қандай және қай жерде дамып жетіледі?

4. Тұқым, жеміс неден пайда болады?

5. Дара және қосжарнақтылардың қандай айырым белгілері бар?

6. Анықтағыш кітапты қалай пайдалануға болады?

7. Қандай өсімдіктерді анықтадыңдар және анықтау жолдарын көрсетіңдер.

8. Гүл формуласын қалай құрастыруға болады?

 

Қосжарнақтылар класы – Dicotyledonae

 

39-жұмыс

 

Тақырыбы: Сарғалдақ тұқымдасы – Ranunculaceae.

Сабақтың мақсаты: Күйдіргі сарғалдақтың морфологиясымен, гүл бөліктерінің ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті материалдар: Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің кеппешөптері, тірі өсімдік түрлері, анықтағыш кітап.

 

Жалпы түсінік

 

Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің түрлері шөптесін, лианалар түрінде кезедеседі. Жапырақтары кейбіреулерінде кездесіп орналасады.

Гүл симметриясы актиноморфты және зигоморфты түріне, гүлсерігі жай және қосарланған болып та кездеседі. Кейбір түрлерінің күлтелерінде шірнеліктер, жиналатын мүйіз шақшаға ұқсас өсіндісі болады. Шірнеліктердің құрамында хош иісті тәтті шырындары болады, осы шырындармен қоректенуге ұшып келген бунақденелілер өсімдіктерді тозаңдандырады, кейбір түрлері жел арқылы да тозаңданады. Гүлдерінде аталықтары да, аналықтары да көп болады. Жемістері көп тұқымды топтама және көп тұқымды жаңғақ болып келеді.

Сарғалдақ тұқымдасын анықтағандагүл құрылысына, тамырсабағына және жапырақтарының орналасу тәртібіне көңіл аудару керек.

Сарғалдақ тұқымдасына мысал ретінде күйдіргі сарғалдақты (Ranunculus acris) аламыз, бұл шалғындықты, аланды және басқа да жерлерде өсетін өсімдік. (92 сурет). Күйдіргі сарғалдақтың биіктігі 30-100 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы қысқа, жуан болады, қосалқы тамырлары топтанып өседі. Сабағы бұтақтанған, тік, көлденең кесіндісінде дөңгелек, іші қуыс болып келеді. Жапырақтары жай, кезектесіп орналасады. Төменгі жапырақтары ұзын сағақты саусақ-салалы болады, ал жоғарғы жапырақтары қысқа сағақты немесе қондырмалы түрінде болады.

 

92-сурет. Күйдіргі сарғалдақ: А – өсімдіктің жалпы көрінісі; Б – жемісінің жалпы пішіні және ұзыннан кесіндісі; В – гүлінің ұзыннан кесіндісі; Г – күлтесі; Д – аталық; Е – көпбөлікті апокарпты гинецей; Ж – аналық; З – гүл диаграммасы; 1 – қабыршақпен жабылған бал шырыны бар ойыс.

 

Гүлдері ұзын сағақты, жеке күйінде немесе симподиальды гүлшоғырында аздаған гүлдері өседі, актиноморфты. Гүлсерігі қосарланған. Тостағаншасы жасыл немесе сарғыш-жасыл түсті бірікпеген бес тостағанша жапырақшалардан тұрады. Күлтесі – бес бірікпеген күлте жапырақшалы болып келеді. Күлтесінің түсі сары, түбінде шірне жиналатын ойысы (шұңқыры) болады, ол қабыршақпен жабылып тұрады.

Андроцейі көп аталықтан тұрады, бірікпеген, спираль тәрізді орналасқан болып келеді. Гинецейі – көп аналықты, апокарпты, бұл да гүл тұғырына спираль тәрізді орналасқан болады, үстіңгі жатын, бір ұялы, бір тұқым бүрі болады. Гүл формуласы:

 

*Са5Со5А∞G

Жемісі – жаңғақ.

 

Тапсырма

 

1. Тірі немесе кеппешөп даналарынан сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарына, сабақтарына, тамырларына сипаттама беру.

2. Гүл шоғырларының түрлерін анықтау.

3. Гүлдерінен гүлсерігінің қандай болып келетіндігін анықтап, күлтелеріндегі шірнеліктерді, шпорцені көрсету.

4. Гүлдеріндегі аталық, аналық сандарын анықтап, құрылыстарындағы ерекшеліктерді көрсету.

5. Жеміс түрлерін анықтау.

6. Күйдіргі сарғалдақ (лютик едкий) өсімдігінің сыртқы құрылысының және гүл бөлімдерінің суреттерін салу.

7. Өсімдіктерді анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

8. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

 

Қайталау сұрақтары

 

1. Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктер қандай тіршілік жағдайында кездеседі?

2. Гүл симметриясы қандай?

3. Гүл құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

4. Гүлінде аталық, аналық саны қанша?

5. Сарғалдақ тұқымдасын анықтағанда қандай белгілеріне көңіл аудару керек?

6. Күйдіргі сарғалдақтың морфологиялық құрылысы қандай?

7. Гүлі қандай бөліктерден тұрады?

8. Күйдіргі сарғалдақтың гүлінің формуласы қандай?

9. Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

 

40-жұмыс

 

Тақырыбы: Раушангүлділер тұқымдасы – Rosaceae.

Сабақтың мақсаты:Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің құрылыстарындағы және гүл бөлімдеріндегі ерекшеліктерді ажырату.

Қажетті материалдар: Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің кеппешөптері, тірі өсімдіктер, жеміс түрлері, анықтағыш кітап.

 

Жалпы түсінік

 

Раушангүл тұқымдастардың көпшілігі – пайдалы жеміс ағаштары. Бұлар – қосжарнақтылар класына жататын ағаш, бұта, көп жылдық, кейде екі немесе бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың жеміс-жидек дақылдары халық шаруашылығында кеңінен қолданылады.

Раушан гүлділер тұқымдасына тән ерекшелік – гинецей және гүл табанының құрылысы. Гинецейі көп бөлікті апокарптан, бір бөлікті центкарпты түріне дейін өзгерген. Гүл табаны табақша, бокал тәрізді болады да, оның жиегіне тостағаншаның түп жағы, күлтелері, аталықтары бірігіп өсіп тұрады, мұндай гүл табанды гипантий деп атайды. Жемістері піскен кезде гүл табаны ашық түсті болып, етті және шырынды болып келеді де жемісінің, тұқымының таралуына себепші болады.

Раушангүлділер тұқымдасының тқрт тұқымдас тармағы бар:

1. Тобылғы (спирейлер) - Spiraeoideae. Бұталар. Жапырақтары жай, бөбе жапырағы болмайды. Гүлдері жалпақ немесе табақша тәрізді гүл табанында, аналықтың астыңғы жағында немесе аналық маңында өседі. Тостағаншасы 5, күлтесі 5, аталықтары көп. Гипантий ортасындағы көпбөлікті апокарпты гинецейі 5 аналықтан тұрады, үстіңгі жатын.

Гүл формуласы: *Са(5)Со5А∞G 5

Жемісі – көп тұқымды топтама. Тұқымдас тармағының негізгі туыстары: тобылғы (спирейлер), түймешетен (рябинниктер).

2. Розалар немесе итмұрындар – Rosoideae тұқымдас тармағы. Бұталар және шөптесін түрінде кездеседі. Жапырақтары күрделі, сирек жай, бөбе жапырағы болмайды. Гүлдері аналықтың астында, үстінде, маңында да өседі. Гипантийі конус және бокал тәрізді болып келеді. Тостағаншаларының тостағанша асты жапырақшалары болады. Гинецейі көп бөлікті, апокарпты, сирек бір бөлікті.

Гүл формулалары: (бүлдірген, қазтабан туыстары) – *Са(5+5)Со5А∞G итмұрын туысы – *Са5Со5А∞G ∞, кейде ауытқулар болады, мысалы: *Са(4+4)Со4А∞G - тік қазтабан немесе *Са(4+4)Со0А∞ G1 – манжетка туысы. Жемістері: бір тұқымды тұқымша, бір тұқымды жаңғақ, бір тұқымды сүйек.

3. Алмалар – Pomoideae тұқымдас тармағы. Ағаштар және бұталар. Жапырақтары жай және күрделі, бөбе жапырағы ерте түсіп қалады. Гүлдері аналық астында өседі. Гүл табаны ойыс. Жеміс жапырақшасы көбіне бесеу, кейде екі-үш, біреу де болады. Гинецейі синкарпты. Төменгі жатын. Гүл формуласы: *Са(5)Со5А∞G(5-1)

Жемісі алма тәрізді – алма. Жемісінің үстіңгі жағында тостағаншаның қалдығы болады. Алмалар туысына: алма, алмұрт, долана, шетен т.б. жатады.

Қараөрік – Prunoideae тұқымдас тармағы. Ағаштар және бұталар. Жапырақтары жай, бөбе жапырағы ерте түсіп қалады. Гүлдері аналық астыңғы жағында өседі. Гүл табаны ойыс, аналық тынмен бірігіп өспейді. Жеміс жапырақшасы біреу. Гүл формуласы: *Са(5)Со5А∞G 1

Жемісі-шырынды сүйекті немесе құрғақ. Мынадай туыстары бар: қараөрік, шие, өрік, шабдалы, мойыл және т.б.

Бұл тұқымдасты анықтағанда: гүлдері мен жапырақтарының құрылыстарына көңіл аудару керек.

Раушан гүлділер тұқымдасының өкілі ретінде күмісті қазтабанды – Potenntilla argentea алып қарастырамыз. (93 сурет). Бұл құрғақ төбелерде, солардың баурайында, жол маңайында және т.б. жерлерде өседі.

 

93-сурет. Күмісті қазтабан: А – жалпы көрінісі; Б – гүлі; В – тостағанша жапырақшасымен; Г – гүлсерігінсіз гүлдің ұзыннан кесіндісі; Д – аталық; Е – аналық; Ж – гүл диаграммасы.

 

Көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 15-30 см. Тамырсабағы ағаштанған, бұтақтанған. Тамыры қосалқы тамырлар. Сабағы тік немесе көтеріңкі өседі, сыртында ақ түктері болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, екі ланцет тәрізді бөбе жапырақ болады, жай, жоғарғы жапырақтары жасыл түсті, жалаңаш немесе қысқа тік түктері болады. Жапырақтарының төменгі жағы ақ, киізденген тәрізді болады. Төменгі жапырақтары сағақты, жоғарғысы – қондырмалы.

Гүлшоғыры – сыпыртқы тәрізді. Гүл табаны гүлденгеннен кейін тік немесе бір жағына қарай бұрылған болады. Гүлдері ұсақ, сары түсті. Гипантийі табақша тәрізді. Тостағаншасы және тостағанша асты жапырақшалары бес бөлікті. Күлтесі бірікпеген бес күлтежапырақшадан тұрады. Көп бөлікті апокарпты аналықтан тұратын гинецейі дөңес гүл табанының үстінде өседі, жатыны үстіңгі.

Гүл формуласы: *Са(5+)Со5А∞G

Жемісі – көп тұқымды жаңғақ.

 

Тапсырма

 

1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөп даналарынан раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің вегатативтік мүшелерін сипаттау.

2. Өсімдіктерден гүл шоғырының түрін анықтау.

3. Гүлдерінен тостағанша, күлтелерінің санын және біріккен, бірікпегенін анықтап, гүлдеріндегі гипантий құрылысын қарау.

4. Гүлдерінен аталық, аналық түрлерін және сандарын анықтау.

5. Раушангүлділер тұқымдас тармақтарына жататын өсімдіктердің гүл құрылыстарындағы және жемістеріндегі ерекшеліктерді зерттеу.

6. Күмісті қазтабанның вегатативті мүшелерінің, гүлінің суретін салу.

7. Раушан гүлділер тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

8. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

 

Қайталау сұрақтары

 

1. Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің қандай ерекшеліктері бар?

2. Гипантий дегеніміз не?

3. Раушангүлділер тұқымдасының қандай тұқымдас тармақтары бар? Олар қандай белгілерімен сипатталады?

4. Күмісті қазтабанның вегатативті мүшелеріне сипаттама беріңдер.

5. Күмісті қазтабанның гүлінің құрылысы қандай?

6. Күмісті қазтабанның жемісі қандай және гүл формуласын жазып көрсетіңдер?

7. Жергілікті жерде раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің қандай түрлері кездеседі?

8. Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің халық шаруашылығында қандай маңызы бар?

 

41-жұмыс

 

Тақырыбы: Бұршақ тұқымдасы – Fabaceae.

Сабақтың мақсаты: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жалпы сипаттамасымен және егістік жоңышқаның сыртқы құрылысымен, гүл бөліктерімен танысу.

Қажетті материалдар: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің кеппешөптері, тірі өсімдіктер, түйнектері бар тамырдың ылғалды препараты, анықтағыш кітап.

 

Жалпы түсінік

 

Бұршақ тұқымдас өсімдіктер тіршілік формасына қарай ағаш, бұта, лиана, шала бұта, көпжылдық және бір жылдық шөптесін болып келеді. Бұл тұқымдас өсімдіктердің шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде өсіріледі. Қазақстанда егістік және көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбас бұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған, және жұпар бұршақтарды атауға болады.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді.

Гүлі дұрыс құрылмаған-зигоморфты, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан – 5 тостағанша, күлтежапырақшадан – 5 күлте түзіледі. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша – желкен, бүйіріндегісі – ескек, төменгі біріккен екі күлте жапырақша – қайықша деп аталады.

Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейіндегі аталық құрылысы туыстарында әртүрлі болады. Ақмия (софора), тентекмия (термопсис) туыстарында андроцейдегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады, ал бөрібұршақ (люпин), бекіш (дрок) туыстарында андроцейдегі 10 аталықтары да аталық жіпшелері арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа (вика), әйкен (чина) туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос болады. Күлтенің түсі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ гүл, шатыршагүл, және жұмыргүл т.б. болады. Жемісі – бұршаққап.

Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. Ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді. Дәнінің негізгі ерекшелігі – оларды ақуыздың көп болуында.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-26 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды.

Түйнек бактерияларымен бұлар селбесіп (симбиоздық) тіршілік етеді. Түйнек бактериялары аудағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. Өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды.

Бұршақ тұқымдасына жататын егістікжоңышқаны – Medicago sativa алып қарайтын болсақ (94 сурет), биіктігі 30-90 см болатын, көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыры кіндік тамыр, тамырында тамыр түйнектері болады. Сабағы бұтақтанған, тік, көлденең кесіндісінде дөңгелек – қырлы, жапырақтары кезектесіп орналасқан, үшқұлақты, жапырақ серігі болады, шеттері ара тісті болып келеді.

Гүлдері шашақ гүл шоғырына жиналған, симметриясы зигоморфты. Гүлсерігі қосарланған: біріккен 5 тостағаншасы, пішіні әр түрлі жоғарыда сипатталғандай 5 күлтесі болады, күлтесінің түсі көк. Андроцейі 10 аталықтан тұрады. Аналығы біреу, үстіңгі жатын, бір ұялы, бірнеше тұқым бүрлері болады. Гүл формуласы:

 

↑*Са(5+)Со1+2+(2)А(81+1)G 1

Жемісі – спираль тәрізді бұратылған бұршақ қап.

 

 

94-сурет. Егістік жоңышқа: А – тамыр жүйесі; Б – гүлді өркен; В – гүлінің жалпы пішіні және ұзыннан кесіндісі; Г – жемісі-бұршақ қап.

 

Тапсырма

 

1. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тірі өсімдіктерінен немесе кеппешөп даналарынан жапырақтарының жай, күрделі, орналасу тәртібін, бөбе жапырақтарының бар жоқтығын анықтау.

2. Тамыр жүйесін анықтап қарау. Тамырларынан кішкене т.һүйнекшелерге ұқсайтын төмпешіктерді табу, ылғалды препараттағы түйнектермен салыстыру.

3. Сабақтарын қарап, мұртшаларының бар, жоқтығын және сабақ түрін анықтау.

4. Гүлдерінің құрылысын анықтап көру. Ол үшін ұлғайтқыш әйнекті пайдаланып, тостағанша, күлте жапырақшаларын санап, санын жазып алу. Күлтелерінің пішіндерінің әр түрлілігіне көңіл аударып, әр күлте жапырақшаларының аттарын атаңдар.

5. Жемістерінен тұқымдарының орналасу тәртібін байқау.

6. Егістік жоңышқаның вегатативті мүшелерінің, гүл бөлімдері мен жемісінің суреттерін салу.

7. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

8. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне салдау жасау.

 

Қайталау сұрақтары

 

1. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің вегатативті мүшелерінде қандай ерекшеліктер бар?

2. Қандай гүл бөлімдері болады және күлте пішіндері қандай болып келеді?

3. Тамыр жүйесінің қандай маңызы бар?

4. Туыстарының андроцейлері қандай құрылысты болып келеді?

5. Егістік жоңышқаның вегатативтік және гүл мүшелерінің қандай ерекшеліктері бар?

6. Егістік жоңышқаның жемісі қандай?

7. Жергілікті жерде бұршақ тұқымдас өсімдіктердің қандай түрлері кездеседі?

 


 

42-жұмыс

 

Тақырыбы: Алабота тұқымдасы – Chenopodiaceae.

Сабақтың мақсаты: Алабота тұқымдасына жататын ақ алабота және көкпек өсімдіктерінің құрылыстарындағы ерекшеліктерімен, гүл бөліктерімен танысу.

Қажетті материалдар: Алабота тұқымдас өсімдіктердің кеппешөптері, тірі өсімдік, анықтағыш кітап.

 

Жалпы түсінік


 


Алабота тұқымдасына – бүкіл жер шарына тарған біржылдық, немесе көпжылдық, сортаң топыраққа төзімді, шөптесін, бұта, ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер жатады.

Бұлардың көпшілігінің сабағы бунақты, жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Гүлсерігі қарапайым, жасыл, кейде болмауы да мүмкін. Гүлдері дара, кейде қос жынысты болады. Андроцейінде бес аталық, кейде қос жынысты болады. Гинецейі көп бөлікті, ценокарпты, екі-үш, кейде төрт-бес жеміс жапырағынан тұрады немесе апокарпты. Жемісі – жаңғақша немесе тұқымша.

Алабота тұқымдасының екі түрін қарастырамыз.

Ақ алабота – Chenopodium album бұл кәдімгі арамшөп; жол жиегінде, егістіктерде кездеседі. (95 сурет). Қазақстанның биік таулы жерлерінен басқа барлық аудандарда өседі, сондықтан космополит деп те атайды.

 

95-сурет. Ақ алабота: А – жалпы көрінісі; Б – қосжынысты гүлі; В – аталық гүл; Г – қосжынысты гүлінің диаграммасы; Д – гүлсерігіндегі жемісі; Е – тұқымы; Ж – ортаңғы формациядағы жапырағы.

 

Бұл бір жылдық шөптесін өсімдік. Ақ алабота тік сабақты, көлденең кесіндісінде бес қырлы, жапырақтары өте жиі тармақталған; сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде өарама-қарасы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі. Жапырақ беттерінде ақшыл дақтары болады. Бұлар бір үйлі, қосжынысты гүлді шоқ-шоқ болып топтанып, масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі бес тостағанша жапырақшадан тұрады, андроцейінде бес аталығы, гинецейінде екі аналығы болады. Тұқымы тығыз қабықты, бозғылт қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары – ерте, түсі қарасы – кеш піседі. Жемісі – тұқымша.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных