ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жоғары сатдағы өсімдіктер систематикасы – Cormobionta 1 страница
33-жұмыс
Тақырыбы: Мүк тәрізділер бөлімі – Bryophyta. Сабақтың мақсаты: Көкек мүгі мен сфагнум мүгінің құрылыстарымен және даму кезеңдерімен танысу. Қажетті материалдар: көкек мүгі мен сфагнум мүгінің кеппешөптері, көкек мүгінің модель аппликациясы, көкек мүгінің антеридийі мен споронгонийінің тұрақты препараттары.
Жалпы түсінік
Мүктер, мүк тәрізділер – Bryophyta жоғары споралыларға немесе архегонийлерге жататын өсімдіктер. Мүктер – қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен батпақтанған шалғындықтарда өсетін аласа өсімдік. Олар тастардың үстінде, ағаштардың діңдерінде, топырақта тұтасып, шым түзеді. Бұлардың құрылысы өте қарапайым болады: тамыр болмайды, көпшілігінің деніснде жапырақтары мен сабағы ғана бар, қайсыбірінің тақталанып біткен денесі таллом деп аталады да, ол жер бетіне төселіп және тік өседі, анатомиялық жағынан алғанда да олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген. Денесінің вегатативтік бөлімдерінің ұшында көптеген жыныс мүшелері (антеридий, архегоний) дамып жетіледі. Аталықтары (антеридий) – сопақтау немесе шар тәрізді келетін және оның бір жағында қысқа ғана тірсегі болатын ұсақ дене. Оның ішінде текшеленіп біткен жасушалары болады, олардың әрқайсысынан екі-екіден аталық жыныс жасушасы – сперматозоид дамып шығады, бұлардың бір шетінде екі талшығы болады. Аналықтары (архегоний) да көлемі ұсақ, пішіні колба тәріздіболатын дене, оның астыңғы жағы түйнектеліп жатады да, онда аналық жыныс жасушасы – жұмыртқа дамиды, үстіңгі жағы ұзарып бітеді де, іші түтікшеленіп кететін жасушалардан түзіледі, ұрықтанудың алдында бұлар сілемейленіп кетеді, соның нәтижесінде пайда болған шырышты зат түтік бойлап сыртқа шығадыда, сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасына жүзіп баруына себеп болады. Антеридий мен архегоний арасында жіпше тектес стерильді парафиздері болады. Көптеген мүктердің антеридийлері мен архегонийлері екі өсімдікте болады, сондықтан да олар екі үйлі өсімдік болып табылады. Мүктердің ұрықтануы тек сулы ортада ғана жүзеге асады. Мүктердің жыныс мүшелері орналасқан вегатативтік денесі мүктің жынысты ұрпағы, ол гаметофит деп аталады, ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан спорогон (спорогоний) дамып жетіледі. Спорогон мүктің жыныссыз ұрпағы болады да, ол спорофит деп аталады. Бір жапырақты, сабақты мүктерге жататын жасыл мүктердің (көкек мүгі – Polytrichum suniperinm және политрихтың – Polytrichum) сыртқы құрылыстарымен және даму кезеңдерімен танысамыз. (83 сурет).
83-сурет. Политрихтың тіршілік кезеңі: М – мейоз. Жасыл мүктердің – Bryales басқа мүктерге қарағанда үлкендеу сабақтары тік болып өседі. Сабақтарының төменгі жағындағы жапырақтары ұсақ, қабыршақты және жасыл болмайды, ортаңғы, үстіңгі жапырақтары үлкен, жасыл болып келеді. Антеридий мен архегоний екі жасыл мүктер сабағының ұшында дамып жетіледі. Олар екі үйлі. Мұның антеридийлері жалаң қабат, қалта тәрізді келеді де, олардың әрбір жасушаларынан 1-2 сперматозоид пайда болады. Жеке сперматозоидтардың алдыңғы жағында ұзын-ұзын келген жіңішке ширатылған екі талшығы болады. Балдырлардың оогонийлеріне қарағанда жапырақты мүктер архегонийлер үнемі көпжасушалы болады. Оның түп жағындағы қомақтанып жатқан бөлімінің ішінде аналық жыныс жасушасы дамиды, оның дербес қабықшасы болмайды. Жыныс жасушалары жетіліп бітісімен антеридийдің төбесі шытынайды да, оның ішіндегі толып жатқан сперматозоидтар сыртқа шашылады. Сөйтіп, олар, архегонийдің аузындағы шырышына жабысып, оның төменгі жағында сілемейге толған мойын түтікшесімен жүзіп отырып, аналық жыныс жасушасын ұрықтандырады, зигота пайда болады. Зиготаның сыртынан қатты қабықша пайда болады да, сол мезетте-ақ ол бөліне бастайды, нәтижесінде одан спорофит-спорогоний өсіп шығады. Жетілген спорогонидің төменгі жағында гаметофитке көміле орналасқан сорушы құрам (гаусториі) бар аяқшасы болады. Аяқшаның кеңейген жері апофиза деп аталады. Апофизаның жоғарғы жағында қорапша орналасқан. Қорапша аузы архегоний қабырғасынан дамыған, түкті қақпақпен жабылған. Қорапшаның жоғары жағында, қақпақтың астында табақша – эпифрагма (грек.эпи – үсті, фрагма – аралық қалқан) болады. Қорапша денесінің ортасында ұстамдық құрам (колонкасы), ал оның екі жағында қапшық тектес, спорангий орналасады. Спорангий қорапша денесі мен ұстамдық құрамға, бір қатарлы хлорофилді жасушалардан тұратын жіпше арқылы бекітілген. Қорапшаның аузындағы тесіктердің шетінде доғал тісшелер – перистомалар орналасқан. Споралар жетілген кезде, қорапша аузындағы түкті қақпақпен оның жеке қақпағы түседі, эпифрагмамен кіріккен перистома тістері сыртқа майысып ажырайды да, пайда болған саңылаулардан споралар сыртқа шашылады. Дымқыл ортада перистома тістері қалпына келеді де, саңылаулар жабылады. Споралардан жіпше протонема (грек. протос – алғашқы, бірінші, нема – жіп) өседі, олардың бүршіктерінен мүктің жапырақталған өркені (гаметофорлары) дамиды. Мүктердің даму кезеңінде кездесетін жынысты және жыныссыз жолмен көбеюінің дұрыс ауысу жолын көреміз. Жынысты жолмен көбейетін мүшелері жапырақты – сабақты мүк өсімдігі өсіріп шығаратын протонемамен қоса жынысты ұрығы гаметофит болады да, онда жасуша ядроларында хромосом саны гаплоидты болады. Жыныссыз жолмен көбеюге арналған жасушалар споралар дамыған қорапша-спорогон жыныссыз ұрпақ-спорофит болады, мұндағы жасушалардың ядроларындағы хромосом саны диплоидты. Мүктердің тіршілігнде екі ұрпақ дұрыс ауысып отырады да, бұлардың ішіндегі басым болып өсетіні жынысты ұрпағы гаметофит, ал жыныссыз ұрпағы-спорофит бірнеше күн өсіп тұрадыда, гаметофитке мүлде тәуелді болады. Жасыл мүктер орманды жерде, шалғынды жерлерде өседі. Жер үсті бөлігі тік өседі, ал жер асты бөлігі – горизонталь бағытта өседі. Аталық өркені аналық өркеніне қарағанда ұзын болады. Көкек мүгінің сыртқы құрылысы және даму кезеңі политрих мүгіне ұқсас болып келеді. Мүктер класының сфагнум мүктер қатарының өкілі сфагнум мүгі – немесе ақ мүк. Сфагнум мүгі сазды, батпақты жерлер мен батпақтанған шалғындықтарда, ылғалды ормандарда өседі. Кепкенде түсі ағарып кететіндіктен, ақ мүк деп те атайды. Ақ мүктің сабағы ұзын, жан-жаққа тарамдалған, бірақ өте нәзік, әлсіз, майда жапырақтары бар; тамыры да, ризоиды да болмайды. (84 сурет). Жапырағы бір қабат жасушалардан тұрады. Бір жасушалары жасыл түсті хлорофилі бар тірі болса, екінші жасушалары түссіз – өлі болады. Өлі жасушаларфнфң қабықшасындағы тесіктері арқылы су кіріп, мүктің салмағы артады. Ақ мүктің осы қасиетін батпақты жерлерді құрғатуға пайдаланады. Құрғақ күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан өсімдіктің түсі ақ болады.
84-сурет. Ақ мүк және оның құрылысы.
Көбеюі жасыл мүкке ұқсас болып келеді. Айырмашылығы ақ мүк бір үйлі өсімдік. Антеридий мен архегоний бір өсімдіктің сабағының ұшында дамып жетіледі, ұрықтанған аналық жасушадан зигота, зиготадан қысқа аяқты, пішіні дөңгелек келген қорапша-спорогон дамиды. Қорапша ішіндегі спорангилерде споралар дамып жетіледі. Споралардан пластинка тәрізді протонемалар өсіп, одан ақ мүктің сабағы, жапырақтары өсіп шығады.
Тапсырма
1. Кеппешөп даналарынан көкек мүгі мен ақ мүктің сыртқы құрылыстарымен танысып, суреттерін салу. 2. Көкек мүгінің коллекциясынан, көкек мүгінің даму кезеңін құрастыру. 3. Көкек мүгінің антеридийі мен спорогонийінің тұрақты препараттарынан, антеридий мен спорогонийдегі ерекшеліктерді бақылау. 4. Кітаптан кәдімгі политрихтың даму кезеңінің суретін салу. 5. Ақ мүктің «жапырағынан» препарат дайындап, өлі және хлорофилді жасушаларын тауып, суретін салу. 6. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
Қайталау сұрақтары
1. Құрылыстарындағы қандай белгілер және ерекшеліктер мүктәрізділердің тіршілігінде балдырлармен туыстығын көрсетеді? 2. Мүктәрізділерді не себептен өсімдіктер эволюциясында жеке бұтақ түрінде қарастырады? 3. Мүктәрізділердің морфологиялық құрылысы қандай? 4. Жасыл мүктің тіршілік кезеңі қалай өтеді? 5. Жасыл мүктің көбеюі, ұрпақ алмасуы қалай жүреді? 6. Қорапша құрылысы қандай? 7. Ақ мүктің жапырақтарында қандай жасушалар болады және олардың маңызы қандай? 8. Ақ мүктің даму кезеңі қалай өтеді? 9. Көкек мүгі мен ақ мүктің гаплоидты және диплоидты фазалары қандай ұрпақтарында болады?
34-жұмыс
Тақырыбы: Плаун тәрізділер бөлімі – Lycopoqdiophyta. Сабақтың мақсаты: Түйреуіш тәрізді және селагинелл плаундарының құрылыстарындағы, даму кезеңдеріндегі ерекшеліктерді ажырату. Қажетті материалдар: түйреуіш тәрізді плаунның кеппешөбі, плаунның, селагенеллдің споралы масақтарының тұрақты препараттары.
Жалпы түсінік
Плаундар көбіне ормандарда, дымқыл жерлерде өседі. Плаундардың ертедегі түрлері ағаш тәріздес болған, қазіргі кезде бұта және шөптесін болып өседі. Спорофиттік мүшелері – тамыры, сабағы және спиральша жиі орналасқан жасыл жапырақтары болады. Плаун сабағында буын және буын аралықтары болмайды. Сабағы және тамыры дихотомиялы бұтақтанған болады. Плаундар бөлімінің екі қатары бар: плаундар және селагинелдер. Бір плаундар қатарының өкілі – түйреуіш тәрізді плаунды қарастырамыз. (85 сурет). Спорофиті көпжылдық мәңгі жасыл өсімдік. (85 сурет). Спорофиті көпжылдық мәңгі жасыл өсімдік. Негізгі сабағы жерге төселіп өседі, одан дихотомиялы бұтақтанған өркендер өсіп шығады, оның ұзындығы 25 см-ге дейін барады, бұлардың ең ұшында споралы масақтары және төбе бүршігі болады. Жерге төселіп жатқан сабағынан жерге қарай дихотомиялы бұтақтанған тамырлар өседі. Сабағы мен бұтағын ланцет тәрізді жапырақтар жауып тұрады. Жоғары қарай өсіп тұрған сабақтарының ұшында споралы масақтар дамып жетіледі, онда спорангийі бар спорофилдер дамиды. Спорангий ішіндегі жасушалардың редукциялық бөлінуінің нәтижесінде гаплоидты хромосомды споралар дамып жетіледі. Споралары сыртқы пішіні және көлемі жағынан бірдей болады, бұларды изоспоралар деп атайды, сондықтан түйреуіш тәрізді плаунды тең споралы плаундарға жатқызады. Спорангийдегі споралар жаздың аяғында сары ұнтақ түрінде сыртқа шашылады. Спораның құрамында май көп, сондықтан жеңіл болады. Мұндай жеңіл споралардың дамуы үшін сәл ғана самал жеткілікті. Споралар жауын суымен қалқып та алысқа таралады. Спора плаунның жыныссыз көбеюге арналған мүшесі. Пайда болған спора өсу үшін өзіне қолайлы топыраққа түсуі керек, осындай ортаға түскен спорадан ересек плаунға тіпті де ұқсамайтын шағын ғана өскінше өсіп шығады. Өскіншенің көлемі бұршақтан үлкен емес, пішіні аздап қалқанға ұқсайды. Өскіншені өздігінен тіршілік ете алатын ағза деп қарастырады. Өскіншенің өсуімен плаунның жыныссыз көбеюі бітеді. Осы өскіншеден біраз жылдан кейін гаметофит дамиды. Гаметофиттері қос жынысты және бұлардың ризоидтары болады. Гаметофиттің қос жынысты деп аталатын себебі оның үстіңгі жағында паренхималық ұлпаға кіріп жататын антеридий және архегоний дамып жетіледі. Антеридий сопақ пішінді болса, ал архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Архегонийден аналық жыныс жасушасы, ал антеридийден екі талшығы бар көптеген сперматозоидтар дамып жетіледі, бұл екеуінің ұрықтануынан-диплоидты хромосомды зигота дамиды, бұдан ұрық дамиды. Алғашқы кезде ұрық гаметофиттің ұлпаларының арасында болғандықтан қоректік затты осы гаметофиттерн алады. Ұрықтың көп кешікпей тамырлары өсе бастайды да қореттік затты топырақтан алады, бұдан кейін спорофиттің ұзақ және өсу кезеңі басталады. Жерге спора шашылып, өскіншеден жас плаун дамығанға дейін 10-12 жыл өтеді. Жылдар өткен сайын баяу өсіп жетіле береді. Тек 20-30 жылдан кейін ғана әр нәрсені әшекейлеуге пайдалануға жарайтын ересек спорофит дамиды.
85-сурет. Плаунның тіршілік кезеңі: М – мейоз. Селагинелдер – Selaginellales қатарының өкілі – селагинелл – Selaginella, бұл әр түрлі споралы плаундарға жатады. (86 сурет). Селагинелдің жоғары қарай аздап көтерілген төселмелі қысқа сабағы, жапырақтары-жұмыртқа тәрізді сопақша келген, ұсақ тісті, шоқтанып орналасқан болады. Масақтары жеке немесе жұпталған күййінде төрт қырлы аяғында орналасады. Масақтың өсінде төменнен жоғары қарай бір-біріне тығыз орналасқан спорофилдері болады. Әрбір спорофилдің жоғарғы жағында бір спорангийі болады. Бір масақта микро- және мегаспорангий дамиды, бұлардың масақта орналасу тәртібі әртүрлі болып келеді. Кейбір масақтың жоғарғы жағында тек микроспорангийлер болса, ал төменгі жағында мегаспорангийлер болады немесе масақтың бір жағында микро-, ал келесі жағында мегаспорангийлер болуы мүмкін. Мегаспорангийлері үлкен, әрқайсысынан төрт мегаспора дамиды. Микроспорангийден көптеген микроспоралар дамып жетіледі. Пісіп жетілген микроспорангийлерден микроспоралар сыртқа шашылып, жел арқылы таралады. Микроспоралардан өскін дамиды, бұларда антеридийлер қалыптасады, бұны енді аталық гаметофит деп атайды. 86-сурет. Селагинелдің тіршілік кезеңі: М – мейоз.
Мегаспорангийден шашылған мегаспоралар топыраққа түсіп өне бастайды да аналық өскінге айналады. Аналық өскін мегаспораның ішінде дамиды да, сонда қалып қояды. Аналық өскін аталық өскінге қарағанда үлкендеу болып келеді, ішінде ассимиляциялық жасушалардан тұратын ұлпалары болады, бұл келешек ұрыққа қорек болып табылады, осы ұлпаның ішінде қвсқа мойынды архегоний жатады. Ұрықтану тек сулы ортада жүреді. Антеридийден дамып жетілген екі талшықты сперматозоид сумен жүзіп келіп, архегонийдегі аналық жасушаны ұрықтандырады, нәтижесінде зигота түзіліп, оның дамуынан жас селагинелл, одан ересек спорофит өсіп шығады.
Тапсырма
1. Кеппешөптегі плауннан морфологиясын – тамырын, сабағын және жапырақтарын бақылап, сыртқы құрылысының суретін салу. 2. Кеппешөптегі плауннан бір жапырағын алып, препарат дайындап, жапырақ пішінін және тарамдалмаған жүйкелерін бақылап, суретін салу. 3. Плаунның споралы масағының тұрақты препаратынан, спорангийі бар спорофилін көріп, суретін салу. 4. Селагинелдің тұрақты препаратынан микро-, және мегаспорангийлерді тауып, суретін салу. 5. Кітаптан түйреуіш тәрізді плаунның және селагинелдің даму кезеңдерінің суреттерін салу. 6. Түйреуіш тәрізді плаунның және селагинелдің даму кезеңдерінің сызба нұсқасын жазып көрсету. 7. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
Қайталау сұрақтары
1. Плаунның морфологиялық құрылысы қандай? 2. Плаундар бөлімінің қандай қатарлары бар? 3. Түйреуіш тәрізді плаунды не себептен тең споралылар деп атайды? 4. Түйреуіш тәрізді плаунның споралы масағының, спорангийінің, спорасының құрылыстары қандай? 5. Түйреуіш тәрізді плаунның даму кезеңі қалай өтеді? 6. Түйреуіш тәрізді плаунның диплоидты және гаплоидты фазаларының ара қатынасы қандай? 7. Селагинелдің тіршілік жағдайы қандай? 8. Селагинелдің споралы масағындағы, спорангийлерінің және спораларының құрылыстары қандай? 9. Селагинелдің даму кезеңі қалай өтеді? 10. Селагинелді не себептен әртүрлі споралы плаундарға жатқызады? 11. Плаундар және селагинелдер қатарларын қандай белгілері арқылы ажыратуға болады? 12. Әртүрлі споралылардың шығуының эволюцияда қандай маңызы бар?
35-жұмыс
Тақырыбы: Жылбұрындар бөлімі – Equisetophyta. Сабақтың мақсаты: Дала жылбұрынының морфологиясымен, даму кезеңімен танысу. Қажетті материалдар: Жылбұрынның көктемгі, жазғы кеппешөбі, жылбұрынның споралы масағының тұрақты препараты.
Жалпы түсінік
Жылбұрын– Equisetophyta өзі аттас келген тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы споралы (архегонийлі) шөптесін болып кездесетін өсімдіктер. Олар дымқыл ормандарда, батпақтарда, дала мен шабындықтарда, бұлақтар мен өзен жағаларында кездеседі. Жылбұрындар мүктер мен қыналар сияқты бұрын өсімдік өспеген жерлерге де өсе береді. Жылбұрын – көпжылдық өсімдік. Бунақталған тамыр сабақтары топыраққа 1 м тереңдікке кетеді. Тамырсабағында крахмал қорын жинайтын түйнек тәрізді қысқарған жанама өркені болады, тамырсабақтан қосалқы тамырлар және жер бетіне өзі сияқты бұтақтанып өсетін сабақтары өсіп шығады. Сабағының буын аралығы қамыстікі сияқты қуыс болады. Жылбұрынның сабағы буын және буын аралықтарынан тұрады. Жасыл түсті болатын сабағы мен өркендерінің өңінің жасуша қабықшаларына кремнезем сіңіп, қатайып кетеді де, оларға қашырлағыштық қасиет береді. Бұл қасиет инкрустация деп аталады. Сабағында редукцияға ұшыраған, топтанып орналасқан ұсақ жапырақтары болады. Спорангийлері спорангиофорларда болады, бұл спорофилдерге гомологты болып табылады. Спорангийлерінде споралар дамып жетіледі. Жылбұрынның даму кезеңімен танысу үшін дала жылбұрынын аламыз. (87 сурет). Өсіп тұрған дала жылбұрыны спорофит болып табылады, бұл көпжылдық шөптесін өсімдік, тамырсабағы жапыраққа 100-200 см кіріп жатады. Тамырсабағында үлкендігі грек жаңғағындай түйнектері болады, онда крахмал қоры жиналады.
87-сурет. жылбұрынның тіршілік кезеңі: М – мейоз.
Дала жылбұрынының жер беті өркені екі түрлі. Біреуі жаздық өркен делінеді, ол жасыл түсті өсетін өркен, сабағы топтанып бұтақталады. Жаздық өркенде ассимиляциялық процестің нәтижесіде қореткі заттың қоры жиналады, ал күзге қарай жаздық өркен құрайды. Екіншісі – көктемгі өркен – ерте көктемде дамиды, қызғылт-қоңыр түсті, сабағы тарамданбайды, жапырақтары қабыршақ тәрізді болып келеді. Көктемгі өркенінің ұшында масақша дамиды. Масақшаларында пішіні алты бұрышты қалқанша тәрізді спорангиі бар спорангиофорлары болады. Спорангилерінің саны 8-15 болады, бұнда ядролары гаплоид санды хромосомы бар жасыл түсті домалақ споралар дамып жетіледі. Спорангиофорлар түрі өзгерген спорофилдер болып табылады. Әрбір спораның жасуша қабықшасы үш қабат болады: экзина және интинадан басқа сыртқы қабаты – перинасы (мамық) болады, осы қабаттан гигроскопты қасиеті бар ширатылған таспа әрізді екі өсіндісі болады, олар жоғарғы жағынан екіге айрылып төртеу болып көрінеді. Бұндай спораларды элатеральды споралар деп атайды. Бұл споралар сырт пішіні жағынан бір-бірінен айырмашылығы болмайды, бірақ физиологиялық жағынан әртүрлі болады. Спораның өсіндісі ауа ылғалды болса спорадан ажырайды да, ал құрғақ кезде спораға жабысып қалады. Қолайлы ортаға түссе споралар өсіп, олардан өскінше дамиды. Физиологиялық жағынан аталық болып келетін спорадан кішкентай жасыл түсті аталық өскінше дамиды, оның ұшы телімделіп келеді де олардың арасында антеридий дамып жетіледі. Өскінше ризоидтары арқылы топыраққа бекінеді. Антеридийден көпталшықты сперматозоидтар дамиды, ал келесі физиологиялық жағынан аналық болып келетін спорадан аналық өскінше дамып жетіледі. Өскіншеде архегонийлер түзіліп, онда аналық жасуша жетіледі, ұрықтану сулы ортада жүреді. Көпталшықты сперматозоид сулы ортада жылжып, архегонийдегі аналық жасушаны ұрықтандарады, нәтижесінде зигота, зиготадан ұрық, ұрықтан жас қырықбуын, кейін көпжылдық спорофит дамып жетіледі. Көпшілік қырықбуындардың споралы және ассимиляциялаушы бір ғана өркені болады. Тапсырма
1. Дала жылбұрынның көктемгі және жазғы өркендерінің сыртқы құрылыстарындағы ерекшеліктерді зерттеп, суреттерін салу. 2. Көктемгі өркенінің споралы масағының спораларының препаратын дайындау керек, ол үшін споралы масағын зат шынысына қағып, спораларын құрғақ күйінде қарау керек. 3. Препарттағы спораларды ылғалдап, микроскоппен қарап, құрғақ күйіндегі споралармен салыстырып, қандай өзгерістердің болғанын анықтау. 4. Жылбұрынның споралы масағының тұрақты препаратынан, масақтың, спорангийі бар спорангиофордың суретін салып, тиісті белгілермен белгілеу. 5. Жылбұрынның даму кезеңінің суретін салу. 6. Жылбұрынның даму кезеңінің схемасын жазып көрсету. 7. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
Қайталау сұрақтары
1. Жылбұрындарды қандай ерекше белгілері бар? Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|