ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Массив элементтерін талдау11.18. Нөлдік емес бүтін 10 элементтен тұратын а массиві берілген. Оның ak<a10 шартын қанағаттандыратын элементтерінің біріншісін шығару керек. Егер ондай элемент жоқ болса, 0 шығарылсын. 11.19. Бүтін 10 элементтен тұратын а массиві берілген. Оның a1<ak<a10 шартын қанағаттандыратын элементтерінің ең соңғысын шығару керек. Егер ондай элемент жоқ болса, 0 шығарылсын. 11.20. n өлшемді массив пен k,m (1 ≤ k ≤ m ≤ n) сандары берілген. Массивтің [ аk,аm ] аралығындағы элементтерінің қосындысын табу керек. 11.21. n өлшемді массив пен k,m (1 ≤ k ≤ m ≤ n) сандары берілген. Массивтің [ аk,аm ] аралығындағы элементтерінің арифметикалық орта мәнін табу керек. 11.22. n өлшемді массив пен k,m (1 ≤ k ≤ m ≤ n) сандары берілген. Массивтің k және m нөмірлі элементтерінен басқаларының қосындысын табу керек. 11.23. n өлшемді массив пен k,m (1 ≤ k ≤ m ≤ n) сандары берілген. Массивтің k және m нөмірлі элементтерінен басқаларының арифметикалық орта мәнін табу керек. 11.24. Құрамында бірдей элементтері жоқ n өлшемді массив берілген. Оның элементтері арифметикалық прогрессия құратынын тексеру керек (11.3-есепті қараңыз). Егер құраса – прогрессияның айырымы, құрамаса – 0 саны шығарылсын. 11.25. Нөлдік емес бүтін n элементтен тұратын а массиві берілген. Оның элементтері геометриялық прогрессия құратынын тексеру керек (11.4-есепті қараңыз). Егер құраса – прогрессияның бөлімі, құрамаса – 0 саны шығарылсын. 11.26. Бүтін n элементтен тұратын а массиві берілген. Ондағы тақ сандар мен жұп сандардың ауысып отыратынын тексеру керек. Егер ауысып отырса – 0 саны, ауыспаса – осы заңдылықты бұзған бірінші элементтің нөмірі шығарылсын. 11.27. Нөлдік емес бүтін n элементтен тұратын массив берілген. Ондағы оң сандар мен теріс сандардың ауысып отыратынын тексеру керек. Егер ауысып отырса – 0 саны, ауыспаса – осы заңдылықты бұзған бірінші элементтің нөмірі шығарылсын. 11.28. n өлшемді а массиві берілген. Оның жұп нөмірлі элементтерінің (a2, a4, a6,…) ішіндегі ең кішісін табу керек. 11.29. n өлшемді а массиві берілген. Оның тақ нөмірлі элементтерінің (a1, a3, a5,…) ішіндегі ең үлкенін табу керек. 11.30. n өлшемді массив берілген. Массивтегі өзінің оң көршісінен үлкен элементтердің нөмірін және ондай элементтердің санын табу керек. Табылған нөмірлер өсу реті бойынша шығарылсын. 11.31. n өлшемді массив берілген. Массивтегі өзінің сол көршісінен үлкен элементтердің нөмірін және ондай элементтердің санын табу керек. Табылған нөмірлер кему реті бойынша шығарылсын. 11.32. n өлшемді массив берілген. Массивтегі бірінші локальды минимумның нөмірін анықтау керек (локальды минимум деп – көрші элементтердің барлығынан кіші элементті айтады). 11.33. n өлшемді массив берілген. Массивтегі ең соңғы локальды максимумның нөмірін анықтау керек (локальды максимум деп – көрші элементтердің барлығынан үлкен элементті айтады). 11.34. n өлшемді массив берілген. Массивтегі локальды минимумдардың ішіндегі ең үлкенін анықтау керек (локальды минимумның анықтамасы 11.32-есепте берілген). 11.35. n өлшемді массив берілген. Массивтегі локальды максимумдардың ішіндегі ең кішісін анықтау керек (локальды максимумның анықтамасы 11.33-есепте берілген). 11.36. n өлшемді массив берілген. Массивтегі локальды минимум да, локальды максимум да болмайтын элементтердің ішіндегі ең үлкенін анықтау керек (локальды минимум мен локальды максимумның анықтамасы 11.32, 11.33-есептерде берілген). Егер массивте мұндай элемент жоқ болса, 0 шығарылсын. 11.37. n өлшемді массив берілген. Ондағы элементтері өсіп отыратын бөліктердің санын анықтау керек. 11.38. n өлшемді массив берілген. Ондағы элементтері кеміп отыратын бөліктердің санын анықтау керек. 11.39. n өлшемді массив берілген. Ондағы монотонды аралықтардың (элементтері өсіп отыратын немесе кеміп отыратын бөліктердің) санын анықтау керек. 11.40. n өлшемді а массиві мен r саны берілген. Массивтегі r санына ең жақын элементті, яғни | ak-r | шамасының мәні минималды болатын ak элементін анықтау керек. 11.41. n өлшемді массив берілген. Ондағы әрбір көршілес екі элементтің қосындыларының максимумын анықтап, осы қосылғыштардың индекстерін өсу ретімен шығару керек. 11.42. n өлшемді массив пен r саны берілген. Массивтің қосындылары r санына ең жақын болатын екі элементін тауып, ол элементтерді индекстерінің өсу реті бойынша шығару керек (берілген санға барынша жақын элементті анықтау шартын 11.40-есептен қараңыз). 11.43. Элементтері өсуі бойынша, не кемуі бойынша реттелген n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі түрлі элементтердің санын анықтау керек. 11.44. Құрамында өзара тең екі элементі бар n өлшемді бүтін массив берілген. Бірдей элементтердің нөмірлерін анықтап, табылған нөмірлерді өсу ретімен шығару керек. 11.45. n өлшемді массив берілген. Массивтегі өзара ең жақын екі элементтің (яғни, айырмасының модулі ең аз екі элемент) нөмірлерін тауып, табылған нөмірлерді өсу ретімен шығару керек. 11.46. (11.42-есеппен бірдей) n өлшемді пен r саны берілген. Массивтің қосындылары r санына ең жақын болатын әр түрлі екі элементін тауып, ол элементтерді индекстерінің өсу реті бойынша шығару керек (берілген санға барынша жақын элементті анықтау шартын 11.40-есептен қараңыз). 11.47. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі түрлі элементтердің санын анықтау керек. 11.48. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі бірдей элементтердің ең көбін анықтау керек. 11.49. n өлшемді бүтін массив берілген. Егер массив орын ауыстыру болса (яғни, ол 1-ден n -ге дейінгі барлық бүтін сандарды қамтыса) – 0 шығарылсын; әйтпесе, бірінші «артық элементтің» нөмірі шығарылсын. 11.50. Орын ауыстыру (орын ауыстырудың анықтамасы 11.49-есепте берілген) болып табылатын n өлшемді а бүтін массиві берілген. Осы орын ауыстырудағы инверсиялардың, яғни үлкен элемент кіші элементтен бұрын орналасатын жағдайлардың (ai>aj, i<j) санын анықтау керек.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|