Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Символдар және жолдар




Кирилл әріптерімен жұмыс істеу кезінде «ё» әрпі қолданылмайды деп есептелсін.

а) Символдар және олардыың кодтары. Жолдық қатарларды құру

13.1. с символы берілген. Оның кодын (ASCII кодтау кестесіндегі реттік нөмірін) шығару керек.

13.2. n (32 ≤ n ≤ 126) бүтін саны берілген. Коды n болатын символды шығару керек.

13.3. с символы берілген. ASCII кодтау кестесінде с символының алдындағы және одан кейінгі символдарды шығару керек.

13.4. n (1 ≤ n ≤ 26) бүтін саны берілген. Латын алфавитінің алғашқы n бас әрпін шығару керек.

13.5. n (1 ≤ n ≤ 26) бүтін саны берілген. Латын алфавитінің соңғы n кіші әрпін кері тәртіппен, яғни «z» әрпінен бастап шығару керек.

13.6. Цифр немесе әріпті (латын немесе кирилл әрпі) анықтайтын с символы берілген. Егер с цифрды анықтаса, баспаға «digit» сөзін, егер латын әрпін анықтаса – «lat» сөзін, ал егер кирилл әрпін анықтаса – «cyr» сөзін шығару керек.

13.7. Бос емес жолдық қатар берілген. Оның бірінші және соңғы символының кодын шығару керек.

13.8. n (n>0) бүтін саны және с символы берілген. с символдарынан тұратын ұзындығы n- ге тең қатарды шығару керек.

13.9. n (n>0) бүтін саны мен с1 және с2 символдары берілген. с1 символынан басталатын және с12 символдарының кезектесіп орналасуынан тұратын ұзындығы n- ге тең қатарды шығару керек.

13.10. Жолдық қатар берілген. Дәл осы символдардан тұратын, бірақ кері тәртіппен орналасқан жолды шығару керек.

13.11. Бос емес s жолдық қатары берілген. s жолындағы символдардың арасына бір бос орыннан қойылған (кірістірілген) жолды шығару керек.

13.12. Бос емес s жолдық қатары және n (n>0) бүтін саны берілген. s жолындағы символдардың арасына n «*» (жұлдызша) символынан қойылған (кірістірілген) жолды шығару керек.

 

ә) Символды талдау және қатарларды түрлендіру. Жолдар мен сандар.

13.13. Жолдық қатар берілген. Ондағы цифрлар санын анықтау керек.

13.14. Жолдық қатар берілген. Ондағы бас латын әріптерінің санын анықтау керек.

13.15. Жолдық қатар берілген. Ондағы кіші латын және кирилл әріптерінің жалпы санын анықтау керек.

13.16. Жолдық қатар берілген. Ондағы латынның барлық бас әріптерін кіші әріптерге түрлендіру керек.

13.17. Жолдық қатар берілген. Ондағы барлық кіші әріптерді (латын және кирилл) бас әріптерге түрлендіру керек.

13.18. Жолдық қатар берілген. Ондағы барлық кіші әріптерді (латын және кирилл) бас әріптерге, бас әріптерді – кіші әріптерге түрлендіру керек.

13.19. Жолдық қатар берілген. Егер ол бүтін санды сипаттаса – 1-ді, нақты санды (бөлшек бөлігі бар санды) сипаттаса – 2-ні, ал егер жолдық қатардың сипатталуы санды кескіндемесе – 0-ді шығару керек. Нақты санның бөлшек бөлігі оның бүтін бөлігінен «.» (нүкте) таңбасы арқылы ажыратылады деп есептелсін.

13.20. Оң бүтін сан берілген. Осы санды кескіндейтін символдарды солдан оңға қарай шығару керек.

13.21. Оң бүтін сан берілген. Осы санды кескіндейтін символдарды оңнан солға қарай шығару керек.

13.22. Оң бүтін санды кескіндейтін жолдық қатар берілген. Осы санның цифрларының қосындысын есептеу керек.

13.23. «<цифр>±<цифр>±<цифр>±…±<цифр>» түріндегі арифметикалық өрнек берілген. Мұндағы «±» – амал таңбасының орнына «+» немесе «–» символы бар (мысалы, «7+8–3–5»). Берілген өрнектің мәнін шығару керек (бүтін сан).

13.24. Оң бүтін санның екілік жазылуын кескіндейтін жолдық қатар берілген. Осы санның ондық жазылуын кескіндейтін жолдық қатарды шығару керек.

13.25. Оң бүтін санның ондық жазылуын кескіндейтін жолдық қатар берілген. Осы санның екілік жазылуын кескіндейтін жолдық қатарды шығару керек.

 

б) Жолдық қатарларды стандартты функциялар арқылы өңдеу. Іздеу және ауыстыру

Ішкі қатарларды іздеу және ауыстырумен байланысты тапсырмаларда бастапқы қатарда ізделінді ішкі қатарлар бір-бірімен қиылыспайтындай етіп орналасқан деп есептелінсін. Сонымен қатар, 13.32, 13.35 және 13.38 есептерде кез-келген ішкі жиынның жойылуы немесе ізделінуі осы ішкі қатардың бастапқы қатарға жаңадан кірістірілуін тудырмайды деп есептелінеді.

13.26. n (n>0) бүтін саны мен s жолдық қатары берілген. s қатарын келесі тәсілмен ұзындығы n -ге тең қатарға түрлендіру керек: егер s қатарының ұзындығы n -нен артық болса, бастапқы символдарды жою, ал егер s қатарының ұзындығы n -нен кем болса, онда оның бас жағына «.» (нүкте) таңбаларын қою керек.

13.27. n1,n2 оң бүтін сандары мен s1,s2 жолдық қатарлары берілген. s1 жолдық қатарының n1 символынанжәне s2 жолдық қатарының n2 символынантұратын жаңа қатар құру керек (көрсетілген тәртіп бойынша).

13.28. с символы және s жолдық қатары берілген. Егер s- тің құрамында с символы бар болса, онда әрбір кездескен сайын оны екі еселеу керек.

13.29. с символы және s,s0 жолдық қатарлары берілген. s- тің құрамындағы әрбір с символының алдына s0 жолдық қатарын қою (кірістіру) керек.

13.30. с символы және s,s0 жолдық қатарлары берілген. s- тің құрамындағы әрбір с символынан кейін s0 жолдық қатарын қою (кірістіру) керек.

13.31. s,s0 жолдық қатарлары берілген. Егер s0 жолдық қатары s- тің құрамында кездессе – TRUE сөзін, кездеспесе – FALSE сөзін шығару керек.

13.32. s,s0 жолдық қатарлары берілген. s0 жолдық қатары s- тің құрамында неше рет кездесетінін анықтау керек.

13.33. s,s0 жолдық қатарлары берілген. s- тің құрамындағы s0 жолдық қатарымен сай келетін бірінші ішкі қатарды жою керек. Егер сай келетін ішкі қатарлар болмаса, онда s- ті ешбір өзгеріссіз шығару керек.

13.34. s,s0 жолдық қатарлары берілген. s- тің құрамындағы s0 жолдық қатарымен сай келетін соңғы ішкі қатарды жою керек. Егер сай келетін ішкі қатарлар болмаса, онда s- ті ешбір өзгеріссіз шығару керек.

13.35. s,s0 жолдық қатарлары берілген. s- тің құрамындағы s0 жолдық қатарымен сай келетін ішкі қатарлардың барлығын жою керек. Егер сай келетін ішкі қатарлар жоқ болса, онда s- ті ешбір өзгеріссіз шығару керек.

13.36. s,s1,s2 жолдық қатарлары берілген. s- тің құрамындағы алғашқы s1 жолдық қатарын s2 жолына ауыстыру керек.

13.37. s,s1,s2 жолдық қатарлары берілген. s- тің құрамындағы соңғы s1 жолдық қатарын s2 жолына ауыстыру керек.

13.38. s,s1,s2 жолдық қатарлары берілген. s- тің құрамындағы s1 жолдық қатарларының барлығын s2 жолына ауыстыру керек.

13.39. Құрамында кемінде бір «бос орын» таңбасы бар жолдық қатар берілген. Мұндағы бірінші және екінші бос орындар арасында орналасқан ішкі қатарды баспаға шығару керек. Егер бастапқы жолда бос орын біреу ғана болса, баспаға бос жол шығарылсын.

13.40. Құрамында кемінде бір «бос орын» таңбасы бар жолдық қатар берілген. Мұндағы бірінші және соңғы бос орындар арасында орналасқан ішкі қатарды баспаға шығару керек. Егер бастапқы жолда бос орын біреу ғана болса, баспаға бос жол шығарылсын.

 

в) Жолдық қатардағы сөздерді талдау және түрлендіру

Бұл топтағы тапсырмалардың барлығында берілген жолдық қатар бос емес, сонымен қатар, оның бірінші және соңғы символдары бос орын емес деп есептеледі.

13.41. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Жолдық қатардағы сөздер санын анықтау керек.

13.42. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған және бас әріптермен терілген қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Жолдық қатардағы бастапқы және соңғы әріптері бірдей сөздер санын анықтау керек.

13.43. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған және бас әріптермен терілген қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Жолдық қатардағы құрамында кемінде бір «А» әрпі бар сөздер санын анықтау керек.

13.44. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған және бас әріптермен терілген қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Жолдық қатардағы құрамында үш «А» әрпі бар сөздер санын анықтау керек.

13.45. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Жолдық қатардағы ең қысқа сөздің ұзындығын табу керек.

13.46. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Жолдық қатардағы ең ұзын сөздің ұзындығын табу керек.

13.47. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Осы сөздерден және оларды ажырататын бір «.» (нүкте) белгісінен құралған жолдық қатарды шығару керек.

13.48. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған және бас әріптермен терілген қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Ондағы әрбір сөздің бірінші әрпі осы сөзе тағы да кездесетінін тексеріп, егер бар болса «.» (нүкте) белгісіне ауыстыру керек. Мысалы, «ҚОСҚҰДЫҚ» сөзі «ҚОС.ҰДЫ.»-қа түрлендіріледі. Сөздер арасындағы бос орындардың саны өзгертілмесін.

13.49. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған және бас әріптермен терілген қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Ондағы әрбір сөздің бірінші әрпі осы сөзе тағы да кездесетінін тексеріп, егер бар болса «.» (нүкте) белгісіне ауыстыру керек. Мысалы, «ҚОСҚҰДЫҚ» сөзі «.ОС.ҰДЫҚ»-қа түрлендіріледі. Сөздер арасындағы бос орындардың саны өзгертілмесін.

13.50. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Осы сөздерден тұратын және жалғыз бос орынмен ажыратылған, бірақ сөздері кері тәртіппен орналасқан жолдық қатарды шығару керек.

13.51. Бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылған және бас әріптермен терілген қазақ тіліндегі сөздерден тұратын жолдық қатар берілген. Осы сөздер алфавиттік тәртіппен орналасқан және жалғыз бос орынмен ажыратылған жолдық қатарды шығару керек.

13.52. Қазақ тіліндегі сөйлем-жолдық қатар берілген. Жолдық қатардағы әрбір сөзді бас әріптен басталатындай етіп түрлендіру керек. Сөз деп құрамында бос орын белгісі жоқ және бос орын белгісімен немесе қатардың басы/соңы таңбасымен шектелетін символдар жиынын айтады. Әріптен басталмаған сөздер өзгеріссіз қалдырылсын.

13.53. Қазақ тіліндегі сөйлем-жолдық қатар берілген. Жолдық қатардағы тыныс белгілерінің санын анықтау керек.

13.54. Қазақ тіліндегі сөйлем-жолдық қатар берілген. Жолдық қатардағы дауысты дыбыстардың санын анықтау керек.

13.55. Қазақ тіліндегі сөйлем-жолдық қатар берілген. Сөйлемдегі ең ұзын сөзді табу керек. Егер ондай сөздер бірнешеу болса, онда ең біріншісі шығарылсын. Сөз деп құрамында бос орын, тыныс белгісі жоқ және бос орын белгісімен, тыныс белгісімен немесе қатардың басы/соңы таңбасымен шектелетін символдар жиынын айтады.

13.56. Қазақ тіліндегі сөйлем-жолдық қатар берілген. Сөйлемдегі ең қысқа сөзді табу керек. Егер ондай сөздер бірнешеу болса, онда ең соңғысы шығарылсын. Сөз деп құрамында бос орын, тыныс белгісі жоқ және бос орын белгісімен, тыныс белгісімен немесе қатардың басы/соңы таңбасымен шектелетін символдар жиынын айтады.

13.57. Сөздерінің арасында артық бос орындары көп сөйлем-жолдық қатар берілген. Оны сөздер арасындағы бос орындар саны біреу ғана болатындай етіп түрлендіру керек.

 

г) Жолдық қатарларды өңдеуге арналған қосымша тапсырмалар

13.58. Файлдың толық аты, яғни диск атауы, каталогтар тізімі (файл жолы), дербес атау және кеңейтілімі жазылған жолдық қатар берілген. Осы мәтіннен файлдың дербес атауын (кеңейтілімсіз) ажыратып алу керек.

13.59. Файлдың толық аты, яғни диск атауы, каталогтар тізімі (файл жолы), дербес атау және кеңейтілімі жазылған жолдық қатар берілген. Осы мәтіннен файлдың кеңейтілімін (нүктесіз) ажыратып алу керек.

13.60. Файлдың толық атын қамтитын жолдық қатар берілген. Осы мәтіннен бірінші каталогтың атауын ажыратып алу керек («\» таңбасынсыз). Егер файл түпкі каталогта орналасқан болса, «\» таңбасы шығарылсын.

13.61. Файлдың толық атын қамтитын жолдық қатар берілген. Осы мәтіннен соңғы каталогтың атауын ажыратып алу керек («\» таңбасынсыз). Егер файл түпкі каталогта орналасқан болса, «\» таңбасы шығарылсын.

13.62. Қазақ тіліндегі сөйлем-жолдық қатар берілген. Ондағы әрбір әріпті алфавит бойынша өзінен кейін тұрған әріпке циклді түрде ауыстыра отырып сөйлемді шифрлеу керек (шифрлеу кезінде әріптер регистрі сақталсын). Мысалы, «А» әрпі – «Ә»-ге, «а» әрпі – «ә»-ге, «Б» әрпі – «В»-ға, «я» әрпі – «а»-ға, т.с.с. ауыстырылсын. «ё» әрпі алфавитте ескерілмесін, яғни «е» әрпі – «ж»-ға ауыстырылсын. Тыныс белгілерін және бос орындарды өзгертудің қажеті жоқ.

13.63. Қазақ тіліндегі сөйлем-жолдық қатар және k (0<k<10) саны берілген. Ондағы әрбір әріпті алфавит бойынша өзінен кейін тұрған k -ші әріпке циклді түрде ауыстыра отырып сөйлемді шифрлеу керек (шифрлеу кезінде әріптер регистрі сақталсын). Мысалы, егер k=2 үшін «А» әрпі – «Б»-ға, «ә» әрпі – «в»-ға, «Б» әрпі – «Г»-ға, «я» әрпі – «ә»-ге, т.с.с. ауыстырылсын. «ё» әрпі алфавитте ескерілмесін, тыныс белгілерін және бос орындарды өзгертудің қажеті жоқ.

13.64. Қазақ тіліндегі шифрленген сөйлем (шифрлеу ережесі 13.63-есепте келтірілген) және кодтық сырғу k (0<k<10) берілген. Сөйлемді қалпына келтіру керек (расшифровка).

13.65. Қазақ тіліндегі шифрленген сөйлем (шифрлеу ережесі 13.63-есепте келтірілген) және оның қалпына келтірілген бірінші әрпі с берілген. k кодтық сырғуды анықтап, сөйлемді қалпына келтіру керек (расшифровка).

13.66. Жолдық қатар берілген. Алдымен, оның жұп нөмірлі орында тұрған әріптерін және оған жалғастыра кері тәртіппен тақ нөмірлі орында тұрған әріптерін орналастыра отырып шифрлеу керек. Мысалы, «Программа» сөзі – «ргамамроП» етіп түрлендіріледі.

13.67. Шифрлеу ережесі 13.63-есепте келтірілген тәртіппен түрлендірілген сөйлем берілген. Оны қалпына келтіру керек (расшифровка).

13.68. Цифрлар мен кіші латын әріптерінен тұратын жолдық қатар берілген. Егер әріптер алфавит бойынша реттелген болса, 0-ді шығару керек; кері жағдайда, жолдық қатардағы алфавитті тәртіпті бұзған бірінші символдың нөмірі шығарылсын.

13.69. Латын әріптері мен дөңгелек жақшалардан тұратын жолдық қатар берілген. Егер жақшалар дұрыс қойылған болса (әрбір ашылған жақшаға бір жабылған жақша сәйкес келсе), баспаға 0 саны шығарылуы керек; кері жағдайда, бірінші қате жабылған жақшаның нөмірі немесе, егер жабу жақшалары жетіспейтін болса, -1 саны шығарылсын.

13.70. Латын әріптері мен үш түрлі жақшалардан, яғни «()», «[]», «{}» таңбаларынан тұратын жолдық қатар берілген. Егер жақшалар дұрыс қойылған болса (әрбір ашылған жақшаға түрі осындай бір жабылған жақша сәйкес келсе), баспаға 0 саны шығарылуы керек; кері жағдайда, бірінші қате жабылған жақшаның нөмірі немесе, егер жабу жақшалары жетіспейтін болса, -1 саны шығарылсын.

 

Файлдар (М.Қайраттан)

 

14.1. Файлдан сандар оқып, солардың ішіндегі теріс сандар қанша екенін анықтайтын программа құру керек.

14.2. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі 6 символдан артық сөздерді экранға шығарып, басқа файлға жазып шығыңдар.

14.3. Файлдан сандар оқып, солардың арифметикалық ортасын файл соңына қосып жазу керек.

14.4. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың керісінше жазылған нұсқасын басқа бір файлға жазып шығыңдар.

14.5. Файлдан сандар оқып, солардың максимумын анықтайтын программа құру керек.

14.6. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі бос орын орнына сызықша жазып оны басқа бір файлға жазып шығу керек.

14.7. Файлдан сандар оқып, солардың минимумын анықтайтын программа құру керек.

14.8. Бір файлда екі сөйлем жазылған, соның екінші сөйлемін басқа файлға жазып шығу керек.

14.9. Файлдан сандар оқып, солардың көбейтіндісін анықтайтын программа құру керек.

14.10. Сөз тіркесінен тұратын файлдағы бас əріптерді кіші əріптерге айналдырып, басқа файлға жазып шығу керек.

14.11. Файлдан сандар оқып, солардың нешеуі 5-тен артық екенін анықтау керек

14.12. Сөз тіркесінен тұратын екі файл берілген. Осы екі файлдағы сөз тіркестерін біріктіріп, үшінші файлға жазып шығыңдар.

14.13. Файлдан сандар оқып, солардың қосындысын анықтау керек

14.14. Сөз тіркесінен тұратын екі файл берілген. Осы екі файлдағы сөз тіркестерінің орнын ауыстырып жазып шығу керек.

14.15. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі ең ендісін анықтап, соның неше символдан тұратынын анықтау қажет.

14.16. Файлдан сандар оқып, солардың тақтарын бір файлға, жұптарын екінші файлға жазып шығыңдар.

14.17. Файлдан бірнеше сөйлем оқып, сол сөйлемдердің “м” əрпінен басталатын бір сөйлемін ғана экранға шығарып, соның ұзындығын анықтайтын программа құру керек.

14.18. Файлдан сандар оқып, солардың барлығын да бірге арттырып, шыққан сандарды басқа бір файлға жазып шығыңдар.

14.19. Файлдан бірнеше сөйлем оқып, сол сөйлемдердің ең соңғы сөйлемін ғана экранға шығарып, соның ұзындығын анықтайтын программа құру керек.

14.20. Файлдан сандар оқып, соларды керісінше тəртіппен екінші бір файлға жазып шығыңдар.

14.21. Файлдан сандар оқып, солардың цифрларын экранға сөзбен шығаратын программа құру керек, мысалы, 0 орнына “нөл”, 1 орнына “бір”, т.с.с. 9 орнына “тоғыз” деп жазатын болуы тиіс.

14.22. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың бірінші сөзі мен соңғы сөзін алмастырып, екінші бір файлға жазып шығыңдар.

14.23. Файлдан сөз тіркесін оқып, соларды керісінше жазып шығатын программа құру керек.

14.24. Файлдан сандар оқып, солардың алғашқы жартысы мен соңғы жартысының орнын ауыстырып, нəтижесін жаңа файлға жазып шығу керек.

14.25. 10 бүтін саннан тұратын файл жасайтын программа құру керек. Сол файлдағы сандарды оқып, олардың қосындысын анықтаңыздар.

14.26. Whіle операторы арқылы Char типті элементтерден тұратын файл жасау қажет. Циклден шығу шарты – z əрпін енгізу. Сол файлдың көшірмесін екінші бір файлға жазып, жазылған мəліметтерді экранға да шығару керек.

14.27. Іnteger типті N саннан тұратын файл жасап, сол файлдағы жұп сандарды экранға шығару қажет.

14.28. Бүтін сандардан тұратын файл жасап, сол сандарды басқа бір файлға кері тəртіппен жазып шығу керек.

14.29. Мынадай құрылымдағы бірнеше қатарлары бар файл жасау керек:

- реттік нөмірі;

- фамилиясы, аты-жөні;

- жалақысы.

Осы файлға бес адам туралы мəліметтер енгізіп, басқа файлға осылардың ішіндегі ең көп жалақы алатын адам туралы мəліметті көшіріп жазу керек.

14.30. Файлдағы мəтінді түгел оқып шығып, ондағы “о” əрпін “а” əрпімен алмастыратын программа құрыңыздар.

14.31. Файлдағы мəтіндік ақпаратты экранға жəне қағазға шығаратын программа жасау керек.

14.32. Файлда N бүтін сан жазылған. Соларды өсуі бойынша реттеп, екінші файлға жазып шығару керек.

14.33. Нақты сандардан тұратын бір өлшемді жиым элементтерін пернелерден енгізе отырып, бір файлға жазып шығып, сол жиымның жұп индексті элементтерін екінші файлға жазатын программа құрыңыздар.

14.34. Топтағы студенттердің үлгерімін бір файлға мынадай түрде жазу керек: рет нөмірі, аты-жөні, 5 сабақ аты, əр сабақтан алған 3 бағасы. Программаға енгізілетін мəліметтер пернелерде теріліп, файлға жазылуы қажет. Жақсы оқитын студенттер тізімін екінші бір файлға бөлек жазып шығу керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных