ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Б) Бірнеше массивпен жұмыс істеу11.51. n өлшемді a және b массиві берілген. Олардың элементтерін сәйкесінше ауыстырып, a және b массивтерін шығару керек. 11.52. n өлшемді a массиві берілген. Элементтері келесі ереже бойынша анықталатын өлшемі дәл осындай b массивін құру керек: 11.53. n өлшемді a және b массиві берілген. Олардың сәйкес элементтерінің үлкенінен тұратын өлшемі дәл осындай с массивін құру керек. 11.54. n өлшемді бүтін a массиві берілген. а -ның жұп элементтерін орналасу тәртібін өзгертпей b массивіне жазып, соңғысындағы элементтер санын және b массивін түгел шығару керек. 11.55. n (n<16) өлшемді бүтін a массиві берілген. а -ның тақ индексті элементтерін (a1,a3,…) b массивіне жазып, соңғысындағы элементтер санын және b массивін түгел шығару керек. Тармақталу операторы қолданылмасын. 11.56. n (n<16) өлшемді бүтін a массиві берілген. а -ның индексі 3-ке еселі элементтерін (a3,a6,…) b массивіне жазып, соңғысындағы элементтер санын және b массивін түгел шығару керек. Тармақталу операторы қолданылмасын. 11.57. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b массивіне алдымен а -ның жұп индексті элементтерін (a2,a4,…), сонан соң тақ индексті элементтерін (a1,a3,…) жазу керек. Тармақталу операторы қолданылмасын. 11.58. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b массивінің элементтері келесі ереже бойынша алынады: bk элементі а -ның 1 -ден k -ға дейінгі элементтерінің қосындысы. 11.59. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b массивінің элементтері келесі ереже бойынша алынады: bk элементі а -ның 1 -ден k -ға дейінгі элементтерінің арифметикалық орта мәні. 11.60. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b массивінің элементтері келесі ереже бойынша алынады: bk элементі а -ның k -дан n -ге дейінгі элементтерінің қосындысы. 11.61. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b массивінің элементтері келесі ереже бойынша алынады: bk элементі а -ның k -дан n -ге дейінгі элементтерінің арифметикалық орта мәні. 11.62. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b және c жаңа массивтері келесі ереже бойынша құрылады: b массивіне а-дағы барлық оң элементтер, ал c массивіне барлық теріс элементтер көшірілсін (элементтердің бастапқы орналасу тәртібі өзгеріссіз қалады). Алдымен, b массивінің өлшемі мен құрамы, сонан соң c массивінің өлшемі мен құрамы шығарылсын. 11.63. Элементтері өспелі тәртіппен реттелген а(5) және b(5) массивтері берілген. Өспелі тәртіпті сақтай отырып, а және b массивтері біріктірілсін және нәтижесі с(10) массивіне жазылсын. 11.64. Элементтері кему тәртібімен реттелген өлшемдері na,nb,nc болатын бүтін типті а,b,c массивтері берілген. Оларды біріктіріп, d (na+nb+nc) массивіне кемуі бойынша реттілігін сақтай отырып жазу керек. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|