Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






В) Массивті түрлендіру




Бұл топтағы тапсырмаларды орындау барысында қосымша массив қолдануға тыйым салынады.

в.1) Массив элементтерін өзгерту

11.65. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ n) бүтін саны берілген. Массивті оның әрбір элементін ak- ға арттыру арқылы түрлендіру керек.

11.66. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивті ондағы әрбір жұп санды бірінші жұп элементке арттыру арқылы түрлендіру керек. Бастапқы массивте жұп элементтер жоқ болса, ол өзгеріссіз қалдырылсын.

11.67. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивті ондағы әрбір тақ санды ең соңғы тақ элементке арттыру арқылы түрлендіру керек. Бастапқы массивте тақ элементтер жоқ болса, ол өзгеріссіз қалдырылсын.

11.68. n өлшемді массив берілген. Оның ең кіші элементі мен ең үлкен элементінің орындарын ауыстыру керек.

11.69. n өлшемді массив берілген (n – жұп сан). Оның бірінші және екінші элементтерінің, үшінші және төртінші элементтерінің және т.с.с орындарын ауыстыру керек.

11.70. n өлшемді массив берілген (n – жұп сан). Массивтің бірінші және екінші жартысының орындарын ауыстыру керек.

11.71. n өлшемді массив берілген. Оның элементтерінің ретін керісінше ауыстыру керек (a1ó an, a2ó an-1,…).

11.72. n өлшемді a массиві пен k,m (1 ≤ k < m ≤ n) сандары берілген. Массивтің [ аkm ] аралығындағы элементтерін кері тәртіппен орналастыру керек (аkm элементтерімен бірге).

11.73. n өлшемді a массиві пен k,m (1 ≤ k < m ≤ n) сандары берілген. Массивтің (аkm) аралығындағы элементтерін кері тәртіппен орналастыру керек (аkm элементтерін қосылмайды).

11.74. n өлшемді массив берілген. Массивтің минимум және максимум элементтерінің арасындағы сандарды нөлге ауыстыру керек (минимум және максимум элементтер қосылмайды).

11.75. n өлшемді массив берілген. Массивтің минимум және максимум элементтерінің арасындағы элементтерін кері тәртіппен орналастыру керек (минимум және максимум элементтермен бірге).

11.76. n өлшемді массив берілген. Массивтің барлық локальды максимумдарын, яғни көршілерінен үлкен элементтерді нөлге ауыстыру керек.

11.77. n өлшемді массив берілген. Массивтің барлық локальды миниимумдарын, яғни көршілерінен кіші элементтерді квадраттау керек.

11.78. n өлшемді массив берілген. Массивтегі әрбір элементті оның өзі мен көршілес элементтерінің арифметикалық орта мәніне ауыстыру керек.

11.79. n өлшемді массив берілген. Массив элементтерін оңға бір позицияға сырғыту керек: a1Þa2, a2Þa3, a3Þa4,…, an-1Þan (an- нің бастапқы мәні жойылып кетеді). a1 -дің бастапқы мәні 0-ге ауыстырылсын.

11.80. n өлшемді массив берілген. Массив элементтерін солға бір позицияға сырғыту керек: anÞan-1, an-1Þan-2, …, a3Þa2, a2Þa1. (a1- дің бастапқы мәні жойылып кетеді). an -нің бастапқы мәні 0-ге ауыстырылсын.

11.81. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k < n) бүтін саны берілген. Массив элементтерін оңға k позицияға сырғыту керек: a1Þak+1, a2Þak+2, a3Þak+3,…, an-kÞan (соңғы k элементтің бастапқы мәндері жойылып кетеді). Нәтижелік массивте алғашқы k элементтіңмәні 0-ге ауыстырылсын.

11.82. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k < n) бүтін саны берілген. Массив элементтерін солға k позицияға сырғыту керек: anÞan-k, an-1Þan-k-1, …, ak+1Þa1 (алғашқы k элементтің бастапқы мәндері жойылып кетеді). Нәтижелік массивте соңғы k элементтіңмәні 0-ге ауыстырылсын.

11.83. n өлшемді массив берілген. Массив элементтерін оңға бір позицияға циклдық сырғыту керек: a1Þa2, a2Þa3, …, anÞa1.

11.84. n өлшемді массив берілген. Массив элементтерін солға бір позицияға циклдық сырғыту керек: anÞan-1, an-1Þan-2, …, a2Þa1, a1Þan.

11.85. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ 4, k < n) бүтін саны берілген. Массив элементтерін оңға k позицияға циклдық сырғыту керек: a1Þak+1, a2Þak+2, a3Þak+3,…, anÞak. 4 элементтен құратын қосымша массивті қолдануға болады.

11.86. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ 4, k < n) бүтін саны берілген. Массив элементтерін солға k позицияға сырғыту керек: anÞan-k, an-1Þan-k-1, …, ak+1Þa1, a1Þan-k+1.

11.87. Бірінші элементінен басқалары өсу тәртібімен реттелген n өлшемді а массиві берілген. Бірінші элементті тиісті орнына қойып, массивті түгелдей реттеу керек.

11.88. Соңғы элементінен басқалары өсу тәртібімен реттелген n өлшемді а массиві берілген. Соңғы элементті тиісті орнына қойып, массивті түгелдей реттеу керек.

11.89. Бір элементінен басқалары өсу тәртібімен реттелген n өлшемді а массиві берілген. Реттелу тәртібін бұзып тұрған элементті тиісті орнына қойып, массивті түгелдей реттеу керек.

в.2) Массив элементтерін жою және қою (кірістіру)

11.90. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ n) бүтін саны берілген. Массивтен k нөмірлі элементті жою керек.

11.91. n өлшемді a массиві пен k,m (1 ≤ k < m ≤ n) сандары берілген. Массивтің [ аkm ] аралығындағы элементтерін жою керек (аkm элементтерімен бірге). Нәтижелік массивтің өлшемі мен құрамы шығарылсын.

11.92. n өлшемді a бүтін массиві берілген. Массивтегі барлық тақ элементтерді жойып, нәтижелік массивтің өлшемі мен құрамын шығару керек.

11.93. n (n >2) өлшемді a бүтін массиві берілген. Массивтегі барлық жұп нөмірлі элементтерді (a2,a4,…) жою керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

11.94. n (n >2) өлшемді бүтін a массиві берілген. Массивтегі барлық тақ нөмірлі элементтерді (a1,a3,…) жою керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

11.95. n өлшемді массив берілген. Массивтегі мәндері бірдей көршілес элементтердің екіншісін жою керек.

11.96. n өлшемді массив берілген. Массивтегі мәндері бірдей элементтердің біріншісінен басқасын жою керек.

11.97. n өлшемді массив берілген. Массивтегі мәндері бірдей элементтердің ең соңғысынан басқасын жою керек.

11.98. n өлшемді массив берілген. Массивтегі үш реттен кем кездесетін элементтерді жою керек. Нәтижелік массивтің өлшемі мен құрамы шығарылсын.

11.99. n өлшемді массив берілген. Массивтегі екі реттен артық кездесетін элементтерді жою керек. Нәтижелік массивтің өлшемі мен құрамы шығарылсын.

11.100. n өлшемді массив берілген. Массивтегі екі рет кездесетін элементтерді түгел жою керек. Нәтижелік массивтің өлшемі мен құрамы шығарылсын.

11.101. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ n) бүтін саны берілген. Массивтегі k нөмірлі элементтің алдына нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

11.102. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ n) бүтін саны берілген. Массивтегі k нөмірлі элементтен кейін нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

11.103. n өлшемді массив берілген. Массивтің минимум элементінің алдына және максимум элементінен кейін нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

11.104. n өлшемді a массиві пен k, m (1 ≤ k ≤ n, 1 ≤ m ≤ 10) бүтін сандары берілген. Массивтегі k нөмірлі элементтің алдына m нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

11.105. n өлшемді a массиві пен k, m (1 ≤ k ≤ n, 1 ≤ m ≤ 10) бүтін сандары берілген. Массивтегі k нөмірлі элементтен кейін m нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

11.106. n өлшемді массив берілген. Массивтің жұп нөмірлі элементтерін (a2,a4,…) қайталау керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

11.107. n өлшемді массив берілген. Массивтің тақ нөмірлі элементтерін (a1,a3,…) үш рет қайталау керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

11.108. n өлшемді массив берілген. Массивтегі әрбір оң элементтің алдына нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

11.109. n өлшемді массив берілген. Массивтегі әрбір теріс элементтен кейін нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

11.110. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі барлық жұп элементтерді қайталау керек.

11.111. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі барлық тақ элементтерді үш рет қайталау керек.

в.3) Массивтерді сұрыптау

11.112. n (n ≤ 6) өлшемді а массиві берілген. Массивті қарапайым ауыстыру әдісімен сұрыптау («көбікті сұрыптау» әдісі) керек. Ол үшін массив элементтерін жұп-жұбымен (a1 мен а2, а2 мен а3, т.с.с) талдау қажет және егер жұптағы бірінші элемент екіншісінен үлкен болса, олардың орындары ауыстырылады. Осы әрекет n-1 рет қайталанады. Орындалып жатқан әрекеттерді бақылап отыру үшін әрбір талдаудан соң нәтижені баспаға шығарып отырған жөн. Әр жолы талданатын элементтер санының 1-ге кемитінін ескеру қажет.

11.113. n (n ≤ 6) өлшемді а массиві берілген. Массивті қарапайым таңдау әдісімен сұрыптау керек. Ол үшін массивтегі максимум элемент табылады және ол n -ші элементпен ауыстырылады. Сонан соң массивтің соңғысынан өзге элементтерінің ішінен максимум элемент табылады және ол n-1 -ші элементпен ауыстырылады. Әр жолы талданатын элементтер санын 1-ге кеміте отырып және нәтижені баспаға бере отырып, осы әрекеттер n-1 рет қайталанады.

11.114. n (n ≤ 6) өлшемді а массиві берілген. Массивті қарапайым қою (кірістіру) әдісімен сұрыптау керек. Ол үшін массивтегі a1 және а2 элементтері салыстырылады және егер қажет болса, олар өсу бойынша реттелетіндей етіп орындары ауыстырылады. Енді a3 элементі массивтің реттелген бөлігіне осы реттілікті бұзбайтындай етіп қойылады (кірістіріледі), яғни, енді массивтің бастапқы үш элементі реттелді. Дәл осылайша, қалған элементтердің барлығы массивтің реттелген бөлігіне қойылады (кірістіріледі). Әрбір қою (кірістіру) амалы орындалған кезде нәтижені баспаға бере отырған қолайлы. Сонымен қатар, әрбір өңделетін санды алдын ала массивтің қосымша элементіне (a0) көшіріп алған дұрыс.

11.115. n өлшемді а массиві берілген. Массивті өзгертпей массив элементтері өсу ретімен сұрыпталатындай тәртіппен оның индекстерін шығаруға «көбікті сұрыптау» әдісі қолданылсын. Ол үшін массив нөмірлерін сақтауға арналған t қосымша массиві құрылады және 1 -ден n -ге дейінгі бүтін сандармен толтырылады. a массивіндегі нөмірлері t1 мен t2, t2 мен t3, т.с.с. болатын элементтер жұп-жұбымен талданады және егер жұптағы бірінші элемент екіншісінен үлкен болса, онда t массивіндегі сәйкес нөмірлердің орындары ауыстырылады. Осы әрекетті n-1 рет қайталай отырып, t массивінде тиісті нәтижеге қол жеткізіледі.

г) Бүтін сандар циклдары

11.116. n өлшемді а массиві берілген. Серия деп қатар орналасқан бірдей элементтерді, ал серия ұзындығы деп – осы элементтердің санын айтады (серия ұзындығы 1-ге тең болуы мүмкін). Бірдей өлшемді b және c массивтері келесі ереже бойынша құрылсын: b массивіне бастапқы массивтегі барлық сериялардың ұзындықтары, ал с массивіне – осы серияларды құрайтын мәндер жазылсын.

11.117. n өлшемді бүтін массив берілген. Ондағы әрбір серияның алдына нөлдік элемент қою (кірістіру) керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

11.118. n өлшемді бүтін массив берілген. Ондағы әрбір сериядан соң нөлдік элемент қою (кірістіру) керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

11.119. n өлшемді бүтін массив берілген. Ондағы әрбір серияны осы сериядағыдай бір элементке арттыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

11.120. Құрамында ұзындығы 1-ден артық кемінде бір сериясы бар n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі әрбір серияны бір элементке азайту керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

11.121. Бүтін k (k>0) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Ондағы k -шы нөмірлі серияны екі еселеу арқылы массивті түрлендіру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген). Егер массивтегі сериялар саны k -дан аз болса, бастапқы массив өзгеріссіз қалдырылсын.

11.122. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтен k -шы нөмірлі серияны жою керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген). Егер массивтегі сериялар саны k -дан аз болса, бастапқы массив өзгеріссіз қалдырылсын.

11.123. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің бірінші сериясы мен k -шы нөмірлі сериясының орнын ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген). Егер массивтегі сериялар саны k -дан аз болса, бастапқы массив өзгеріссіз қалдырылсын.

11.124. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің соңғы сериясы мен k -шы нөмірлі сериясының орнын ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген). Егер массивтегі сериялар саны k -дан аз болса, бастапқы массив өзгеріссіз қалдырылсын.

11.125. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы k -дан кем әрбір сериясын нөлдік бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

11.126. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы k -ға тең әрбір сериясын нөлдік бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

11.127. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы k -дан артық әрбір сериясын нөлдік бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

11.128. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы ең үлкен серияларының біріншісін бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

11.129. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы ең үлкен серияларының соңғысын бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

11.130. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы ең үлкен серияларының барлығын бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

ғ) Жазықтықтағы нүктелер жиыны

Әрбір нүктелер жиыны туралы мәліметтерді сақтау үшін екі массив қолданылады: біріншісінде – абсциссалар сақталады, екіншісінде – ординаталар сақталады.

11.131. Жазықтықта n нүктесі бар а жиыны мен b нүктесі берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). а жиынындағы b нүктесіне ең жақын нүктені табу керек. Координаттары (x1,y1) және (x2,y2) болатын екі нүктенің ара қашықтығын келесі формула арқылы есептейді:

11.132. n нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Осы нүктелердің екінші ширекте жатқандарының ішінен координаттар бас нүктесінен ең алысын табу керек. Егер мұндай нүктелер жоқ болса, онда нөлдік координаталы нүкте шығарылсын.

11.133. n нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Осы нүктелердің бірінші және үшінші ширекте жатқандарының ішінен координаттар бас нүктесіне ең жақын орналасқанын табу керек. Егер мұндай нүктелер жоқ болса, онда нөлдік координаталы нүкте шығарылсын.

11.134. n нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Осы жиындағы өзара ара қашықтығы ең ұзақ нүктелер жұбын және осы ара қашықтықтың өзін табу керек (баспаға шығару кезінде нүктелердің нөмірлерінің реттілігі сақталсын).

11.135. Нүктелерінің саны n1 және n2 болатын а және b жиындары берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Екі жиын нүктелерінің ішіндегі ара қашықтығы ең қысқа жұпты анықтап, ол нүктелердің өздерімен қоса баспаға шығару керек.

11.136. n (n>2) нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Басқа нүктелерге дейінгі қашықтықтарының қосындысы ең кіші болатын нүктені және осы қосындының мәнін табу керек.

11.137. n (n>2) нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Төбелері а жиынының әр түрлі нүктелері болып келетін үшбұрыштың максимум периметрін және осы нүктелердің өздерін табу керек.

11.138. n (n>2) нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Төбелері а жиынының әр түрлі нүктелері болып келетін үшбұрыштың минимум периметрін және осы нүктелердің өздерін табу керек.

11.139. n нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы сипатталған). Координаттық жазықтықтағы тәртіп мына ережелермен анықталады: (x1,y1) < (x2,y2), егер x1 ≤ x2 және y1<y2 болса. Жиын нүктелерін көрсетілген тәртіпке сай өсу ретімен орналастыру керек.

11.140. n нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы сипатталған). Координаттық жазықтықтағы тәртіп мына ережелермен анықталады: (x1,y1) < (x2,y2), егер x1 + y1 ≤ x2 + y2 және х12 болса. Жиын нүктелерін көрсетілген тәртіпке сай кему ретімен орналастыру керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных