Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аман бол абыздарым. 1 страница




Ширату.

А- сыл сөзден маржан теріп,

Л- ағыл алған ел едік.

Т- уралығын әділ беріп,

Ы- рзыққа елді бөледік.

А- дуынды билер келсе,

Л- ебізін алсақ деп едік.\

А- ғайын бұған куә бол сенде.

Ш- ешендер айтсын төрелік.

 

Туған жер

 

Азғана ауыл егін де екті, мал бақты.

Ғалым да шықты, батыр да шықты жан-жақты.

Ақыны асқақ, абызы бастап сөз сөйлеп,

Шабандоздары шарлаған талай алқапты.

 

Қаратау менен сырдарияны жайлаған.

Киелі санар қасиеттерге бай ғалам.

Шатқалда сонау Ақсүмбе Ақбикешім тұр.

Сын сағаттарда ант ішіп, серттен таймаған.

 

Тарихты өлке тағылымыңмен ұғып көр,

Сығанақ сонда Ақ орда болған ұлық төр.

Ашаршылықта алданыш болған Мыңбұлақ.

Гауһар батырды жаудан құтқарған Шұрық көл.

 

Қандыарал көлі қызыл қырғынның айғағы.

Көккесенеде Гүлбаршын жатыр жайдары.

Қожамбердідей батырың келіп ту тігіп,

Жеңістің әр кез желбіреп өткен байрағы.

 

Ақшұғанағым. Сырдарияңа жуындым.

Айбатын көрдім. Қаратау тасқын суыңның.

Даңқты өлке, даналығыңа бас иіп.

Бабаларынан бата тілеген ұлыңмын.

 

 

Туған жер.

Жеріңді сүй шырағым

Атадан қалған тұрағың

Сарқырап аққан бұлағың

Қазақтың қаны құнарың

 

Туған жер сенің жүрегің

Сол жерде тудың түледің.

Сүрінсең сүйеу тірегің

Жантайсаң жамбас білегің.

 

Туған жер тербеп шайқаған

Жаныңды тыңдап байқаған.

Сен тайсаң серттен таярсың

Туған серттен таймаған

Керексіз жалғыз жай кешсең

Қойнына алар қайтадан.

 

Туған жер топырағың ыстық маған.

Борсығы балығына қылтықтаған.

Аспаннан азды-көпті тамшы тамса,

Қара лайы иленім шылшықтаған.

 

Қатпаған қара жерге тоң қырауың.

Жыланбасы секілді қолтырауын.

Ит тұмсығы батпаған шеңгелінің,

Таусалмаған төрт түлік қоңырауын.

 

 

Туған жерді бағала

 

Мына өмір айнасына,

Пайдасына айналу.

Жақсылық пен жамандықты айырып,

Тереңдіктен қайырып,

Тебіреніп ойлану.

Туған жердің

Тауы, тасы, шатқалы,

Сон-оу елдің қарттары,

Дем беруден,

Өзгелерден өгей тартпай,

Бәрін тегіс тең көруден,

Болатұғұн заңдылық.

Бірден-бірге алмасып

Ел рухы жаңғырып,

Туған жердің ауасымен

Шипа суы дауасымен,

Жалғасады мәңгілік.

Бабалардың кіндік қаны

Тамған дала киелі,

Осы өлкеде

Қорлық көрсін,

Зорлық көрсін қаншама...

Амалсыздан,

Өзге елге ауса да,

Ұрпақ соны сүйеді.

 

Өзге елде

Болсын сұлтан,

Қонсын бағы алайда...

Отанынан ыстық болмас қалайда.

Жүрген жердің салтын сақтап,

Ізетпен бас иеді.

Ақтықтан ба,

Сақтықтан ба,

Кім білсін?

Жат өлкеде...

Қалай ғана тік жүрсін.

Отандасы,

Бауырласы кеп қалса,

Құшақ жайып

Маңдайынан сүйеді.

Өзге елде

Елін аңсап жүргенге...

Аманаты бабасының,

Сон-оу...

Қазақ даласының,

Топырағын басқан адам киелі.

 

Бәрін ойлап,

Терең бойлап,

Көріп біраз шамала,

Адам бағы,

Бабасының

Ізі қалған далада.

Сол даланың

Елден ерек

Өзіндік бір салты бар,

Діні бөлек,

Тілі бөлек

Халқы бар.

Міне осыны

Мықтап түйіп санаға,

Туған жердің

Тілін

Дінін

Даласын да, данасын да бағала.

 

Талай өлең арнадың ауылыңа

Дегенсің, жүрегімді қалдырғанмын

Ел ұзап, қанатымды талдырғанмын.

Біледі қарақұрым сен шалғайда,

Қайысып жүргендігін қабырғаңның.

 

Талай өлең арнадың ауылыңа.

Өзіңдей қарапайым қауымыңа...

Ел сүйеді ақынын қараторы

Үсіген қарабастың дауылына.

 

Ақын ойы, әрине, ұзайды анық.

Мұстафаны іздейді шыр айналып.

Тұңғиықтың тұбіне түсе-түсе.

Қос жанарың кетіпті-ау лайланып.

 

Туған жерің, жырың мен боянатын

Ақынсың алашты ойлап оянатын,

Ел жүрты ардақ тұта білмесе егер,

Шабатын шыңдауды да қояды ақын.

 

Кидіріп шабытыңа құдағыңды,

Дүлейлерге арнадың жырларыңады.

Мен сезімін,елуде елең кеп,

Емешегің езіліп тұрағаныңды.

 

 

Ауылым.

Бойыңа қуат,

Жаныңа жігер беретін.

Көңілге көктем,

Қызғалдақ гүлін егетін.

Ауылым асқақ

Қаланың қатқан заңынан

Бәрін де бауыр

Бәрінде туыс көретін.

 

Ойы да ортақ.

Тойы да ортақ олардың.

Өзгерген емес,

Бүгін мен ертең болар күн.

Көкпарын шауып,

Бәйгеге тұлпар сайлаған.

Қыранын баптап,

Қызығын күткен сонардың.

 

Бөлінбей мүлде,

Ағайын туыс бауырдан.

Қуанып бірге,

Қиналса жаны ауырған.

Салт – санасы да,

Ерік пен жігер бәрі де.

Қазақтың күні,

Басталған осы ауылдан.

 

Астана

 

Жеңдірген ғасыр,қазағым асыл, бастама

Тарихы ғажап, жаздырған қашап,тасқа да.

Рухани әлем, үлкенді кіші жасқа да

Қазақтың жері,сарыарқа төрі, Астана

 

Астанам менің шарықта биік тоқтама

Тайпалтпас сені құлагер таққан көк таға

Өткенді баба бүгінгі бала бәрі де

Астанам менің тілеулес саған тек қана

 

Ендігі жерде елімнің бағы ашылсын

Зәулім үйлерден еңселі сәуле шашылсын

Астана асқақ хан орда тіккен шатырсың

Желбіреп байрақ көк күмбездерден Алла деп

Шүкір деп елім таң ертең азан шақырсын.

 

Ясауиде жерленген қанша мықты.

Тізім көрдім мен бүгін құб асылдан,

Мақтан етер тарихын ұғатын жан.

Ясауиде жерленген қанша мықты,

Анадан асығы алшы құла туған.

 

Ел үшін тірлік кешкен томаға тек,

Әруақты тізімнен тобаға кеп.

Ой түзедім Түркістан қасиетті,

Топырағың түгелдей молама деп.

 

Қайран қара топырақ қадіріңнен,

Аунап түсер әруақ әрбір үннен.

Түркістанда жерленген сансыз баба,

Кешір бізді аттасақ қабіріңнен.

 

Лә иллаха иллалла күпір етпе,

Тағзым ет имандым құдіретке.

Түркістанға табаны тиген пенде,

Таңнан кешке дұға қыл шүкір етте.

 

Кеше тозып сен бүгін жаңарғансың.

Тілден қате жіберме жанардан сын.

Оу, періште кіл мықты қабір құшқан,

Қасиетті топырақтан жаралғансың.

 

Мына топырақ қасиет асылға тоқ,

Батырға от берілген ақынға шоқ.

Сен рухани әлемде ғұмыр кешіп,

Сенен мықты тумасқа һақыңда жоқ.

 

Түркістан.

Таң атты азанменен,

Тәңірді жалғап жердегі адамменен.

Көктегі көк әлемнен,

Жердегі Түркістанды табамба мен.

 

Жүрекке мейірімнің сыйған бәрі.

Біз қашан ақиқатқа иланғалы.

Рухани әлемменен үндестірген,

Мешіттің мекке көрген имамдары.

 

Түнемей Арыстанбабқа жарамайды.

Тілегей Түркістаннан жан ұдайы.

Қожахмет мекенінде ақ киізбен,

Көтерген бүкіл қазақ Абылайды.

 

Иманы тұнып іштен,

Киелім бір Алланың нұры түскен.

Кіл мықты жанын салып,

Қорғаған ұрандатып ұлы күшпен.

 

Алла деп жан ұғысқан,

Армандар толы мұнда алып ұшқан.

Бәріде бастау алар,

Салауат өткен күнгі сағыныштан.

 

Күн қорғап күзететін жартысын ай,

Түркістан тіршіліктің жаршысындай.

Киелі құл Қожахмет мешіті тұр,

Тәңірдің тамып түскен тамшысындай.

 

Шағылысқанда күн менен күмбез нұр құшқан.

Жалғандық пенен ақиқат үшін жұлқысқан.

Табаны жерде төбесін көкке көтерген,

Пенденің пейіш отаны болған Түркістан.

 

 

Түркістан.

Сыртта жүріп, қысыламын мен кейде.

Бір ауырлық, барындай – ақ кеудемде.

Кең тыныстап, арқам кеңіп қалады,

Ясауидің, мешітіне кіргенде.

 

Хан батырлар, елім үшін шабысқан.

Рухтары, Ясауиде табысқан.

Бабалардың, жатқан жері көк күмбез,

Мен мұндалап, шақырады алыстан.

 

Түркістаным, қандай нұрлы шуақты.

Қиналғанға, басу берді жұбатты.

Қонақ жайлы, қарапайым халқы бар.

Осындай деп, елестетем жұмақты.

 

Алар ма еді, мұндай мешіт орната.

Агараки, Ақсақтемір болмаса.

Болады ғой,алғыс үшін Темірдің,

Сол мешітте, ескерткіші тұрсада.

 

Батырың бұл, елді аузына қаратқан.

Ақиқатпен, аттыра алған азат таң.

Мешіт салса, Ясауиден аян кеп,

Сүйген құлын, сүйей білген, жаратқан.

 

 

 

 

Дала тағысы.

 

Ойы бір жүйрік.

Құлагер сынды.

Соғатын сырдың лебін.

Ішіне бүккен.

Тарихи сырды.

Кигенде құлдың кебін.

Би шешендері

Жол ашқан жарқын.

Түйіндеп тілдің шерін.

Армысың асқақ.

Рухты халқым.

Алты алаш жұртым менің.

 

Домалақ ана.

Зере әжелердей,

Асылдан толғатып туған.

Сүлеймен сынды.

Дүлей бабалар.

Көкпенен жолды ашып судан.

Ашық аспанда.

Қырандай қалқып,

Күш алған көк алып тудан.

Айналдым сендей,

Азат ұланнан.

Әлемге тоба қып тұрған.

 

Ойынан іздеп,

Бойынан тапқан.

Өзіне жанашырды да.

Би шешендері

Әділ сын айтқан

Қақ жарып қара қылды да.

Қызыл тілімен

Қылыш сермеген.

От ауыз баласын ұға.

Қабыл ал халқым.

Дала тағысы.

Қазақтың баласын мына.

 

 

Жазбайда туған жанмын мен

Туған жер неткен сағыныш болып қалдың сен.

Бұлағың мөлдір, шатқалың қалың шалғынды ең.

Қалада жүріп сағынып жүрген өзіңді.

Жаз бойы шілде, Жазбайда өскен жанмын мен.

 

Кекілік қуып,бүлдірген, шие теруші ек.

Тай тулақ мініп, шатқалды тынбай кезуші ек.

Бұл күндерге де бір мүшел болыпты байқасам.

Бір мүшел түгіл бір мезгіл зорға төзуші едік.

 

Таң ата шулап қой қозы түгел маңырап.

Қалушы еді енелерінен ажырап.

Өріске өрген өгізге дейін өкіріп,

Ит үріп, у-шу боп жатушы еді азырақ.

 

Қойшылар түгел отырушы еді тұстасып.

Көшкеннен кейін тоғайын сырдың қыстасып.

Ізбасар, Жазыбай,Қорлыбай жазғы жайлауым.

Жатушы еді теріскейменен ұштасып.

 

Теріскейменен құда боп қызын алысып.

Той қылып үлкен, беткейде көкпар шабысып.

Жайлауға келе бір-біріменен табысып.

Жүруші еді құдалар төсті қағысып.

 

 

Көктің ұлы

 

Қазақ деген халықпыз дала сүйген

Қиялдап көк бөріден бала сүйген

Көк бөрінің ұрпағы билік етіп

Ақ отауға айналған қара күймең

 

Билеген дәл осындай бай шаһарды

Бабалар қиял етпес текке мұны

Арыстанды немесе Айдаһарды

Таңдамай неге сүйген көк бөріні

 

Қарасам қиялдарға менде жанап,

Қазаққа көкжал бөрі ұқсап барат

Аллаға қолын жайса бүкіл қазақ

Бөріде ұлиды екен көкке қарап

 

Тағысы арам асты сүймегені

Ұялас ұрпағына тимегені

Ұқсасы тағы да бір көк бөрінің

Қазақтай кең даланы билегені

 

Қазаққа қаны тамған жері керек

Елім дейтін еңселі ері керек

Болуы үшін қанында қайсарлық бар

Бөлтірігін баулитын бөрі керек

 

Отау тіксең қазағым белеске тік

Және бірге туғанменен егеспелік

Біздер сырын алдырмас сырт көздерге

Көктің ұлы көк бөрі емеспе едік

 

Емізік.

Қазақпыз біздер.

Соғымын сойып ет жеген.

Қазақы бала

Ағарған ішпей өспеген.

Ауырса қымыз,

Жылқының майын ем көрген.

Дәрімен улап,

Пышақпен етін кеспеген.

 

Бесікте жатып,

Құйрық май сорған нәресте.

Әжеміз айтқан

Ертегілері әлі есте.

Сәбиді қазір

Емізік беріп ай сайын.

Екпемен улау,

Айналғандай ма әдетке.

 

Күніне дәрі

Қабылдап жатыр қанша адам.

Пайда мен зиян

Бойына бірдей тарқаған.

Тынышталдырар,

Екпенің көрген пайдасын.

Тыныштық іздеп,

Көбейіп жатыр наркаман.

 

Жылқының еті,

Сүтін ем көрген бабалар.

Дәрі-дәрмекпен уланып жатыр саналар.

Бір емін тапшы,

Адал сүт берген аналар.

Жүйкесі мықты,

Жылқы мінезді ағалар.

 

Өтінем емші,

Уыңды екпе санаға.

Емізік емес,

Құйрық май берші балаға.

Ауырып барсаң,

Жылқының құнын сұрайтын.

Екпе дәріңіз,

Жылқы сүтінен садаға.

 

Қымызын ішсе,

Ем қылып қазақ қайтадан.

Көбеюші еді,

Жастары жүзде қарт адам.

Саналы ұрпақ,

Салауатты ел бастысы.

Болмаушы еді,

Маскүнемдер мен наркаман.

 

Елшілік еткен ел жұртым.

Сөзің өтпейтін, көзің жетпейтін,

Қиыр даланы жайлаған,

Керуен жолы болған заманда.

Айлатып атан айдаған.

Солтүстік қайда оңтүстік пенен

Арада бетпақ дала бар.

Екі обылыстың арасы мынау

Бір Францияға пара-пар.

 

Пейіл де мынау, даладай дархан,

Құшақтай ашық кең бұл күн

Достық та сондай, бірлік те сондай,

Қос босағадай тең тұрсын.

Керекуліктер Түркістан жаққа

Пойызбен самғап келе бер.

Асанқайғыдай желмая мініп

Елшілік еткен ел жұртым.

 

Қазақтың елі қазақтың жері

Дархан ғой шіркін қайда да.

Түркістан төрі тарихқа толы

Мәдени қорық сай – сала

Төрткүл дүние торабы болған

Шаһарым дәстүр салтқа бай.

Қашан келсең де, мейманға жарқын,

Есігі ашық айқара.

 

 

Егінді ел.

 

Ассалаумағалейкум ардақ тұтып,

Бисміллә деп абыз бен күй кірген ел.

Бесікте былдырлаған баласына.

Ертегімен ел жұртын сүйдірген ел.

Пейілінің кеңдігін көктей көріп,

Есігінен еңкейіп би кірген ел.

Елім деген ерлерін еркелетіп,

Ат мінгізіп шапанын кидірген ел.

Ала жаздай тынымсыз еңбек етіп,

Күз қырманға астығын үйдірген ел.

Салтты сақтап, ежелден диірмен тартып,

Ас салып, қолдан келі түйдірген ел.

Алланың нұры жаусын дихандарым.

Жер ананың емшегін идіргендер.

 

***

 

Жүрсем егер ішінде аламанның.

Жиенімін деймінау Қараманның.

Танығаны бас изеп, басқалары,

Дейтіні анық сонда Қараман кім.

 

Ағаларым көкпарды көп шабатын.

Таңдап, талғап мінетін көкпар атын..

Дода бұзса көпшілік Қараманның,

Жиендері қайтеді-әй деп қалатын.

 

Ұры-қары өшіксін настың бәрі.

Тіпті дауыл табиғат тасқындары.

Адалдығын сезініп жылқыларын.

Күзеткен қаратаудың қасқырлары.

 

Тіл табысып далада тағылармен.

Жолдас болған жылқыдай жануармен.

Ақандай серісіне ат мінгізген.

Көпке бірдей нағашы табылар ма ең.

 

 

Өр кеуделер

Намысыма тиеді өр кеуделер

Өр кеуде жалған намыс бор кеуделер.

Біреуді мұқатқанға разы болған.

Момынға мола салған сор пенделер

 

Өзін патша санайды жерде жүріп.

Көк әлемнің құдайын кенде қылып.

Көктен әмір келгенде білмейді ме

Көксоққандар кетерін жерге кіріп.

 

 

Пендешілік.

Арман бар талайларда алаңдылық

Бірі жетсе бірінен амал құрып.

Жан дүниесін мүжиді әлде кімдер

Табылмай тал бойынан табандылық.

 

Пендемізғой дейді олар сұрай қалса

Сәл соққыға көңілі лайланса

Пенделіктен қалайша құтылады ол

Сайтанның арбауына шыр айналса

 

Адамзатты тартады төзім өрге

Ысырапты сезініп көзі көрсе

Аллаға шүкір етіп қолда барға

Күнделік өз есебін өзі берсе

 

Арамдығы жоқ жандар кем болмайды

Адамдығын ұмыту ең зор қайғы

Жер басып жүргеніңнің өзі бақыт.

Бір сәтке ойлап көрші сен сол жайлы.

 

14.12.11. сағ: 23-38

 

Тау құдіреті.

 

 

Таудан алдым бойыма бар қуатты.

Баурайында үйренген ар ұятты.

Шабытымның қиялы ерттеп мінген.

Сонда жиі бұрамын арғымақты.

 

Шаттанамын құшақты кеңге беріп.

Тасқында боп кетемін желге де еріп.

Тоқтаймын бір уақ әкем көкпар тартып,

Анам қызғалдақ терген жерге келіп.

 

Қалай таудан таппаспын нар тұлғамды.

Әр шатқалда бабалар даңқың қалды.

Кәусар бұлақ басында бата қылып,

Шыңда күткен азаттық алтын таңды.

 

Қазығұртым көк аспан жеріме айғақ.

Қара тауым қаймыққан елімайлап.

Көкшетау, Қарқаралы, Хантағыдан,

Тұрған жоқпа тарихтың тегі сайрап.

 

Таудан орын табылар тағыларға.

Мұзбалақ, дархан дара жаны барға.

Құдұреті болмаса оқшау таудан.

Мұқағали мүсіні табылар ма

 

 

Өнер әлемі

 

Ұланғайыр өлкем бар өлең деген.

Кезі жоқ кері тартып төмендеген.

Бірде-бірі өлеңсіз өсіп-өніп,

Бірде-бірі өлеңсіз бөленбеген.

 

Төзім, сабыр, кеңдігі тағатпенен.

Сараңдық, қыңыр ойдан азат кеген.

Өлеңнен өрнек өріп, өрге шыққан.

Өнер суйген халқым бар қазақ деген.

 

 

Жасай бер халқым

 

Тоғысқан сонау ғасырлар менен ғасырлар.

Елдікті қолдап байрақты бақты батырлар.

Аштықта-қастық, қуғында-сүргін күй кешіп

Азат ғұмырды аңсаумен өтті асылдар.

 

Асанқайғылар. Бұхарлар елді жұбатып.

Қаймықпай ханнан құлға да бірлік сұратып.

Қайсар да батыл теңдікке деген арманмен.

Тәуелсіздікке қол жетті міне құба-құб.

 

Азғана жылда тәуелсіз деммен тыныстап.

Әлемге әсер қалдырған елім ұлыс һақ.

Адамға емес аллаға ғана бас иген.

Жасай бер халқым көк байрақ туды тік ұстап.

 

 

***

 

Өте қымбат қазақтығым маған тым.

Осы қалпы сақталсын тек санамның.

Сонда баба...

Сіз бармаған шалғайларға барармын.

Сонда ғана...

Сіз алмаған биіктерді алармын.

Армандарға...

Жетпей кеткен мына жұмбақ ғаламның.

Сыбағаңыз қалса егер сырын ашып қалармын.

Үмітіңе үміт отын жағармын.

Қазақ деген жұлдыз болып жанармын.

Жайсаң заңғар тұлғамда,

Қайсар рухты ұлдарда.

Қаны ағып тұрған кезде бабамның

 

Қазақ елі

 

Қазақ елі үмітке үміт жалғаған.

Асқақ рухы биіктерге самғаған.

Алғыр ойдың шешен сөздің иесі.

Өзгелерді тамсандырмай қалмаған.

 

Қазақ елі үмітке үміт жалғаған.

Қайрат күшін болашаққа арнаған.

Айбынды елдің аманатын арқалап.

Өңін бермей өтті өмірден сан бабам.

 

Қазақ елі үмітке үміт жалғаған.

Қазағым деп қызыл тілім сайрады ән.

Елдігімді ерлігім деп білетін.

Қазақпын мен серттен берік таймаған.

 

Қазақ елі үмітке үміт жалғаған.

Қазақпын деп шабыттанам жанданам.

Қазақпын деп айта берем тіл барда.

Бас кессе де тілді кесіп алмаған.

 

Қазақ елі үмітке үміт жалғаған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных