Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аман бол абыздарым. 2 страница




Мойындайды әле бізді сан ғалам.

Орындалмай қалған баба арманын.

Алып келе жатқандайсың таң маған.

 

Қазақ елі тұрсың қазір тергеуде.

Дінің сақта, тілің сақта өр кеуде.

Аманатты берме ешкімнің қолына

Қазақ деген жаның барда кеудеңде.

 

 

Ине мен жіп.

 

Мен даланың ұлы едім кеңдік көрген.

Кең дүние бәріне теңдік берген.

Ал қаладан көп көрем қияметті.

Қиялда жоқ туғалы мен күтпеген.

 

Бірінен бірі оқшау дараланған.

Мен-мендікті байқаймын қалалардан.

Сан сұрақтың жауабын тапсам деймін

Асқақтаудан адасқан саналардан.

 

Мұның бәрі тағдырдың талабындай.

Маңдайдың көз кірпігі қабағындай.

Бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын,

Иненің түйінделген сабағындай.

 

Жауапқа ұқсас бір нұсқа сұрақтағы.

Маман сол міз бақпайтын тұзақтағы.

Иненің ілігінде күн көреді.

Жіп көб-ақ ине біреу бірақтағы.

 

Бозторғай.

 

Шырылдай түс шырылда боз торғайым

Менде елігіп өзіңмен шер қозғайын.

Үйлесімдік табайық мына өмірден.

Сен көкте, ал мен жерде тоз-тоз жайым.

 

Қанатыңды қақпайсың қалай ғана.

Бір нүктеден көз тастап шарайнаға.

Шыр айналам мен дағы тыным таппай.

Толқындай кейін қаққан талай жаға

 

Кіп кішкене мырзасы табиғаттың.

Бар куәсі өзіңсің ақиқаттың

Азан айтып қарсы алып алтын күнді.

Қайта жігін жалғайсың шариғаттың.

 

Сенің әнің уатқан баланы да.

Ажыратқан ақты да, қараны да.

Көкте тұрып көңілін жібіткен сен.

Шөңке батқан байқұсты табанына.

 

Сауап айтып бойдан жан үзілерде.

Шүкір етіп түн-түнек түрілерде.

Еске салып тұратын сияқтысың.

Көкте құдай барлығын тірілерге.

 

Адасқандар аз емес әу басында.

Сауға іздеп жүр талай сау басына.

Шырылдай түс, шырылда бозторғайым.

Түссін мына тіршілік тәубасына.

 

Мен сені адалдықтың құсы деймін.

Аналар жүрегіндей мүсіндеймін.

Жан күйіңді толғар ем боз торғайым.

Әттең-әттең тіліңді түсінбеймін

 

Шырылдай түс тоқтасын пендешілік.

Сендегі де ақталар мендегі үміт.

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап,

Бейбіт күннен көрсінші ел кеңшілік.

 

 

Қарт қазынасы

 

Елден жырақ мал бағып күнін көрген

Қарттық әжім жастықтың жүзін жеңген

Егін егіп мал баққан ен далада

Бір дананың сөзіне үңілгенем

 

Ата неге отырсың елден жырақ

Көзден шырақ кеткенде белден қуат

Дана қария дейді екен өзіңізді

Білдім жаңа мына отқан елден сұрап

 

Елден жырақ дегенің жарамады

Ешқандайда жоқ мұнда дала заңы

Қасиетін алланың ұға білсе

Қасіретте тоқтар ау қаладағы

 

Бірін бірі алдаудан арылмаған

Адамдық қасиеті табылмаған

Құлқынның құлдарынан алысырақ

Алланың аманаты жанын бағам

 

Айтшы қәне барма әлде басқа амалым

Ен даладан неге артық тас қамалың

Сырты жылтыр нәрсенің іші бұлдыр

Иманымды бұзар деп жасқанамын

 

Құстай ұшқыр болғанмен көңіл деген

Жөн емеспе тобырдан бөлінбеген

Битке өкпелеп тоныңды отқа жақпа

Күресуден тұрмайма өмір деген

 

Ата сізбен қиындау келісуге

Өмір ортақ сіз үшін мен үшінде

Даналықты далада кім көреді

Араласып жүрмесе ел ішінде

 

Отырмын мен бабамның қыстағында

Осында өтті көктем,күз,қыс, жазымда

Құран, сүре, хадистер оқығаным

Жалғыз алла нұсқаушым, ұстазымда

 

Жүрегім тілегімде көппен бірге

Барға базар,бөлістім жоқпен күнде

Бір мысал хадистерден келтірейін

Шегініп бұрынырақ өткен күнге

 

Бір қарт кісі болыпты күні мендей

Орта дәулет күні жоқ түңілердей

Елден бөлек жалғыз үй күн кешіпті

Көшпелі бабалардың ізіне ермей

 

Отбасылы үй орта жас шамадағы

4,5-еу былдырлаған балалары

Зорлық көрген жандай боп қоныс тепті

Қарсы бұлақ бойына жағадағы

 

Ұзартқандай көршілер шолақ күнді

Сыр бөлісіп кемтігін толастырды

Келген күннен қария қаншама рет

Көршілерін мал сойып қонақ қылды

 

Тышқақ лақ дымы жоқ көршілері

Таңнан кешке жер жыртып тентіреді

Ұрықтық дән табысып қарияда

Қолдан келген көмегін келтіреді

 

Бітік шықты піскен жоқ астық әлі

Бұрынғыдан қартқа ермек жақсы бәрі

Шақырып жатпаса да іші пысып

Бір сәт кешке көршіге бас сұғады.

 

Кіре етке көз түсті табақтағы

Бірақ көрші кел депте жаратпады

Хал сұрауға келдім деп қайта шығып

Сасып қалып азырақ тағаттады

 

Мен көрші деп шырылдап шығар жаным

Бір күнімде қараспай тұралмадым

Жиі қонақ қылдымғой неге мені

Жақтырмады осыны ұға алмадым

 

Сылбыр басып қалпында өкпелеген

Көршіде өкпе, назы жоқ етке деген

Үйге жетпей көршісі тоқтатты оны

Ар мазалап артынан жеткен екен

 

Көрші ақысы емеспе бір тәңірден

Жарытып көргенім жоқ бұл фәниден

Қонақ етер күйім жоқ кейде тіпті

Табылмайды үзіп жер бір нан үйден

 

Есекті алла жаратты харам етіп

Ал мен оны отырмын тағам етіп

Құзғынның күйін кештім осылайша

Аштықтың азабынын амал нешік

 

 

Алла алдында адамнан жасырмадым

Елден қуды жұрт айтып ашынғанын

Енді сізде білесіз дертім осы

Сол себепті сізді асқа шақырмадым

 

Кешіріңіз таусылды ақтық үміт

Деді де кетті көрші шарт бұрылып

Алласына сыйынды ақырында

Таубасына келгендей қарт жүгініп

 

Сабақ алып осындай қиын күннен

Адамдық бұл Алланың сыйын білген

Сандығынан бір дорба ділдәні алды

Қажылыққа барсам деп жиып жүрген

 

Жарқабаққа соғылған сеңдей болып

Бір қора малын түгел теңдей бөліп

Таң сәріде көршіге өзі келді

Арқалап ділдәсінда бөлмей толық

 

Көрші айтты тәңірден сый саналмайтын

Мұндай жомарттығыңды ала алмаймын

Қария айтты көршім аштық азабынан

Құтылмай қажылыққа бара алмаймын

 

Бұл іс жетті сырғада көк төбеге

Қажылыққа барғанмен меккегеде

Күнаһардың досы деп сөккенде бар

Жалпы жұрт жақсылықты ескереме

 

Осы сөзге нүктесі қойылмаған

Ақтап адал іс жоқ деп ойында арам

Пайғамбар сол сауапты тірлігі үшін

Қарияны қажы деп мойындаған

 

Білсеңдер дүние босқа құралмаған

Күмәніңді келтірме бұған балам

Бармен жоқтың арасы бірақ қадам

Күдер үзбе сол үшін бір Алладан

 

Қастық, тоқтық, мен-мендік мастығыңда

Жаныңа жақсыны жый жастығыңда

Қариядан ұққаным күнә жасау

Адамзаттың иманға аштығында

 

Жолығу қиын адал адамға кеп.

Жаласын жабамыз ау заманға тек.

Ойлаймын өзін құдай көретіндер.

Есектің етінен де арамба деп.

 

Пәк сәбилік күн кешкен әу басында.

Есейіп күнә табар сау басына.

Тірі күнде болмаса пайдасы не.

Өлгеннен соң келгені тәубасына.

 

 

Керкулік делегаттарға.

Айшылық жолың қысқарып

Пойызбен самғай бер.

Жетердей болды үш қарғып.

Көктегі айдай жер,

Таңнан – таң.

 

Кереку Түркістан елі.

Асаттық асай бер.

Арасын елдің жалғаған,

Елбасы жасай бер.

Әрқашан.

 

Солтүстік тұңғыш бәрің.

Түстікке жол тұстадың.

Қарсы алып жатқандаймыз,

Жыл құстарын.

 

Кереку жыр дастаным.

Киелі Түркістаным.

Бауырлар басын қосып,

Нұр құшқан күн.

 

Ардақтап келіп қалатын.

Осындай халқым бар.

Шашумен қарсы алатын.

Дәстүрлі салтым бар.

Әрдайым.

 

Зиярат етсең бабаға.

Бір Аллам ескерсін.

Тарихы терең қалаға.

Ел жұртым қош келдің.

Ағайын.

 

 

Бірақ ой,бірақ амал.

 

Қан кешіп мұз бұлақтан

Көз жасы сыздап аққан

Мұң-шерін қыз баланың

Кім болды тыңдап жатқан.

 

Анасыз-панасыз да

Мойымай шарасызға

Тұрса да жүрек біліп

Отанын тірек қылып

Өлем деп мойынсыпбай

Соғысқан білек түріп

Кім көңіл бөліп жатты

Сол қазақ,қара қызға.

 

Ой тербеп толқындарша

Жай жату болсын қанша

Бірақ ой,бірақ амал!

Ол соғыс,ол тек жан ал!

Соңғы дем таусылғанша

Соңдғы күш сарқылғанша

Бірақ ой, бірақ амал.

Ол соғыс, ол тек жан ал.

 

Мұз кешіп,қар жастанып

Жол тартып қанша апталық

Рұқсат жоқ сүйремекті

Өзімен бірдей етіп

Арқалап пулеметті

Күндіз-түн құндақталып

Міндетті бірге атқарып

Соғысқа бірге аттанып

Даңққа бірге кетті

Өйткені Мәншүк мәңгі

Ұлы Отан соғысының

Батыры пулеметші

 

Үлгі етіп ұрпақтарға

Батырдың ұрандарын

Көзіндей тәрбиелеп

Баулытып қырандарын

Жеткізіп алпыс жылда

Жетпеген бір арманын

Той еткен тоғыстырып

Ішінде бір арнаның

60 жыл мерекеңе

Қуана жыр арнадым

Мәншүктей тәуекелшіл

Жетілсін ұландарым.

 

 

Жеңіс күні

Жеңіс.Жеңіс.

Жеңіс күні – шарлады ән көгімді.

Ура – ұраны жеткізіп жан сөзіңді.

Германия түбінде жан алмасып,

Жеңіс бізде дегенше қан төгілді.

 

Жеіс.Жеңіс.

Жеңіс сөзі бауырлардың.

Қарсы алуы батырын ауылдардың.

Жеңіс сөзі арманы қыршындардың,

Аса асқақ арманы Бауыржанның.

 

Осы бір сөз көңілге ұнап тұрып,

Бөрігіңді аспанға лақтырып.

Сүрініп те, құлап та, құшақтасып,

Қарсы алдырған бақытты жылап тұрып.

 

Көтеріліп серпінмен ел ұсқыны.

Шаттанып бүкілСССР кеңістігі.

Бейбітшілік орнаған елімізге.

Бүгінгі күн ерекше жеңіс күні.

 

Қырандар мен жыраулар

Бағындырып биік-биік заңғарды,

Қалың отқа орап асыл арманды.

Қанқұйлының қыспағынан ығысқан,

Күдер үзіп пана тұтқан ұлыстан.

Кім жұбатты жаутаңдаған жандарды,

Кім тоқтатты араны ашық хандарды.

Сенің алда шығар шыңың жарқын деп,

Бірігіңдер...

Жаңа өмірге талпын деп.

Ел жұртымен ет жүрегі езілген,

Әр сөзінен әділдігі сезілген.

От ауызды билер ғана халқым деп,

Орға жықпай сақтап қалған салтын тек.

 

Санамыздан кетер емес

Қанға сіңіп, бойға қатқан қыраулар.

Жауап таппай талай тылсым сұраулар.

Жібітуге, үгітуге жол ізгі,

Саңлау іздеп қанша мықты қол үзді.

Былай тартса шыңырау құз,

Былай тартса қылау жар.

Тар жолдарда тайғақтаса,

Ел көңілін кім аулар.

Ара түсіп арыстарға,

Халық үшін қарысқан да,

Қызыл тілмен салысқан да,

Ақиқатты алға тартып,

Дүлейлермен алысқан да,

Жыраулар.

 

Қыспағынан шыға алмай тағдырдың,

Уа қыраным!

Сен қай жерде,

Қанатыңды талдырдың.

Зілі батты,

Қай ғасырдың,

Қай жылдың?

Қайтіп,

Қалай,

Өрлігіңнен айрылдың?

 

Қыран едің,

Қырағы едің,

Тізгініңді ұстатпаған өзгеге.

Сол қалпыңды ұстап қалдың,

Шыңғыс ханның ұрпағы кеп,

Хандық құрған кезде де.

 

Ол кезде де құзғын біткен,

Қыранымның алдын орап ұшпаған.

Төл қазақтың батырындай,биіндей,

Ел жұртым деп,

Сұм ажалды құшпаған.

Хандарды да өзі сайлап,

Билетпеген еселі.

Оған дәлел...

Бұқар жырау кешегі.

Түсін жорып,

Өңін өңдеп,

Болжамдап.

Сондай қатал керек болған тұста хан,

Абылай ханды уысында ұстаған.

 

 

Тарих куә

Кеңдік қылды,

Өрлік қылды

Кім кімге.

Мұның зілі

Кете қоймас бір күнде.

Зұлымдыққа тұншығып,

Әділдікті ту қылып,

Адуынды жыр боратқан Һас жырау,

Махамбетті атап өтпеу мүмкін бе.

 

 

Бұдан кейін орыс келді,

Теріс киген тонымен.

Қу заманның түлкілері,

Жүрді соның жолымен.

Қуғын сүргін құрбандары,

Тазы болып баққанда.

Бір-біріне демеу болып,

Үлкен үміт артқан да,

Жыр жолымен намыс отын жаққан да,

Сәкен, Ілияс, Мағжан сынды арыстар

Құмай болып шала алмай,

Туралығын таба алмай,

Шерін айтып

Қызарып күн батқанда,

Аманатын табыстап сап

Ақ таңға,

Қан жылады

Орыс құрған қақпанда.

 

Осы тұста

Су алғаны айдынның,

Қыран құста

Қанатыңнан қайрылдың,

Өрлігіңнен айрылдың.

Бір нәрсеге тәубе етемін арман боп,

Жыраулардың жыры тоқтап қалған жоқ.

Міне осы

Көңіл хошы,

Байлығым.

 

Естіу қандай қиын еді

Сонау тарих шындығын

Тәуелсіздік қанша милярд

Толса дағы жылдығың

Теңдік үшін зұлымдықтың,

Тартқан қуғын – сүргінін

Арыстарды еске алып,

Бүкіл қазақ тік тұрып,

Таңнан кешке аза тұтар күн бүгін.

 

 

Тәуелсіздік үшін күрес.

 

 

Тым ауыр тарихымды парақтасам

Мойынсынған халықпыз азапқа сан

Қайсар рух бейнесі елестейді

Желтоқсанның ызғарын сараптасаң

 

Еркіндігін ерекше бағалар тым

Көрсін әлем алаштың шама шарқын

Алаңдағы жастарды тоқтатып көр

Аманатын ұстанған бабалардың.

 

Талат мейлі итіңе анталаған

Суық су шаш ызғарда сан-саладан

Ұл қыз демей, аяусыз зорлық көріп,

Тірідей көмілсе де қаншама адам.

Бабалардың сарп еткен сара жолы

Тәуелсіздік жолында жан садағам.

 

Бір Алласын сыйдырып санасына

Төзбеген өзге жұрттың табасына

Азаттықтың ең соңғы құрбандары.

Қараңдаршы қазақтың баласына.

 

Өне бойын ақын-жырау

Қасиеті тербеген,

Құдай оған жалтақтылау

Титтей мінез бермеген.

Желтоқсанда...

Мұзға жаққан алауда,

Қалың жасты

Бастап шыққан алаңға

Сондай қиын

Қыспаққа алған заманда

Мақсатында айқын айтып көздеген

Айтып өлген өлең шумақ сөзбенен

Қайраттайын қайсар рух кемде кем.

Соноу тарих тағылымында қашаннан,

Теңдігі үшін қыран құстай қасқайып,

Ажал құшу болған емес басты айып.

Арманына жету үшін өз деген,

Еркіндік деп қорқынышты сезбеген.

Қайраттайын.

Ерлік үшін туылып,

Елі үшін мерт болу,

Пешенеге жазылмайды кез келген.

Ия солай

Мың тіріліп,

Мың өліп.

Тағдырынан,

Аса ауыр сын көріп

Бүгінгі таң,

Бейбіт күннің тал бесігін тербеген

Маңдайына қазақтың

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеген.

 

 

Азат таң

 

Таң көрінді, шырайланып, нұрланып,

Ән өңірі, тұрғандай бір ырғалып.

Таңғы шықтар, алтындайын шағылып,

Бесігінде жатты бәрі таңылып.

 

Қара түнек, қалың ұйқы мұң басқан,

Қимай-қимай, қош айтысты түнгі аспан.

Таң мен шолпан, қос ғашықтар жолықты,

Өң мен түстің арасында сырласқан.

 

Тіптен сон-оу, шегіртке де шырылдап,

Барша жәндік сазға түсті ызыңдап.

Пай-пай шіркін! Тіршілік-ай, тіршілік,

Тірі жанға таңмен келер ғұмыр бақ.

 

Міне күн де, шықты ақыр жарқын нұр,

Шық шағылып, болды әлем алтын сұр.

Күн мен түннің, өң мен түстің арасы,

Қараңдаршы Һас сұлу ғой халқым бұл.

 

Кешегі мен бүгінгі өткел кезеңдей,

Қалмау қиын бір ғажапқа бөленбей.

Таң келеді қара түнді қақ жарып,

«Ей, қазақтар, күнің туды» дегендей.

 

Я жаратқан, күш қайратты екіле,

Көсілмеймін, шешілмейін несіне.

Азат таңды азан айтып қарсы алу,

Алаш үшін Алла берген несібе

 

 

Ауған соғысының ардагерлеріне

Қаралы күндер үрейлі түндер.

Жазықсыз жалғыз жоғалған іздер.

Өмір мен өлім жүздескен кезде,

Ажалға қарсы оқ аттық біздер.

 

Жігін айырар доспенен қастың.

Ұқсайды соғыс асау бір тасқын.

Майданда солбір еріксіз тамған.

Өтеуі қымбат бір тамшы жастың.

 

Ауғанда он жыл, оқ жауып көктен.

Аналар қанша көз жасын төккен.

Батырға барша бас исін ұрпақ.

Жаралы жүрек еліне жеткен.

 

Шарықтар асқақ уақытта енді.

Жетеле жарқын бағытқа ерді.

Тілерім алла алаштың ұлын.

Бөлеші бейбіт бақытқа елді.

 

****

 

От ішінде өткізіп дәуіріңді.

Ауғанда арқаладың ауыр күнді.

Жауыңның жанын алып, бір жағынан.

Аллаға табыстадың бауырыңды.

 

Кеуде де, еркін шықпай құмай демің.

Буылып ертелі кеш қынай белің.

Лажсыз жауға аттанып, жер жастанып.

Құштыңдар қан аралас лай жерін.

 

Шабақтай...

Тұмсығынан қорғанған шағаланың.

Арқалап қу тағдырды қара нарын.

Соғысқан күнге өтіпті жиырма жыл.

Оқ астанан оралған ағаларым.

 

Ардагерді құрметтеу көпке лайық.

Ардақтамай асылды тек қалмайық.

Бар батырды бағалап, байыппенен.

Құрбандарды құрметпен еске алайық.

 

Мақтанышпен қарайық тіпті сосын.

Һас батырлар жиылып тікті қосын.

Ауғанда жан алысып, жан беріскен.

Ардагерлер мереке құтты болсын.

 

Бүгінгі күн мереке құтты мына.

Ұқпағанға тиіспіз ұқтыруға.

Келешек үшін күрескен кешегіге.

Бүгінгілер міндетті тік тұруға.

 

Қыс қария

 

Сықыр сықыр сары аяз шаншылатып.

Жердің жүзін көк мұз қып жалтыратып.

Қырт қырт басып қар кешіп жүрген мына,

Тірі жанды барады қалтыратып.

 

Билігін де жүргізгіп су бетінде

Жылылықты сыйлауды үлгі етуде

Аласапыран ғұмырдың бейнесі бар.

Ақ қырау әйнектегі суретінде.

 

Аппақ қар ақ матадай жер бетінде.

Жалаң ағаш жас сәби келбетінде.

Бесігіне таңылған тіршілікті.

Көктем келмей болмайды тербетуге.

 

Қадірле деп қыс тұрса міндетсініп.

Қатқан қолды жылытып үрлеп тұрып.

Қарт адамдай сезініп бұл мезгілге.

Аянышпен қараймын құрмет қылып.

 

Көктем келе оянып дала жұмыр.

Тірі тіршілік келеді саналы бір.

Осы мезгіл байқасаң мың құлпырып

Адамзатта ұқсайды бала ғұмыр.

 

Ұлы ұрпағын сүйдіріп ұрығынан.

Жаз келгенде күн күліп тұғырынан.

Адамзаттың үйленіп бала сүйер,

Ата-аналық сыр берер ғұмырынан

 

Бар жемісін ақтарып ізденгенге.

Жаны сыздап табаннан сыз енгенде.

Алланың әміріне бағынадау.

Адам да күңіреніп күз келгенде.

 

Аппақ қар жалаң жанды көрікті етер.

Қытымыр деп қарама жеріп бекер.

Қыста-басы ағарған қариядай.

Қардай жерге қайтадан еніп кетер.

 

Тіршілікті аяла санаң барда.

Жаман қыста болмайды жаман қарда.

Құрметпенен қараңдар қыс мезгілі,

Ұқсайды ол қартайған адамдарға.

 

Жайдарылар.

 

Бар өмірім.

Нар көңілім.

Толқиды тебіреніп,

Елім менің.

Жан жүрегім.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных