Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аман бол абыздарым. 5 страница




Жер дүние айналып тұра алмай\

Ауызынан жыны ағып тала кетті

 

Әншейін бір қызықты көрейін деп

Атасының ісіне ерейін деп

Өліп кете жаздадым құрсын насыбай

Деді өйткенше темекі шегейін деп

 

Құрысын насыбай деген қай қайдағы

Атам деп шықты ішімнің бөрі ойнағы

Атып алып былқ етпей жата берер

Атам батыр екенғой деп ойлады.

 

Көкем менің керемет шырақшы деп

Темекісін алдыда тұтатты кеп.

Тартып қалып қақалып шашалдыда

Дем жетпей балақайды жылатты кеп.

 

Құрысын темекі де жаман екен

Дел сал қылып мазанды алады екен.

Аузы ошақ, мұрны мұржа балып жүрген,

Көкемде өте батыр адам екен.

 

Насыбайда, темекіде болмайды екен,

Жақсысы жоқ көңілге қонбайды екен,

Атам менен көкеме оң солы бір

Қайта қайта тартсада тоймайды екен.

Өз мазасын өздері кетіргенше

Неге осыны көкемдер қоймайды екен.

 

 

Қарындастар

 

Қарындастар қара көздер тұп-тұнық

Дүние тұрар,қызбен гүлден құлпырып

Қанша нәзік жүректерді жаралар

Қара ниет көкейдегі бір күдік

 

Ізет сақта үйде мейлі жолдада

Сонда ғана соқтықпассың сорғада

Қырық үйден тиым салған биязы

Қазақ қызы деген атты қорлама

 

Сұлулықты ақтығыңмен анықта

Сыр сандықтай,сыр сақтаудан жалықпа

Кімнің қандай екендігін көрсетер

Киіміңмен қырсық мінез танытпа

 

Сырт бейнелер салдырмаса өкініш

Ішкі сырлар,алдырмайтын бекініс

Сұлулыққа сызат салмай, ей ару

Сырт бейнеңді қымтап жүрші өтініш

 

 

Әйелдер мерекесіне

 

Әйел ана тіршілітің пірісің

Әйел ару кең дүние гүлісің

Әйел ғажап даналардың үнісің

Әйел ыстық көкте күннің нұрысың

Әйел заты бұл бір бөлек құдірет

Тарататын тіршіліктің тынысын.

 

Сүйген сұлу

Мен ол жанға ғашықпын ғажап –ақ жан

Жүрегімді еріксіз мазалатқан

Не істеседе сұлу ол жан тәнімен

Соны сүйем не күйге қарамастан

 

Мейлі соқыр болсын және ол керең

Шын ұнатса асау жүрек дүрбелең

Өз өзіңді алдағанмен шара жоқ

Сезім асқақ ал махаббат ол терең

 

Менің жаным тұрсадағы нан илеп

Соның өзі бір керемет ғанибет

Аппақ нәзік білегімен електі

Тербеп отыр ұнды салып әлдилеп

 

Менің сондай шын ұнатқан жаным бар

Жүрегімде оған деген жалын бар

Сүйген сұлу бердім саған бәрінде

Керек етсең жүрегімді ал, жанымды ал.

 

11,01,2006

 

 

Сырласу

-Қайран қыздар айтыңдаршы кім едің?

Әлде қырда жырақта өскен гүл ме едің?

Әсем нұрын шапағатын төккен ай,

Әлде аққу арысыңба білмедім.

 

Адамзаттың бағындағы күні мең,

Табиғаттың сары алтындай күзі мең,

Сұлулықты әнге қосып жырлаған,

Дарындардың,даналардың үні мең.

Рабиғажан берші осының жауабын,

Таба алмадым ұзақ ойлап түнімен.

 

-Мен үшін бұл сұрақ еді күрделі,

Біраз болды жауап іздеп жүргелі.

Қайдан ғана түсті екен ойыңа,

Жауап сұрау,қинап Сайлау бір мені.

 

Сонда-дағы жауап іздеп көрейін,

Қыз біткенді бәріне де теңейін.

Анам айтқан бір сөзі бар ойымда,

Сол бір созді саған айтып берейін.

 

Қыздар ердің сүйегінен жаралған,

Әсем гүлдің шырынынан нәр алған.

Жігіттердің тірегі де жүрегі,

Өн бойынан күннің нұры таралған.

 

Қыз дегенің махаббаттың тәңірі,

Пәк сезімнің үзілмейтін тамыры.

Тіршіліктің нәрі тағы болсын деп,

Жігіттерге жаратқан ғой тәңірі.

 

 

Неке жүзігі

 

Біреуі біреуінен асып туған.

Қандай күш қос періні ғашық қылған.

Неке жүзік тағайық қос ғашыққа.

Ұлы сезім сырларын азық қылған.

 

Ал жүзігім ниетті ақтағайсың

Ғұмырлық бол жыл емес апта да ай күн.

Жанарынан ұғысқан жас шаңырақ.

Аллаға берген сертті сақтағайсың

 

Елес сұлу.

Сен не бары елессің екі күн көрген.

Сол екі күнде жүрекке екпін берген.

Елес болып қайтадан жоғалғанда.

Менде өзіңмен жоғалып кеткім келген.

 

Жапырақтар қалтырап сыңсыған күз.

Қайда сол бір сезімді шымшыған қыз.

Жалған десең жанымды ауыртады.

Сыңсыған күз, біз бәлкім шын шығармыз.

 

Қайда қалай табамын елесімді.

Қарт саябақ сен айтшы кеңесіңді.

Аққайыңдар ғашықтар атын жазып,

Жаралап кетіптіғой өңешіңді.

 

Сан жапырақ алмасты содан бері.

Кінәлап тұрғаным жоқ оған сені.

Сансыз сырдың куәсі сарала күз,

Айырған жоқ едіңғой одан мені.

 

Қарт саябақ мен сенен алыстадым.

Аққайыңға сырымды табыстадым.

Жапырақпен ойнаған сұлу қыздар.

Сияқтанып тұрмайма таныстарың.

 

Мен ол кезде жас едім, тентек едім.

Елес болып өзіңде еркеледім.

Саябағым сұлулар саяңдағы.

Елесімнен туылған еркелерім.

 

Әне отыр ол ойнатып жас баланы.

Әлдиіне ұласқан асқақ әні.

Біз елесті шындыққа айналдырдық.

Қайда ессіз ғашықтың басқалары.

 

Аяулы әнім.

Көңілдің сәні де, әні де сен.

Сәбиім өмірдің мәні де сен.

Аяулым ақ таңым.

Асылым мақтаным.

Бәрі де, бәрі де сен.

 

Көзімнің нұры да, ханымы сен.

Сезімнің сыры да, ағымы сен.

Әкенің жан сыры.

Ананың асылы.

Таңы да, бағы да сен.

 

Аяулы әнім.

Арай бағым.

Бір сен үшін.

Бір сен үшін.

Артыма қарайладым.

 

Жас жұбайлар.

Қысылып ұялғандай жер бетінен.

Айналдым ақ келіннің келбетінен.

Қарашы жұбайлардың жүрегіне,

Аққудай көл бетінде тербетілген.

 

Айындай көктің көркі алаңдағы.

Шолпанымен табысқан азандағы.

Жұбайлар келе жатыр бір басқандай,

Жүректің дүрсілімен қадамдары.

 

Ешқашан тарқамасын шаттықтарың.

Көрсетер алдағыны уақыт бәрін.

Маңызы махаббаттың арта берсін,

Баянды болып осы бақыттарың.

 

Ақ келін аппақ келін керім кеген.

Әлі де бет моншағы төгілмеген.

Ана бол балаларың қаумалаған.

Әйел бол отағасын ерім деген.

 

Дәстүрге.

Арма алашым дейтін ұлын жарықтым.

Қуаттысы деген иман азықтың.

Асылында ұлы болмай атаңның,

Ұлтаны бол деген барша халықтың.

 

Ия артық қазақтығым маған тым.

Қызу қаны бойымда бар бабамның.

Иманды өлке Түркістанда туылып,

Қасиетті топырағынан нәр алдым.

 

Жылқылы өлке, түйелі өлке маң – маңгер.

Бас байлығы салт – дәстүрі болған ел.

Игі жақсы басын қосқан Түркістан,

Жаратқанның шапағаты қонған жер.

 

Құл Қожахмет Яссауидің тұрағы,

Рух берген көк күмбезді мұнары.

Аузында АЛЛА батагөй қарияның,

Намаз сайын оқылады құраны.

 

Салтыменен ұлт танылып жатқан ғой,

Ұрпағыңа талап қойсаң бастан қой.

Түркістанның халқы үшін жоқ білем,

Рамазан мен наурыз тойдан асқан той.

 

Бұл жер салттың шегеленген шаһары.

Құда түсіп, қыз ұзатқан баталы.

Мекенімде азан айтып, ат қойып,

Көкпар шауып, бәйге беріп жатады.

 

Оюлы өрнек, кесте тоғыз жинағы,

Ана қандай қыз өсірген ибалы.

Иіліп бір, сәлем салар келіннің,

Жүзінде иба, жүрегінде иманы.

 

Ана тілім толып тұрған кемелге,

Туған жерден қадам бастық өнерге.

Талай батыр, ғалымдардың ордасын,

Кім сенеді салт – санасыз дегенге.

 

32 – ұлт байрағы тағылған,

Бесігінде бейбітшілік таңылған,

Елбасының қолдауымен тұғырлы,

Халқаралық оқу орда салынған.

 

Дін ислам Ясауидің мекені.

Баршаға һақ, құтты өлке екені,

Көк күмбезден шыққан азан АЛЛА деп,

Жерде құлдың, көкте нұрға жетегі.

 

 

Бақ құсым

 

Бір қарабақ.

Мені кеттің сен жаралап.

Жердің беті еркем.

Сендей көркем.

Арулармен ғажабақ

Махаббатты сездірген.

Кездесермін өзіңмен.

 

Еліктірдің мені.

Ерке сылқым бейнеңмен.

Тулап жатыр жүрек.

Сені аңсап күйзелген

Ләйліні ойлап тегі.

Мәжнүндейін күйге енген.

Саған жаным зәру.

Ғашық еткен ару.

 

Сенсің емі.

Айықпас дерттің мендегі.

Серігім сен жалғыз.

Сонау аңыз.

Сыңар аққу көлдегі.

Сүйген ыстық сезімнің.

Сырын енді сезіндім

Ғашықпын саған.

Бағыма.

Орнаған.

Бақ құсым.

Қон маған.

 

 

 

Сезім арпалысы

Сен бе едің

Тулатқан тау тағысын

Кел деп едің

Қиылып талма мүсін

Пенде едім

Тасыған ар намысым

Кем бе дедім

Тағыда жалғар ісім.

 

Алаңдадым

Жоғалтып аламба деп

Самалдадым.

Саяжай алаңға кеп.

Табалмадым.

Әйтседе табамба деп,

Қарайладым

Бақтағы адамға көп.

 

Боп-боз керім.

Таптым-ау ұзақ тұрып.

Солқ-солқ еткен

Жүрекке құлақ түріп

Жоқ жол дедің

Жаныма тұзақ құрып.

Қош бол дедің

Қия алмай жылап тұрып.

 

Азаматтың

Қарамай қалауына

Азап тарттың

Улы ой тарауында

Қарап қаппын

Кіршіксіз аяулыға

Махаббаттың

Май құйған алауына.

 

Қол сұғусыз

Жайқалған жасыл бағым.

Торығусыз

Сегіз жыл қасыңдамын

Сау болыңыз

Деп сонда ашынғаным

Сол сұлу қыз

Бүгінгі асыл жарым.

 

 

Менің демеушім.

Асау-асау мына өмір ағысында.

Бет түзеген беймәлім бағытымда

Жаныма жалау болар жарым менің.

Абыройым, демеушім, намысым да.

 

Әйелге құдай қосқан тұрағы сын.

Өзі жаққан отанның шырағы үшін.

Өзін емес алдымен ерін ойлап,

Тағдырының түзейтін ұлы ағысын.

 

Сен менің өмірімнің шырағысың.

Мәңгілік махаббатым сыңарымсың.

Шөліркеп талып ішер бұлағымсың.

Жүрекке жай таптырған жұмағымсың.

Қорғаушымсың, қолдаушы тұмарымсың.

Қуатымсың, қанбайтын құмарымсың.

Мен сені сүйіп өтем, өйткені сен.

Мендік кәусар сезімнің тұрағысың.

Кіші бақ.

Қызыр күнді орадың қызыл гүлге.

Мың құлпырып барады жүзің күнде.

Ойға батып кетіппін қызығып бір

Бал-бұл жанған түріңе үңілдім де.

 

Сен өсерсің балақай қылықтана.

Жақсылықтың өрісін ұғып қана

Қылау таппай қыл жаның таза мінсіз,

Тұла бойың түзелсін тұнықтана.

 

Өзің келіп өмірге тал шыбығым.

Тіке тұрды асығым алшы бүгін.

Бала болып кетемін кейде өзіңмен.

Өткен күннің еске алып бал шырынын.

 

Талшын едім бүр жарып,гүлдедім мен.

Қос шырағым, түрленіп тілдеріңнен.

Кіші бақты бақшаға айналдырып,

Тағы бір жан келеді іздеріңнен

 

 

Қош келдің. Наурыз.

Көктем келді тәңірі жер тіріліп.

Жасыл алқап гүлденіп сел жүгіріп.

Бар мұсылман жадырап жарқын жүзбен.

Наурыз тойын тойлауда ел бірігіп.

 

Кел ағайын. Шырқайық наурыз жырын.

Жыйналыңдар қалмаңдар бірде бірің.

Ұланғайыр әлемге ұран салып,

Қарсы алайық ұлыстың ұлы күнін.

 

Алтыбақан орнатып қырға бүгін.

Тыңдай жүріп әншінің шырқар үнін.

Ат шаптырып аламан бәйге беріп,

Көкпар шауып байқайық ер тақымын.

 

Бозбалалар ұсынып қызға гүлін.

Сөзін алып шолпылы сырғалының.

Бастанғыдан шыққан соң ақсүекте,

Шегі барма айтылар сырларының.

 

Атқа мініп, қыз қуып теңге алайық.

Төс қағыссын палуандар ерге лайық.

Наурыз көже, қымыран, қымыз құйып,

Ас берейік дастархан кеңге жайып.

 

Серілерде шырқасын асқақ әнін.

Тұсауыда кесілсін жас баланың.

Айтыстырып арқалы ақындарды.

Батасында алайық ақсақалдың.

 

Армысың көктем.

Арма қазақ. Асыл текті айбарлы.

Арма қазақ. Салт дәстүрі жайдарлы.

Арма қазақ. Ұқсас көктем айлары.

Арма қазақ. Желбіреген байрағы

 

Жаса қазақ. Қайта үнің жаңғырып.

Жаса қазақ. Атсын алдан таң күліп.

Жаса қазақ. Тербе әлемді ән қылып.

Жаса қазақ. Жаса. Жаса. Мәңгілік

 

Қайда көктем қаз үйрегі тізілмей.

Көктен жерге, жерден көкке үңілмей.

Сыңғыр суы, тырна, самал дауысы.

Күмбірлемей домбыраның үніндей.

 

Ертегідей айналаға қарашы.

Мынау байтақ елімнің жоқ таласы.

Күн жарқырап, күркірейді көк аспан.

Гүлге оранып ерке назды даласы.

 

Көктем келіп басылғанда дауылдар.

Жарқ-жұрқ етіп найзағайдай жану бар.

Нөсерлетіп төгілгенде көктен нұр.

Би билейді қолшатырлы арулар.

 

Кесек-кесек шағылысып шоқ тастар.

Суға толы сыңғырлайды жылғалар.

Сансыз құсқа жол көрсетіп топ бастар.

Туған жерге қош келдіңдер тырналар.

 

Жасыл желек сансыз гүлдер біріккен.

Жер анаға айтарым тек алғысым.

Тіршілікке тыныс беріп тірілткен.

Қайта оралған көктем айы армысың.

 

Арма көктем ай мен күні теңескен.

Гүл тергізген қызыл желек белестен.

Тәңір сүтін тамырымен тартқылап,

Тірі дүние тіршілікпен кеңескен.

 

Самал есіп жылы жайдар үп еткен.

Жиі-жиі дүрсілдейді жүректер.

Халқым тілеп тумысы бір бір тектен.

Сансыз сауап айтылады тілектер.

 

Ассалаумағалейкум тіршілігі тынымды.

Халқым менің таразылар өткенін.

Құтты болсын жарқыраған бүгінгі.

Қайта оралған қайырымды қөктемің.

 

****

 

Келдіңбе көктем мақаббат деген сырды алып

Әдемі жүзің нұрланып

Бір гүлге, бір гүл ырғалып.

Түсінбей жатып сырды анық

Жүрекке енген ұрланып

Ұйқыда жатқан ұлы сезімге бүр жарып

Алау сезімді орнатып,

Тоғыз ай бойы толғатып,

Қош келдің көктем алдағы жақа жылды алып.

 

 

Армысың ана- жетелер асыл ой алдан

Армысың жеңге- гүлдерге көркі боянған.

Армысың көктем- ұлы сезімнің бастауы.

Арулар арма- махаббатты ойлап оянған.

 

 

Көктем сендерден, сендер көктемнен нәралып

Ару ғұмырдан тірі тіршілік жаралып.

Бақыт орнасын осынау жердің бетінде

Махаббат деген ұлы сезімнен таралып.

 

Жас таланттарға

Балақай сеніңбұлбұлдай әсем әнің бар.

Жаратқан жазған басыңда сондай бағың бар.

Ерікті рух еркін болсыншы баршаңда.

Бір шибен бастау алатын болсын жалындар.

 

Ән әлемі тұр шақырып сегні ұзақтан.

Болыңдар елдің бағына жанған шырағдан.

Дария, теңіз сендердей ғана білсеңіз.

Құралған кәусар кішкене ғана бұлақтан.

 

Талант түртеді, талап күтеді бәріңді.

Әміре сынды әмірге бағынт әр үнді.

Жез таңдайыңмен, күміс көмейің барында.

Еліңе арнап, әлемге таныт әніңді.

 

Үш саты.

Тал бесіктен тәрбие тарамас па

Руһ алып азамат пен азаматша.

Ұлы жолда ұстанар ұлт ұранын,

Болашақтың бастауы бала бақша.

 

Оу менің мектептегі ұландарым,

Ұландарым балапан қырандарым.

Ертеңгі елің үшін еңбек қылар,

Болу керек бәріңнің бір арманың.

 

Ізденуші қыз жігіт бала мүсін.

Бар сенің тұла бойда қара күшің.

Жұмса соны ел үшін, жүрме босқа,

Бір жапырақ диплом сын қағаз үшін.

 

Ұстаз сөзі ұлықты салтанатты.

Ұстаз ғана айнытар шартарапты.

Ұлт тірегі сендерде сондықтан да,

Мен қазақпын деп баста әр сабақты.

 

Студенттер сынақтан сүрінбеңдер

 

 

Студенттер сынақтан сүрінбеңдер.

Өзгені ойлап тектен тек бүлінбеңдер.

Қиналып күйзелсеңде іштей біраз.

Сырт көзге сыр алдырмай күлімдеңдер.

 

Студенттер сынақтан сүрінбеңдер.

Қатарына әлсіздің ілінбеңдер.

Болашақтың кілті бар қолдарыңда.

Сондықтан да ешкімге жүгінбеңдер.

 

Студенттер сынақтан сүрінбеңдер.

Баға үшін ешқашан жүгірмеңдер.

Сенің бағаң арыңның ақтығында.

Ардан өзге нәрсеге түңілмеңдер.

 

Студенттер сынақтан сүрінбеңдер.

Сүріндім деп бәсеңсіп бүгілмеңдер.

Бұл сынақтан сүрінген ештеңе емес.

Болмаса өмірінен сүрінгендер.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных