Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аман бол абыздарым. 4 страница




Аман қалдырдың алашты.

Азаттық беріп жаратқан.

 

Ей орыстың баласы.

Қазақты итке талаттың

Аштыққа күнін қараттың.

Кең байтақ асыл байлығын.

Оңды да солды жараттың.

Арысын атып, қалғанын.

Ит жеккен жерге тараттың.

Абақты менен айдауда.

Атасын тартты азаптың.

Аллаға шүкір бұл күнде.

Жалмауыздардан азатпын.

Көкесін папа дегенге,

Намыстанатын қазақпын.

 

Қастықпен орыс жан сөктің.

Кілең тектіден қан төктің.

Жеңілген жоқпыз біз бірақ.

Асқақ рухыма тәнті еткін.

Егемендікті ту қылып.

Менің елім деп әндеттім.

Мен қазақпын деп сөйлеуге.

Арыстар үшін ант еттім.

 

Алаш деп өткен арыстар.

Өртеніп өлген намыстар.

Құрбандарына қуғынның.

Күн бүгін құран бағыштар.

 

Мамырдың отыз бірінде.

Сауапты іс жаса тіріңде.

Садаға тарат, тәубә қыл.

Жеткенің үшін бүгінге.

 

Аллахуакбар. Аллахуакбар.

Азан шақырдым арыстар.

Алланың нұры жаусын деп.

Сіздегі рух, намыстар.

Ұрпақтан-ұрпақ аусын деп.

Атасы басқа алыстар.

Тамсансын алаш рухына.

Біз шыға алмайтын таусың деп.

әмин.

 

Қатыгездік.

 

Тарих куә шырылдап сыр тартқанға.

Сыздатады жанымды сын шақтарда.

Құмы көшкен дария сияқтанып,

Арнасынан ауғандай ұрпақтарда

 

Көңіл қалды қуарып гүлденбеген.

Ұсақтанса мінезім кімнен көрем.

Қатыгездік барады елді жайлап.

Қылыштай қан көрсе де қын көрмеген.

 

Бүгін құрсау салмасаң жаңа ғасыр.

Жан шошудан қалады ау қара да тұр.

Азғындықтың аузында ауыздық жоқ.

Тасқын судай елді алып бара жатыр.

 

Бас шабылмай қоймайды ау, дар асылмай.

Қылмыс көп қалып жатқан тағы ашылмай.

Жылдан-жыл отыз пайыз арытуда.

Тоғыз туған шошқаның баласындай.

 

Өткен күнің халқымау азалы еді.

Әйтседе жүрегі әйгі таза дені.

Бүгінгідей қатыгез болмау керек

Мен оқып танып білген қазақ елі.

 

11.02.12ж.

 

Өкініш.

Құдайау жүрегімді тілгіледің.

Күндізгі де, тарылды түнгі демім.

Жеңешеме ғайыптан саулық тауып,

Ғұмыр берші жаратқан шын тілегім.

 

Алысам деп көкшелік дауылменен.

Қош айтысып кетіп ең ауылменен.

Арбасуға келмейтін алмасуға.

Қиын нәрсе екенау бауыр деген.\

 

Естілген жоқ едіғой байғыз әні.

Қандай ғұмыр өзі бұл қан құсалы.

Я алла жеңешеме кешті көрсет.

Оның жеткен ғұмыры тал түс әлі.

Түсіне алмадым.

 

Мен бүгін...

Қиялдың түбегіндемін.

Үзіліп бара жатқан жоқ.

Күдерім тегін.

Шешусіз ауыр ойлардың,

Тұншығып пасық сырына.

Тым жиі талықсырайды.

Жүрегім менің.

 

Адамдар тірлікке емес,

Сөзге бағынды.

Тірлікте тізгін ұстардың,

Тілі қағынды.

Сайтаны ішкі иманын

Құлдыққа салып,

Пенденің сыртқы қамқасын

Қылды жамылғы.

 

Көтере алмай қалдыңдар.

Кісі салмағын.

Барыңа қанағат қайда.

Түсіне алмадым.

Құранда құдайды айтып

Құлдық ұрдыңда.

Артынша қиянат қылдың

Ісіне алланың.

 

Қазақ қызы.

Мен томерис Ләззатпын батырмында.

Әлия, Мәншүк рухы жатыр мұнда.

Дина болып күй шертер көңіл шіркін.

Сара болып айтысар ақынмында.

 

Шұғыла биші биімен көрнектеген.

Сезімін сұлусазбен өрнектеген.

Қызжібекпін, бұрымын жел тараған.

Көргенде көңіл қалмас селт етпеген.

 

Мен қазақтың қызы боп бұйырғанмын.

Салтым сол 40 үйден тыйылғанмын.

Абайға ертегі айтқан зере әжедей.

Аналардан өнеге жиылған мың.

 

Күмістен шолпы тақтым шашбау менен.

Ақ жүзімді арыммен ақтауменен.

Қазақтың қызы болып ғұмыр кешу.

Ұлттық нақышыңды сақтау деген.

 

 

Ана. Өмір. Тіршілік.

 

Аналалдың тұлғасынан балалардың болмысы

Дархан жүрек келмейді ғой солғысы

Аналардан мейірім кетсе мынау жалған дүниеде

Онда сол кез тіршіліктің соңғысы

 

 

Анам менің

Балғын жүрек іздейді ана жанын

Аялаған ақ мамық алақанын.

Мейірімге толтырып қос жанарын.

Сүйсініп сырлы көзбен қарағанын.

 

Ол іздейді мен дағы алқынамын.

Шығады өн бойымнан шалқып әнім.

Айналайын дегенін есту үшін,

Арман қуып биікке талпынамын.

 

Анам менің не жетер тілегіңе.

Бар әлемді сыйдырған жүрегіне

Сәл қисайып бас қойып еркелесем.

Әлдилеген ақ бесік білегіңе.

 

Мен қалада бірақ сен ауылдасың.

Анашым оған жүрек ауырмасын.

Ақ сүтіңді қалайда ақтаймын деп,

Арқаладым өнердің ауыр тасын.

 

Анам менің қарайын, қарайын мың.

Қарап тұрып іштей бір табайын үн.

Сағындырып қойдымау деп өкінем.

Ақ қырауын көргенде самайыңның.

 

Бүгінгі күн жоғыңның табылғаны

Өткен күннің белгісі сағым бәрі.

Парызыңнан құтылдың шырқа бүгін.

Іштегі бар уайымнан арылдағы.

 

Бәрі көрсін мен көрген таңды мына.

Қайтейін сыймай тұрған жанды мына.

Аллаға шүкір етем бауырлармен,

Осындай ата-анамның барлығына.

 

Мінезді ана.

Сен менің анамды көрсең.

Таң қалар едің

Көктемнің күні ме деп.

Қасында отырыпақ

Жан бағар едің.

Құлақ сап үніне тек.

 

Сөздері нөсер жауындай

Төкпелейді тек.

Ашуы соққан дауылдау,

Өкпелейді кеп.

 

Артынан жайбарақаттың

Күні жарқырап.

Сол кезде гүлге оранатын

Бүкіл атырап.

 

Әйтседе кетпейді мүлде

Асып ерінен

Құшағы сәуірлік күндей.

Самарқан тасы еріген.

 

Өмірге ақын әкелді.

Бір емес төртеуін бірдей.

Төртеуі төрт обылыста.

Ал өзі күнбағыс гүлдей.

 

Тағы да батырды туды

Өзге ұлттың көбі тік тұрған.

Көкшенің көк көздеріне,

Қазақтың сөзін ұқтырған.

 

Және бір серіні туды.

Алашын жырға бөлеген.

Бір ұлы сыншылық қуды

Тұлпарды таныр көреген.

 

Ал бірі спортқа құмар.

Біреуі тым момын енді.

Әрқайыссын әртүрлі туар.

Мінезге қонымды енді

 

Сен менің әкемді көрсең.

Ақ адал бала күнінен.

Алыстан үркиді сенсең

Өзгенің ала жібінен.

 

 

Меккеге үш арқалап апарсамшы

 

Анашым-ау,

Әлдилеп аялаған.

Дарсың-ау,

Жаныңнан сая табам.

Ақтілек, ақжүректі, анашым-ау,

Қартайып барасың-ау.

Анашым арай көрем,

Ажарыңнан.

Терең сай әжім көрем,

Қабағыңнан.

Алаңсыз мен өзіңді,

Сағынғанда.

Еріксіз жастамады,

Жанарымнан.

 

Анашым бұл.

Жолыма тұрар қарап.

Анашым бұл.

Өсірген тұмарға сап.

Алаңсыз, анашымды апарсамшы,

Меккеге үш арқалап.

Ақ орамал.

Бірге оқыған досым Әсел анасы дүниеден озғанда,

анасының ақ орамалынан алған әсерін айтып,

сол орамалмен сырласу жайлы жыр сұрады.

 

Көзіңнен күлімдеген мейірімді.

Аңсадым аяаулы ана.

Дәл бүгін шыққан мына биігімді.

Жеткізем қалай ғана.

Ұқсын деп жүректегі кей үнімді.

Қараймын шарайнаға.

Сағындым маған ыстық пейіліңді.

Сездірші жарайма ана.

 

Сен барда жас екенмін амалым не.

Бәріде кеш бұл күнде.

Айналып кетуші еді дала гүлге.

Дауысың естілгенде.

Осылай аңсап қалдым маған мүлде.

Кешігіп ескіргенде.

Кім білген кімнен-кейін алаң күнде.

Өтерін бес күніңде

 

Желбіреп аппақ қана орамалың.

Жүрушең еркелетіп.

Аз ғана ырзығыңмен қолда барын,

Жасаушы ең көркем етіп.

Кім ұққан бұл күннің де жоғаларын.

Сен менен ерте кетіп.

Жыр еттім сенен қалған орамалдың,

Киесін ертегі етіп.

 

Ақ орамал

Анамның иісі бар.

Ақ орамал.

Анамның киесі бар.

Ақ орамал.

Анамнан ақ келінге,

Бақ боп қонар

Оныңда иесі бар.

 

Арулар додасына.

 

Уа қара жер, көк аспан.

Мынау әсем дүние.

Бірімен бірі алмасқан.

Сенде анасың.

Жан емессің дәрменсіз.

Кешегі бодан даланың.

Қазағы міне тәуелсіз.

Қызжібек, Баян, Мамырға.

Теңдігін таппай бұраң бел.

Қадалды қастық қарулар.

Қазақтың ерке сылқымын.

Тербетіп гүлдей самал жел.

Бұрымын өрген дауылдар.

Тәуелсіз атқан таңымда.

Қайта гүл ашып қауыздар.

Қуанып жатыр бауырлар.

Қанекей алға алаштың,

Аяулылары арулар.

 

Жас келінге.

Атаның арнап, ананың жалғап арманын.

Аялап баққан, ұяңнан ұштың самғадың.

Аяулым еркем, жүзіңнен көркем айналдым.

Бақытпен атсын, шаттыққа бөлеп әр таңың.

 

Қыз едің ерке, енді сен ердің жарысың.

Бір елдің келін, анасы, ары, бағысың.

Ақ босағаның киесі қонып жан еркем.

Жаратқан жар боп, бақ қарап, қыдыр дарысын.

 

Әз ана болу біреуге арман бірге бақ.

Сыйысу, сіңу біреуге оңай, бірге жат.

Еліңді сыйлап, ізетті келін бол қалқам.

Алдағы уақыт, баянды бақыт, кімге һақ.

 

 

 

Үйлесу.

 

Ұл.

Қиғаш қас, айнам көзді тұнығыңнан.

Айналдым қазақ қызы қылығыңнан.

Сиқырлы әуен шолпысы сыңғырлаған.

Һас сұлуым ұстатшы бұрымыңнан.

 

Қыз.

Сал сері құла түздің тұлпарындай.

Жүрмісің сұлулықтан құр қағылмай.

Неге сонша шүйліктің бұрымыма.

Аңшының қырағы көз сұңқарындай.

 

Ұл.

Шыным сол көріп сені елеңдедім.

Қос етек қыпша белмен белең бердің.

Қызжібек, Баянсұлу, Қорландардың,

Кітаптағы бейнесін сенен көрдім.

 

Қыз.

Аруға арнап терерсің сөз маржанын.

Ер сыйлаған ерке еді енжар жаным.

Естайдай Қорланды аңсап өтпесін деп,

Сезім үшін бір үміт мен жалғадым.

 

Ұл.

Сүйендім менде сонау негізге шын.

Суық емес сезімім сезілмес тым.

Ай керім деп тамсанған Абайдайын.

Тоғжаныма ұқсаттым дегізбессің.

 

Қыз.

Ұқсату бөлек болар ұнатудан.

Һас сулу о бастан-ақ құла туған

Сертке берік, сөз ұстар жігіт болса,

Қақпас болар қыз ердің мұратынан.

 

Ұл.

Айналдым ер сыйлаған көңіліңнен.

Байқалған бұрымыңның өрімінен.

Серт беру қазағымның ерлері үшін.

Қымбат тұрар өзінің өмірінен.

 

Қыз.

Жаманды сырттай танып жоламадым.

Жақсыны жаным құптап ораламын.

Тізгіннің екі ұшының бірі өзіңде.

Сөзім сол, сертім мынау орамалым.

 

Ұл.

Сені алып көкке самғап мен кетемін.

Нөсердей сезімімді селдетемін.

Айдан сырға, жұлдыздан шолпы тағып.

Аққудай айдын көлде тербетемін.

 

Ақгүлім

Ақгүлім асылым,

Ақ арман ғашығым.

Өзің деп айтылар,

Жүректе бар сырым.

 

Еркіңе шалқыдым,

Көркіңе балқыдым.

Сөзіңнен өзіңнен,

Тамардай бал шырын.

 

Өзіңсің тілерім,

Жүз ойлап жүдедім.

Таң болсын,түн болсын,

Сені аңсар жүрегім.

 

Ай ару ажарың,

Айнамкөз жанарың.

Саудаға салғаны,

Махаббат базарын.

 

Махаббат пәктігін,

Сезімнің шаттығын.

Сыйлаған жаныма,

Ақгүлім.

 

Кигізіп құндыздан,

Тағайын жұлдыздан,

Сырғаны көркіңе,

Құлпырған.

 

Барымда,бағымда,

Айналма сағымға.

Жүрсінші жадырап,

Жанеркем жанымда.

 

Гүл болып ашылдың,

Күн болып шашылдым.

Келеді өзгеден,

Түн болып жасырғым.

 

Сен менен айныма,

Салмашы қайғыға.

Тілесең көктегі,

Алармын айды да.

 

Елітіп еріген,

Көңілім кеңіген.

Мақсатым бір ғана,

Бір болу сені менен.

 

 

Ажарлым.

Арайлым,

Жүзіңе қараймын мен.

Бақытың,

Бағыңа балайтын ең,

Мен сенсіз,

Сен менсіз жүре алмастай

Аяулым ең.

 

Ажарлым,

Жанарың жанымды жаулап алды.

Бағалым,

Қабағың әр нені аңғартады.

Аяулым,

Болсаң да

Өзіңді аңсап жүрем

Әр таңдарда.

 

Сезімім,

Балқытып сай-саланы

Махаббат

Гүлдері жайқалады.

Тірегім,

Жүрегім

Тек өзіңмен жай табады.

 

Таңдарда,

Тағатсыз тамсанамын.

Жаһанға

Жарым деп жар саламын.

Тағдырдың

Бақытын

Сенсіз қалай қарсы аламын?

 

Асыл жарым.

 

Ақ тілекті.

Ақ жүректі.

Жан-жарым тәтті лепті.

Ақ адал пәк махаббат.

Біздерге бақ тілепті.

 

Аққудай көлде жүзген.

Көңілдің көркін бердің.

Асылым айбынды ерім.

Тірегім сенсің менің.

 

Аяулы ақ орамал.

Тілеші ақ жол адал.

Нәп-нәзік үлбіреген.

Жібектей жанды орап ал.

 

Ақ отау келін деген.

Батасын берер енді.

Бақ тұттым ерім менен.

Алтындай керегеңді.

 

Асыл жарым.

Мен сен үшін.

Бүр жарып ашылғанмын.

 

Диалог.

-Сені сүйдім сәулешім күліп тұрып.

Өзіңе де сан айттым мың ұқтырып.

 

-Түсінемін жаныңды сүйгендіктен.

Барасың бар қайғымды ұмыттырып.

 

-Сұм тағдырдың байқасаң бұлғағы кең.

Жоғалтудан өзіңді қорқамын мен.

 

-Бір өзіңе сенемін сен мен үшін

Соқпақтарда келесің жол табумен.

 

 

-Жар салайын бақыттан тау мен тасқа

Жарым болшы өт дағы сен мен жаққа

 

-Қабыл алам әрине бұл сөзіңді

Жар жоқ маған әлемде сенен басқа

 

-Үмітіңді қостың ба әлгі үмітке

- Қостым жаным біргемін мәңгілекке.

 

*******

 

Оу халайық – халайық,

Әлемге жар салайық.

Келін келді ағайын,

Шашу шашып алдынан,

Қанекей қарсы алайық.

 

Ей, жәудіреген жанары,

Ай көрікті ажары.

Құтты болсын ағайын,

Жаңа түскен келіннің,

Оңынан болсын қадамы.

 

Ей – сұлтаның сөзін бастасын.

Ортаға ұран тастасын.

Осына – ау түскен ақ келін,

Айналайын ағайын,

Үмітіңді ақтасын.

 

Оу үмітіне халықтың,

Үкілеп үкі тағайық.

Май құйып отты жағайық.

Салтыменен бабамның,

Ақ келінге қанекей,

Ақ орамал салайық.

 

 

Жеңешелер

 

Аман ба, айдай әсем жеңешелер.

Жиі-жиі көрмесе сағынатын.

Адал жандар, әрдайым демеп жүрер.

Сіздердей жан, барма екен, жан ұғатын.

 

 

Тіршіліктің тамыры, нәрін берген,

Ана десе елжірер, жалын кеудем.

Ару ана жеңгелер жүрсін аман.

Әлемге, әдемілік, әрін берген.

 

 

Иран ғайып бақтағы, гүлдер, кімдер.

Сұлулық кемесінде жүзген кімдер.

Қысқасы, көз татарлық қылығы бар.

Маңғаз дүние патшасы, сіздерсіздер.

 

 

Қиындықтар болса да, ғаламда мың

Әрінен, айнымасын ажарларың.

Қуаныштан,шаттықтан күлімдесін

Қара көз, таза мұнтаз, жанарларың.

 

Үш қызым бар

Үш қызымбар көңілі алып ұшқан.

Әле ойын баласы қағылысқан

Ренжісіп үлгеріп кешке дейін

Таң атқанша бір-бірін сағынысқан

 

Күні бойы жұмыста іркілемін

Кешке үйге келеді құр сүдерім

Үшеуі кеп балаққа жармасқанда

Бойдағы ауыр жүктен сілкінемін

 

Мен солай қайта келем бұл өмірге

Тілегімде нығайып тірегімде

Төртіншісі тұрады анамын деп

Қыз қалпында сақталған жүрегімде

 

Осылармен өмірім өнегелі.

Көңілім қуанышқа кенеледі.

Тертеуі түгел журсе жарқыраған

Бесіншісі кеп қалар төбедегі

 

Көңілім сұлулықты ұнатады.

Неге осы бәрі мен жұбатады.

Қыз деген ұлы арманның жетегі ғой

Қолыңда жоқ нәрсені сұратады.

 

Мезгілінсіз жетуге асықпаған

Көп нәрсені үйретті уақыт маған.

Арулардың отырған ортасында

Сірә мендей аз шығар баққытты адам.

 

 

Келші қане қолыңды созып алға.

Сен тұрғанда көңілім торығарма.

Перзенті бар адамның алла берген,

Алдындағы өмірі толы балға.

 

Шолпанға

Арайланған жүзі бар атқан таңдай.

Ақ еті қыста жерді жапқан қардай.

Оймақ ауыз, күлім көз, қиғаш қасты,

Орта бойлы, қысқа шаш, ұққан жанға ай.

 

Жарқырай жанып,

Сезімге қанып,

Жадырай берсін көңілің.

 

Тасқындай тасып,

Таулардан асып,

Асқақтай берсін сезімің.

 

Осылай Шолпан,

Жиырмаға толған,

Шаттыққа толсын өмірің.

 

42-таңба.

 

 

Миымды батпан зіл басып тұрма немене.

Нар жүгін артып қойғандай мына денеме.

Қарақұмдағы тұралап қалған мендегі ой.

Ағысы бітіп, аралда қалған кеме ме.

 

Жаңаша ойдан сілкіністерден адамын.

Алға емес бәлкім артқа кетті ме қадамым.

Жақсылықтардың жаршысы болған шабытым.

Кер тарттың неге осынша кері қаламым.

 

Қайда екен сонау бабадан қалған батылдық.

Тұлпардай болдым тағасыз тарпаң тасырлық.

Елменен бірге қуаныш мұңын бір тартқан.

Шерлі бір көңіл алақұйындай ақындық.

 

Мұңаюда көп оған да себеп аз емес.

Басталды елде жақсы мен жаман жан егес.

жүз газет шықса жиырма бесі тек қазақша.

Тектілік көрген тілімнің жайы мәз емес.

 

Тіл деген тірек мемілекеттің жүрегі.

Осында барлық ұлттық ойдың түбегі.

Қазақ боп туып қазақша сөйлемегенге,

Қырық екі рет соқтырса шіркін дүрені.

 

Осындай құрмет көрсетсе тілге заң басы.

Иілуші енді жағымпаздардың паң басы.

Ұрпаққа сабақ болушы еді мәңгүрттің,

Жонында жүрген қырық екі әріп таңбасы.

 

***

 

Өзгелерден бұрып алған арнасын.

Бағынбайтын ұланғайыр жерміз біз.

Сан ғасырлар тауып келген жалғасын,

Салты бөлек қазақ деген елміз біз.

 

 

Бал дәурен.

Балалық бал дәурен кезім.

Бақытым бағымда.

Көңілді кернеген сезім.

Гүлге орар таңымда.

Жас едік еркелер күнде.

Ата-ана жаныңда.

Мінекей бұл күндер мүлде.

Айналды сағымға.

 

Артыңа қарайлап бұл күн.

Жаутаңдап от жанарың.

Ол күндер оралмас мүмкін.

Болса да қанша амалың.

Жастық шақ өтер кетер бұл.

Қарамай уақытқада.

Апарар бір сәттік сол бір.

Естелік бақытқа да.

 

Бал дәурен тамаша еді.

Тамаша еді.

Оралмай сол бір сәттер.

Сөнеді қалайша енді.

 

Балақайдың болжамы

 

Балақай өзгелерден бөлек епті

Жаман қиял соңынан ере кетті

Үйде ешкім жоқ деді де, есікті іліп

Жасамақшы болды бір кереметті

 

Атасының насыбайын қалды көріп

Шақшадан алақанға алды төгіп

Атасынан көргенін жасамақбоп

Насыбайды ауызға салды келіп

 

Қасына түкіргішті ап жата кетті

Бас айналып бір уақытта маза кетті






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных