Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ана мен бала арманы.




Мен бақытты баламын- бастауы үлкен арнаның.

Алға тартып талабым- қиялдарға самғадым.

Өз билігім өзімде- патшасындай даланың.

Қыран құстай қасқайып- көкке самғау арманым.

 

Әрине сен бала қыран- биіктерге самғайсың.

Ата-ананың тілін алсаң- балам жерде қалмайсың.

Бабалардың ізін жалғап- тура жолда талмайсың.

Дарының мен талап болса- қамал қалмас алмайтын.

 

Әкем қатал болғанда- атам салмай тақымға.

Анам қабақ шытқанда- әжем болса қасымда.

Еркін оқып мектепте- шалқып жүрсем расында.

Қайда маған азаттық-билігім жоқ басымда.

 

Әкең қазақ атаң қазақ- қазақ ұлы дастан ән.

Қазақ елі бүгінгі таң- әлемге жол бастаған.

Уақытында талай мықты- өз ұранын тастаған.

Құшақ ашар- саған әлем- әлі ешкімге ашпаған.

 

Айналайын ботақаным армандайсың сен нені.

Кішкентаймын деме балам тиын құрар теңгені.

Сонау байтақ теңіздерде, жалғар бүкіл өлкені.

Үлкен-үлкен кемелердің, бастаушысы желкені.

 

Әрине сен анашымау баласың деп алдайсың.

Балам әлі саған ерте неге тілді алмайсың.

Сонда қашан әкемдей боп, биіктерге самғаймын.

Сіріңкеден бастау алмай, алау болып жанбайсың.

 

Қаталдығы әкенің көңілімді үгіткен.

Алақаны ананың, жүрегімді жібіткен.

Құдай көкте, ол жерде талабымды тірілткен.

Жанұяммен жарасып, өмір сүрем үмітпен.

 

Атам шуақ, әжем нұр балбұл жайнап жанарым.

Екі жақта екеуі санаулы әр қадамым.

Үлкен отан отбасының кіргізетін ажарын.

Шүкір еткен аллаға мен бақытты баламын.

 

Сұлтаны болсаң еліңнің.

Ел болам десең,

Халқыңды мынау бағала.

Сұлтаным болсаң,

Ел ішін түгел арала.

Сыртынан қарап,

Тон пішкен адам бас болмас.

Көзбенен көріп,

Іштей бір түймей санаға.

 

Бас болсаң егер,

Халқыңа айтар тілек бер.

Көрінбес көзге.

Елім деп соққан жүректер.

Кең сарайлардан,

Ас ішіп, жатпай ақ үйде,

Қара тобырдың

Лашығына да түнеп көр.

 

Бетіне басшы,

Айна қып көрер қараны.

Халқым дер ханның,

Таусылған емес амалы.

Еңіреп жүріп,

Елменен бірге бәз кешкен,

Қазаққа сонау,

Кенедей хандар бағалы.

 

 

Сән аға.

 

Дүние өткел бар мен жоқтың арасы.

Біреудің бар, біреудің жоқ таласы.

Қазақ рухын тұншықтырған жалғандық,

Зардабының тиді қанша заласы.

 

Көңіл көктем. Үмітімді үзбеймін.

Сыртым жаз да, ішім қара күз кейпім.

Арысымау өзің айтқан рухты.

Туған жердің ауасынан іздеймін.

 

Көзі өткір түпсіз терең тұйықтан.

Қалың қабақ айтпай сөзін ұйытқан.

Арқалы ақын, сыр мінезді, қайратты.

Көңілденсе күле қарар миықтан.

 

Сарарқаның Бетпағының киігін.

Шырқап сыртқа шаққан ішкі күйігін.

Меңіреу дала қыспағында күн кешкен.

Сол бөкенмен тең көргендей күйін мұң.

 

Жан ашудан жасқа толып жанары.

Аштық қысқан халқын ойлап қаралы.

Ақ жүрегі, ақ жаулықтай желбіреп,

Бүркеп жатты аш - жалаңаш даланы.

 

Қызыл вагон, қызыл қырқын, азапты.

Қан жылатты қарапайым қазақты.

Тілім нанын өзі жемей жолдағы.

Аштық қысқан бауырларға таратты.

 

Ұлты үшін ірің жұрып, қан құсып,

Түбінде бір жарқын атар таң күтіп.

Арлы өлімге басын тікті сеніммен.

Ақталды үміт айнымастай заңдылық.

 

Желтоқсанның адуынды буырқаны.

Ұрандаған рухты ердің ұрпағы.

Елдігімен, теңдігі үшін күрескен.

Бұл сәкеннің арман асау тұлпары.

 

Қыспағынан шықтық міне жат елдің.

Кезде келді шындықты айтар сәт еркін.

Қара томның беті ашылды ақыры.

Сонау соңғы аманаты Сәкеннің.

 

Күз түсе ме суық ұрып, шық тұрмай.

Ұлт оңар ма діл мен дінін ұқтырмай.

Арыстардай ақиқат пен арды ойлап.

Әр бір қазақ елі үшін тік тұрмай.

 

 

Ән аға

 

Ән аға міне.

Орындалуда ұлы арман

Жаралған жансыз

Ән деген асыл тұмардан

Алты алаш елің

Ардақ тұтады – Шәмші ата.

Елім менің деп.

Ән ұранымды шығарған.

 

Аллея мынау

Мүсіні мынау,

Шәмшінің сырлы тақтасы

Жаратқан АЛЛА...

Разы етіп елді,

Осы қалпыңда сақташы.

Ұрпағың сізге,

Тағзым етіп,

Ардақ тұтады әрқашан.

Жасайды мәңгі.

Шәмшінің аты.

Ән әлемінің патшасы.

 

Ер Бекзат.

Түркістаным киелі, арайлы әрі,

Азанымен бөлеген шарайнаны.

Мықтылардың сүйегі жатқан жерім,

Төбесіне көтерді талайларды.

 

Соның бірі Ер Бекзат жас ұланың,

Бастап кеткен ерліктің ғасыр әнін.

Бар әлемді кеткенде мойындатып,

Тасымасаң қазағым жасымадың.

 

Ол кеткенде биіктеп жетіп алға,

Я Әруақ деп үңілдік экранға.

Көтергенде қолына ап жеңіс туын,

Елім той қып таратты жеті нанды.

 

Батыр ұлы шыққанда құмарына,

Бір-бірінен сүйінші сұрады да.

Көптен бері жеңіске жетпеген ел,

Күліп тұрып кемсеңдеп жылады да

 

Жеңісіне той жасап тасынбастан,

Кетті Бекзат қуаныш басылмастан.

Асыл ұлын тапсырып қара жерге.

Қара бейіт тұрғызды ел асыл тастан

 

Мойындаған ер еді ғасыр анық.

Тасып тұрып ел қалды жасып анық.

Әттең-әттең деймізде еске аламыз,

Жеңісіңді таспаға басып алып.

 

Осылайша Алла адамды таң қылды,

Түс көргендей арнады ел ән-жырды.

20 жыл өмір сүріп Ер Бекзат,

Бұл әлемге өшпес атын қалдырды.

 

 

Арнау

Армысың қазағыма мақтан ерім,

Аман ба Бақыттай ұл тапқан елім.

Бейжіңде дүниені бағындырып,

Аунатып әруақты жатқан елдің.

Ел-жұртына қуаныш сыйлай келген,

Алаштың азаматы ақтан керім.

 

Кеудеде алтын алқа анық айғақ,

Ән ұран шырқалдың-ау елім-айлап.

Сен тұрдың көк,байрақты көкке тіреп,

Біз тұрдық мына жақта Абылайлап.

 

Сыйынып әруағына бабалардың,

Арқалап шықтың елдің аманатын.

Өмірің ұзақ болсын ғұмырлы бол,

Бір туар Бақыттайые азаматым.

 

Көпен көкең!

-Немересі жүгіріп келді.

-Атасы ауыл маида!

-Төрт-бес кісімен.

-Ойнап отыр карта.

 

-Алақай ата!

-Көпен келе жатыр!

-Қайда?

-Қалай?

-Қашан?

 

-Қашшан.

Бұл әңгіме белгілі ғой бастан.

Біледі оны

Қыртында

Сыртында

Мына отырған жұртымда

Келмейді!

Көпендікін білмейді.

Ал,келсе

Онда...

Онда ол қарап жүрмейді

Деді атасы бүлдіріп.

Қасындағылар дүрлігіп.

Неге?

Қалай?

Қайтіп?

 

Әрине бір жаңалық айтып!

Өзінен бастап.

Аяқты алшақ тастап.

Бәрін көзге іледі,

Дүние өзгереді.

Жердегі әсем гүлді іледі.

Көктегі жұлдыз күнді іледі.

Біреуді мақтап.

Біреуді бүлдіреді.

Бірақ ренжіссіз.

Еріксіз

Сын ыснақ.

Әзіл әжуамен

Күлдіреді.

 

Бала күннен.

Қара түннен.

Алма ұрлады.

Әрине қауіп болды.

Қашар қызды тауып болды.

Оған енді.

Бұл елді.

Дүрліктірер сауық болды.

Қыз қашты,

Жұрт састы.

Ал,ол-тәкіп болды.

 

Қулық емеспе?

Қулық.

Ойпырма-ай бұл сұмдық.

Өзі айтады.

Айтқан сайын атқақтайды.

Ел көңілі шатқақтайды.

Жеңгетайдың арығына күнде,

Бір машина батбақтайды.

Бірақ одан Көпеннің,

Сатирасы асқақтайды.

 

Кітабының ішіндегі.

Мықтылар

Кім екенін қараңдаршы.

Сурет сөзбен ұқтырар.

Қарынды да,

Дарынды да,

Қабілетіне тік тұрар.

Тік тұрмаса

Сатирасын ызыңдатып,

Шындық айтып,

Шырылдатып.

Ащы әзілмен ұқтырар.

 

Кітабының сыртын қара.

Келе жатқан Көпен емес

Көпен кетіп барады.

Қайда?

Неге?

Кім біледі тартқанын.

Жазу үшін кімге арнап,

Әзіл,ысқақ,шатпағын.

Міне солай

Бала батыр

Қарап жүрмес бұл Көпен

Қарада тұр.

Өзі тура жүрсе де,

Айналасын көзбен шолып,

Қалжыңдап,күліп,бара жатыр.

Немересі аң-таң болып,

Ата,қалай бұл неден.

Көпен,Көпен болды екен.

 

Көпен...Көпен...

Ол құдық.

Жо..Жоқ..

Құдық қазушы.

Ия,таптым Көпен.

Құдық ішіндегі жазушы.

 

Тамшы судан

Дәмді өнер танушы.

Өз елінде,

Өз жерінде,

Кім су ішкен құдығына түкірсе,

Содан есе алушы.

Әрі осы.

Құдыққа кім үңілсе,

Келбетінің көшірмесін салушы.

Көрінген соң құдықтан.

Содан болар.

Түр өзгерер.

Күлкілі болып,

Кемінде.

Ұзарып қысқа жеңіңде.

Көзің қысып,

Мұрның пұшық.

Түртиеді ерніңде.

Халқы суын ішіп жүрген құдығы

Өкпелесін ел кімге.

Және Көпен

Әрі тыңшы

Елді елең еткізер

Сыншы

Міне бала қысқасы

Көпен ол Көпен.

Сатираның шапанын

Дәл тауып киген көкең.

 

Райымбек Түркістаниға

 

Келгеннен дүниеге бала жұмыр,

Тартысар тағдырымен сана қыңыр.

Алысып арпалысып өтеді екен,

Қасқалдақтың қанындай ғана ғұмыр

 

Кеңдігіңді көрсетіп қасқа маңдай

Жүзіңсіз жарқын еді аспан айдай.

Жарқ еттің де, көңілге сәуле бердің,

Қараңғылық сейіле бастағандай.

 

Сазғұмырда аралап тау мен тасты.

Өнеріңіз өр басып, бағаң асты.

Түркестанның халқы да сол өнерге,

Бір сіздің арқаңызда қадам басты.

 

Жүректің жұбанышы ән дедіңіз,

Елім деп,еліте шыққан әр деміңіз.

Театрда тер төгіп қаншама жыл,

Ерекше ел рухына мән бердіңіз.

 

Райымбек-ердің аты елім деген,

Тер-тер ме, елің үшін төгілмеген.

Театр тұр бейнесі Райымбектің,

Өзі өлсе де, рухы жеңілмеген.

 

Өмір теңіз, ал адам шағаладай,

Бола ма, тереңдікті бағаламай.

Сіз терген маржандарды демідемің жнтіп,

Өтті ғой, талай тарлан ала да алмай.

 

Райымбек Сейтметовті еске алу

Адамзаттық аясын кең түсіне,

Лайықты мінез таңып ер кісіге

Театрдің төрінде төрелік қып,

Өң берместен өттің-ау жетпісіңде.

 

Батырды да сомдаған пақырды да.

Ұрпағына қалдырған асыл мұра.

Сон-ау, таудай талабы болған кісі,

Кіп-кішкенк тобе, боп, жатыр мына.

 

Образды сіңдірген, талабына.

Туындаға жазушы қаламынан.

Мөлтілдеген жас тамып жанарынан,

Қарт қыранды, еске ап тұр, бала қыран.

 

Айта бергім келеді, айта бергім.

Оу Реке, санамды, шайқап едің.

Сіз қайтара келмейсіз, мен бірақта,

Сізді еске ап, сауап айта, қайта келдім.

 

Ардың жүгін арқалаған Қаныбек.

Ақиқаттың ащы жыры отқа оранып сақталмай,

Жалған оққа ұшқан кезде арыстарым апталдай.

Қаныбектей ақын келді дүниеге шырылдап,

Ардың жүгі нардың жүгі сияқтанып тартқандай.

 

Поэзияң ащы неткен бағынбайтын әмірге,

Сөз сырыңнан сезінгенім сау тамтық жоқ тәніңде.

Тірі күнде жалғандықпен жағаласып тарланым,

Ақиқаттың мұңын артып кеттің бе ақыр тәңірге.

 

Ақыныңды қуанттағы ащынатын ыза бер,

Сатқындықпен алысып-ақ аянышпен жылап өл.

Дегендей-ақ дарындарын-өрге сүйрер өлген соң,

Құлагерді өлтіргенде,танытқанда мына ел.

 

Отырар мен Түркістанның өр рухын жалғаған,

Жер мен көктің арасында сырлы өлеңі самғаған.

Қаныбекті бес жыл сайын бес уақ намаз секілді,

Ұлықтауда келіп түскен әмірме екен Алладан.

 

 

Ақын, жазушы, драматург,

Тіл жанашыры: Елтай Бимағанбетовке.

Елағамау.

Тыным таппай жатқан мына тіршілік.

Бір үмітке әкеп соқты бір күдік.

Қалайғана.

Шарайнаға.

Шапсаңдағы ұмтылып,

Арыстандай ауызыңды бітеп жатыр құм қылып.

 

Тілім дедің.

Қазағым күнім менің.

Бір қиысар жер тапсаң күлімдедің.

Алталаштың демімен бірге сарсаң.

Тартады да, артады күнім дедің.

Талай талай.

Соқпақты абайламай.

Қалсаңда қу тірліктен түңілмедің.

 

Елағамау.

Жалғандық жағамызды желімдеді.

Жағымпаздың жақпайды керілгені.

Сіз туылған заманды жүкті болған.

Кесірлердің жесірі желіндеді.

 

Желіндеп тұр жауыздық туады әлі.

Дүниенің келеді қу азабы.

Туады әлі туады, туар заңы.

Туғаннан соң сорлының шығар зары.

Дәл бүгінгі жанашыр жан айқайды.

Жағымпаздық тұтқыны ұғады әлі.

Ұғады әлі.

Шындың биігіне.

Ақиқаттың ұлы да шығады әлі.

 

Бір қуаныш, бір қайғы елу де елу

Бірді қинап жатқаны еліне еру.

Бірді қинап жатқаны елуге ену.

 

Ия солай елаға өкпеледім.

Өкінішті жырымды төккен едім

Атан нардай жалп етіп шөккен елім.

Құла туған ерлерім, алаға айтып,

Шырылдаған сөзімді сөкпе менің.

 

Ия солай.

Елаға тілім деген.

Жерұйықта жүргені білінбеген.

Сәл шыдаңыз.

Күн туар күлімдеген.

Сіз лақтырған құрыққа ілінбеген.

 

Ағаға сағыныш.

Әр іске мән берерде,

Батардай жан тереңге.

Ағам ең,асыл туған.

Баулыған бар өнерге.

 

Інім деп еркелеттің.

Ер еттің,тентек еттің.

Сағынтып неге бізді,

Өмірден ерте кеттің.

 

Кейійді көңіл өктем.

Қатал ең өмір неткен.

Оралмас ағасына,

Іні отыр,мұңын шерткен.

 

Сары уайым сағынышты.

Болған мен жалынышты.

Не шара бұл адамзат,

Тағдырға бағынышты.

 

Іздеймін тыным қашып,

Өскен соң ізің,басып.

Үйренген жалын кеудем,

Өзіңе сырын ашып.

 

Арқалап өсіргенсің.

Қатемді кешіргенсің.

Сағынтып сен кеткенмен.

Мәңгілік есімдесің.

 

Ағайын елге сағыныш.

Ағайын кешір.

Кеткенім үшін алыстап.

Шалғайда жатқан.

Шытырман сырдан бақ ұстап.

Үмітпен әкем,

Ақ бата берген әмин деп.

Жайсаң ниетпен,

Жақсылық жолға бағыштап.

 

Туған жер кешір,

Кеткенім үшін алыстап.

Сағыныш шерін,

Қозғайды екен алыс жақ.

Айналайын деп,

Алдымнан шығар анашым.

Амандығымды,

Аллаға жүрау табыстап.

 

Балалық өткен,

Базардан кеттім алыстап.

Бала деп өпкен,

Назардан ұзақ қарыстап.

Бәрі де бөтен,

Алғашқы кезде бұл жақта.

Су қараңғымен,

Алысқандайсың шам ұстап.

 

Шаршатты мені.

Бітпейтін бұл бір қу кезең.

Пайдасын ғана,

Ойлайды жалғыз шу десең.

Додаға кіру,

Жеке мықтылық жоқ қазір.

Шағалдай шулап,

Санаңды құртар у менен.

 

 

Ағайын сенің,

Ықыласыңды сағындым.

Ауылым менің,

Айнасы өзің арымның.

Арпалыстар мен,

Арам пиғылдан ада ауыл.,

Жанары сенсің,

Жалыны сенсің жанымның.

 

Елтай Беймағамбетовке

Таусылғандығын сездіргендей боп тағаттың.

Аңсата жүріп, ашқанда есік азат күн.

Өзіндей болып өміршең тартқан ел менен

Жетім боп жүріп жетілді ұлы қазақтың.

 

Туылған кезде аштықтан көз жас жуылды.

Ол аз болғандай арыстар елден қуылды.

Тоқсанда қартпен, тоғызда ұлың соғыс деп,

Қайысқан ер мен, қатпаған белдер буылды.

 

Тылын да көрді, сынын да көрді өмірдің.

Қыл қалам тартты, тарқатып шерін көңілдің.

Айналды кейін, құрметті азаматына.

Өзі өркендеткен, оңтүстік деген өңірдің.

 

Мыңнан бір туған бітімі бөлек құладай.

Сіңіскен іске діңкеге қаққан сынадай.

Пьесасы шындық, тәрбие жайын қозғаған,

Өлеңі өрлік, тас жарып шыққан қынадай.

 

Он екі қанат қарүйдей бүтін болмысы.

Керегілердің торындай сыры мол кісі.

Уықтарындай шайқалтпай тұрған шаңырақты.

Түрлі жанырда қаламмен салған зор ізі.

 

Ана тілімен қалдырған сия бал жұтқыр.

Руханиятына бас сұғып көрші шалқып бір.

Еліміздегі тұғырлы тілге ту тіккен.

Ақ орда іші қазақы сырға аңқып тұр.

 

Елімайлаған Елаға елдің әулиесі.

Болмаған мүлде болмашы іспен әуресі.

Қарүйі кітап түндігін ашсаң айқара.

Бөлейді ішті адалдық ақтық сәулесі.

 

Бәйтерек түбін жас шыбық көктеп тасалар.

Батагөй қарттан бағы бар болса бата алар.

Түркістанға кеп күндіз-түн елін жырлаған.

Кешегі Бұһар бүгінгі Елтай аталар.

 

 

Сәт триосына

Аллаға алғыс

Анаға алғыс.

Баршаға таныс.

Жай күйім.

 

Мақсаты даңғыл.

Әлдиі ән жыр.

Елімді сүймей

Қайтейін.

 

Ұланың болып.

Тұғырға қонып.

Әніммен болсын

Әрлейін.

 

Ана тіл сайрап.

Санада қайнап.

Басқамен байрақ

Теңдедім.

 

Жетелеп арман.

Бабадан қалған.

Көзсіз де көңілім.

Кең менің.

 

Тәуелсіз халқым.

Пейілің алтын.

Көкірек көзім

Сен менің.

 

Үп еткен елес.

Жүрекпен кеңес.

Сезіммен сезіп

Білейін.

 

Тумаған тексіз.

Ризамын шексіз.

Кең пейіл елмен

Түлейін.

 

Құшағы дархан.

Қазағым қалқам.

Алладан алғыс

Тілейін.

 

Айбарым.

Жалғаған көк пен жерді де.

Байрағым.

Көгімде мәңгі желбіре.

Тәуелсіз.

Тұғырын тіктеп бұл күнде.

Әлемге.

Әйгілі қазақ ел міне.

 

 

 

 

Қиялмен арпалысу

 

 

Адаммынба мен

Адамға ұқсар түгім жоқ

Кетіп барамын

Жүрегім тілім- тілім боп

Адамдар әне

Алысып жатыр өмірмен

Көшеде мынау

Кімді де көрсең тыным жоқ

 

 

Қиялым мені

Қияға апарып соқтырған

Дәл мендей сірә

Қиялға кіндік жоқ құрбан

Ақынның күні- ақырдың күні секілді

Бірде бай батыр

Ал бірде мүлде жоқ қылған

 

 

Мына өмірде мен

Жоқпынба? Әлде бармынба

Тағыда нелер

Күтіп тұр мені алдымда

Қай заман өзі

Қай дәуір келе жатқаным

Қайда жүрсемде қабыл ал осы қалпымда

 

 

Қорқыттай қор боп

Асанқайғымен үндескен

Өткенді тастап болашақпенен бірлескен

Ақын боп туып

Адам боп ғұмыр кешпейтін

Қиын ед неткен қиялмен бірге күн кешкен

 

Мұқаң сәби болғым келеді десе

бұл күнде мен сатылған сәбилерге қарап

 

Құс боп кеткім келеді қанатым бар

Қанатым бар күмістен жаратылған

Сәби болғым келмейді сәби болғым

Болашағы белгісіз қара тұман

 

Қанаттанып өмірге ұшарымда

Кесілмейме кім білер тұсауымда

Сәби болғым келмейді сәби болғым

Жат біреудің кететін құшағында

 

Топырақ боп қалсамда қуанамын

Туған жерде аймалар құба таңым

Сәби болғым келмейді сәби болғым

Керегі не жат жерде жылағанның

 

Сәби болып анама шекер болсам

Туған жердің топырағын кешер болсам

Сәби болып не керек бұлай болмай

Тумай жатып сатылып кетер болсаң

 

Сәби болғым келмейді сәби болғым

Жат бауырдың қолында әлди болғым

Сәби болғым келмейді туған тілін

Өз тұғырын білмейтін пәни болғым

 

Құр құлқынның байланған көгеніне

Оңбағанның оқ атсаң өзегіне

Өзі сатқан өз қанын опасыздың

Тіршілікте тірі боп керегі не.

 

Саябақ

 

Өзің жайлы сыр тартады талайлар.

Бірге күткен таңғы шуақ арайлар.

Жастық шаққа сапар шеккім келегенде.

Жүрегімде жылы –жұмсақ ән ойнар.

 

Мынау біздің алғаш келген саябақ.

Жүрген жерім алақанда аялап.

Қізжібек пен Төлегендей сезінген.

Анау әлгі біз мінетін баяғы ат.

 

Келші бермен келші тағы құшайын.

Ақ сезімнен қанаттанып ұшайын.

Өткен күннен болашаққа қуат ап.

Осында кеп тұрайықшы күн сайын.

 

Әйтседе бүгін бөтенбіз.

Есейіп кеткен екенбіз.

Бәріде бәрі орнында

Жатырқап тұрған екеуміз.

Әттеңай

Әттеңай

Есейіп кеткен екенбіз.

 

Дала заңы

Мына өмірде нелер басым,қуаныш па,қайғы ма.

Еркін өмір сүру деген, ол әрине бай мұра.

Есек қылып жібермей ме, есерсоқтың езгісі.

Бабын тауып міне алмаса, тұлпар туған тайды да.

 

Езгі көрдік дей береміз өткенді айтып қашшан-ақ

Ерің еркін іс етпесе,тұра қоймас баста бақ.

Батыл әрі қырағы боп өсуі үшін саңлағың,

Қанаттары қатайғанда қыран жардан тастамақ.

 

Ибалық пен, ар бұзылды жанға біткен қорғандар.

Өз-өзіміз құлап өлер жасап алдық қолдан жар.

Бір-бірінің жемтігіне көз салмаған ешқашан.

Болмашыға таласуда бірге туған көкжалдар.

 

Осы үшеуі табиғаттың патшасы әрі паңдары.

Жүйрік жылқы,қыран құсы және көкжал арланы.

Бабалардың жүйрік мініп,қыран баптап,кең байтақ.

Мына әлемде көкжал болып жүру еді арманы.

 

Үшеуінің қасиеті сінген адал қанына.

Титтей дақта түсірмейтін алаш едік арына.

Қу түлкінің қабырғасын қақыратқан қырандар,

Бүгінгі күн таласып жүр тауық жеген тарыға.

 

Ел намысы сынға түссе, іште қаны тасып бір,

Жат өлкені жерсінбейтін табанымен басып құр.

Тұлпар тектес дегендері, елге қарар беті жоқ.

Қара халық қамбасын ап, қара басып қашып жүр.

 

Көкжалың кім, тұлпарың кім, айтшы қане қыран кім.

Қайсы бірі қамын ойлап, қамығып жүр түранның.

Үш баланың бірін батыр туушы еді аналар.

Ал бұл күнде үш қатыннан біреу туса қуанғын.

 

Жан жүрекке жігер беріп, жалын қойсаң аз ғана.

Пақырың да патшадай боп, көз тігер ме паңдана.

Қауғаламай көк әлемнің құдіретін сездірсең.

Қанат бітіп көкке самғар, қорада өскен қазға да.

 

Баласына батыл бол деп, үлгі үйреткен ерінен.

Асыл жарын ағаларым тани білген тегінен.

Ал бұл күні әйел заты жекірген де ерлерге.

Бүгін емес, ертеңгі күн не болар деп жерінем.

 

Бірін-бірі тектілікпен тағыларша ұғысқан.

Сонау тарих таңбалаған дала заңы дұрыс заң.

Қаныңда бар қасиетті қастерлесең қазағым.

Ұлт рухын ұрандаған ұлық туар ұлыстан.

 

Қар қаһары

Бірде маған Нұргүл апай

АӨҚ-гі пәнінен қар көшкіні

Жайлы СӨЖ берді.

 

Қар жауады қыс келсе шатқалдарға

Жатады толып таулы қапталдарда

Күн жылып еріседе сырдың бойы

Қар жатар өңін бермей асқарларда

 

Жоқ болар бәлкім бұл жай шариғатта

Есіңде мына жайды пәни сақта

Абайла таулы аймақта жүрсең егер

Қар көшсе зиян келер табиғатқа

 

Мәлім бол қарлы аймақтың мән жайынан

Көшеді ол керек десең айқайыңнан

Таулы жерде тал шауып, мылтық атпа

Тау сілкінсе қар көшер баурайынан

 

Көшеді қар күн жылып ерігенде

Дүлей күш жібермейді жөніңеде

Қар көшіп зақымданған өңірлерден

Шықпаған жан біткеннен тірі дене

 

Тірі дүние тыңдаңдар, тоқталыңдар

Таулы аймақта қар деген сотқарың бар

Қаһарланса тіршілік зақымданар

Сондықтан тілсіз жаудан сақтаныңдар.

түлік қоңырауын.

 

 

Өмірай.

 

Айнымайтын күндерай бір-бірінен.

Жаңылмайтын жандарай тірлігінен.

Біреу кетіп, ал біреу келе жатыр.

Анасының ажырап кіндігінен.

 

 

Бес күн жалған.

Бес күндікті жалған мынау Алла берген,

Балалықтан даналыққа самғап үйрен.

Мынау үркін-дүркін өмірің,

Тіптен басылмасын көңілің.

Жаратқанның назарына ілігіп,

Келеміз сол ақ жолменен бірігіп.

 

Сәби ғұмыр жас өспірім,ержеткен шақ,

Балалықтан қарттыққа өткен бес күндік уақ.

Өткен бар ғұмырды саралап,

Іштей бағалайсың шамалап.

Қайран өмір,қайран өмір,қайран-ай,

Өтер-кетер,мынау бес күн жалған ай.

 

Оқығаның,тоқығаның жанға дауа

Баға берер барлығына Алла ғана.

Бекем бола берсін қадамың,

Жұмақ мейіріміндей ананың.

Алайда бір тіршілік кештің арман,

Бабалардың айтқанындай бес күн жалған.

 

 

Жаратқан Алла

 

Я Алла жаратқан бұл заманды

Осынау он сегіз мың ғаламды.

Иманды періште пәк күйінде

Тудырып анадан күллі адамды.

 

Қырық күн күйіндей бөдененің.

Жаныма аманат дене бердің.

Айтпасам дәріптеп ұлылығын.

Құлы боп Алланың неге келдім

 

Пәк етіп жан берген бізге Алла,

Бес парыз емші бұл ізгі жанға

Құлдық қып үмметі пайғамбардың,

Жан дауа жәннәтқа ізді жалға.

 

Жастықпен қаншама жаза қылдық.

Бес уақыт намаздан қаза қылып.

Барында шүкіршілік етпейміз – ау,

Соңынан жүреміз аза тұтып.

 

Сайтанның салынсақ саудасына.

Ақ жолдан адасып әу басында.

Бәз кешсең кінәні тақпа өзгеге,

Тек Алла түсірер тәубасына.

 

Туылдық періште бала болып.

Уланбай жетілсе сана толық.

Алла деп жығылып жайнамазға,

Қайтайық қайтадан таза болып.

 

Біліп те білмей де күнә қылдық.

Сайтанның соңынан сыра қуып.

Кеше көр құлыңды Я жаратқан,

Түсінген қатесін құба қылып.

 

 

Сайтанынан бір адам жеңілгенде.

Ер.

Сұлулықтан асып тұр сайтандығың.

Сені сорға батырар сайқалдығың.

Алғашқыда періште болған бейне

Ібіліске ұзамай айналды шын.

 

Әйел.

Не дейсің маған

Арытатын кінәң не.

Не сырыңды ұқпадым де, ұғам де.

Өзіңменен бірге жүрмек ойым жоқ.

Жо-жоқ мүлде. бірге жүрмек шүбәмде.

 

Ер.

Тартынасың кеттің теріс жалма-жан.

У шашады қызыл тілің сарнаған.

Талайлардың тағдырымен ойнаған.

Саған зауал менен емес алладан.

 

Әйел.

Мен сенімен теңескем жоқ әуелден.

Артықтығың бар ед сонша қай ерден.

Еркекпін деп тізгін ұстап тірлік қып.

Басымдығың асса мейлі әйелден.

 

Ер.

Иа солай.

Бұлғақтайын дедің бе.

Айтарым көп сендейлерге менің де.

Теңестіру үшін саған өзімді.

Сайтан болу керек шығар кемінде.

 

Әйел.

Ха ха ха ха ха.

Сенен сайтан шығар десе сенбеймін.

 

Ер.

Солай болды сенбе мейлің сен мейлің

 

Әйел.

Оған себеп.

 

Ер.

Иа. Иа сенғой. Сен.

 

Әйел.

Меніменен теңеспекке.. көнбеймін.

 

Ер.

Теңесемін.

Сайтан болып, сайтандарды,

Сабасына салмай жатып, өлмеймін.

 

Әйел.

Ия

Ия көрерміз.

 

Ер.

Көрген күні екеумізде өлерміз.

 

Әйел.

Бәрімізде пендемізғой ол рас.

Өлгеннен соң бәріне есеп берерміз.

 

Ал әзірге арыңды ойлап жылай тұр.

Көз жасыңды көріп көкте құдай тұр.

Сендейлермен сауық құра алмаймын

Кешір менің кемеңгерім, былай тұр.

 

Ер.

Бар бар қане әзірге аздап сауық құр.

Қалтаңдағы азғана ақша.

Қорғаушы емес қауіп бұл.

Сенің мыстан кейпіңді

Санаңдағы сайтан күлкің жауып тұр.

 

Мен еркекпін.

Маған жақсы табылар.

Сені көріп жабырқаған көңілім.

Жақсы жанды жүздестірсем жадырар.

Мына сенен жастық дәурен өткенде,

Көштен қалып, қара басың қаңғырар.

Көше кезіп тауып алған перзентің.

Көп көшенің біреуінде қалдырар.

Жастығыңда жалтыратып жан баққан,

Жылап тұрып күнің туар санды ұрар.

 

Автор.

Адастырған кім айтшы екеуінде.

Кеткен жоқпа сайтанның жетегінде.

Мысал мынау- ұрсасың әке кімге.

Кінәңді арытасың шеше кімге

 

Бірі жетім, бірі өгей болған жандар.

Шығарып жеңе алмайсың оған жанжал.

Онсызда олар о баста қорланғандар.

Буыны қатпай жатып солған жандар.

 

Ішетін де міне сол наркаманда.

Куйінеді мастығы тарқағанда.

Бас қайғыдан арылу үшін олар.

Ойланбастан барады бар қадамға.

 

Сайтанынан бір адам жеңілгенде.

Көзден көркі кетеді көңілденде

Пирамида сияқты алдап арбап,

Қатарын көбейтеді оның лезде.

 

Аянышпен қарайсың бекер мұның.

Дін күшеймей күйікпен өтер күнің.

Мойындайтын шығарсың бұған себеп,

Иманның әлсіздігі екендігін.

 

Діннен жаның тазарып тыңайғанда.

Мұңдасы бола аларсың мұңайғанға.

Сайтан құрып, періште елге айналар.

Дініміздің діңгегі нығайғанда.

 

Сол кезде жүзіңіздің нұры болар.

Әділдік, ақиқаттың құрығы оңар.

Дүние қуып, даңққа жүгінгендер.

Адам емес, алланың құлы болар.

 

 

Отыз күннің өмірлік азығы бар

Алла деп азан айтып сиынған ел,

Тарапы қабыл болсын тілектерің.

Айрандай иманына ұйыған ел,

Жас баладай жаңарсын жүректерің.

 

Ойдан шыққан іс емес бұл опза.

Рамазан айы болған әу басында

Жаратушы құлқынға құрсау салып,

Қу нәпсіні түсірген тәубасына.

 

Ас пен ссуға нәпсіге тыйым салып,

Бұл ораза тәніңді тазартушы.

Отыз күн тарапыға жиып барлық,

Иманыңды нығайтқан жаратушы.

 

Бақытыңды сезерсің айлап азда.

Құран сөзін көкейге түйген кезде

Я Алла деп жығылып жайнамазға,

Сәждеге кеп маңлайың тиген кезде.

 

Құшағыңды аш,көмек бер қысылғанға,

Ұсынғанның қысылған назын ұғар.

Оразаны ұсынған мұсылманға

Отыз күннің өмірлік азығы бар.

 

Аллаға құл,үмметі пайғамбардың,

Ниет қылсаң разы болар Алла

Рамазанда дастархан жайған халқым,

Жылдан аман жетіңдер оразаға.

 

 

Өмір ағымында.

 

Біреу орта

Біреу кем,

Біреу үздік.

Жасты билеп барады жүгенсіздік.

Біреу қайсар,

Үшеуі ез,

Алтауы азғын,

Ерді билеп барады жігерсіздік.

Біреу үнсіз,

Біреу дымсыз,

Біреу арсыз,

Қартты билеп барады тілеушілдік.

Бірі парт – пұрт,

Бірі жалт – жұлт,

Бірі тақ – тұқ,

Кетіп барад әйелден ізетшілдік.

Бірі олай тартады,

Бірі бұлай,

Бірі құдай – біреуге біреу құлдық.

Алауыздық барады,

Елді құртып.

Түбірімен жоғалып түгел шындық.

 

Зор теңізде

Бір – бірін шымшылады.

Үкіметте

Халықта

Сыншы бәрі.

Бірін – бірі

Тартқылап аяғынан.

Кезек-кезек теңізге тұншығады.

 

Бірі тілшіл,

Алашшыл

Шыншыл әрі.

Соған еріп

Біразы шын жылады.

Бір – біріне бағынбай.

Өңкей шонжар.

Қара халық,

Қамығып қынжылады.

Кімге ереді,

Сенеді және кімге.

Әркім қара басының әлегінде.

Қайығынан

Халықтың

Қармақ жасап,

Өзін жемтік етуге дәмелі де.

Халық – қой,

Қазы –қасқыр болған заман.

Қара тобыр сенеді.

Қане кімге.

 

Ынтымақты ел алға құлшынады.

Берекесіз

Бірліксіз

Тұншығады.

Зор теңізден

Бір теңдік таба алмаса

Тәуелсіздік тұғырын

Баға алмаса.

Түбірімен жағаға кім шығады.

 

Адасу.

 

Мен орыспын,

Татармын,

Түрікпін мен.

Қазақпын – дегендерден

Үріктім мен.

Бірінің.

Бірі түсіп соңдарына.

Аяусыз

Ардан аттап,

Біреуі – бірін таптап

Жауым деп

Жақынын да,

Жығып берген.

Қан құмар.

Қан құйлардан үріктім мен.

 

Даңқ та

Даралық та,

Бастар жол шалалыққа.

 

Ағылшын

Қара қытай

Жердегі

Шала құдай.

Көрсетпек

Жер бетінің

Тірі екенін

Екеудің

Мықтысымақ

Бірі екенін.

Сұмдық – ай...

Ұмытып кеткендері,

Қандай жаман.

Жердегі бүкіл тірі,

Тіршілігің.

Көктегі

Бір құдайдың құлы екенін.

 

Мен дала тағысымын

 

Жүрген жерімде қойшының баласы екенімді мақтанышпен айта жүремін. Бүгінде Оралдан келген бір топ ағайын маған Ұстазың кім деп сұрады. Мен оларға, ұстазым қазақтың кең байтақ даласы және өздеріңізсіздер. әуелі қойшының баласы болдым. Табиғатпен жиі сырластым. Ат үстінде өстім. Таумен ұрыстым. Даламен кеңестім. Айдалада айқайлап ән салып. Небір рольдерді емін еркін сомдадым. Сол себепті алғашқы ұстазым кең байтақ дала, одан соң кітап, одан соң халқым болды. Мен дала тағысымын дедім. Қаланың, арнайы ұстаздардың, ата-ананың тәрбиесінен де сол кең байтақ даланың тәрбиесі ерекше екенау. Біріншіден-көпшіл, екіншіден-кең пейіл, үшіншіден- жаныңды таза ақкөңіл етсе, төртіншіден-сыршыл, әңгімешіл қылады, бесінші- ең маңыздысы ер мінезіңді ерекше қалыптастырады. Дала тағыларының ойыны көкпар. Кешкі отырысы кілең серілердің шежірелі аңыз әңгімелері. әдемі әзіл, тартысты пікір, қапсыра айтқан қағытпа сөздер. Аттың сыны мен бабы. Таң атқанша терме, айтыс, ән-жырға бөленген бұлақ басы, кең байтақ дала. Тамаша айтылған ақын сөзімен, әсерлі жырға тарту еткен тұлпары. Қазақ халқының мәрттігі, жомарттығы. Менің өмірден алған алғашқы сабақтарымның бірі де бірегейі. Мен қойшының баласы болып, бала күнімде кең байтақ далада мал бағып жүріп өскеніме қатты қуанамын.күннің қақаған суығын да, аптап ыстығында, тіпті қарлы боран, нөсерлі жауынында да мал бақтым. Жауапкершілікті мектеп жасына жетпей қозы бағып жүріп бала күнімде-ақ мойынға алдым. Бәріне төзе білдім. Сырттай ызаланатынмын да, іштей сабырға келетінмін. Мал баққанның кереметі, ашу ызаңды ішке сақтамайсың. Айдалада айқайлап, өзіңмен өзің ұрысып аласын да, артынан сабырға келесің. Саған қой, неге өйттің деп жатқан ешкім жоқ. Өз-өзіммен кеңесетінмін. Ісіме есеп беретінмін. Осы өз-өзіммен сөйлесу деген менен қалмады. Қасымда біреулердің барын да ұмытып кетемін. Көпшілік не дейсің деп қалғанда сасып қаламын. Біреулер көшеден көрсе, кейіннен өткенде екі қолыңды ербеңдетіп, жалғыздан жалғыз кіммен ұрысып барасың деп біліп тұрып әдейі сұрайды. Оған не дейсің. Мен бұл күнде мәдениет үйінің қызметкерімін. Осыған қуанамын. Кең далада қалыптасқан мінезім, тар сахнаға, дала мектебін көрген көңілім,қала мектебіне сіңісе алмайтындай. Ұлжан Әбенқызы да, Лиза Шәметқызы да, жалпы біздің мәдениет үйінің қызметкерлерінің басым бөлігі дала тағылары. Сондықтан да болар тар жерге табан тіремей, Ауқымды Есімхан алаңын егеленіп жүргеніміз. Ел-жұртының қуанышында, қайғысында бірге бөлісіп, халқым деп тыныс алатын,

әншісін әрлендіріп, ақынын асқақтатып,жазушының жалынын, таланттының дарынын шыңдай білген, жалпы халықтың асқақ арманымен өмір сүріп, өзінің емес, өзгенің қамын ойлаған мәдениеттің кең тынысты қызметкерлері.

Жауында да қамықпай дауылда да

Бірдей қарап басқаға бауырға да.

Бір мезетте қаншама іс атқарып,

Қалада да жүреді ауылда да.

Қызу тартыс у-шу мен көрінген жер.

Өзін-өзі өзгедей сезінгендер.

Кейіпкердің кейпіне еніп кетер.

Шын өнерге шынайы берілгендер.

Музейім тұр тарихты танып терең.

Театр тұр рухани бағытпенен.

Мәдениеттің мәйегі кітапхана.

Болған мен болашақты дәріптеген.

Орталығы Есімхан алаңында.

Бағын ашқан батырдың баланыңда.

Мәдениет мәңгілік жасай берсін.

Жалпы жұрттың жүретін жанарында.

Сайлаухан Есболатұлы.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных