Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аман бол абыздарым. 3 страница




Бар тілерім.

Алаштың аман сақтау.

Теңін- тегін.

Сенімің мол.

Елдігің зор.

Ұлық бол.

Төрткүл дүние ел білетін.

Тарқамасын.

Салтанатың.

Көк туың көкте мәңгі желбіресін.

 

Егемен елдігің мен байрағың бар.

Тілің мен дінің барда, айбарың бар.

Қазағым қайран қылған бар әлемді.

Туылған талай жақсы жайдарылар.

 

Ел жадында мәңгілік

Бұл күндері бірде сағым, ертегі,

Заман ауып орнаған кез ел теңі.

65 жыл өтседағы соғысқа

Бабалардың рухы сыр шертеді.

 

Еріксіздік тағдыр айдап сан қилы.

Жан түршігер, азап шегіп қан құйлы.

Бұл зұламат 5 жыл болған соғыстан,

Зұлымдықтың заһар уы аңқиды.

 

Бірі аяқ, енді бірі қолынан,

Айырылып тіпті бұдан зорынан.

Арам ойдың айтуымен атылған,

Фашистердің өлді ажал оғынан.

 

Бейбіт күннің қиялына оранған,

Жауынгердің барлығында зор арман.

Сол қиялшыл батырлардың қаншасы?

Оқ астынан, от ішінен оралған.

 

Көрген сонау қан майданның зардабын.

Орындаңдар ардагердің арманын.

Бостандыққа басын тіккен батырдың,

Кім біледі қанша күнін қалғанын?

 

Ел ішінде қала берер жаңғырып,

Ерлік істі елей жүру заңдылық.

Жылдар өтсін ғасыр мейлі бәрібір,

Ер есімі ел жадында мәңгілік.

 

Жан-тәнімен жойып соғыс індетті,

Ерлік іспен бейбітшілік жыл жетті.

5 жыл майдан алабында болғанға,

Бүкіл ұрпақ тік тұруға міндетті.

 

 

*****

 

Аналардың зары

Бұл соғыс

Бабалардың ары.

Бұл соғыс

Болмасы әлемде, ғаламда,

Елімде, жерімде.

Аман болсын

Батырларым елімде.

 

Арқасында құндағы,

Жатқа түскен сырлары.

Жан баласын жоқтаған,

Өшпес ана мұңлы әні.

 

Табандарын тас кескен,

Кеуделерін оқ тескен.

Батырларым бақұл бол,

Оқ боратып от кешкен.

 

Қайғы жұтқан аналар,

Ауғандық ер ағалар.

Зардабынан соғыстың,

Жан жүрегі жарадар.

 

 

*****

Бар жанымен,

Айбарымен

Қоғаған қасиетті,

Елін жерін.

 

Жан сөгіліп,

Қан төгіліп,

Сақталған қымбат менің

Теңім – тгім.

 

 

Отан үшін

Оққа тосқан

Кеудесін қаны қызу

Қайсарларым

 

Бұл күндері

Ұрпақтарға

Күш берген,қуат берген,

Айбарларың

 

Ауғанстан

Аймағында

Оққа ұшқан батырларым

Бақыл болсын.

 

Ерліктерің

Ұмытылмас

Өтседе жылдар мейлі

Ғасыр толсын.

 

Ауғанстан елінде,

Соғғыс болған жерінде.

Батырларым байрағын,

Желбіреткен көгінде.

 

***

Оқ борап, отқа оранған ерлеріміз.

Күндіз – түн босмаған белдеріңіз.

Өмір менен өлімнің от арасында,

Өтті ғой ауғандағы күндеріңіз.

 

Ауғанның қилы – қилы жайлары бар.

Талайдың ажал құшқан айғағы бар.

Алысып, ерлікпенен өтті өмірден,

Туылған талай жақсы жайдарылар.

 

Ауғанстан, ауған қан бөккен қанды дала қала.

Ауғанстан ауған еткен жер жанды жара.

Қан төгіс қырғын, талайды жұтқан.

Қайғылы неткен, боздаған ана зары.

 

Ол күндер енді қайта оралмасын.

Шығыңдар құрмет тұтып ааңға шын.

Ауғандық жаны жара ардагерге,

Басыңды іи өле – өлгенше замандасым.

 

****

 

Елім деп ерің додаға түссе

Үдере келген ел жұртым.

Ғасырлар мұңы еңсесін басқан.

Заманың қиын бұл бір тым.

Шайлыққан жүрек емдеуге келмей,

Құрсауын көрген шынжыржың.

Сүрлеуін қайта табалмай қайтып,

Адасып өткен күн құрсын

Ел жұртым сенің күніңді ойлап

Сан сақта ойым мың бір түн

 

Жаршы

Жаршы

Оу ағайын, сүйінші ардақты елім

Сүйіншімді сіздерге арнап келдім

Сәби келді өмірге өрендерің

Алтыалаш қазағымның жалғап тегін.

Жаршы

Қыздан Сара туарма? Біржан тегі,

Құлагерді құрықтар Ақан Сері.

Ұлы Абай мен ғашығы Тоғжандардың

Киелі құт қадамы қалған жері

Жаршы

Ата – ана күн, нұр төгер, гүл бетіне,

Бөленген бал қуаныш құрметіне.

Шілдехана ағайын, Үлкен той бұл

Ат қояр Пайғамбардың үмбетіне.

Жаршы

Кел, халайық қалмаңдар бірде – бірің,

Ертеңгі ұрпақ күш алар бізден – бүгін,

Аллаға шүкір айтып той тойлайық,

Бүгіннен басталмайма ертеңгі күн.

Жаршы

Ал, қане, бірден-бірге жар салыңдар,

Көкпар шап, би-билеңдер, ән салыңдар

Жаратқанның жасаған шапағатын

Алдынан шашу шашып қарсы алыңдар

 

Жаңалық жаршысы.

90-жыл 90-жолдың торабында.

Қанша тарих архивтер қорабында.

Күнделікті тіршілік тынысым бар.

Тілшінің тірлік кешкен қоғамында.

 

Басылым газеттердің беттерінде.

Бәрі бар қала, дала, бөктеріңде.

Талай тілші тынбастан еңбек еткен.

Жаңалық жаршысы боп текті елімде.

 

Сүйіншісін жеткізіп алыс қырдан.

90-жылда талаймен таныстырған.

Бүгінгі басылымның баспалдағын.

Алаштай ұраны бар арыс құрған.

 

Мереке құтты болсын асыл жандар.

Сөзіне ары қоса басылғандар.

Бүгінгі биігіңде бір аунасын.

Шындық үшін шырылдап атылғандар.

 

Тізгінін ұстап тұрған табиғаттың.

Еркесі сен тіл деген падишаһтың.

Мереке құтты болсын қарт газетім.

Ардан соққан айнасы ақиқаттың.

 

Таумен тілдесу

Тауда, сырда жүрсем де, үйде мейлі.

Кейде мені жалғыздық сүйрелейді.

Бой шымырлап, көзіме жас келгенде.

Жүрегімді жігерім билемейді.

 

Жиі-жиі мен сондай күй кешемін.

Не кездессе сонымен үйлесемін.

Таулар да тіл қатады сонда маған.

Киіп алып басына кимешегін.

 

Өзіңмен сыр шертісу бастапқы бұл.

Ақын мен арда таудың арқасы дүр.

Кеудеме қашап жазған тарихың мен.

Сан ғасырлық бабаңның таңбасы тұр.

 

Қарадан хан туған мен ұнай ма тақ.

Дегендей тау тұрады сынай қарап.

Ақсақтемір айтқандай жалған дүние.

Бір алла, жер ана мен, күн, айға һақ.

 

Жабықсам жұбатады мені өлең.

Сыр шертемін сондықтан сеніменен.

Тәкаппар тұрысыңа басымды иіп,

Жападан жалғыз келіп тебіренем.

 

Шынында тау жүрегі тым жаралы.

Заманға қарау қарап тіл қатады.

Шынымен сол тауменен тілдескендей.

Жүрегімнен төгіліп жыр жатады.

 

Заманның мысы басып құр сүлдері.

Тағы бір келгенімде сілкінгелі.

Ғасырлардың архиві арда тауым.

Қойныңа қабылдарсың бір күн мені.

 

 

****

 

Тобылғы қазақ

Тобылғы сынды бір азап,

Түб-түб боп жүзден,

Түб-түбтен мыңнан құралат

Алынбайды ол

Тартса да палуан қос қолдан.

Көрінгенімен

Алардай оңай бұрап-ақ.

 

Жүзінің тіпті,

Мыңының түбі бір жерде.

Бірінсіз-бірі,

Ала-алмайтындай сыр шерте.

Тығыз боп тұра

Шиленіп жатыр өзді-өзі.

Қорған боп тұрған

Кірпіктей болып бір көзге.

 

Тобылғы қазақ.

Сабындай мықты қамшының.

Ашқан ғой алаш

Киелі етіп сан сырын.

Ұстауы дұрыс болмаса егер еппенен

Нұсқаушы жақтан

Болуы мүмкін жан шығын.

 

Киесі оның мықтылыққа да саналар.

Тобылғы саптай берік бол деген бабалар.

Майысып тіптен морт кету, сыну оған жат.

Танымағанға аңыз кейпімен пара-пар.

 

Тобылғы торы,

Тобылғы күрең – деген ел.

Қазақты осал,

Қазақты түбсіз демеңдер.

Тобылғы сапты қамшысын тастап ортаға,

Талайға билік,

Жүргізген қазақ кемеңгер.

 

 

Қазақ халқы

 

Ұрпағын ұлықтаған уағыз бенен.

Қариясын ақсақал абыз деген.

Ел билейтін еңселі азаматтан.

Ең алдымен адамдық, ар іздеген.

 

Ақиқат адалдықпен асқан бағы.

Жұлдыз бен жол іздеген аспандағы.

Біздерге рухани күш беріп тұр.

Бабалардың қисса жыр дасттандары.

 

Ер алдында өз ойын тұншықтырып.

Қиылған жүзбен ішкі сырды ұқтырып.

Батырын аттандырған жаулығының,

Ұшымен көздің жасын сүртіп тұрып.

 

Арпалысып іштегі жанды үйірген.

Әрбір жанға әр берген әлдиімен.

Қасіретті көтерген аналардан,

Белі бүкір бейнелер қалды ійілген.

 

Кім іштей рухымен егеспейді.

Оңаша бабасымен кеңеспейді.

Абыз десе ақсақал, ақ сәлдемен,

Домбыра, қыл қобыздар елестейді.

 

Не болса да дей тұғын бопты Алладан.

Не жесір, не жетімі жоқталмаған.

Он екі алқа бидің шешіміне

Ешбірі жоқ, қарсы кеп тоқталмаған.

 

Қобызынан қоңыр әуен үн қалып.

Дүиім жыры домбырамен шырқалып.

Серілері ат шаптырып, құс салған.

Қазақ дейтін қаны таза бұл халық.

 

Қазағым

Қазағым менің

Ағайын жиып ас қылған.

Биі мен бегім,

Ел көңілін шат қылған.

Сыналып ерім,

Палуанды палуан лақтырған.

Дүбірлеп жерім,

Бәйге мен көкпар шаптырған.

Рухым асқақ сақ тұлғам.

 

Билері менен,

Батырлар шыққан төріне.

Күйшілер күймен,

Үн қосқан домбыра шегіне.

Арулар билеп,

Бұрымы түскен беліне.

Жыраулар сөйлеп,

Толғауын толғар еліне.

Рухым асқақ тегінде.

 

Ақ отау тігіп,

Қаз қатар жүзден асырған.

Кимешек киіп,

Анадан шашу шашылған.

Жорғаға мініп,

Үйді-үйге асы тасылған.

Ақсақалдары,

Бірлікке елді шақырған.

Қазағым сондай асылдан.

 

Шырқашы шырқа сал сері.

Шықсыншы бойдан жан шері.

Қазағым...

Шырқалсын көкте,

Қазақ үн.

Қазағым...

Иесі байтақ даланың.

Шырқашы шырқа

Қазағым.

 

 

Баспалдақ

91-ден басталады ел жасы.

Алғаш теңдік, алғаш елдік, елбасы,

92- қабылданды халқымның,

Туы менен, ән ұран, елтаңбасы.

 

93-ім теңге жылы ұлттық.

94-ім отбасы жыл ғұрытық.

Абай жылы 95, 96...

Бейбітшілік, рухани жыл деп ұқтық.

 

97- жалпы ұлттық татулық.

Тәубе еттік бұл жылдары шашу қып.

Қуғын-сүргін құрбандарын саяси,

Еске де алдық, көңілдерге басу қып.

 

98-халық бірлігі, ұлттық тарих тұғыры.

99-ұрпақтардың, сабақтастығы, бірлігі.

2000-да мәдениетті қолдау болып табылса,

Түркістанға мың жарым жыл, толвп еді бұл жылы..

 

2001-тәуелсіздік пен жыл достық.

2002-де денсаулықты бір қостық.

2003-2005-ші жылдары,

3-жыл бойы, ауылдарға үн қостық.

 

2006-елбасының жолдауы.

Елімізде, Ресей жылы орнады.

2007-ырысты құтты береке,

Тәуелсіздікке, 16-жылдық мереке.

 

Мінекей қазақ, игерген байтақ даланы.

Сарақасына, салдырып әсем қаланы.

Жаңа әлемдегі,жаңа Қазақстан, елу ел,

Бәсекелігін, барыстай барлап барады.

 

Міне осылай жылдан-жылға

Достық жолын ұлғайттық.

Халықаралық қатынаста,

Ел бірлігін нығайттық.

Саммит өтті елімізде

Азияда алауы.

Елбасының осылайша,

Орындалды қалауы.

Әлемпияда ойындарын.

Өзі қолдап дем беріп,

Бар әлемде желбіреді.

Қазақстан жалауы.

 

Астанадай қала салу, қасиетті жеміс бұл.

Ғажап деді көрген жандар қиял деді ең ұшқыр.

Сол сәулетке сәулет қоспақ, ЭКСПО-ны ұтуда.

Бар әлемді мойындатар рухани жеңіс бұл.

 

Өрге жүзген алпауытпен арпалысқан тең тасы,

Болса дағы әлемдегі егемен ел, ең жасы.

Көрегендік көңіл менен әділдікті ту еткен.

Жаса мәңгі, жаса,жаса, тұңғыш біздің ел басы.

 

Қарыздарсың мәңгілік қарыздарсың

Желтоқсанда....

Аузы бармай азаматын ер деуге

Сол бір жылдар қор болдың-ау өр кеуде

Қаншама жан азап шегіп тергеуде

Мойынсынбай тоққа түсіп өлгенде

Қыршындарды

Бөлдезермен тірідей кеп көмгенде

Қиналдың-ау

Ұланды елім деген

Елі үшін өлседе көмілмеген

Қолың жетпей ақ арулап жерлеуге

Бұл күнгеде

Бүгін міне жиырма жыл өтіпті

Болашаққа айқара ашып есікті

Азат елім желбіретіп байрағын

Мәңгілікке

Ән ұранын, ел таңбасын бекітті

Ия шырақ бұл күнде елім деген

Болашаққа қарайтын сеніммен

Қарыздарсың мәңгілік желтоқсанда

Елдігі үшін үш тәулік көз ілмеген

Бетпе- бет кеп баз кешкен өлімменен

Қарыздарсың

Қол созған ұлы арманға

Желтоқсанда мерт болған ұландарға

Өзі өлседе рухы жеңілмеген7

 

Бабаның үні

Бабалар салған,

Анадан қалған.

Асыл үн.

Тарихты толғар.

Шежіре жалғар.

Ғасырым.

Әлдиі менен,

Ақбата берген.

Ана тіл.

Рухым менің.

Тәуелсіз елім.

Жан сырым.

 

Абылайлаған.

А құдайлаған.

Азат ұл.

Арманшыл алаш.

Сәл ғана қарас.

Тағат қыл.

Батыры бастап,

Ақыны асқақ

Жыр төккен.

Жасайды мәңгі

Әр сөзі мәнді

Қазақ тіл.

 

Бабаның үні

Ананың тілі

Әрлеткен.

Әлдилі жырдан

Балқиды тұлғаң

Жан кеткен.

Өзіңсіз тілім

Болмайды күнім

Бір сәтке.

Қорғаушың болып

Мағжан боп туып

Ант еткем.

 

Жүмекен жазған ардақ сыр

Елбасы қоштап самғап жыр

Шәмшінің әні шарықтап,

Бірлігін елдің жалғап тұр.

 

Тілім менің

 

Мәртебемнің биігі тілім менің.

Тілім барда тірліктенен түңілмедім.

Мың тіріліп жатсақта мың мәрте өліп,

Үлбіреген үмітім үзілмеген.

 

Мәртебемнің биігі тілім менің.

Тілім барда өшпейді үнім менің.

Тарихын тасқа жазған бабалардың,

Ізін басып келеді ізім менің.

 

Мәртебемнің биігі тілім менің.

Тілім барда тік тұрдым бүгілмедім.

Кешегі ақтабанда елімайлап,

Сол тіліммен жүректі тілімдедім.

 

Мәртебемнің биігі тілім менің.

Тілім барда күнім бар бүгін менің.

Шүкір айтып аллаға тәубә етемін.

Тіл болмас та түгім менің.

 

 

Ата заң.

Қылшық табу үшін емес қылаудан.

Азаматтық парыз үшін құралған.

Елдігіңді нығайтады сенсеңіз.

Ата салттың арын ақтар мынау заң.

 

Адал асқақ хандығымен жау жеңген.

Жеті жарғы заң орнаған Тәукеңнен.

Бағынғандар құл болмайды тәртіпке.

Деген сөз бар қалған батыр Баукеңнен.

 

Адамдықты иманыңмен тұмарла.

Тіршіліктің патшасы тек бір АЛЛА

Пайғамбарды елші қылып жеткізген.

Заң атасы көктен түскен құранда.

 

Сондықтан заң адалдықтың негізі.

Жеті қабат жер мен көктің лебізі.

Жары ащы,жары тұщы теңбе –тең.

Сияқты бұл Мекке Мадине теңізі.

 

Болсыншы деп бауыр бүтін бас аман.

Игі жақсы жанын сығып жасаған.

Ел тілегі елбасымен үндескен.

Салтанатын құрсын адал ата заң.

 

Көтер басты.

Көтер басты жігіттер төмен кеткен.

Үміті бар елімнің сенен күткен.

Туылғандар алаштың арысы боп.

Рухы жоқ ұрпақты көрем деппе ең.

 

Көтер басты жігіттер төмен кеткен.

Рух қайда еріңді елеңдеткен.

Басына бар бабаңның батасын ал.

Ар намысты қайтар де елден кеткен.

 

Көтер басты жігіттер есіңді жый.

Сен қазақсың қазақы кебіңді ки.

Жаһандану екен деп жаңсақ баспай.

Дінің сақта тілің біл нәпсіңді тый.

 

Аман бол абыздарым.

Сіздер жайлы толғансам қариялар.

Жүрегімде жалынды ар ұялар.

Тектілердің артынан із жалғаған.

Қазыналы-қарты бар жанұялар.

 

Қарияға қобыздай күңіренген.

Сырын терең ұққым кеп үңілем мен.

Мынау бес күн жалғанға кеше келіп,

Қоштасқалы тұрғандай бүгін елмен.

 

Сондықтанда қарттарды ұлықтаңдар.

Жарығында жан сырын ұғып қаңдар.

Ұясынан шыққан мен жаңа ғана.

Күннің лезде батарын ұмытпаңдар.

 

Қолың сынса дейтұғын жең ішінде.

Жемісің де, қарттарың жеңісің де.

Тек бағалай бермейміз біле тұра.

Тірі тарих жүргенін ел ішінде.

 

Ардагерді ардақтау парыздарың.

Қарияда қалмасын қарыздарың.

Бір алладан тілеген ел тынышын.

Аман жүрсін ақсақан абыздарым.

 

Мен қазақпын.

 

 

Мен қазақпын қанымда жайсаңдық бар.

Өзгелер алсаң осы жайсаңдықты ал.

Ақ көңілде тиіссең төзіміне.

Қара белді қайқайтар қайсарлық бар.

 

Алты алаштың ұлымын сұрағанға.

Сүйеу болған сүрініп құлағанға.

Жан боласын шошытпай іштен тынып,

Алласына сыйынған жылағанда.

 

Иа солай сұрасаң сақтан тудым.

Ағымына ілескен аққан судың.

Сақтың қайсар сөздігін тілге тартып,

Керегі де жоқ шығар мақтансудың.

 

Келеді кімнің қандай сыр алғысы.

Жаманы қайсы және ұнамдысы.

Таныңдар асқақтаған қазақ елін.

Күнін көкке көтерген қыран құсы.

 

 

Қайралу.

Мен қазақпын жүрегімнің жыры бар.

Тарихымның сан соқпағы сыры бар.

Тарам тарам тағдыр жолын тәрк етіп.

Тәуелсіздік атқан таңнан нұры бар.

 

Ұлы-ұлдай қызы қыздай қансырап.

Желтоқсанның ызғарына қалжырап.

Мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылы.

Әр санада тұрған еді сан сұрақ.

 

Жанын құрбан шалып барып жастардың.

Жаңа жолы басталғандай дастанның.

Әр жұлдызы шүкір етіп тұрғандай.

Көк байрағым желбіреген аспанның.

 

Мен қазақпын.

Мен қазақпын.

Қазақпын.

Еркіндікті аңсап едім азатпын

Сан өтеуін қайтарамыз біз әле.

Мың өлтіріп, мың тірілткен азаптың.\

Тілім барда.

Алпыс екі тамырдан тарап бойға.

Жүрек жарды тіл біткен талапты ойға.

Адамзатты ананың құрсағында ақ.

Пешенеге бейімдеп жаратпайма.

 

Тілім барда бармын мен азатпын мен.

Айрылмаймын. Тік айтып азат күннен.

Тілім менің тас жарар, тас жармаса.

Бас жарар деп сілтеген қазақпын мен.

 

Я алла деп тартайын жырымды алға.

Ел сүйетін рухани ұғым барда.

Жүрегімді ал, жанымды ал, жанарымды ал.

Бірақ азат ғұмырым тілімді алма.

Тілшілігім.

Қуаныш мұң шаттығым,

Тілшілігім.

Тілшілігім,тынысым,тіршілігім.

Биязылық, ибалы қыз ғұмырым.

Абыз айна тарихым сыншылығым.

Алла алдында парызым құлшылығым.

Құндақтау қу нәпсінің жын-жыбырын.

Бүгінгі емес, ертеңгі бірсі күнім.

Бір сырлығым, бір шындық, бір күдігім.

Бір лай, бір толқыным, бір тұнығым.

Тілшілігім тұнығым, тылсым үнім.

 

Рухани арпалыс.

Аллахуакбар. Аллахуакбар.

Жаратқан алла жігер бер.

Оянды қайта жігерлі ел.

Қастықпен жойған рухты.

Жырымшыламай түгел бер.

 

Үлкеннің нығайт ынсабын.

Ананың түзе құрсағын.

Қайтарып берші қалпымен.

Батыр бабаның ұрпағын.

 

Жаналмай өткен жастықтан.

Жарымай өлген аштықтан.

Құл қылу үшін халқымды,

Жоспармен құрған қастықтан.

 

Тауысып төзім тағаттан.

Бабалар тартқан азаптан.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных